«Экология және орнықты даму» пәнінің эоәК


Тақырып 6. Табиғи ресурстар және табиғаты тиімды пайдалану



Pdf көрінісі
бет17/52
Дата23.10.2023
өлшемі1.35 Mb.
#481503
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   52
Тақырып 6. Табиғи ресурстар және табиғаты тиімды пайдалану 
6.1. Табиғи ресурстардың жіктелуі 
Табиғи ресурстар дегеніміз табиғи ортаның ерекше компоненті, олардың 
түрі, мөлшері мен сапасы адамның табиғатқа деген көзқарасын және қоршаған 
ортаның антропогенді өзгерістерінің көлемі мен сипатын анықтайды. 
Табиғи ресурстарға адам өзінің тіршілігін қамтамасыз ету үшін, 
материалдық игіліктерді жасау үшін пайдаланатын ресурстардың барлық түрі 
жатады. 
Барлық табиғи ресурстар шығу тегі бойынша, шаруашылықта 
пайдалануы бойынша және сарқылу қасиеті бойынша жіктеледі. 
Шығу тегі бойынша табиғи ресурстар минералды, климаттық, су, жер, 
топырақ және биологиялық ресурстар болып бөлінеді. 
Шаруашылықта пайдалануы бойынша табиғи ресурстар өндірістік және 
ауылшаруашылық ресурстары болып бөлінеді. Өндірістік ресурстарға 
өнеркәсіптерде пайдаланатын шикізатың барлық түрлері жатады. Олар 
энергетикалық (пайдалы қазбалар, гидроэнергетикалық ресурстар, ядролық 
энергия) және энергетикалық емес (металлургия, химия және мұнай ресурстары 
және т.б.) болып бөлінеді. 
Сарқылу қасиеті бойынша барлық ресурстар сарқылатын және 
сарқылмайтын болып бөлінеді. 
Сонымен қатар табиғи ресурстардың жіктеуі ең жиі қолданылатын жіктеу 
ресурстарының сарқылу жылдамдығымен немесе қалпына келу қасиеттімен 
байланысты. 
Табиғи ресурстар 
Сарқылатын 
Қалпына 
келетін 
Сарқылмайтын 
Салыстырмалы
қалпына келетін 
Қалпына
келмейтін 
Алмастыруға
болмайтын 
Алмастыруға
болатын 


24 
Табиғи ресурстардың жіктелуі 
Сарқылатын ресурстар дегеніміз жақын кезеңде немесе болашақта 
сарқылу қауіпі бар, пайдалану нәтижесінже өзінің саны мен сапасын өзгертетін 
ресурстар. Оларға қазба байлықтар және тірі табиғат ресурстары жатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет