«Ежелгі дәуір әдебиеті» «Алып Ер Тұңға» дастаны


Асылбек шал - ауылдағы сынықшы. « Маңызды деректер



Pdf көрінісі
бет93/228
Дата05.03.2024
өлшемі3.69 Mb.
#494339
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   228
Әдебиет пәнінен барлық шығарма талдау 1 (2)

Асылбек шал - ауылдағы сынықшы.
« Маңызды деректер:
Аянның прототипі — Науқан Керімов.
Автордың ойынан кетпейтін бейне: жарғақ сары тоны қаудырлаған, то-
бығы тайған сол аяғын сүйрете жүгіретін, шілбиген ақсақ қара бала бір кет-
пейді. Көзімді сәл жұмсам-ақ: шуылдаған балалардың ең соңында сол аяғын
жер сыпырғандай көлденең сүйретіп, ес қалмай далбақтап жүгіріп келе
жатқан Аян. Сондайда оның алқына шыққан әлсіз, жіңішке дауыспен: «Ей,
тоқтаңдаршы, мен сендерге бүгін кешегіден де қызық ертегі айтамын», – де-
ген жалынышты үнін естимін.
Әуелде біз, балалар, оның ертегі айтатынын білгеміз жоқ. Ол әжесі екеуі
біздің ауылға қырық екінші жылдың жазында көшіп келген. Мал деген-
нен, тек бұзаулы қоңыр сиыры бар еді. Аянның әкесі майданға аттанып,
туған анасы содан екі ай бұрын қайтыс болыпты. Біздің ауылда әжесінің
жамағайын төркіндері бар екен, соларды сағалап келсе керек.
Балалар көшеде екіге жарылып ап, қағазға топырақ орап, бұрқылдата лақты-
рып, атысып ойнап жүргенде Садық бір балаға нұсқап қалады, барлығы оған
қараған кезде ол өзінше әлдеқандай боп кейкиіп, екі қолын қалтасына сап
шіреніп, шолақ танауын тыржитып қойды. Қоңырқай жүзі тершіп,
маңдайындағы біркелкі етіп қиылған кекіл шашын үрлеп тұрды.
Есікбай кекілін қағытып өткенде, басқалар күлксі келмесе де оның
сөзіне қошамет білдіріп сықылықтай күледі. Жаңа келген бала қыза-
раңдап теріс айналып кетті. Ең бірінші кім екенін білген Садық, Аян
қоңыр сиыры бар екенін күлімсіреп айтады.
Аян күннің ыстық екенін айтқанда, тоспа бар, суы күшті екенін айтқан
- Садық.
 Менің де көйлегім бар деп мақтанған: Қосым.


Аянның алдында қыр көрсетіп, Қосым тырнауыққа тиісіп, жылатқан:
Есікбай.
Алыс-жұлыс ойын үстінде күрескенімізде Аян біразын жығып кетті. Тек
Есікбайдан ғана жығылды. Алғашқы күннен бастап Аянмен етене жақын дос
болуды әркім-ақ ойлай бастаған. Бірақ ол ешкімге ерекше ықылас білдірген
жоқ. Бірімізден-бірімізді бөліп жарған жоқ. Бәрімізбен де жақсы жолдас бол-
ды. Үш-төрт күн өткен соң, Есікбай басқа балаларға істейтін қылығын Аянға
да істеді, сосын екеуі сайға барып төбелескенде Аян жеңіп кетеді, осы төбе-
лестен кейін оған ешкім тиіспейтін болған екен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   228




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет