Экономика негіздері пәні бойынша дәрістер


Экономикалық цикл және оның кезендері



Pdf көрінісі
бет23/38
Дата12.10.2022
өлшемі0.93 Mb.
#462466
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   38
Экон негіздері. Дәрістер

4. Экономикалық цикл және оның кезендері 
Өнеркәсібі дамыған барлық елдердің экономикалық дамуы циклмен 
сипатталады: басылу, көтерілу, күйреу, жандану, қайтадан басылу, тағы да 
жандану және т.с.с. Бірақ бұл қайталану шеңбер емес, шиыршықты серіппе 
(спираль) түрінде жүреді. Сондықтан циклдылық - бір орында тұру емес
ол прогрессивтік даму формасы.
Цикл экономиканың тепе-теңдік жағдайынан ауытқуын білдіреді.
Ауытқудың үш түрі бар.
1) Нарықтық сұранымның тауарлар мен қызметтердің ұсынысынан 
ауытқуы. Бұл қысқа мерзімдік және ұзақ мерзімдік болуы мүмкін. 
Біріншісі тез ауытқып кету, екіншісінде тепе-теңдік үш-төрт жылдан соң 
қайта кәсіптендіру арқылы қалпына келтіріледі.
2) Сұранымның жабдықтарға, құрылыстарға және т.б. өзгеруімен 
байланысты ауытқулар 8-12 жылда капиталдың қайта жиналуымен жеңіп 
шығады. Бұл Маркспен, Энгельспен зерттелген өнеркәсіптік циклдар деп 
аталады. Олардың ұзақтығы орташа цикл деуге де болады. 10-15 жылға 
мерзімінің созылуы негізгі капиталдың жұмыс істеу мезгілімен 
түсіндіріледі. Негізгі капиталды жаппай жаңарту экономиканы 
жандандыруға әкеледі, ол көтерілуге көшеді және жұмыс істейтін 
техниканың ескіруі дағдарысқа соғады.
3) Бір технологиялық өндіріс әдісінен екіншіге өтумен байланысты 
ауытқу, оның аралары (шегі) адамзат өркениетінің ірі кезеңдерімен 
шектеледі. Бұл өтулер өндірістің барлық құрамдас элементтерінің 
ауысуына әкеледі, бір жұмысшылар ұрпағы басқамен ауысады немесе олар 
түбімен басқа мамандыққа көшеді. Технологиялық өндіріс әдісі - 
материалдармен, технологиямен, ақпаратпен және өндірісті ұйымдастыру 
мен еңбек құралының бірлігі, тұтастығы.
Циклдардың ұзақтылығына (толқындар) байланысты олар бірнеше 
типке бөлінеді. 
Экономикалық циклдардың типтері 
Экономикалық 
циклдің типтері 
Ұзақтылығы 
Себептері, ерекшеліктері 
1. Дж.Китчиннің қысқа
толқындары 
2-4 жыл 
Алтынның әлемдік қорының 
тербелісі ЖҰӨ-нің, инфляцияның, 
жұмысбастылықтың тербелісіне 
әкеледі. 
2. К.Жуглярдың «орташа 
толқындары» 
10 жыл 
Ақша айналысындағы өзгерістер
кредиттік жүйенің мәселелері ЖҰӨ-
нің тербелісіне инфляцияға, 
жұмыссыздыққа әкеледі. 
3. Кузнецтің циклдары 
18-25 жыл 
Экономикалық циклдардың себептері 
күрделі құрылыспен байланысты 


34 
4. Н.Д. Кондратьевтің 
«ұзын толқындары» 
40-60 жыл 
Басты қозғаушы күш – 
технологиялық өндірістегі 
технологиялық базаның радикалды 
өзгеруі мен оның құрылымдық қайта 
құрылуы 
5. Форрестердің циклдары 
200 жыл 
Энергия қуаты мен материалдарға 
байланысты. 
6. Тоффлердің циклдары 
1000-2000 ж. 
Цивилизацияның дамуымен, олардың 
жоғалуымен немесе жаңа сатымен 
байланысты. 
Экономикалық циклда сұраныс пен ұсынымның әртүрлі үйлеспеу 
формаларында көрініп отыратын іс белсенділігінің (кәсіпкерліктің) өрлеу 
кезеңдері және құлдырау кезеңдері болып тұрады.
Циклдың көрінісі дегеніміз - әртүрлі экономикалық белсенділік 
көрсеткіштерінің ауытқуларын қосқандағы алатын нәтиже: ЖҰӨ-ның өсу 
қарқыны, жұмыссыздық деңгейі т.б.
Экономикалық цикл – бұл дағдарыстар арасындағы мерзім және осы 
кезде оның төрт фазасы ауысады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет