«Экология және орнықты даму» пәнінің эоәК


 Популяциялар құрылымы мен негізгі қасиеттері



Pdf көрінісі
бет10/52
Дата23.10.2023
өлшемі1.35 Mb.
#481503
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   52
3.2. Популяциялар құрылымы мен негізгі қасиеттері 
Популяциялар құрылымы – түрдің биологиялық қасиеттеріне негізделіп
ортаның абиотикалық факторларына және басқа түрлердің популяциялары 
әсерінен қалыптасып құрылады. 
Популяцияның жастық құрылымы – особьтардың барлық жас топтарын, 
ағзаның барлық даму сатылары мен фазаларын қамтиды. Жалпы өмірінің 
ұзақтығына қатысты әрбір жастың ұзақтығы әр түрде әрқалай болады.
Мысалы, жануарлар популяциясында үш экологиялық жасты бөледі:


13 

репродуктив алды (өндіруге дейінгі); 

репродуктивті (өндіруші); 

репродуктив соңы (өндіруден кейін) 
Егер популяцияда барлық жастағы особьтар біркелкі мөлшерде болса 
соғұрлым өміршең болады. Мұндай популяцияларды қалыпты деп атайды. Егер 
попляцияда кәрі особьтар көп болса оны регрессивті немесе өліп бара жатқан 
популяциялар дейді, ал жас особьтар саны көп болса инвазиялық немесе өсіп 
келе жатқан популяциялар деп атайды. 
Популяцияның жыныстық құрылымы – особьтардың жыныстары 
бойынша ара қатынасы. Популяциядағы жыныстардың ара қатынасы 
генетикалық заңдар бойынша анықталады. Жыныстық белгілері көп жағдайда 
аталықтары мен аналықтарының морфологиялық, физиологиялық, экологиялық 
және мінез-құлықтық айырмашылықтарын анықтайды. 
Популяцияның кеңістіктегі құрылымы – популяция особьтарының 
кеңістікте орналасу ерекшеліктері. Ол тіршілік ортасының және түрдің 
биологиялық ерекшеліктеріне байланысты. Популяция особьтары кеңістікте 
бірқалыпты, кездейсоқ және топтанып орналасады.
Популяцияның генетикалық құрылымы – особьтардың әртүрлі дәрежедегі 
генетикалық әртүрлілігімен сипатталады. Популяция особьтарының гендерінің 
жиынтығын генофонд деп, ал бір ағзаның хромосомасындағы бүкіл гендердің 
жиынтығын генотип деп атайды. Генетика тұрғысынан, популяция – 
генотиптер жиынтығы. 
Популяцияларда особьтар жиынтығы ретінде, бөлек әр особьқа тән емес, 
көрсеткіштер болады. Популяцияның сандық және сапалық сипаттамалары 
сыртқы факторлармен анықталады. Сандық көрсеткіштерді екі топқа бөледі: 
статикалық және динамикалық.
Популяцияның нақты (белгілі) уақыттағы күйін статикалық көрсеткіштер 
сипаттайды. Оларға: популяцияның саны мен тығыздығы жатады. 
Популяцияның саны – белгілі бәр аймақтағы немесе көлемдегі 
особьтардың жалпы саны. Популяцияның саны тұрақты емес, ол көбейю және 
өлу жиілігіне тәуелді. 
Популяцияның тығыздығы – белгілі бір аймақтағы немесе көлемдегі 
особьтардың орташа саны. Популяция тығыздығы тікелей туу және өлу 
көрсеткіштерімен байланысты. 
Популяцияның динамикалық көрсеткіштеріне: туылу, өлу, өсім және өсім 
қарқыны жатады. 
Туылу – белгілі бір уақыт ішінде көбейю нәтижесінде популяцияда пайда 
болған жаңа особьтар саны. 
Өлу – белгілі бір кезеңдегі популяциядағы өлген особьтар саны. 
Популяция өсімі – популяциядағы особьтардың туылуы мен өлуі 
арасындағы сндық айырмашылық. 
Өсу қарқыны – белгілі бір уақыт ішіндегі популяциядағы орташа өсім. 
Мұндай белгілерді зерттеу популяция тіршілігінің заңдылықтарын, 
жалпы экожүйедегі тұрақтылық негіздерін анықтауға мүмкіндік береді. 


14 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет