Әдістімелік нұСҚаулық


тақырып. Кәсіпорынның маркетингтік және өндірістік қызметі



бет3/3
Дата16.06.2016
өлшемі453 Kb.
#140648
1   2   3

11 тақырып. Кәсіпорынның маркетингтік және өндірістік қызметі

Оқылған сұрақтар:

- Маркетингтік тәсіл және стратегиялық жоспарлау;

- Маркетинг стратегиясын таңдау және өткізу жолдары;

- Маркетингтің өндірісті ұймдастыруға және кәсіпорынның негізгі функцияларына әсер етуі;

- Кәсіпорынқызметін жоспарлаудың әдістемелік негіздері;

- Кәсіпорынның жоспарлар құрылымы. Ішкі өндірістік жоспарлау;

- Нарық жағдайындағы кәсіпорынның өнім шығаруды жоспарлауды ұйымдастыру;

- Кәсіпорынның өндірістік бағдарламасын әзірлеу.

Ұсынылған әдебиеттер [1-5, 7, 15]

Негізгі түсініктемелер

Маркетинг тұжырымдамасы нарықта кәсіпорынның белсенді басымдық саясатының стратегиясы мен тактикасы, шаруашылық іскерлігі және барлық өндірістік ресурстар түрлерін тиімді қолдану нәтижелеріне әсер ететін маңызды құрал.

Бүгінгі таңда маркетингтің дамуында келесі сипатты тенденцияларды бөліп көрсетуге болады:

- маркетинг ғылыми-техникалық прогресстің айтарлықтай әсерінде болғандықтан, жекелей айтқанда ақпараттардың көптігіне қарай ақпараттық технологиялар ерекше орынға ие;

- тұрғындар топтарының әлеуметтік белсенділігінің өсуі маркетинг сипатын анықтайтын айтарлықтай фактор ретінде қарастырылуда;

- қазіргі уақыттағы маркетинг ашық инновациялық сипатта болып, үнемі жаңартуға негізделген;

- маркетингтің кең тарауы тек салалық, коммерциялық аумақта ғана емес, сондай-ақ барлық адам іскерлігі аумақтарын қамтуда.

Маркетингтің негізгі мақсаты - тұтынушыға бейімделу болып табылады. Компаниялардың (кәсіпорындардың) мақсаты - тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылатын кезде шаруашылық және коммерциялық қызметте табысқа жетеді. Маркетингтің міндеті болып – сұранысты көбейту ғана емес, сонымен қатар сұраныс ұсынысқа сәйкес келетіндей етіп, сұранысқа әсер ету мүмкіндігі табылады.

Сұранысты болжау тек тұтынушылардың сұранымдарын тұрақты зерттеу кезінде ғана мүмкін.

Сұранысты басқару – ынталандыруды, жәрдемдесу мен реттеуді қамтиды. Ынталандыру – яғни тұтынушыларда фирма өндіретін тауарларға деген ынтасын арттыру (тауарды әдемі көркемдеу, үнемі жарнамалау). Жәрдемдесу – фирма өзінің өнімін несие шарттары бойынша физикалық жағынан оңай қол жетерлік етіп жасайды. Реттеу – жыл бойы сұраныста өзгерімдер болған жағдайда немесе сұраныс ұсыныстан жоғары болған кезде қажет. Осы уақытта маркетингтің қызметтің мақсаты болып – жыл бойы сұранысты біркелкі жасау немесе тауар не қызметтің демаркетингін жасау табылады. Сұранысты қанағаттандыру тауар не қызметтің дұрыс қызмет етуін ғана емес, сонымен бірге олардың қауіпсіздігін, әртүрлі нұсқалардың қол жетерлігі мен сатудан кейінгі қызмет көрсетуді қамтиды.

Маркетинг жүйесі келесі міндеттердің шешілуін ұйғарады:


  • кешенді зерделеу;

  • потенциалды сұраныс пен қанағаттандырылмаған қажеттіліктерді айқындау;

  • өнім түрлері мен бағаларды жоспарлау;

  • бар сұранысты толық қанағаттандыру үшін шаралар әзірлеу;

  • өткізімді жоспарлау мен іске асыру;

  • өндірісті басқару мен ұйымдастыруды жетілдіру бойынша шаралар әзірлеу.

Осы міндеттердің шешілуі жоғарыда аталып өткен әдістердің қолданылуына байланысты болады. Маркетингтегі талдау жан-жақтылық, әділдік және сыншылдық сипатқа ие, ал тәжірибені теорияда қабылданған стандарттар мен қағидалармен салыстыру керек. Бұл өз кезегінде жүйелі маркетингтік зерттеулерді ұйымдастыру жолымен жүзеге асырылуы мүмкін. Нәтижесінде бағдарламалар стратегияларды өңдеудің негізі болып табылатын болжамдарды жасаудың ақпараттық негізі пайда болады. Әдетте, жақын болашаққа қысқамерзімді болжам жасалынады, ал болашақтың алыс және белгісіз кезеңдеріне болжам жалпы сипатта белгіленеді.

Маркетинг қызметі:

нарық туралы, нақты сұраныс құрылымы мен динамикасы туралы, сатып алушылардың талғамдары туралы сенімді, анық және дербес ақпаратты, яғни фирма іс-әрекетінің сыртқы шарттары туралы ақпаратты;

бәсекелестердің тауарларына қарағанда, нарық талаптарын қанағаттандыратын тауарды, тауар түрлерін (ассортиментін) жасауды;

өткізім саласын максималды түрде бақылауды қамтамасыз ететін тұтынушыға, сұранысқа, нарыққа қажетті әсер етуді қамтамасыз етуі керек.

Маркетингтік қызмет әдістерінің негізі:

- кәсіпорынның сыртқы ортасын талдау. Талдау сауда табыстылығына әсер ететін факторларды айқындауға мүмкіндік туғызады. Талдау нәтижесінде қоршаған ортаны және оның мүмкіндіктерін бағалау мәліметтері пайда болады;

- нақты және потенциалды тұтынушыларды талдау. Бұл талдау сатып алу туралы шешім қабылдайтын адамдардың демографиялық, экономикалық, әлеуметтік, географиялық және т.б. сипаттамаларын зерттеуге, сонымен бірге олардың қажеттіліктерін зерттеуге негізделеді;

- бар тауарларды зерттеу және болашақта болуы мүмкін тауарларды жоспарлау, яғни жаңа тауарларды жасау тұжырымдамаларын өңдеу немесе ескі тауарларды модернизациялау;

- тауар айналымы мен өткізімді жоспарлау, меншікті қойма мен дүкендері немесе агенттік желілері бар өткізім желілерін құрастыру;

- сатып алушыларға, агенттерге және нақты сатушыларға бағытталған бірлескен жарнама, жеке сатылымдар, коммерциялық емес беделді шаралар («паблик рилейшнз») мен әртүрлі материалдық ынталандырушылар арқылы сұраныстың қалыптасуын және өткізімді ынталандыруды қамтамасыз ету;

- әкелінетін тауарларға бағалардың жүйесі мен деңгейлерін бағалауда, бағаларды, несиелер мен жеңілдіктерді қолдану «технологияларын» анықтауда негізделген баға саясатын қамсыздандыру.

Маркетингті басқару – бұл табыс табу, өткізудің көлемін өсіру, нарық бөлігін жоғарлату сияқты мекеменің алдына қойған мақсаттарына жету үшін мақсатты сатып алушылармен пайдалы алмастыруларды белгілеу, нығайту және қолдау шараларын талдау, жоспарлау және оларды жүзеге асыруды бақылау. Маркетингті басқарудың міндеті – сұранымның деңгейіне, уақытына және сипаттамасына әсер ету арқылы мекеменің алдына қойған мақсатына жетуіне көмектесу. Сонымен, маркетингті басқару – бұл сұранымды басқару.

Кәсіпорынның өндірістік қуаты. Өндірістік қуатты есептеу әдістемесі

Қуат – нақты кезең ішінде жүйеден ең жоғары мүмкін шығу компоненті. Өндірістік қуат өндірістен шығу нормасын анықтайды, яғни календарлы кезең ішінде (апта, ай, жыл) нақты өнім атының (номенклатурасы) ең жоғары мүмкін болатын көлемін өндіруді қарастырады.

Кәсіпорынның (цехтың, учаскенің) өндірістік қуаты – нақты өндірістік ресурстар (өндірістік қондырғылар мен аудандар) жиынтығын тиімді пайдалану арқылы нақты кезең ішінде нақты сандық қатынастар мен номенклатурасы бойынша ең жоғары мүмкін болатын өнім өндірісі.

Өндірістік қуат пен өндірістік бағдарлама арасындағы айырмашылық кәсіпорынның резервімен сипатталады, яғни өндірістік бағдарлама өндірістік қуатты пайдалану дәрежесін көрсетеді. Өндірістік қуат пен өндірістік бағдарлама арасындағы өзара байланыстылықты 11 сурет арқылы көрсетуге болады.

Сұраныстың өзгерісі жағдайында өндірістік қуатты басқару үшін өндірістік ресурстар жиынтығы құрамынан екі құраушыны – тұрақты және айнымалы деп бөліп көрсетеді.

Басқару объектісі ретінде олар бір-бірінен ерекшеленеді. Тұрақты құраушысы – қондырғылар мен аудандар, ал айнымалы құраушысы – персонал мен материалдар. Сұраныс өзгерген жағдайда өндіріс көлемі де өзгереді, ал ол қолданылатын өндірістік ресурстардың барлық түрлері көлемінің өзгерісіне әкеледі.

Өндіріс тек бір өнім түрін өндірсе, қуат кәсіпорынмен немесе бөлімшелермен өндірілетін өнім бірлігімен өлшенеді, ал түрлі өнім өндірілсе, өнім өндірісіне кеткен жұмыс уақытымен есептелінеді.

“Өндірістік қуат” түсінігімен бірге “өткізу қабілеттілігі” деген түсінік қолданылады, бірақ ол кәсіпорынға, цехқа, учаскеге қатысты емес, ол қондырғының, станоктың, агрегаттың, станоктар топтарының жұмысына қатысты ең жоғары өнім өндірісін сипаттайды.

Кәсіпорынның өндірістік қуатын есептеу үшін төмендегі бастапқы мәліметтер пайдаланылады:

1) қондырғылар саны, құрамы мен техникалық жағдайы және өндірістік аудандар туралы мәліметтер. Есепке негізгі өндірістің барлық қондырғылары алынады (соның ішінде жөндеудегі, бұзылып қалған және модернизациядағы, жұмыс істемейтіндері де есептелінеді);

2) қондырғылар өнімділігінің техникалық нормалары және өндірілетін өнімнің еңбек сыйымдылығы. Жаңадан құрылатын кәсіпорындар үшін қондырғылар өнімділігінің паспорттық нормалары қолданылады, ал әрекеттегі кәсіпорындар үшін – техникалық түсініктемесі бар өнімділік көрсеткіштері қолданылады, олар паспорттық нормалардан төмен болмауы керек;

3) қондырғылар жұмысының уақыт қоры мен кәсіпорын жұмысының тәртібі. Есептеулерде қондырғылар жұмысының ең жоғары мүмкін болатын жоспарлы (тиімді) жылдық уақыт қоры ескеріледі;

4) өндірілетін бұйымдардың номенклатурасы және олардың бағдарламадағы өзара сандық қатынастары. Есептеулерде өндірілетін өнімнің жоспарлы номенклатурасы мен ассортименті (еңбек сыйымдылығы) пайдаланылады. Орташа жылдық қуатты есептеген кезде өнімнің номенклатурасы өзгерісінің есебінен (еңбек сыйымдылығының азаюы мен арытуы) қуаттың арытуы (төмендеуі) толық мөлшерде ескеріледі.

Товарлы өнім - өткізулерге арналған өнім, жалпы және өткізілген өнімді анықтау негізі болып табылады және олардың құраушылары:


  • дайын бұйымдар құны;

  • өздері өндірген жартылай фабрикаттар құны және қосымша цехтармен сырттағы тұтынушыларға өткізуге арналған өнімдер құны;

  • өз кәсіпорынының өнеркәсіптік емес шаруашылықтарына және күрделі құрылыстарына жөнелтілген өнімдері мен жартылай фабрикаттарының құны;

  • өз өндірісінде қолданылатын стандартты емес қондырғылар құны, олар кәсіпорынның негізгі қорларына енуі мүмкін немесе сыртқы тұтынушыларға өткізілуі мүмкін;

  • сыртқы тұтынушылардың тапсырыстары бойынша немесе өз кәсіпорынының өнеркәсіптік емес шаруашылықтары мен ұйымдары үшін өндірілген өнеркәсіптік сипаттағы жұмыстар мен қызмет түрлерінің құны.

Жалпы өнім – кәсіпорынның нақты кезең ішіндегі өндірістік қызметінің жалпы нәтижесінің құны. Жалпы өнімнің товарлы өнімнен ерекшелігі жоспарлы кезең басындағы және соңындағы аяқталмаған өндіріс қалдықтары өзгерісінің мөлшерімен анықталады.
12-тақырып. Өнімнің бәсекеге қабілетілігін қамтамасыз ету

Оқылған сұрақтар:

- Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі: түсінігі, оның деңгейін көтеру бағыттары;

- Кәсіпорындағы өнім сапасын басқару жүйесі;

- Өнімді стандартқа келтіру;

- Өнімді сертификациялау;

- Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін өсірудегі бағаның рөлі;

- Өнімнің, жүмыстың және қызметтердің баға түрлері;

- Кәсіпорындағы баға құрудың механизмі;

- Нарықтық экономика жағдайындағы бағаны мемлекеттік реттеу.



Ұсынылған әдебиеттер [1-5, 9, 14]

Негізгі түсініктемелер

Сапа – объектінің ішкі анықтылығын сипаттайтын санат. Сапаның экономикалық анықтамасы – объект біздің қажеттіліктерімізді қандай деңгейде қанағаттандыратындығын көрсететін қасиетттер жиынтығы.

Сапа көрсеткіштерін бағалауда орындалатын рөлдеріне байланысты екі топқа топтастырылады:

- классификациялық;

- бағалау көрсеткіштері.

Классификациялық көрсеткіштер өнімнің классификация жүйесіндегі бір топқа жататындығын сипаттайды және өнімнің пайдалануын, сол түрінің өлшемін, пайдалану саласын және пайдалану жағдайларын анықтайды. Бүкіл өнеркәсіптік және ауыл шаруашылық өнімдер бір жүйеге келтірілген, кодтық белгілеулері бар. Өнімнің сапасын бағалауда бұл көрсеткіштер ескерілмейді.

Бағалау көрсеткіштері өндіру және пайдалану объектісі ретіндегі өнім сапасын құрайтын қасиеттердің сандық сипаттамасы. Өз алдына бірнеше түрі бар:

- функционалды;

- ресурс жинақтаушы;

- табиғатты қорғау.

Беркітілік көрсеткіші – бастапқы тәртіптер мен пайдалану шарттарын, техникалық қызмет көрсетуді, жөндеуді, сақату мен тасымалдауды сақату нәтижесінде сапаның мәнді уақыт бойынша сақатудағы өнімнің қабілетін сипаттайды. Беріктіліктің жеке дара көрсеткіштеріне жататындар: жөндеуге жарамдылығы, ұзақ уақыт бойы пайдаланатындығы, сақталатын, қайта жасалынатын көрсеткіштер.

Эргономикалық көрсеткіштер – «адам-өнім-орта» жүйесіндегі өндірістік және тұрмыстық процестерде өнімді пайдалану ыңғайлылығы мен комфорттылығын сипаттайды. Көрсеткіштердің бұл тобына жататындар: гигиеналық, антропометрлік, психологиялық және психофизикалық көрсеткіштер.

Эстетикалық көрсеткіштер - өнімнің адамға деген эстетикалық әсерін сипаттайды және тұтынудың нақты жағдайларындағы тұтынушылар тобының эстетикалық сұраныстарына өнімнің сәйкестік дәрежесін, эстетикалық құндылығын бағалау үшін қолданылады. Келесі көрсеткіштер жатады: көркемді айқындылық көрсеткіші, рационалды (орынды) нысан, композиция бүтіндігі, тауар түрінің тұрақтылығын және өндірістік пайдалылықты жетілдіру көрсеткіші.

Технологиялық көрсеткіштер - өнім өндірісі, өндіру мен оны пайдалануға қажетті уақыт пен шикізат, материалдар, жанармай, энергия, еңбек шығындарының деңгейін анықтайтын қасиетті сиапттайды.

Ресурс пайдалану көрсеткіші - өнімнің тікелей пайдалануындағы материалдар, жанармай, энергия, еңбек пен уақыт шығындарынмен сипатталады.

Табиғатты сақтау көрсеткіштері өнім сапасының көрсеткіші – қоршаған орта мен адамға әсерімен байланысты өнім қасиетін сипаттайды. Ол екі топ көрсеткіштерін – қауіпсіздік және экологиялық біріктіреді.

Қауіпсіздік көрсеткіштері - өнімді пайдалануда, тасымалдауда, сақтау мен қайта өндіруде адам қауіпсіздігін қамтамасыз ететін өнім ерекшелігімен сипатталады.

Экологиялық көрсеткіштер - өнімді өндіруде, өңдеуде, пайдалануда, сақтауда және қайта өңдеуде қоршаған ортаға деген зиянды әсерін анықтайтын өнім қасиетін сипаттайды.

Сонымен бірге бәсекелестік қабілеттілік көрсеткіші қолданылады. Ол өнім сапасының тұтыну бағасына деген қатынасын сипаттайды. Бұл көрсеткішті бағалау өнім түрін басқа фирманың сәйкес өнім түрін салыстыру арқылы жүргізіледі.
13-тақырып. Табыс және өндіріс рентабельділігі

Оқылған сұрақтар:

- Табыс – кәсіпорынның шаруашылық қызметінің қаржылық нәтижесінің жиынтық көрсеткіші ретінде;

- Табыстар түрлері;

- Кәсіпорынның табысын бөлу тәртібі. Кәсіпорын төлейтін салықтардың сипаттамасы;

- Кәсіпорында табысты арттыру резервтері;

- Өндіріс рентабелділігі – кәсіпорын жұмысының тиімділік көрсеткіші ретінде

Ұсынылған әдебиеттер [1-5, 17]

Негізгі түсініктемелер

Пайда – кәсіпорынның кәсіпкерлік қызметінің соңғы қаржылық нәтижесі болып табылады, жалпы түрде өнім бағасы мен оның өзіндік құнының арасындағы айырма арқылы анықталады, ал толықтай кәсіпорын бойынша - өнімді өткізуден түскен түсім мен өткізілген өнімнің өзіндік құны арасындағы айырма ретінді анықталады. Пайда экономикалық категория ретінде кәсіпкерлік қызмет үрдісінде материалдық өндіріс саласында пайда болған таза табысты көрсетеді. Кәсіпорын деңгейінде таза табыс пайда нысанын қамтиды.

Нарықтық қатынастардың басты категориясы ретінде пайда бірнеше қызмет атқарады:

1) пайда – кәсіпорын қызметі тиімділігінің көрсеткіші, яғни пайдасы бар кәсіпорын, оның қызметінің тиімді екендігін куәлендіреді;

2) пайда – түрлі деңгейдегі бюджет табысын қалыптастыру көзі. Ол бюджетке салық түрлері, экономикалық санкциялар арқылы жинақталады және бюджеттің шығыс бөлігінде көрсетілген түрлі мақсаттарға пайдаланылады;

3) пайда – қызметкерлер үшін еңбек жағдайын жақсарту көзі. Кәсіпорынның өз иелігінде қалған, яғни салықтар мен бірінші реттегі төлемдерді және дивидендтарды төлегеннен кейін қалған пайда есебінен қызметкерлерге материалдық сыйақы, әлеуметтік жеңілдіктер төленеді;

4) пайда – өндірілген өнім мен негізгі қорларды жаңарту көздері. Кәсіпорынның иелігінде қалған пайда мөлшерінің негізінде капитал иесі мен менеджерлер кәсіпорынның даму болашағын ескере отыра, кәсіпорын қызметіне қажетті инвестициялық саясат жүргізу туралы шешімдер қабылдайды.

Кәсіпорын пайдасы – оның экономикалық және әлеуметтік дамуының негізгі факторы, сондықтан оның кәсіпорында қалыптасу механизмін анықтау өте маңызды болып табылады. Оның бірнеше түрлері бар:

жалпы пайда;

баланстық;

салық салынатын (есепті);

таза пайда.

Жалпы пайда тауарларды (жұмыс, қызмет түрлерін) сатудан түскен түсім мен өткізілген өнімнің толық өндірістік өзіндік құны арасындағы айырма арқылы анықталады.

Баланстық пайда әр қызмет түрлері бойынша бөлек-бөлек жоспарланады:

товарлы өнімді өткізуден түскен пайда;

басқа өнімдерді және товарлы емес сипаттағы қызмет түрлерін өткізуден түскен пайда;

негізгі қорларды және басқа да мүліктерді өткізуден түскен пайда;

өткізулерден тыс табыстар мен шығындардан түскен пайда.

Тауарлы өнімді өткізуден түскен пайда - әрекеттегі бағамен есептелінген өнімді өткізуден түскен түсім мен өнімнің өзіндік құнына енетін тауарлы өнімді өндіру және оны өткізуге кеткен шығындар арасындағы айырма арқылы анықталады.

Рентабелділік – ресурстарды пайдалану дәрежесін және шығындарды қайтару деңгейін сипаттайтын өндіріс тиімділігінің салыстырмалы көрсеткіші.


14-тақырып. Кәсіпорын қаржысы

Оқылған сұрақтар:

- Кәсіпорын қаржысы түсінігі және функциялары;

- Кәсіпорындағы қаржы қатынастар нысандары;

- Кәсіпорынның қаржы қызметінің негізгі қағидалары мен ұйымдастыру бағыттары;

- Қаржы механизмі: құрамдық элементтер, құқықтық, нормативтік және ақпараттық қамтамасыз ету;

- Кәсіпорынның қаржы жағдайын талдау эдістемесі. Кәсіпорындарда салық салу: мәні, түрлері және қағидалары;

- Кәсіпорынның қаржы ресурстары;

- Қаржы жоспарлау;

- Кәсіпорыңдағы қаржы ресурстарды қалыптасу көздері.



Ұсынылған әдебиеттер [1-5,19]

Негізгі түсініктемелер

Нарықтык экономика жағдайында болатын экономикалық қатынастар жүйесінде қаржы маңызды орын алады. Кәсіпорын қаржысы деп оның қарамағындағы барлық ақша қаражаттар жиынтығын, сондай-ақ оны қалыптастыру, бөлістіру және пайдалану жүйесін айтамыз.

Кәсіпорынның шаруашылык іс-әрекеті барысында қаржылық карым-қатынастар қалыптасады. Қаржылық қарым-қатынастар төрт топтан кұралады:


  • өзге кәсіпорын және ұйымдармен;

  • өзінен жоғары тұратын және бірлесіп жұмыс атқаратын серіктестермен түзілетін кәсіпорын ішіндегі қарым-қатынас;

  • қаржы-несиелік жүйемен карым-қатынас.

Өзге кәсіпорын және ұйымдармен түзілетін карым-қатынастарға жабдықтаушылармен, сатып алушылармен, кұрылыс-күру және тасымалдау мекемелерімен, өндірістік және әлеуметтік инфракұрылым кәсіпорындары және шетел кәсіпорындары арасындағы қарым-қатынастар кіреді. Көлемі жағынан өте көп акша айналымдарына кәсіпорындардың бір-бірімен өзара іске асыратын операциялары кезіндс шаруашылык іс-әрекетті ұйымдастыруға кажетті материалдык кұндылықтар сатып алумен және дайын өнімді сатумен байланысты кажетті акша айналымдары жатады. Мұндай операцияларды ұйымдастыру тікелей түрде кәсіпорын іс-әрекетінің қаржылық нәтижесіне әсер етеді.

Кәсіпорынішілік қаржылык қарым-қатынастарға кәсіпорынның ішкі бөлімшелері арасындағы қаржылық операциялар кіреді. Бөлімшеаралық қатынастар бекітілген басқару жүйесі мен ішкі коммерциялық есеп жүйесіне негізделеді. Олардың қабылдаған міндеттемелердін орындалуы үшін материалдық жауапкершілік пен ынталандырудың тиімді тетігін құруға арналған.

Қаржы-несиелік жүйемен қарым-қатынас әрқилы болып келеді. Ең алдымен, бұл әр деңгейлі бюджеттермен, сақтандыру жүйесімен, бюджеттен тыс қорлар мен несие беру мекемелерімен болатын қарым-қатынас.

Қазақстанның салық жүйесінің кемшілік тұстары баршылық және ол кәсіпкерліктің дамуына мүмкіндік туғызбайды. Дамыған елдердің тәжірибесі көрсеткендей, кәсіпорынның іскерлік және инвестициялық белсенділігін дамыту үшін өндірісті қолдау мен тиімді инвестициялық тетік құру арқылы ғана қол жеткізуге болады. Көптеген елдерде өндірісті дамытуға бағытталған барлық қаржы қаражаттары немесе оның бір бөлігі салықтан босатылады.

Салықтың ауыр қыспағы болған жағдайда кәсіпорынның қаржылык жұмысын ұйымдастырудың басты да маңызды міндеті - бюджетке төленетін салық төлемдерін оңтайландырудың тиімді әдістемесін құру, салық төлемдерін төлеу, күнтізбелік жоспарын жасау, салықтық есеп беруді дайындау жәнс салықтық төлемнің ағымдық қорларын құруды камтитын дербес салық саясатын белгілеу болып табылады.

Қаржылық жүйенің сақтандыру буынымсн арадағы қарым-қатынасы кәсіпорынның мүлкін, валюталық және коммерциялық тәуекелдерін және т.б. сақтапдырғаны үшін тиісті компаниялар есебіне қаржы аударуды үйымдастырудан құр-алады.

Коммерциялық банктермен арадағы қаржылық қарым-қатынас қолма-қол ақшасыз есеп айырысу мен несие алу немесе өтеуге байланысты түзіледі.

Қолма-кол акшасыз есеп айырысу төлеуші мен төлем қабылдаушы әр түрлі банктер кызметін пайдаланған жағдайда жүзеге асырылады. Мұндай есеп айырысу банктердің корреспонденттік қатынастарын ұйымдастыру аркылы іске асады.

Қолма-кол ақшасыз есеп айырысудың тиімділігі кәсіпорынның қаржылық жағдайына тікелей ықпал етеді.

Несие айналмалы капиталды қалыптастырудың, өндірісті дамытудың көзі болып табылады. Дегенмен, қазіргі уақытта несие мөлшерлемелері жоғары болуына байланысты, ол шын мәнінде инвестиция көзі бола алмай отыр. Банктер үшін ұзақ мерзімді инвестициялық несиелендіру тәуекелділігі жоғары болғандықтан, банк қызметінің аталған дәстүрлі түрі іс жүзінде кең дамымай отыр. Банктер мен өзге де несие институттары кәсіпорындарға дәстүрлі емес қызмет түрлерін де ұсынады. Олар:



  • лизинг;

  • факторинг;

  • форфейтинг;

  • траст және т.б.

Кәсіпорынның қаржылық іс-әрекетін ұйымдастырудың маңызды міндеті - әр түрлі ақша қорларын калыптастырып, оларды тиімді пайдалану. Олар арқылы кәсіпорынның шаруа-шылык іс-әрекеті қаржы ресурстарымен камтамасыз етіледі, өндірісті өркендетуді қаржыландыру, бюджетпен есеп айырысу және т.б. іске асырылады.

Мұндай қорларға келесілерді жатқызуға болады:



  • жарғылық капитал,

  • төленген косымша капитал;

  • төленбеген қосымша капитал;

  • резервтік капитал;

  • бөлінбеген табыс;

  • басқа қорлар.

Аталғандардан бөлек, кәсіпорып мезгілді оралымды ақша қорларын құрайды. Мысалы, кәсіпорында айына бір немесе екі рет еңбекақы қоры түзіледі. Қатал мезгілді түрде (салыктарды төлеу күнтізбесіне сәйкес) кәсіпорын бюджетке толенетін салық түрлеріне арнап қор ұйымдастырады.

Оралымды қор жасақтаудың басты міндеті - ағымдық (оралымды) келесі мәселелерді шешу, яғни:



  • еңбекақы төлеу;

  • салық төлеу;

  • несиелік паиыздарды өтеу

  • ғылыми-техникалық іс-шараларды қаржыландыру.

Сонымен, кәсіпорынның қаржысын ұйымдастырудын мәні - ондірістін соңғы нәтижесіне барынша тиімді түрде ықпал ету мақсатымен ақша корын қалыптастыру жәнс ақша ағындарынын қөзғалысымен байланыстырылған қаржылық қарым-қатынас үйымдастыруды камтитын қаржы тетігін кұру және онын қызмет етуін камтамасыз ету, ягни кәсіпорынның қаржылық тетігі ұзақ мерзімді, орта мерзімдегі және ағымдағы кәсіпорынның қаржылық даму мақсатына жету үшін қаржылық қарым-қатынас пен акша қорынын оңтайлы әрекеттесуін ұйымдастыратын кәсіпорын басқарудағы ішкі жүйесі болып табылады.

Кәсіпорынның қаржы тетігінің жетекші түрде болуы материалдық өндіріс саласында каржының жетекші рөл атқаруымен түсіндіріледі. Кәсіпорынның каржы тетігі қаржының өз қызметін толықканды әрі барынша тиімді түрде іске асыруына жағдай жасауы тиіс. Кәсіпорынды кажетті қаржы ресурсымен қамтамасыз етуге де дәл осы каржы тетігі көмегімен кол жеткізеді.

Кәсіпорынның каржылық іс-әрскеті дербес құрылымдық бөлімшесі қаржы бөлімімен жүзеге асырылады. Қаржы белімінің бастығы тікелей кәсіпорын басшысына бағынады. Қаржы бөлімінің жұмысында пайданы бөлу, өнімнің өзіндік құнын төмендету мәселелері маңызды орын алады. Осыған байланысты, қаржы бөлімінің міндетіне мыналар кіреді:


  1. Өндірістік және әлеуметтік дамуға қажетті қаржы ресурстарын құру, пайданы үлғайту, табыстылықты арттыру.

  2. Қаржылық жоспарында көрсетілген бюджет, материал мен жабдықтаушылар, акционерлер алдындағ, сондай-ак басқа да қаржылық міндеттемелерді орындау және есеп айырысуды ұйымдастыру.

  3. Өндірістік корлар мен инвестицияларды неғүрлым тиімді жолмен пайдалануға көмек көрсету.

  4. Қаржылык, иесиелік және кассалық (қазынагерлік) жоспар әзірлеу.

5. Қорларды тиімді пайдалану, мсншікті айналмалы капитал мөлшерін экомикалық түрқыдан негізделген нормативтерге жеткізу жоніндегңі іс-шаралар кешенін жобалау, айналмалы капиталдың айналымдылығын жеделдетуді қамтамасыз ету, қаржы ресурстарының дүрыс пайдаланылуын қадағалау.

6. Дайын өнім үшін есеп айырысуды тиімді түрде ұйымдастыру және өнім сату жоспарынын орындалуын, түсетін пайданы үздіксіз қадагалап отыру және басқа да міндсттер.

Қазіргі таңда көптеген кәсіпорындардың қаржылық жағдайында қиын күйде қалып отыр (өндіріске қажетті капиталдың тапшылығы, несиелік мөлшерлемелердің тым жоқары болуы, төлемдердін дер кезінде өтелмеуі жэне т.б.), сол себепті дәл қазір кісіпорынның қаржылық күйін нығайту басты міндет болып табылады.

Кәсіпорынның қаржысын тұрақтандырудың негізгі жолдары пайдаланымдағы ақша қаражаттарын оңтайландырумен және олардың тапшылығын жоюмен байланысты каржылык жұмыстарды жетілдірудің басты бағыттары келесі болып саналады:



  1. Кәсіпорынның іс-әрекетін ұдайы әрі жүйелі түрде талдау.

  2. Кәсіпорынның стратегиялык қаржы саясатын эзірлеу
    жэне оны іске асыру.

  3. Кәсіпорында қаржылык жоспарлаудың тиімді жүйесін ұйымдастыру.

  4. Кәсіпорыннын мүліктік құрылымын және олардың құралу көздерін оңтайландыру арқылы нәтижесі томен теңдестік құрылымының орын алуына жол бермеу.

  5. Пайданы пайдалануды оңтайландыру және неғүрлым тиімді дивиденд саясатын таңдау.

  6. Бухгалтерлік есеп жүйесін қаржыны басқару міндеттеріне қарай беймідеу

  7. Қаржы ресурстары көздерін ынтайландыру мақсатыида
    несие бсруіпілер мен инвесторларман қарым-қатынасты дамыту

  8. Кәсіпорын шығындарын оңтайландыру.

Кәсіпорынның іс-әрекетін кешенді түрде жан-жақты талдап. Кәсіпорынның мақсатын орындауға бағдарланған бірыңгай, кешенді даму стратегиясына сәйкес кәсіпорын жумысын ұйымдастырған жағдайда ғана жоғарыда айтылған түйт-кіл мэсслелерді шешу мүмкіи болады.

Әдебиет

Негізгі:

1. Әбдікаримова Г.И. Кәсіпорын экономикасы: оқу құралы. Алматы.: Экономика, 2008 – 367 с.

2. Ниязбекова Р.К., Ахметов Б.А., Байнеева П.Т.. Кәсіпорын экономикасы: оқу құралы. Алматы.: Экономика, 2008 – 791 с.

3. Мейірбеков А.К., Әлімбетов К.Ә. Кәсіпорын экономикасы: оқу құралы. Алматы.: Экономика, 2003 – 251с.

4. Андабаева Г.К. Кәсіпорын экономикасы: оқу құралы. Павлодар: Торайғыров атындағы ПМУ, 2006 – 156 с.

5. Бейсенова М., Садынбекова А. Кәсіпорын экономикасы: есептер жинағы. Алматы.: Ғылым, 2002 – 84 с.

6. Куатова Д.Я. Кәсіпорын экономикасы: практикум. Алматы.: Экономика, 2006 – 106 с.

7. Ширенбек Х. Экономика предприятия. -СПб.:Питер,2005

8. Филатов О. К. Экономика предприятий. -М.: Финансы и статистика, 2006.-510 с.

9. Қуатова, Д. Я. Кәсiпорын экономикасы-Алматы: Экономика,2006. -106 б.

10. Титов В. И. Экономика предприятия.-М.:Эксмо,2009.-412 с.

11. Волков О.И., Девяткин О.В. Экономика предприятия (фирмы) 2-е изд., перер. и доп.- М.: ИНФРА-М, 2005- 560с.

12. Грибов В. Д. Экономика предприятия. - М.:Финансы и статистика, 2007.-335 с.
Қосымша:

13. Зайцев Н. Л. Экономика, организация и управление предприятием.-М.:ИНФРА-М, 2009.-454 с.

14. Водопьянов В. П. Экономика предприятия: конспект лекций в -М.: Приор-издат,2007.-110 с.

15. Крум Э. В. Экономика предприятия. -Минск:РИВШ,2007.-135 с.

16. Скляренко, В. К. Экономика предприятия. - М.:ИНФРА-М, 2008.-528 с.

17. Смагин, В. Н. Экономика предприятия.-М.:Кнорус,2009.-158 с.

18. Фатхутдинов Р.А. Инновационный менеджмент. – СПб: Питер, 2004 – 400 с.

19. Девяткина О. В. Экономика предприятия ( фирмы ) -М.:Инфра-М, 2009.-603 с.

20. Елизарова, Ю. Ф. Экономика организаций (предприятий). -М.:Экзамен,2008.-495 с.

21. Дудорин, В. И. Управление экономикой производства. - М. : Экзамен, 2005.-477 с.

22. Стратегический план развития Республики Казахстан до 2010 года. - Астана, 2001.

23. Ильин, А. И. Экономика предприятия. -Минск:Новое знание,2008.-235 с.



24. Выварец, А. Д. Экономика предприятия. - М. :ЮНИТИ,2007.-543 с.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет