Құюдың өтуін бақылау:
Құю жылдамдығын зажиммен орнатамыз (1минутына тамшысанын).Инені лейкопластермен бекітеміз. Құю барысында науқастың жағдайын бақылау, жүйенің қалыпты қызметін тексеру. Сұйықтықтың сыртқа тамшылауының жоқтығын және жүйеде ауа кетпеуін, құю аймағында инфильтрация мен ісік болмауын бақылау. Ине тромбы болса және құю тоқтаса венопункцияны басқа венадан немесе сол венаның басқа жерінен венопункция жасаймыз немесе жүйені қайта жалғаймыз.
Құюды аяқтау:
Флаконда сұйықтық қалмағанда және тамшылатқышқа түспегенде құюды тоқтату. Инені венадан шығару. Ине орнын спиртке малынған мақта шаригімен сүрту. Науқасқа қолын шынтақ буынында бүгіп, спиртке малынған шарикті 2-3 мин ұстауын өтіну. Егер науқас ессіз жағдайда болса лейкопластырмен бекіту.
Процедураның аяқталуы:
Системаны флаконнан ажыратып , системаны Б классына арналған медициналық отходқа арналған құтыға салу.Қолғапты шешіп Б классына арналған медициналық отходқа арналған құтыға салу .Қолды жақсылап жуып,орамалмен кептіру.
2 1.12.2022 жыл. 08:30-14:30. Асқазанды жуу
1.Көрсеткіштер:
Сапасыз тағам өнімдерімен және химиялық уланулардан кейін
2.Қарсы көрсетілімдер:
-асқазанды жууға абсолютті қарсы көрсеткіштер: өңештің күрделі дивертикулдары мен тарылулары (6-8 сағаттан асқан) қышқыл-сілтілермен күрделі уланулар болғаннан кейін (өңештің жыртылулары болуы мүмкін)
-салыстырмалы қарсы көрсеткіштер: миокард инфаркті, инсульттің жедел кезеңі, жиі тырысу ұстамаларымен жүретін эпилепсия (зондты тістеп қалу мүмкіндігі бар)
3.Коммуникативті дағдылар
-Науқасқа сыпайы сөйлеп, өзіңді таныстыру.Жасайын деп жатқан шараның мақсаты мен жолын түсіндіру.Зондты жұту кезінде жағымсыз әсер, жүрек айну мен лоқсу болуы мүмкін екенін түсіндіріп, оларды басу үшін мұрынмен терең демалу керектігін айту.
-Науқастың келісімін алу.
4.Асқазанды жууға дайындық.
-Бұл шара үстелде отырып немесе сол қырынан жатқызылып жасалынады.
-Ұзындығы 1-1,5м қалың асқазан зондын дайындау, сыйымдылығы 0,5-1,0л воронка, су құйылған кувшин, 1% сода ерітіндісі немесе калий перманганатының әлсіз ерітіндісін, шелек және науқасқа клеенкалық алжапқыш дайындаймыз.
-Науқастың аузынан алмалы тістерін алып тастаймыз және ауыз қуысын тазалаймыз. Егер науқастың есі анық болса алжапқышты кигіздіріп, орындыққа отырғызамыз. Алжапқыштың төменгі бөлігіне шелек қоямыз.
-Зондтың енгізілуіне қарай, ұзындығын анықтау: Бұл үшін зонд арқылы мұрын ұшынан құлақтың сырғалығына дейін одан кейін құрсақ құысының алдынғы қабырғасымен семсер тәрізді осіндіге дейін. Өлшенген жерін белгілеп алып, бұл сізге зондты керекті жерге дейін енгізуге мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |