Экономика негіздері пәні бойынша дәрістер



Pdf көрінісі
бет22/38
Дата12.10.2022
өлшемі0.93 Mb.
#462466
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   38
Экон негіздері. Дәрістер

 

 

 
 
 
1 2 3
Жұмыссыздық деңгейі %
Мұның мағынасы: Жоғары
жұмыссыздық 
жағдайында 
инфляция 
төмен 
болатынын 
білдіреді 
және 
керісінше, 
жұмыссыздықтың 
азаюы 
жиынтық сұранысты арттырады, 
бағаның өсуіне итермелейді. 
Басқаша 
айтқанда, 
төмен 
жалақы 
жағдайында 
жұмыссыздық өсуі, керісінше 
жалақы 
өскен 
сайын 
жұмыссыздық азаяды. 
 
Жұмыссыздық - бұл халық шаруашылығында жұмыспен 
қамтамасыз етілмеген еңбекке қабілеті бар жұмыс күші.
Жұмыссыздықтың негізгі формалары
Жасырын жұмыссыздық - өндірісте артық жұмысшылардың 
қолданылуы немесе ақпараттың болмауына байланысты. 
Фрикциондық жұмыссыздық – адамдар бір жұмыстан басқа
жұмысқа, бір жерден басқа жерге жұмыс іздеумен ауысуын айтады. 
Құрылымдық жұмыссыздық - өндірістік қуаттың жетпеуінің 
нәтижесінде туындайды: жеке саланың дамуының кері пропорциональды 
болуынан және ескі саланы жабу мен жаңа саланы дамытудың нәтижесі 
ретінде қарауға болады, сондай-ақ, жынысының, жасының, ұлтының, 
мамандығының, басқа да жеке қасиеттерінің ерекшеліктеріне байланысты 
болады.
Циклдық жұмыссыздық - өндірістің құлдырауынан туындайды. 


32 
Батыс елдерінің мамандары жұмыссыздықты екі топқа бөледі: 
- жиынтық сұраныстың жетіспеуіне байланысты; мысалы, циклдық 
жұмыссыздық; 
- жиынтық 
сұраныстың 
өзгеруіне 
байланысты; 
мысалы 
фрикциондық, құрылымдық жұмыссыздық.
Қазақстанда экономикалық реформалардың бастауынан ашық 
жұмыссыздық өсе бастады, бірақ онымен қатар, жасырын жұмыссыздық та 
орын ала бастады.
Толық жұмысбастылық деген мағына экономикада жоқтық қасы, 
себебі барлық жұмыс күші жұмыспен толық қамтылған жағдайда да
жұмыссыздықтың белгілі бір деңгейі болуы қалай да болса қажетті және 
заңды процесс. Толық жұмысбастылық кезінде жұмыссыздықтың деңгейі 
фрикциондық және құрылымдық жұмыссыздық қосындысына тең. Ол 
жұмыссыздықтың табиғи деңгейі деп аталады. 
Жұмыспен толық қамту жағдайындағы қарқынды инфляцияға
әкеліп соқпайтын жұмыссыздықтың ең төменгі дәрежедегі нормасын
жұмыссыздықтың табиғи деңгейі деп аталады. Егерде жұмыссыздықтың 
нақты деңгейі табиғи деңгейден артып кетсе, онда бұл жағдай жалпы 
ұлттық өнімнің азаюына әкеледі.
Жұмыссыздықтың зардаптары: 
1. Жұмыссыздық (циклдық) жағдайында - өндіріс мүмкіншілігін 
толық пайдаланбағандықтан ұлттық байлықтың азаюына келеді. Бұл 
жағдайда: 
- халықтың сатып алу қабілеті төмендейді; 
- қазына – қор қысқарады; 
- инвестицияға сұраныс қысқарады; 
- өндіріс құлдырайды. 
2. Ұзақ мерзімде болатын жұмыссыздық жағдайында жұмыссыз 
адамдардың біліктілігі жоғалады. 
3. Жұмыссыздықтың өсуі қоғамда қылмысты істердің өсуіне және
халықтың әлеуметтік жағдайының төмендеуіне әкеледі. 
Кез келген жұмыссыздықтың деңгейімен байланысты болатын 
экономикалық зиянды анықтау үшін Оукен заңықолданылады. Осы заң 
жұмыссыздық деңгейі мен жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) көлемінің төмендеуі 
арасындағы байланысты көрсетеді.
Оукен заңы бойынша жұмыссыздықтың нақты деңгейі табиғи 
деңгейіне қарағанда, 1%-ға өсуі нақты ЖҰӨ-нің потенциальдық 
мүмкіндігімен салыстырғанда орташа 2,5%-ға төмендеуіне әкеледі. 
Потенциалды ЖҰӨ толық жұмыспен қамту жағдайында өндірілетін өнім. 
Кез келген елдің экономикасында жұмыспен айналыспайтын белгілі 
бір адамдар саны бар, сондықтан мемлекет тарапынан оларға 
жұмыссыздық бойынша қаржы төлейді. Жұмыссыздықтың әлеуметтік 


33 
және саяси зардаптарын азайту үшін дамыған елдердің үкіметтері соңғы 
жылдары жұмыссыздарға жәрдем берудің әртүрлі жүйелерін қолдануда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет