184
Дефляция - артық ақша массасының бір бөлігін әдейі айналымнан
алып тастау.
Дивидендтер – мүлік иесінің алатын кірісі.
Дилер - биржаға немесе саудаға өз
есебінен делдалдық жасайтын
адам.
Дисконт - 1) вексельді есепке алу; 2) есепке алу пайызы-капиталистік
елдер банктерінің вексельді есепке алу кезінде алатын пайызы; 3)
биржалық және валюталық келісімдерге
тауарлардың бағасынан,
валютадан алынатын алым.
Дисконттық саясат - несиелік капиталдарға деген сұраныс пен
ұсынысқа, төлем балансы мен валюта курстарына
ықпал ету мақсатында
капиталистік елдердің орталық эмиссиялық банктері жүргізетін бағаларды,
есепке алу ставкаларын өсіру немесе төмендету саясаты.
Дотация – ұйымдарға, кәсіпорындарға шығындарын жабу үшін
немесе басқа мақсаттарға мемлекет беретін жәрдем.
Еңбек заттары- материалдық игіліктерді өндіру үшін еңбек
құралдарының көмегімен адамның
еңбегі бағытталған шикізат,
материалдар, отын, жартылай фабрикаттар, өнімдер және т.б.
Еңбек құралдары – еңбек заттарына әсер ететін еңбек құралдары.
Есеп-төлем талаптары - өзіне есеп-фактура мен төлем талабы.
Есеп айырысу шоты - уақытша еркін
ақшалай қаржыны сақтауға
және ағымдағы қолда бар ақша мен қолда жоқ ақша түріндегі есептерді
жүргізуге
арналған кәсіпорынның, бірлестіктің ұйымның шоты.
Жал – келісім шарт негізінде белгілі бір сомаға мүлікті уақытша
пайдалануға беру.
Достарыңызбен бөлісу: