192
Іскер адамдар - егер күшіндегі заңға қайшы
келмесе және белгіленген
мүліктік немесе басқа да жауапкершілікті сақтайтын болса, заңның
негіздегі қарамағына алынған мүлікті
пайдалану бойынша өз
инициативасымен кез келген шешім қабылдауға, кез келген әрекетті
жүзеге асыруға ерікті адам.
Ішкі орта - маркетингте іскер адамдардың
тарапынан басқаруға
болатын факторлар.
Шектеулі валюта - валюталық шектеудің нәтижесінде сол
мемлекеттің территориясында ғана пайдаланылатын валюта.
Шетелге тауар шығару диверсификациясы - шетелге тауар
шығаруға арналған өнімдер мен қызметтер түрлері мен атауларының
санын көбейту.
Шетелдік жеңілдік - белгілі бір тауарларды
елге әкелудің мөлшерін
шектеуді белгілеуді қарастыратын (мәселен жыл ішіндегі әкелінетін
автомобильдердің санын) сыртқы сауданы мемлекеттік реттеудің түрі.
Шетелдік лицензия - тиісті орган беретін
белгілі бір товарларды
негізуге рұқсат.
Шетелдік валюта - шет елдік мемлекеттің ақша бірлігін көрсететін
банкноттар, төлем құжаттары, банк шоттары.
Экономикалық саясат - қаржы шаруашылық
қызметінде тәртіп
бұзуға жол берген және сол арқылы өз әріптестерін немесе мемлекетке
зиян келтірген кәсіпорындарға еріксіз әсер ету шаралары.
Достарыңызбен бөлісу: