Екі,үш жастағы балалардың СӨС тегі тәрбиелеу жұмысының бағыты мынадай



Дата14.07.2016
өлшемі82.52 Kb.
#198302
Ең негізгі және күрделі мәселелердің бірі ,ол дені сау адамды өсіріп тәрбиелеу. Осы мәселенің көпжақтылығын түсіну үшін алдымен денсаулықтың не екенін білейік. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен берілген аңықтама «Денсаулық тек қана ағзаның аурулары ғана емес,ол адамның тұтастай физикалық,психикалық және әлеуметтік саулық күйі» деп берілген.Осы құрылымның бір саласының ақсауынан тұтастай адамның дамуына кері әсер етеді.

Қазіргі кезде артық салмақтық,қанқаның дұрыс қалыптаспауы,әртүрлі ауруларға тұрақтылығы қалыптаспандығынан балалардың денсаулықтары қауіп үстінде тұр.Бұл ақаулардың негізгі себептерінің бірі,ол балалардың қозғалысының аз болғандығынан туындап отыр.Көбінесе ата аналар үйде балаларын тыныш отырсын деп ,қозғалысты аз талап ететін ойындар,сурет салу,әрі кеткенде теледидардың алдында отыру әрекеттермен шектеледі.

Қозғалыс тума біткен қасиеттерінің бірі болып саналады.Ол адамның денсаулығына жағымды әсер етеді.Бала ағзасының барлық қызметінің жұмыс істеуіне,әлемді танып білуге,жан жақты дамуына МДМ гі балалардың жеке дара тұлға ретінде қалыптасуына педагогтардың жағдай жасау керектігінің маңызы зор. Сондықтан баланың қозғалу іс әрекетін толық қандыру қажет.
Екі,үш жастағы балалардың СӨС тегі тәрбиелеу жұмысының бағыты мынадай
1.Мәдени гигиеналық әдеттеріне баулу.

Тұрақты жағымды,жағымсыз әдеттерінің қалыптасуы бала кезінен басталатынын біз білеміз.Осы ерте кезден бастап ағзаға жағымды әсер беретін әдеттерге үйретудің манызы зор.Кіші жастағы балалардың мәдени гигиеналық навык қалыптасуын тәрбиелеу жұмысы актуальді мәселелерінің бірі болып саналады.

Мәдени гигиеналық қылықтарының қолайлы қалыптасуына екі бөлімнен тұратын жобалы жоспар құрастырылып отыр.Мұнда сабақтарда,күнделікті өмірде қолданатын әртүрлі ұйымдастыру іс әрекетінің формалары ,дидактикалық ойындар,ойын жаттығулары,әңгімелер,көркем әдебиеттерді оқу,сурет,бақылау,жаттау,сюжеттік рөльдік ойындар берілген.
Кіші жастағы балалардың мәдени гигиеналық қылықтарын қалыптастыру бойынша жобалы жоспар.

Сабақтар

Күнделікті өмір

Қыркүйек

Дидактикалық ойын «Кім қалай шомылады»

«Біздің тістеріміз қандай?»


Жұбату. «Біздің Маша кішкентай»

Дидактикалық ойын «Бесік жыры»



Әңгімелеу «Қу етіктер» В.Гербова
Әңгіме «Бет, қолымызды қай кезде,қалай жуамыз?»

Жұбату. «Міне етіктер»

Кітапты қарау «Біздің Маша кішкентай».


Қазан

Көмекшінің жұмысын бақылау(еден жуу)

Көрініс «Хлюп,хлюп,хлюп»

Потешканы оқу «Суым,суым».

Дидактик.жаттығу «Кім дұрыс жуына алады»

«Суды қайда құямыз»

Қуыршақтың киім кешегін қарау.Қуыршақты серуенге киіндіру.



Жұбату. оқу «Шөптің ұйқыдан оянуы»

Жаттау «Суым,суым» жуыну кезінде

Кітапты қарау «Суым,суым»

Жеке дара жұмыс колготты,шалбарын дұрыс кию



Қараша

Дидактик.ойын «Қуыршақты серуенннен кейін киімін шешу»

Көрініс «Мен де отырдым»

Суретті қарау «Үстел үстінде»И.Забилы

Дидактик.ойын «Сәуленің ойыншықтары»



«Алақан»

«Дәмді ботқа»,қарақұмық ботқасы Тақпақтың үзінді жаттау.

Дидакт. Ойын «Жоғалған аяқ киім»

Оқу. «Шарфынды жақсылап байла»



Желтоқсан

Дидакт.ойын «Қуыршақты жуындыру»

Сурет көрсету. «Шанамен зырлаймыз», «Сәуле серуенге некиеді?»

К.И Чуковскийдің ертегісінен «Мойдодыр» тақпақтап оқу.


Оқу. «Мен қолымды жуамын» М.Яснов

Жаттау. «Пималар»

Жаттау. «Бір,екі,үш, төрт,бес серуенге барамыз»


Қаңтар

Дидакт.ойын «Қуыршақты ұйықтатамыз», «Әлди әлди»

«Тісіміз неден ауырады?»

Дидакт,ойын. «Айжан ұйқыдан оянды»


«Таза су» тақпағын жаттау

Ойын. «Айжанға қалай шешінетінімізді көрсетейік»

Оқу. «Үйректің балапаны»

Дидак.ойын. «Тақ та шеш»



Ақпан

Оқу «Мысық»

«Тісіміз неден ауырады»



Жаттау. «Ай лады,лады,лады,лады»

Сурет көрсету. «Мен өзім» Р.Юдина.

Ойын. «Бізге қонаққа келіңдер»


Наурыз

«Айжанды жуындыруға үйретеміз»

Сурет көрсету. «Мен анамның көмекшісімін»

Дидакт.ойын «Қуыршаққа шай береміз»


«Кір қожалақ қыз» А.Барто.Оқып беру

«Не жақсы,не жаман?» В.Маяковский. Оқып беру

Сюжеттік рөльдік ойын «Тамақ ішу».


Сәуір

Көмекшінің жұмысын бақылау.(ыдыс аяқ жуу)

Дидакт.ойын. «Сәуле Айжанға қонаққа келді»



Жаттау. «Біздің Сәуле ақылды,ботқасын түгел тауысты»

Аспазшы ролін ойнап беру.



Мамыр

Дидакт.ойын. «Қуыршаққа шай береміз»

«Тісті қалай тазалаймыз?»



Дидакт.ойын. «Неден бастап,неден аяқтаймыз?»

Дидакт.ойын. «Қуыршақты киіндір».




2. Өз денесінің күтудегі қарапайым әдеттерге балаларды үйрету.

Гигиеналық мәдениеттің адамға оқу, жазу,сөйлеумен бірдей қажет екенін білеміз.Өз өзіне қарау ,тазалықтың сезінуін қаматамасыз етеді.

Кіші жастағы балаларды өзінің ағзасының барлық дене мүшелерінің тазалықта ұстауын керек екендігін түсіндіріп айту. Әжетханаға барғысы келгенде ағзасын күштеп тосып қалдырмауына үйрету.т.б.

Баланы жеке дара гигиенаға баулу .Әрқайсысының жеке тарағы, түбек,қол орамалы,жататын орыны,орамал,тіс ысатын щеткасы болу керек.Оқытуды тек қана сабақта ғана емес,күнделікті өмірде қолдануы қажет.


3. Ағзаға ненің пайдалы, не зияндылығының түсініктерін қалыптастыру.

«Балалардың өзін өізі ұстау ережелерін» альбом ретінде құрастыруға болады.Онда ағзаға жағымды,жағымсыз әсер ететін заттардың суреттерін, тақпақтарды енгізуге болады.Ас қабылдау, ұйқы,серуеннің ағзаға маңыздылығын негізгі шараларының бірі болғандықтан шынықтырудың жобалы жоспары берілген.


Кіші жастағы балалардың сауықтыру,шынықтыру бойынша жобалы жоспар



Іс шаралар




1.

Екіжақтық желдету.Балаларсыз.

Күніне үш рет

2.

Массаж

Екі рет

3.

Желдетілген бөлмедегі таңғы гимнастика




4.

Салқын сумен шайыну

Таңертеңгі ұйқыдан соң

5

Сабақтың алдында топты желдету

Екі рет

6.

Таза ауада серуен

Екі рет

7.

Тыныс алу гимнастикасы

Екі рет

8.

Төсек орнындағы гимнастика

15-00

9.


Жалаң аяқ жүру «денсаулық жолында»

«паровоз» (асбұршақ,грек.жаңғақтары,таяқшалар,тығындар)

Ылғалды жол

«Жеміс жидектер» (грек.жаңғағы)

«Тастар»

«Гүлді көкжиек»

«Жыланша»

Арқада қапшықтармен төртаяқтап жүру

«Туннель»

Кедір бұдыр жол «Қолтырауын»

Аяққа доппен жасайтын массаж «Кірпілер»

Аяқтың іздері салынған кілемше

Кедергілерден аттау

Жіптен жасалған баспалдақпен жүру







10.

Бассейн






4. Күнделікті дене шынықтыру жаттығуларын жасау әдеттерін қалыптастыру

Адамның дене шынықтыру жаттығуларын өмірде қолдану нәтижесінде СӨС жақсарады.Кіші жастағы балалардың бақшадағы қозғалыс іс әрекеті зерттеулерге қарағанда 1,5-2 сағат қана.Осы мәселені шешу үшін қимыл қозғалысына жобалы жоспар берілген.


Кіші жастағы балалардың қимыл іс әрекеттері бойынша жобалы жоспар



Іс шаралар

Уақыты

1.

Қимыл қозғалыстың дамуына арн.жеке дара жұмыс(ойын жаттығу;саусақтық гимн.;тынысалу гимн.;жалпақтабандылықтың ,қаңқа алдын алу)

Күнде таңертең,кешкі серуенде 5-10 мин

2.

Таңертеңгі гимнастика

Күнде 8.00 10мин

3.

Сергіту.минут

Сабақтың мазмұны мен күрделілігіне қарай 3мин

4.

Қимылды ойындар,жаттығулар,жеке дара

жұмыс серуендегі қимылдың дамуына байланысты



Күнделікті таңертең,кешке 25-30 мин

5.

Түскі ұйқыдан кейінгі гимнаст.ауа ваннасы,массаж

Күнде 10 мин

6.

Дене шынықтыру сабақтары

Аптасына екі рет

Күннің екінші жартысында 30 мин



7.

Өзіндік қимыл іс әрекеттері

Тәрбиешінің қарауымен топта,таза ауада

8.

Бос уақыттағы дене шынықтыру

Айына бір рет 15 мин

9.

Бассейн

Бір рет аптасына

10.

Ән күй сабақтары

Екі рет аптасына


5. Ата аналардың балаларының салауатты өмір салтын қалыптастыру процессіне ықпал етуі мен жеке тұлға ретінде үлгі болу жұмысы, кіші жастағы балалардың денсаулығын нығайту мен сақтау нышаны болып табылады.Бірінші күннен бастап ата аналарға өз балаларының бақшада қандай денсаулық сақтау жұмыстары жүргізілетіні туралы айтылып,көрсетіледі.
Балалардың десаулығын сақтау үшін тек қана бақшада ғана емес,ата аналардың тікелей қатысуымен жақсы нәтижеге жетілетіндігін айтып, түсіндіру. Тек олар ғана балаларына жақсы үлгі болатынын түсіндіру.

Ата аналар спортттық шараларда белсенді қатысып,ашық есік күндері гимнастика,дене шынықтыру,серуенге қатысып ,баламен үйде жасалынатын жаттығуларды үйренеді.


Осылайша баланы кіші жасынан бастап СӨС тын отбасы және қоғамдық тәрбиелеуге баулу, оның өзіндік жеке тұлға ретінде қалыптастыру.


МДМ №5 сәбилер бақшасы


Кіші жастағы балалардың салауатты өмір салтының мінез-құлықтарын қалыптастыру

Муз.жетекшісі: Усен.А.А.



Павлодар қ. 2011жыл

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет