Дайындаған:Мухамбетия Ботакөз У-31 тобы Мәдениет және Өркениет - Мәдениет ұғымын тереңірек түсіну үшін,оған мағыналық жағындағы бар кейбір басқа ұғымдармен арақатынасын қарастырып көрейік. Осы сипатта біздің зердемізге бірінші түсетін ұғым-өркениет. Өркениет (цивилизация) сематикалық жағынан алғанда (латын тілінің-“civilis”сөзі) азаматтық дегенді білдіреді.Римдіктер бұл ұғымды “варварлықтар” деп өздері атаған,басқа халықтар мен мемлекеттерден айырмашылықтарын көрсету мақсатында қолданған. Яғни, “өркениет” олардың түсініктері бойынша азаматтық қоғамы,қалалық мәдениеті,заңға негізделген басқару тәртібі бар Рим империясының даму дәрежесін білдіреді.
Ежелгі үнді мәдениеті - Ежелгі үнді мәдениетінің өмір сүру уақыты б.з.б III мыңжылдықтан б.з.б VI ғасырға дейін.Қазіргі Үндістан мемлекетінің атауы XIX ғасырда пайда болды.
- Үнді мәдениетінің ерекшеліктері:
- Діни және философиялық ілімдер байлығы мен алуандылығы
- Ғалам(әлемнің құпиясы) мен адам әлемінің (философия мен йога) ішіндегі дүниесі
- Ғажайып музыка мен би
- Сезімдік және физикалық махаббатта ерекше құрмет
Үнді философиясы - Үнді-будда мөдениетіне тән қасиет дін мен философияның өзара тығыз байланыста болып, ұштаса білуінде. Бұл туралы Гегель былай деп жазды: «Үнді мәдениеті — жоғары дамыған сан-салалы құдіретті мәдениет, бірақ олардың философиясы дінмен сабақтас, өзара тығыз байланыста болып келеді. Философия ғылымы айналысатын мәселелерді діннен де көптеп кездестіруге болады. Сондықтан да болар, ведалар — діннің ғана негізі емес, сонымен қатар философияның да негізі болып саналады»
Будда дінінің пайда болуы - Б.з.б. VI ғасырда үнді елінде, кейіннен дүниежүзілік дінге айналған, будда діні қалыптаса бастады. Оның негізін қалаушы ханзада, кшатрийлер варнасына жататын Будда болды. Оның шын аты — Сиддахартха, ал оның анасы әйел патша Майя еді. Ұлы ханым Майяның шапағаты жер жүзіне тарады, оның жүрегінің тазалығы, өз-өзіне сенімділігі, парасаттылығы мен салмақтылығы, бүл қасиетті ананың қадір-қасиетін арттыра түсті.
Буддизм - Ол діни шығармалар жинағы "Трипитакада" ("Үш себет") баяндалған. Буддизмнің уағыздарының өзіне тән ерекшеліктері бар. Буддизмде дүниені жаратушы құдай жайындағы идея айтылмайды. Буддизм фәни өмірдің азаптары - ауру, кәрілік, өлімнен құтылу жолын іздейді. Ол өмірдің қасіреті - нәпсінің тілегіне байланысты деді. Адамның денесі уақытша өмір сүреді. Ал нәпсі қанағатсыз тілегімен, өлімнің қорқынышымен ылғи бейнет туғызады. Сондықтан нәпсінің тілегінен құтылу керек. Ол үшін төрт асыл ақиқатты білу қажет:
- Азап бар;
- Азапта себеп бар;
- Азапта соң бар;
- Жол азаптың тоқталуы бар.
Үнді халқының көркемдік мәдениеті - Үнді өнері брахманизмнің, буддизм мен индуизмнің діни- өнегелік құндылықтарының тікелей ықпалымен дамыды. Алғашқы дүниеге келген көркем шығармалардың мазмүны адамзатты қоршаған дүниенің мән-мағынасын шындық тұрғысынан көрсетуге бағытталды. Ведалар да, упанишадтар да көне үнді тілінде (санскрит) жазылған әдеби ескерткіштер қатарына жатады. Олардың көркемдік құндылығы бүгінгі күннің талабына да сай келіп отыр. Д. Неру үнді халқыньщ көркемдік мәдениетін Батыс Еуропа өнерімен өзара салыстыра отырып, олардың бір-бірінен басты айырмашылықтарын да атап көрсетеді.
- Біріншіден, үнді халқының көркемдік мөдениеті дінмен және философиямен тығыз байланысты болып келеді. Бұл байланыстардың тамырының тереңдігі соншалық, үнді халқының көркемдік мәдениетіне сай келетін діни-философиялық идеалдарды білмей түрып, бүл мөдениетті түсініп, бағалау мүмкін емес. Үнді мәдениетінің қай туындысын алып қарастырсақ та, оларда діни сарынның бар екендігін аңғарамыз.
- Екіншіден, үнді өнері қарапайым шаруаларға өте жақын болып келеді, өйткені мәдениеттің бүл саласының басты мақсаты — қарапайым халықтың жүрегіне діни-философиялық идеяларды жеткізу, карма заңдарын, дхарма талаптарын түсіндіру болып табылады.
- Үшіншіден, поэзиямен, прозамен, драмамен, музыкамен айналысушы өнер адамдары өздерінің бойындағы қасиеттерді табиғат әлеміндегі құбылыстармен салыстырады және адамның табиғатпен, әлеммен өзара үндестігін ашып көрсетуге тырысады.
- Төртіншіден, үнді өнерінің дамуына құдайларды мадақтауға қарсы бағытталған діни парасаттылық ерекше ықпал жасады. Ведалар құдайлар бейнесіне құлшылық жасауға қарсы болды, ал Будданың мүсін өнері мен кескіндеме өнері салаларында бейнеленуі буддизмнің дамуының тек соңғы дәуірінде ғана мүмкін болды.
Ғылым саласы - Үнді химиктерінің химия саласындағы жаңалықтары бояу, дәрі және т.б. дайындауда кеңінен қолданылды. Үнді дәрігерлері де терапия және хирургия жайында тамаша ғылыми еңбектер жазды. Қанның айналысы жөніндегі ғылыми тұжырымдарымен үнділіктер атақты дәрігер Гарвейден де асып түсті. Бірақ, өкінішке орай, үнді-будда мәдениетінің дәстүрлері рационалистік сипатқа толық ие бола алмады. Ғылыми білімнің құрылымының логикалық негіздері үнді ғалымдарын онша қызықтырмады. Одан да олар адамзатты қоршаған дүниенің сан құпиялары мен әртүрлі салада жаңалықтар ашумен айна- лысқанды жақсы кәрді. Тіпті, тарихи зерттеулерге де онша мән-мағына бермеді. Ғасырлар бойғы үнді халқының мәдени жетістіктері, халықтардың миграциясы, шаруашылық өмір, патшалықтардың арғы-бергі тарихы сияқты маңызды мәселелерге онша назар аударылмады. Соның салдарынан көне заман тарихынан сыр шертетін еңбектер санаулы ғана болды. Солардың бірі — Кашмирдің тарихы жайындағы тарихшы Калханидің (б.з. ХЫЫ ғ.) «Раджатарангити» атты еңбегі.
Сәулет құрылыстары - Ежелгі Үнді сәулет құрылысының ерекшеліктері б.з.б III ғасырдағы ескерткіштер қазіргі заманға дейін сақталған жоқ. Себебі,құрылыс материалы ағаш болған. Б.з.б III ғасырдан бастап құрылыста тастап қолданған.
Назарыңызға рахмет!
Достарыңызбен бөлісу: |