Дөңгелек үстел. «Әкешім-асқар тауым»
Мақсаты: Ата-аналарға бала тәрбиесіндегі әкенің алар орнының маңыздылығын білдіру.
Өткізу барысы:Тәрбиеші: - Саламатсыздар ма, әкелер! Сіздерді біздің балабақшамызда көргенімізге өте қуаныштымыз. Сіздердің балалар мен тәрбиеші апайларға бүгінгі іс шараны өткізуге алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге рахмет айтамыз.
«Әке» тақырыбында слайд шоу тамашалау.Әке...Осы сөзді айтсам,бір түрлі қанат біткендей,құс сияқты қалықтайдындай сезімде боламын.Арманға жетелеп,ерлікті білдіріп,алдыңа күннің бар жарық нұрын өзіне жиып алып,соған қарай төніп тұрған шыңды көргендей боламын.Нұрға бөленген мейірлі де,мейірімді,тірек болар,пана болар,жол көрсетер шың-әке.Иә,әке-асқар тау,асқар шың.
Әкенің мейірімі,басыңнан сипап күле қарағаны жаныңа жаз самалындай әсер етеді.Құшағына еніп көрші,ол құшақтан босағың келмейді.Әкенің жылы жүрегінен еркелетіп айтқан әр сөзді жүрегіңнің бір бөлігіне барып мәңгілік өнеге болып құйылып жатқандай.Осындай мейірімді,жылы жанды адам мені мына өмірдің кейбір қиыншылығынан қорғап,асқар белдерінен демеп асырып,сылдырап аққан бұлағынан нәр беріп,алып бәйтерегімен өмірдің аптабынан қорғап тұрған асқар тау сияқты көрінеді.Әке- әркімге де асқар тау,ана-өмір сыйлап,нәр берер бұлақ,бала-жағасындағы балауса құрақ.Әр әке арманы-құрақтың өсіп қатаюы,шыбықтың шыңдағы шынар боп өсуі,балапанын өз елінің аспанында қалықтар қыранға айналуы деп білемін.
1бала «Әке» жайлы тақпақ оқиды .Айниет :
Әкеме
Көмегімен біздерді мәпелеген,
Ардақты жан өмірде әке деген.
Бақыттымын өмірде әкем барда,
Сол бастаушым - биікке жетелеген.
Асқар тауым аман жүр, аяулы әкем,
Жақсы өнеге бердіңіз мақтан етем.
Кіп - кішкентай жүрегім сендіреді,
Мен өзіңді, әкетай, бақытты етем!
Тәрбиеші: -Осындай әдемі сөздерді әрбір бала өз әкесіне арнағысы келетіні белгілі. Әкелермен осындай жұмыс түрін өткізетіндіктен біз балалардан өз әкелері жайлы сұрақтарға жауаптар алған едік. Сол сұхбаттан видиороликті тамашалаңыздар.
Сұхбат алудағы сұрақтар:
1. Сенің әкеңнің аты кім?
2. Әкең кім болып жұмыс атқарады, қандай жұмыс түрімен айналысады?
3. Бос уақытыңда әкемен бірге немен шұғылданғанды жақсы көресің?
4. Әкеңмен бірге қандай ойын ойнағанды жақсы көресің?
5. Сенің әкең басқалардан несімен мықты?
6. Егер сен әкеңнің орнында болсаң, анаңа қалай көмектесер едің?
- Міне, балаларымыз өз әкелері жайлы қандай жақсы сөздер айтты. Олардың өз әкелеріне деген шынайы, таза, мөлдір ойлы сөздерін анық аңғаруға болады.
Әке –шаңырақ иесі,отбасындағы орны ерек жан.отбасын асырап-сақтау негізінде ер азаматқа жүктеледі. «Отағасы» деп аталуының себебі де осы болса керек. Үйге табыс кіргізу,бала-шағаны асырап жеткізу ер-азаматтың міндетті.
- Отағасы басқа да отбасы мүшелері сияқты бала тәрбиесіне қалай жауапты болса , сол сияқты үйдегі тіршіліктерге де балаға үлгі болатындай жауапты тұлға.
-Құрметті әкелер, біздің балаларымыздың бақытты, ақылды және қайырымды болып өсуіне сіздер өте қажет екенсіздер. Сіздерге деген махаббаттарымен балалар өз әкелерінің портреттерін салды.
Достарыңызбен бөлісу: |