Дайындығы:
Студент далалық оқу тәжірибесінде жүргізілетін плакаттық топ өсімдіктеріне фенологиялық бақылау жүргізудің маңыздылығын түсінеді, бірақ оның болашақта қажет болатынына сенімді емес. Қызығушылығы онша күрделі емес эпизодты практикалық сипаттағы (мысалы, суккулентерді өсіру және оларды күтіп баптау) тапсырмаларға ғана бағытталған, ғылыми конференцияларда, дөңгелек стөлдерде олар тек тыңдаушы рөлін атқарады, баяндама жасамайды.
Қабілеті бойынша:
Плакаттық топ өсімдіктеріне фенологиялық бақылау жүргізудің кейбір әдістерін ғана біледі (микроскоппен қарай, өсімдіктердің түрін анықтау) және оларды тек біршама қарапайым зерттеушілік тапсырмаларда қолдана алады. Алайда, фенологиялық бағыттағы зерттеу әрекеті бойынша тәжірибелері жоқ. Орындалған курстық жұмыстары мен пән бойынша өзіндік жұмыстары репродуктивті сипатта болады, зерттеудің әдіснамалық аппараты ережеге сәйкес пайдаланылмайды.
►Орташа деңгей.
Дайындығы:
Фенологиялық бағыттағы зерттеу тапсырмаларын орындау біліктілігінің биолог мұғалімі болып қалыптасуы үшін маңыздылығын түсінеді. Биологиялық құбылыстар мен нысандарға, оның ішінде плакаттық топ өсімідктеріне фенологиялық бақылау жүргізу, оларды зерттеу әдістерін меңгеруге қызығушылықпен және жауапкершілікпен қарайды. Оны мектепте биологиялық сипаттағы зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруда қажет болады деп есептейді. Бірақ, өзін оқу бағдарламасының мазмұнындағы тапсырмаларды және оқу зерттеу әрекеттерін ғана орындаумен шектейді. Ғылыми-зерттеушілік әрекеттерге қызығушылық танытпайды.
Қабілеті:
Білімі жақсы және плакаттық топ өсімдіктеріне фенологиялық бақылау жүргізу бойынша далалық оқу тәжірибесінің мазмұнын құрайтын пәндердің әдістерін меңгерген. Орындаған курстық, өзіндік жұмыстары толық ашылмайды (негізінен жұмыстың мақсаты мен міндеті ғана көрсетіледі). Студенттер университет ішілік конференцияларда баяндама жасайды. Ғылыми жаңалықпен ерекшеленетін проблемаларды зерттеуге құлқы жоқ. Аймақтық, республикалық байқауларға, конференцияларға бармайды.
► Жоғары деңгей.
Дайындығы:
Мотивациялық өрісі қалыптасқан. Мотиві өзін өзі іске асыруға және өзін өзі жетілдіруге бағытталған. Плакаттық топ өсімдіктерін зерттеушілік әрекетті, фенологиялық бақылау жүргізе білуді болашақ мамандықты игерудің маңызды шарты деп есептейді. Оқу бағдарламасының мазмұнынан тыс білімді де танып білуге ұмтылысы зор. Студент зерттеу жұмысы бойынша университеттен тыс байқауларға да қатысады.
Зерттеуді университеттен тыс жағдайда да жалғастыруды мақсат етеді.
Қабілетті:
Плакаттық топ өсімдіктері және фенология бойынша терең білімді, фитофенологиялық бақылау жүргізу әдістері мен әдістемесін меңгерген. Маңызды зерттеушілік біліктіліктері қалыптасқан: проблеманы айқындай алуы, мақсат мен міндетін, болжамын дұрыс рәсімдеп, бақылау мен тәжірибе жүргізуді жоспарлай алу, бастапқы мәліметтерді сараптап, зерттеу нәтижесін бағалай алу. Зерттеудің әдіснамалық аппараты толық ашылып, жазылады. Студенттердің ғылыми конференцияларында өз зерттеу жұмыстарының нәтижесін толық қорғай алады.
Таңдаған әдістеме бойынша студенттерге меңгерген білімдері мен фенологиялық бақылау жүргузу қабілеттернің деңгейлеріне қарай зерттеу тапсырмаларын ұсындық (тәжірибеде біз тапсырманың үш түрін пайдаландық. Студенттердің зерттеу әрекетін меңгеруге құндылықты қарым-қатынастары В.И.Андреев жасаған тұлғаның жаратылыстану ғылымдары цикліне шығармашылық қабілеттерін өз беттерінше бағалауға және шығармашылықпен өзін-өзі жетілдіруге қажеттіліктерін бағалауға арналған тесттің көмегімен анықталды. Студенттердің плакаттық топ өсімдіктерін зерттеу жұмыстарына қызығушылығын анықтау үшін бірнеше тәсілдер қолданылды: танымдық әрекеттерімен қатар жүретін эмоциялық сезімдерін айқындау, студенттердің жауаптарын сараптау.
Зерттеу мәліметтерін тұжырымдап, плакаттық топ өсімдіктеріне фенологиялық бақылау жүргізу әрекетіне қызығушылықтарының себебі жөніндегі сауалнамада берілген сұрақтарға студенттердің эксперименттің басында және соңында берген жуаптарын саралап, біз олардың фитофенологиялық бақылау жүргізу әрекеттін меңгеруге деген құндылықты қарым-қатынастарының даму деңгейін анықтадық. Алынған мәліметтердің салыстырмалы сараптамасы студенттерде фитофенологиялық бақылау жүргізуге дұрыс қарым-қатынастың қалыптасу үдерісінің оң өзгерісін айқындайтын қортындыға жеткізді (1 кесте).
1 – кесте. Студенттердің плакаттық топ өсімдіктеріне фенологиялық бақылау жүргізу әрекетіне құндылықты қарым-қатынастырының даму нәтижесі
Құндылықты қарым-қатынастырының даму деңгейі
|
Эксперименттің басында
|
Эксперименттен кейін
|
Студент саны
|
(%)
|
Студент саны
|
(%)
|
1-ші деңгей (өте төмен)
|
6
|
15,4
|
1
|
2,6
|
2-ші деңгей (төмен)
|
10
|
25.6
|
7
|
17,9
|
3-ші деңгей (орташа)
|
12
|
30,8
|
9
|
23,1
|
4-ші деңгей (жоғары)
|
9
|
23,1
|
11
|
28,2
|
5-ші деңгей (өте жоғары)
|
2
|
5,1
|
11
|
28,2
|
Зерттеу нәтижелері студенттердің плакаттық топ өсімдіктеріне фенологиялық бақылау және басқада зерттеу жүргізу жұмысына деген қызығушылықтарының эксперименттен кейін артқанын көрсетеді. Эксперимент өткізгеннен кейін келешек кәсіби қызметте өсімдіктерге фенологиялық бақылау жүргізу жұмыстарын жүргізе білу қажет деп санайтын студенттердің саны 16 % өсті. Саулнама нәтижесі бойынша анықтағанымыз, далалық оқу тәжірибесінен өтудің ең маңыздысы деп студенттер өсімдіктермен байланысты бақылау жүргізу машықтарын меңгеруді дұрыс деп табады.
Екінші өлшем — фитофенологиялық бақылау жүргізу әрекет жөніндегі білімнің; өсімдіктер физиологиясы, өсімдіктер систематикасы, геоботаника, фенология, экология негіздерін қамтитын мазмұнадағы далалық оқу тәжірибесінің бағдарламасы шеңберінде меңгеруі тиіс білімнің қалыптасу өлшемі 5 кестеде беріледі. Ол білімді меңгеру толықтылығы коэффицентінің көмегімен бағаланды. Толықтылық көрсеткіші B.T.Беспалько әдістемесімен бағаланады.
Түсініктерді толық меңгеру коэффициенті келесі формула бойынша есептеледі:
мұнда, п- ұғымның меңгерген мәнді белгілерінің саны;
N – ұғымды меңгерудің тиісті кезеңінде меңгеруі керек мәнді белгілерінің жалпы саны
Студенттердің білімді меңгеру деңгейлерін олардың орындаған бақылау жұмыстарының нәтижесі мен сынақтарда берген жауаптары арқылы талдауға болады.
Студенттерге плакаттық топ өсімдіктері және оларға фенологиялық бақылау жүргізу жөнінде берілген білімдердің тиімділігінің жалпы көрсеткіштері 2 кестеде берілген.
Кестеден айқын болып отырғандай плакаттық топ өсімдіктерін бақылау жұмысымен айналысқан студенттердің білімдері жоғары деңгейде болады. Олар эксперименттік топ студенттерінің 43,6 (%) құрайды. Ал бақылау тобы бойынша олар небәрі топ студенттерінің 8,1 (%) құрайды.
Үшінші өлшем – плакаттық топ өсімдіктеріне фенологиялық бақылау жүргізу қабілеттерінің қалыптасу деңгейлері оларға орындауға берілген тапсырмалардың нәтижесінің көмегімен анықталды. Зерттеу тапсырмасын орындау сипаты зертханалық және практикалық сабақтарда, өсімдіктерде болып жатқан өзгерістерді, себеп салдарды анықтаулары, немесе өсімдіктерді таксономиялық түрін анықтаулары, фитоценозды далалық жағдайда зерттеу барысында бақылау және зерттеу жұмысының нәтижесін конференцияларда қорғау әркеттерін орындауларымен айқындалды.
2-кесте. Студенттердің эксперимент соңында плакаттық топ өсіміктерінің фенологиялық жағдайы жөніндегі білімдерінің қалыптасу деңгейлерінің нәтижесі
Білімдерді меңгеру деңгейлері
|
Плакаттық топ өсімдіктерінің фенологиялық жағдайы жөніндегі білімдерді меңгерулерінің көрсеткіштері
|
ЭТ
|
БТ
|
Студент саны (39)
|
(%)
|
Студент саны (37)
|
(%)
|
Төмен
|
1
|
2,6
|
15
|
40,5
|
Орташа
|
21
|
53,8
|
19
|
51,4
|
жоғары
|
17
|
43,6
|
3
|
8,1
|
Әрбір қезеңдері бойынша сараптау әдісінің көмегімен анықталатын зерттеушілік сипаттағы қабілеттілік, іскерліктің қалыптасуының көрсеткіші ретінде зерттеу жұмысынының орындалу толықтығы алынады. Зерттеу жұмыстарының толықтығының коэффициенті келесі формула бойынша есептеледі:
Мұнда, п – дұрыс орындалған зерттеу әрекеттерінің саны;
N – зерттеу әрекеттері берілген алгоритмдік реттілікке кіретін әрекеттерінің саны. Фитофенологиялық бақылау жүргізу қабілетінің қалыптасу деңгейінің көрсеткіші осы қасиетті толық меңгеру коэффиценті болып табылады (кесте 3).
3- кесте. Плакаттық топ өсімдіктеріне фенологиялық бақылау жүргізу қабілеттерінің қалыптасу деңгейін бағалау шкаласы
Деңгейлері
|
Фитофенологиялық бақылау жүргізу әрекетін меңгеру толықтылығының коэффициенті
|
Жоғары
|
0,9<Кд<1,0
|
Орташа
|
0,8<кд<0,9
|
Төмен
|
0,7<кд<0,8
|
Плакаттық топ өсімдіктеріне фенологиялық бақылау жүргізу іс-әрекетін меңгеру толықтығының деңгейі үйірме жұмысын атқару барысында, далалық тәжірибеде, зертханалық және практикалық сабақтарында және өз зерттеу нәтижелерін ғылыми конференцияларда қорғаулары барысында анықталды.
Тексерілетін іскерліктер фитофенологиялық бақылау жүргізудің практикалық әрекеттерінің жіктемесіне сәйкес таңдалады: плакаттық аймақты белгілері бойынша ажырата білу, өсімдіктердің анықтауыштармен жұмыс жасай алуы, практикумдарды, әдістемелік нұсқауларды пайдалану, плакаттық топ өсімдіктерінің түрлерін тани білуі, фенологиялық бақылау жүргізу алаңын ережеге сәйкес таңдай білуі, аймаққа жан-жақты сипаттама бере алуылары, плакаттық топ өсімдіктерінде болатын маусымдық өзгерістерді дұрыс анықтай алу және оны күнделікке тіркей алу, күнделікті дұрыс жүргізе алу және т.б.
Теориялық зерттеудің логикасына сәйкес айқындау және өзгерту тәжірибесі барысында биология мамандығы студенттерінің ботаника пәні бойынша далалық оқу тәжірибе жұмысында плакаттық топ өсімдіктеріне фенологиялық бақылау жүргізу қабілеттерін дамыту әдістемесін тексеру мен үйлестіру міндеті іске асырылды. Айқындау эксперименті барысында екі аралық кесенді бақылау жүргізілді: біріншісі эксперименттің аяғында, екіншісі – эксперименттің соңында. Нәтижелері 4 және 5 кестелерде беріледі.
І курс студенттерінің зерттеу жүргізу, бақылау жасау қабілеттерінің қалыптасу деңгейін анықтау өсімдіктер морфологиясы, экология пәндерінен зертханалық және өзіндік жұмыс, оқытуымен бірге студенттің өзіндік жұмысы, үйірме жұмыстарының сабақтарында жүргізілді. Ол үшін студенттерге төмендегідей тапсырмалар берілді: плаккатты топ өсімдіктерінің морфологиялық ерекшеліктерін немесе өсімдіктегі мерзімдік өзгерісті анықтау; топырақтың типін анықтау, өсімдіктердегі маусыдық өзгергіштік белгілерді анықтау және т.б.
Пән бойынша теориялық және практикалық фенологиялық зерттеу жүргізу қабілеттерінің көпшілігі қалыптаспағандықтан немесе бірінші курста ол енді қалыптасатындықтан біз алғашқы айқындау эксперименті кезенде тек І курс студенттеріне тән қабілеті бойынша ғана тексердік. Мысал ретінде айта кетсек, анықтауыштармен жұмыс жасау, өсімдіктерге морфологиялық белгілері бойынша тіршілік орталарына бейімделу ерекшеліктерін анықтау, сипаттама беру. Аралық бақылау кесінділерінің нәтижесі студенттерде бұл қабілеттердің қалыптасқан деңгейлері 4 кестеден айқын болып тұрғандай екі топтада салыстырмалы түрде бірдей.
4 – кесте. Эксперименттің басында айқындалған 1 курс студенттерінің қалыптасқан қабілеттерінің деңгейі ( %)
Зерттеу қабілеттерінің деңгейлері
|
Қалыптасқан зерттеушілік қабілеттерінің топ бойынша көрсеткіштері
|
ЭТ
|
БТ
|
Студент саны - 39
|
(%)
|
Студент саны - 37
|
(%)
|
Төмен
|
23
|
58,9
|
22
|
59,4
|
Орташа
|
16
|
41,1
|
15
|
40,5
|
жоғары
|
0
|
0,0
|
0
|
0,0
|
5 –кесте. Эксперименттің соңында айқындалған 1 курс студенттерінің қалыптасқан қабілеттерінің деңгейі ( %)
Зерттеушілік қабілеттерінің деңгейлері
|
Қалыптасқан зерттеу жүргізу қабілеттерінің топ бойынша көрсеткіштері
|
ЭТ
|
БТ
|
Студент саны - 39
|
(%)
|
Студент саны- 37
|
(%)
|
Төмен
|
6
|
15,4
|
10
|
28,1
|
Орташа
|
23
|
58,9
|
24
|
64,8
|
жоғары
|
10
|
25,7
|
3
|
8,1
|
Екі бақылау кесіндісінің нәтижесінде алынған зерттеушілік қабілеттерінің қалыптасуы жөніндегі мәліметтерді салыстыра отырып, біз эксперименттік топта бақылау жүргізуге қабілеттерінің жоғары деңгейде қалыптасқан студенттердің санының 25,7%, ал бақылау тобында не бәрі 8,1 % артқанын байқадық. Бақылау жүргізу қабілеттері төменгі деңгейге сәйкес келетін студенттер саны эксперименттік топта 15,4 % азайса, ал бақылау тобында – тек 28,1% ғана азайған.
Осылайша, байқау мақсатында өткізілген эксперимент нәтижесі көрсеткендей, өсіміктанудан далалық оқу тәжірибесінде 1 курс студенттерінің өсімдіктермен зерттеу және бақылау жұмыстарын орындату арқылы қалыптастыруға болатынына көз жеткіздік.
Екінші курста студенттердің өсімдіктерді зерттеу, оларға фенологиялық бақылау жүргізу машықтарын меңгерулері геоботаника, өсімдіктер систематикасы пәндері бойынша зертханалық және тәжірибелік сабақтарда, далалық тәжірибеде жүзеге асырылды. Ол үшін студенттерге өзіндік зерттеу жұмыстарын орындау тапсырылып, нәтижеге қол жеткізу типіндегі зерттеу жұмыстарын орындау ұсынылды және қажеттілік туындаған жағдайда, оқытушы кеңес береді.
Қалыптасқан зерттеушілік және бақылау қабілеттерінің бастапқы деңгейін анықтау бойынша жүргізілген бақылау жұмысының нәтижесі 6 кестеде беріледі. Бұл мәліметтер бойынша қалыптасқан қабілеттерінің деңгейлерінде екі топтағы көрсеткіштерінде салыстырмалы түрде бір-бірінен айырмашылық бар.
6-кесте. Эксперименттің басында айқындалған 2 курс студенттерінің қалыптасқан фенологиялық зерттеу және бақылау жүргізу қабілеттерінің деңгейі ( %)
Фенологиялық зерттеу және бақылау жүргізу қабілеттерінің деңгейі
|
Қалыптасқан қабілеттерінің топ бойынша көрсеткіштері
|
ЭТ
|
БТ
|
Студент саны -39
|
(%)
|
Студент саны - 37
|
(%)
|
Төмен
|
7
|
17,9
|
12
|
32,4
|
Орташа
|
24
|
61,5
|
23
|
62.2
|
жоғары
|
8
|
20,5
|
2
|
5,4
|
Екінші курс студентерінің далалық оқу тәжірибесі барысында қалыптасқан қабілеттерінің деңгейін анықтау үшін эксперименттің соңында алынған бақылау кесіндісінің нәтижесі 7 кестеде беріледі.
7-кесте. Эксперименттің соңында айқындалған 2 курс студенттерінің қалыптасқан фенологиялық зерттеу және бақылау жүргізу қабілеттерінің деңгейі (%)
Фенологиялық зерттеу және бақылау жүргізу қабілеттерінің деңгейі
|
Қалыптасқан қабілеттерінің топ бойынша көрсеткіштері
|
ЭТ
|
БТ
|
Студент саны-39
|
(%)
|
Студент саны-37
|
(%)
|
Төмен
|
2
|
5,1
|
10
|
27,0
|
Орташа
|
17
|
43,6
|
21
|
56,8
|
жоғары
|
20
|
51,3
|
6
|
16,2
|
Екінші курс студенттерінің плакаттық топқа жататын түрлердің маусымдық өзгерістерін салыстырмалы зерттеп, анықтау қабілеттерінің деңгейі жөніндегі аралық кесінді мәліметтерін салыстыра отырып, эксперименттік топ студенттерінің 51,3 % -да плакаттық топ өсімдіктеріне фенологиялық бақылау жүргізу қабілеттерінің жоғары деңгейге жеткенін, ал бақылау тобында жоғары деңгейге жеткен студенттер санының не бәрі 16,2 % -ға артқанын байқаймыз.
Яғни, эксперименттік жұмыс ботаникадан далалық оқу тәжірибесінде студенттердің фенологиялық бақылау жүргізу қабілеттерін қалыптастыруға болатынын көрсетіп отыр.
ҚОРЫТЫНДЫ
1. XIX ғасырдың аяғында фенологиялық бақылау нәтижесінде жинақталған материалдар ғалымдардың бірнеше фенологиялық заңдылықтардың қатарын анықтауларына мүмкіндік берді. Басында екі бағыт қалыптасты: географиялық және биологиялық. Фенолог географтар түрлі аймақтар бойынша маңызды маусымдық құбылыстардың қозғалысы жөніндегі түсініктерді беретін фенологиялық карталар топтамасын құрастырды және кейбір теориялық ережелерді жасай бастады.
Фенологиялық және басқада бақылау жұмысы өзінің даму тарихы барысында адамның танымдық және ойлау қабілеттерін дамыту құралы ретінде қарастырылған.
2. Жаратылыстану білімдерінің мазмұнына кіретін фенологиялық білімдер жүйесі ұғымдардың үш тобымен берілуі керек:
1. Жалпы фенологиялық .
2. Жеке фенологиялық.
3. Қолданбалы фенологиялық.
3. Студенттердің плакаттық топ өсімдіктеріне фенологиялық бақылау жүргізу қабілеттерін далалық оқу тәжірибесінде қалыптастыру біршама тиімді оқу үдерісінің формасы. Дәрісханалық және студенттік өзіндік жұмысы, үйірме жұмысы шеңберінде студент ең алдымен зерттеушілік жұмыстың дағдыларын меңгереді, содан кейін меңгерген теориялық білімдерін далалық оқу тәжірибесімен байланысты зерттеп отырған жұмысында іске асырады. Плакаттық топ өсімдіктеріне фенологиялық зерттеу жүргізу бақылау, эксперимент, статистикалық мәліметтер арқылы негіздеуді қажет етумен байланысты.
Ботаникадан далалық оқу тәжірибесінде студенттердің фитофенологиялық бақылау жүргізу қабілеттерін қалыптастыру ұстанымдары: кіріктіру, жүйелілік, өзара байланыстылық (кешенділік), өзіндік жұмыс пен танымдық белсенділіктің өзара байланыстылығы.
Ботаникадан далалық оқу тәжірибесінде студенттердің фитофенологиялық қабілеттерін қалыптастырудың әдістемелік жүйесінің құрама бөліктерін:
► далалық оқу тәжірибесінің мақсаты: фитофенологиялық бақылау жүргізудің әдістері мен әдістемелік тәсілдерін меңгеру негізінде студенттің әртүрлі өзіндік тапсырмаларды орындай алатын қабілеттері арқылы көрінетін біліктілігінің қалыптасуына ықпал етуін;
► студенттердің плаккатты топ өсімдіктеріне фенологиялық бақылау жүргізулеріне ықпал ететін тапсырмалардың жүйесімен бейнеленген — далалық оқу тәжірбие мазмұны;
► студенттердің зерттеу және бақылау жұмысын жүргізулеріне ықпал ететін — оқыту әдістері мен технологиялары;
► далалық оқу жағдайында табиғи қоршаған ортада басым рөл атқаратын тірі табиғи нысандар мен бірлестіктерден құралған — оқыту құралдары құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: |