Экономика сериясы Серия экономическая Жылына 4 рет шығады Выходит 4 раза в год Бас редактор: Б. А. Алибекова экономика ғылымдарының кандидаты, доцент Радакция алқасы



бет4/21
Дата14.07.2016
өлшемі2.84 Mb.
#199521
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21

Ж.А. Бабажанова

Проблемы национальной транспортной системы Республики Казахстан: железнодорожный грузооборот
Актуальность данной темы заключается в том, что будущее Казахстана неразрывно связано с дальнейшим развитием транспорта, который сегодня называют третьей, ведущей отраслью материального производства. В Казахстане получили развитие все виды транспорта: железнодорожный, авиационный, автомобильный, морской, речной, трубопроводный и электронный. Управление транспортом осуществляют Министерство транспорта и коммуникаций, а также национальные компании: «Казахстан темір жолы», «Эйр Астана». В республике функционируют более 2000 транспортных предприятий. В транспортной системе Казахстана железнодорожному транспорту принадлежит ведущая роль. Большие расстояния транспортировки, сравнительно дешевые тарифы на перевозки пассажиров и грузов делают железнодорожный транспорт наиболее востребованным со стороны пользователей. По международным меркам экономика республики имеет средние размеры и производит около 0,16% ВВП мира. В целом же по объему ВВП Казахстан сегодня занимает 52-е место на планете. Доля транспорта в объеме ВВП достигает уже более 8,5%.

Объем перевозок грузов всеми видами транспорта с учетом оценки объема перевозок нетранспортными организациями и предпринимателями (физическими лицами), занимающимися коммерческими перевозками, составил в 2008 году 2188,7 млн. тонн, что на 3% больше объема 2007 года.

Перевозки пассажиров с учетом оценки объема перевозок предпринимателями (физическими лицами), занимающимися коммерческими перевозками, за 2008 год увеличились на 1,4% и составили 11325,4 млн. человек.

АО «Казахстан темир жолы» - самая крупная казахстанская компания, где трудятся 85 тыс. человек, занимает 7-е место в мире по объему грузоперевозок среди таких стран как: США, Китай, Индия, страны Европейского союза, Россия, Украина. Протяженность железных дорог 32,4 тыс.км. Плотность дорог, км/1000 кв. км территории составляет - 5,1.

Диаграмма 1.

Ключевую роль в развитии экономики и промышленности страны, а также и в экспортно-импортных и транзитных отношениях играет железнодорожный транспорт. Железнодорожный транспорт обеспечивает 10,8% пассажирооборота в стране. Основными видами грузов для железных дорог является каменный уголь (38,2% от общего объема), железная и марганцевая руда (10,3%), нефтяные грузы (12,5%). Рост ВВП Казахстана в период с 2004 по 2008 годы составил 42,7%, при этом объем грузовых перевозок всеми видами транспорта увеличился лишь на 28,5%. В результате сложилась ситуация, когда существующие мощности транспортной инфраструктуры сдерживают темпы роста экономики. Перспективы экономического развития Казахстана с ожидаемыми темпами роста ВВП 8,8-9,2% в год и среднегодовыми темпами роста в промышленности 8-8,4% неизбежно повлекут за собой дальнейшее повышение нагрузки на транспортную систему.


рисунок-1


В ходе исследование данной работы нами было использованы методы корреляционно-регрессионного анализа. Рассмотрена теснота следующих переменных: объем промышленного производства и грузооборот железнодорожного транспорта.
Таблица 1 - Корреляционно-регрессионный анализ

годы

Объем промышлен-ного производства млрд.тенге, Х

Грузооборот железнодорож-ного транспорта млрд. км, У

Х*У







2006

6,51

171,9

1119,069

42,3801

3,44103

519,84

2007

7,82

191,2

1495,184

61,1524

0,29703

12,25

2008

10,2

200,8

2048,16

104,04

3,3672

37,21

2009

8,93

214,9

1919,057

79,7449

0,3192

408,04

Всего:

33,46

778,8

6581,47

287,318

7,4245

977,34

Средн.

знач.


8,365

194,7

1645,368

71,8294

1,85613

244,335

Корреляционно-регрессионный анализ

4 а0+33,46а1=778,8

а1=9,9=10

33,46а0+287,314а1=6581,47

а0=111,8865=112

У=112+10х

Увеличение объема промышленности на 1%, ведет в среднем к увеличению грузооборот а железнодорожного транспорта общего пользования страны на 10 млрд. км. Теснота связи равна 0,89. Это значит, что зависимость между объемом промышленности и грузооборотом железнодорожного транспорта общего пользования в стране существует. Причем, теснота связи сильная. Территория Республики Казахстан расположена на направлении сухопутного моста для грузовых потоков между основными макроэкономическими полюсами – странами Европейского Союза и Азиатско-Тихоокеанского региона, Америки и Евразии; сокращение времени доставки транзитных грузов. Главное конкурентное преимущество Казахстана – более короткое, при прочих равных условиях, время доставки грузов. Это обстоятельство позволяет прогнозировать неизбежный рост грузопотоков по направлению Китай – Европа и транзита через Казахстан. Республика Казахстан располагает необходимым потенциалом для серьезной переориентации внешнеторгового баланса. Этот потенциал заключается, прежде всего, в уникальных транзитных возможностях страны: территория Республики Казахстан расположена на направлении сухопутного моста для грузовых потоков между основными макроэкономическими полюсами – странами Европейского Союза и Азиатско-Тихоокеанского региона, Америки и Евразии; сокращение времени доставки транзитных грузов. Рост ВВП Казахстана в период с 2004 по 2008 годы составил 42,7%, при этом объем грузовых перевозок всеми видами транспорта увеличился лишь на 28,5%. В результате сложилась ситуация, когда существующие мощности транспортной инфраструктуры сдерживают темпы роста экономики. Перспективы экономического развития Казахстана с ожидаемыми темпами роста ВВП 8,8-9,2% в год и среднегодовыми темпами роста в промышленности 8-8,4% неизбежно повлекут за собой дальнейшее повышение нагрузки на транспортную систему.

Таким образом, предлагаем следующие основные пути решения проблемы национальной транспортной системы:

- переход транспортной системы на качественно новый уровень

функционирования;

- формирование оптимальной транспортной сети;

- органичная интеграция Казахстанского транспортного комплекса в мировую транспортную систему;

- создание сети транспортно-логистических центров интермодальных перевозок;

- снижение транспортной составляющей в стоимости конечной продукции и услуг повышение конкурентоспособности экспорта

- с учетом реализации Стратегии индустриально-инновационного развития и перспектив территориального развития снижение грузоемкости экономики

- увеличение объемов транзита через территорию Республики Казахстан.
Список литературы


  1. Ермаков В. Казахстан в современном мире. Издание 4-е.- Алматы: ИД «Жибек Жолы», 2007.- 208 с.

  2. Назарбаев Н.А. Казахстан 2030. Процветание безопасности и процветания всех казахстанцев: Послание Президента страны народу Казахстана. Алматы. Бiлiм, 1997. – 32с.

  3. Назарбаев Н.А. «Транспортная стратегия Республики Казахстан до 2015 года», проект «Специальная экономическая зона «Западные ворота Казахстана» - 29с.

  4. Н. Исингарин, Статистическое обозрение 2007 г – 49с.

  5. Послание Президента Республики Казахстан Нурсултана НАЗАРБАЕВА народу Казахстана «Новый Казахстан в новом мире». Астана 28 февраля 2007 г. (Часть 1) – 18с.

  6. Статистические показатели экономического развития РК и ее регионов. г. Алматы, 2007г.,№1- 166с

  7. http://www.stat.kz

  8. http://www.mtk.gov.kz

  9. http://www.cisstat.com

  10. http://www.memr.gov.kz

  11. http://www.stat.kz/digital/tran/Pages/default.aspx

  12. http://www.stat.kz/digital/poromishlennost/Pages/default.aspx

  13. http://www.railways.kz

  14. http://ru.government.kz/resources/docs/doc5

  15. http://www.gks.ru

  16. http://www.loglink.ru/massmedia/analytics/record/?id=480


Р.Ә.Байжолова
Еңбек нарығы мен білімдік қызмет көрсету нарығының өзара әрекетін реттеу
Еңбек нарығы мен білім беру қызметтерін көрсету нарығының әрқайсысы әлеуметтік кеңістіктің ерекше сегменттері болып табылады. Еңбек нарығы жұмыс күшін бөлу мен қайта бөлу механизмі болса, білім беру қызметтерін көрсету нарығы сұраныс пен ұсыныс, жұмыс күшінің резерві, бәсеке, инфрақұрылым сияқты элементтерді қамтитын жұмыс күшін бөлу мен қайта бөлу механизмі болып табылады. Өз кезегінде білім беру қызметтері нарығы білім беру қызметін өндіру, бөлу және тұтыну үдерістерінде өзара әрекет ететін қоғамдық қатынастардың, институттардың жүйесін береді.

Екі нарық өз мүдделері мен мақсаттарын жүзеге асырушы қарсы агенттердің әрқайсысының бір-біріне жекелеген және жиынтық әсер етуінің стихиялы немесе ұйымдастырылған үдеріс элементтері түрінде үнемі өзара әрекет жағдайында болады. Бұл үдеріс екі нарықтағы жағдайдың, сонымен қатар, олардың құрылып дамып отырған әлеуметтік-мәдени ортасының әсерімен жүзеге асырылады.

Қазіргі уақытта осы нарықтардың жағдайы олардың өзара әрекетіне әсерін тигізетін ерекшеліктермен анықталады. Осы ерекшеліктердің қатарына екі нарықтың да құрылымының аяқталмағандығы жатады. Нарықтық қатынастар саналы түрде әкімшілікті реттеумен шектеледі. Әкімшіліктің араласуымен бірге бұл қатынастар «көлеңкелі» механизмдерді қолданумен де байланысты. Олар өз мәні бойынша ашық түрде көрініс таппайтын және корпоративтік байланыстар мен жемқорлыққа негізделетін, еңбек және білім беру қызметтері нарықтарындағы үдерістерді реттеудің институционалдықтан тыс нысандары мен әдістерінің жиынтығы болып табылады. Бұл мәселе жоғары кәсіптік білім беру жүйесінде қаттырақ білінеді.

Осы нарықтардың құрылуының аяқталмағандығы (толықсыздығы) салдарынан олардың арасындағы өзара әрекет үдерісі өзін-өзі реттейтін және өзін-өзі бағыттаушы (автопоэзистік) жүйе, яғни ішкі және сыртқы өзгерістерге жауап ретінде өзін-өзі бағыттай және әрі қарай өзі құрыла алатын жүйені бере алмайды.

Екі нарық та іштей құрылымдастырылған жеке құрылымдар болып табылады. Олардың шеңберінде өз стратегияларын жасайтын салыстырмалы түрде тәуелсіз акторлар (қатысушылар) әрекет етеді. Бұл жерде еңбек нарығы мен білімдік қызметтерді көрсететін нарықтарының жеке және институттандырылған қатысушыларын анықтап алу қажет. Біріншісі нарықтық қызметті жиі тұтынушы ретінде болатын жеке тұлғалар болып табылады. Екіншісі – кәсіпорындр, ұйымдар және мекемелер. Екі қатысушы топтың да іс- әрекеті ортақ белгілерімен де, өз ерекшеліктерімен де сипатталады. Екеуіне ортақ болып табылатын белгі акторлардың іс–әрекеті біріңғай алгоритм бойынша құрылады. Ал олардың ерекшеліктері өз мақсаттарын жүзеге асыруда қолданатын технологиялардың ерекшелігінен көрінеді.

Еңбек нарығы мен білімдік қызмет көрсету нарығының өзара әрекетінің үдерісі бәсеке мен нарықтық қатынастарға қатысушылардың іс–әрекеттік стратегияларының келісілуінің диалектикасын білдіреді. Бұл стратегиялар қажеттіліктерін қанағаттандыруға, еңбектік қамту мен білім беру аяларындағы құндылықтары мен өмірлік мәндерін жүзеге асыруға бағытталған жекелеген адамдардың, әлеуметтік топтар мен ұйымдардың өмірлік қызметінің тұрақты тәсілдері мен әдістері ретінде көрінеді. Олар субъектілердің лауазымдық дивансификациясымен сипатталады, атап айтқанда: ұзақ мерзімді сипаты болады; көптеген факторлар әсерін тигізетін сұраныс пен ұсыныс нысанында жүзеге асырылады. Бұл нарықтардың өзара әрекетін реттеу нарықтық қатынастарға қатысушылардың стратегияларын келістіруді қамтамасыз ететін тенхнология болып табылады. Осының нәтижесінде жұмыс күшіне сұраныс қанағаттандырылады, адам тұлғасының дамуы үшін жағдай жасалынады және мемлекеттің жиынтық (демографиялық, экономикалық, зияткерлік ж.б.) әлеуеті жинақталады. Бұл жағдайда еңбек нарығы мен білімдік қызмет көрсету нарықтарының өзара әрекетінің негізін адам капиталы теориясы береді.

Қазақстанда еңбек нарығы мен білім беру жүйесінің өзара әрекетінің бірнеше үлгісі ауысты.


  1. Кеңес үкіметі үлгісі. Мұнда халық шаруашылығы үшін дайындалатын кадрлар көлемін мемлекеттік жоспарлау мемлекеттік деңгейде салалық қағидаты бойынша іске асырылды және білім алу тек бюджет қражаты есебінен ғана қаржыландырылды.

  2. Өтпелі кезең үлгісі. Еңбек нарығындағы жағдай негізінен тұрғындарды жұмысқа орналастыру қызметі арқылы реттелді. Ал кадрларды дайындау жүйесі қаржының жетіспеушілігі жағдайында тұрғындардың төлемқабілеттілігіне бағытталды, оқытудың ақылы нысандары дамыды.

  3. Кадрларға қажеттілікті Қазақстан субъектілері деңгейінде болжау арқылы реттеу үлгісі. Мұнда кадрларға қажеттілікті мамандықтар шеңберінде болжау орын алады. Қажетті мамандықтар бюджет арқылы қамтамасыз етіледі.

Сонымен қатар, Қазақстан нарығының қазіргі кезде балансталмағандығын да айта кеткен жөн: елде жұмыссыздықтың болуымен бірге бос орындар (ваканциялар) сақталған (ай сайын 20-15 мың орын). Ең алдымен білікті кадрлар жетіспейді. Бұл жерде әңгіме дәрігерлер, мұғалімдер, инженерлер, менеджерлер жөнінде болып отыр. Токарь, фрезировщиктер, саймандармен жұмыс істейтіндер, механиктер тапшылықты [1].

Елдің барлық аймақтарында бос жұмыс орындары бар. Бұл жұмыс күшінің сапасы мен кәсіби-біліктілік құрылымының жұмыс берушінің қажеттіліктері мен еңбек ресурстарының еңбек жинақылығының төмен деңгейімен байланысты болып табылады.

Қазақстан инновациялық экономика жағдайында тиімді еңбек ете алатын жоғары білікті жұмыс кадрларына әлі ұзақ уақыт бойына мұқтаж болмақ.

Ең алдымен білікті кадрлар жетіспейді. Бұл жерде әңгіме дәрігерлер, мұғалімдер, инженерлер, менеджерлер жөнінде болып отыр.

Үлкен тапшылыққа ие болып отырған мамандықтар бұрын кәсіби-техникалық училищелер дайындаған мамандықтар болып табылады.

Еңбек ресурстарының орын алған тапшылығы шетелдік мамандарды шақыруға негіз болып отыр. Бірақ бұл қойылған мәселенің толық шешімі бола алмайды. Әлемдік тәжірибе еңбек ресурстарының тапшылығын шешу адам капиталын дамытумен және лайықты еңбекке қажетті жағдайлар жасаумен байланысты екендігін дәлелдейді.

Шетелден шақырылған азаматтардың басым үлесін аймақтардың ішінде Атырау облысы (республика бойынша олардың санының 29% астамы) мен Астана қаласы (25,8%), Алматы (21%), Алматы облысы (10,3%) алады.

Еңбек және тұрғындарды әлеуметтік қорғау министрлігінің деректері бойынша жұмыс жасаушы шетелдік азаматтардың ішінде жоғары және орташа кәсіби білімі барлар шамамен 23,5 пайыз. Бұл категория Атырау облысында (38,2%), Алматы қаласында (16,3%) басым. Білікті жұмысшылар 51,3 пайызды құрады. Олардың көбірек үлесі Алматы (29,9%) және Алматы (28,5%) қалаларына, Атырау облысына (25,5%) келеді. Барлық облыстардың ішінен шетелден жұмыскерлер тарту бойынша Атырау облысы алда келеді.

Бұл мұнай-газ саласына қажетті күрделі технологиялар мен жабдықтарды білетін мамандардың қажеттілігімен байланысты.

Бүгінде республикада 866 техникалық және мамандандырылған оқу орындары (324 мамандандырылған лицей, 542 колледж) қызмет атқарады.

Жалпы оқитындардың саны 610,4 мың адамды, оның ішінде мемлекеттік тапсырыс бойынша - 194,4 мың адам, техникалық және технологиялық мамандықтар бойынша - 352,1 мың адамды құрайды.  

Мамандандырылған лицейлер мен колледждерде дайындау 149 мамандық пен 217 біліктілік бойынша білікті мамандар дайындалады [2].

Жүргізілген талдау әлі де болса жұмыс күшіне сұраныстың мамандарды дайындау деңгейімен сәйкес келмейтіндігін көрсетті.

Батыс технологиясы бойынша тәжірибесі бар жұмысшы-құрылысшыларға, тау, тау-күрделі жұмыстарын орындайтын, металл өңдеу, машина өнеркәсібі үшін жоғары білікті жұмысшыларға қажеттілік байқалуда. Инженерлік-техникалық, экономика мен жоспарлау бойынша менеджерлерге, қаржы менеджерлеріне, компьютерлік технологиялар бойынша жұмыскерелерге сұраныс жоғары.

Осыған байланысты қазіргі орын алған жұмыс күшіне деген ұсыныс күтулі сұранысты қанағаттандыра алмайды десе де болады.

Кадрларды қайта дайындау бойынша дағдарыстан шығуға қатысты мәселелер қойылғанымен, елге қазіргі уақытта тартылып отырған шетелдік инвестицияларды тартудағы басым бағыттылық ретінде өңдеу өнеркәсібі алынғанымен, жаңа техника мен технологияларды енгізу, үкімет қабылдаған жобаларды жүзеге асыру, сонымен қатар дағдарыс өткеннен кейінгі жоспарланып отырған экономиканың жаңартылған құрылымы соған сәйкес келетін жаңа мамандықтар иелерін, жоғары біліктілікті мамандарды қажет етеді.

Елдегі кәсіпорындар әлі де негізінен мемлекеттік оқу орындарында дайындалған мамандарды пайдаланады. Ал коммерциялық негіздегі мамандық білім беру торабының басым бөлігі негізінен экономистер, бухгалтерлер, юристерді дайындаумен ғана белгілі деңгейде дамып келеді. Адам капиталына дер кезінде және жеткілікті деңгейде салынатын инвестициясыз жаңа құрылымды экономика қажетті салалары үшін кадрлардың жеткіліксіздігінен зардап шегуі мүмкін.

Сондай-ақ, жаңа техника мен технологияға негізделген экономикалық өсу білім мен ғылымның дамуымен тығыз байланысты екендігі мәлім. Ал біздің елдегі бұл салаға жұмсалатын қаржы жеткілікті деңгейде емес екендігі де белгілі.

Экономика мен аймақтардың ғылыми және педагогикалық кадрлар дайындауға деген қажеттілігі жоғары болып табылады және бүгінгі күні тек 29% ғана қанағаттандырылады. Әсіресе кадрлар тапшылықты мамандықтар бойынша (биотехнология, пайдалы қазбаларды алу, машина құрылысы, автоматизациялау және басқару, математика, физика және энергетика) жеткіліксіз.

Қазақстанның географиялық және демографиялық ерекшеліктері, оның ауқымының кеңдігі, тұрғындардың тығыздылығының төмендігі, ауылдық жерлердің урбанизацияланған орталықтардан қашықтығы – осының барлығы сапалы білім берудің инфрақұрылымы дамыған белгілі нүктелерде ғана шоғырлануына алып келуде. Мысалы, ауылдық жерлердің қашықта орналасуына байланысты білім мекемелері аз қамтылған және олардың кадрмен қамтамасыз етілуі әлі шешілмеген мәселе болып табылады. Осы жағдайдан шығудың бір жолы - қашықтықтан оқыту мен білім берудің басқа да инновациялық нысандарын ендіру. Бұл кадрлар тапшылығы, логистика және білім беру ұйымының оны басқару орталықтарымен байланысының әлсіздігі мәселесін шешуге мүмкіндік береді.

Қазақстан экономикасы техникалық және қызмет көрсету еңбегіне қатысты білікті мамандар санын ұлғайтуды қажет етеді. Бүгінгі күні 848 техникалық және кәсіптік ұйымдарда 605 мыңнан астам адам [3, 107 б.]. 158 мамандық пен 216 кәсіптік білім және орта білім алудан кейінгі оқу орындарында оқытылуда (ТиКО 318 кәсіптік лицейлер мен 530 колледж). Аталған ұйымдар жыл сайын 45 мың маман дайындайды. Соған қарамастан, еңбек нарығының осы мамандарға қажеттілігінің 30–40%-ы ғана қанағаттандырылады [4].

Техникалық, кәсіби және орта білімнен кейінгі оқу жүйесіндегі білім берудің сапасын көтеруге тежеу болып тұрған кедергі оқу-әдістемелік қамтамыз етудің төмен деңгейі, қазіргі талаптарға сай келетін оқу әдебиеттерінің, әсіресе, арнайы пәндерден мемлекеттік тілдегі оқулықтардың жекіліксіздігі, кәсіби білім беруді ғылыми-әдістемелік құралдармен қамтамасыз ететін мекемелердің болмауы, материалдық-техникалық базаның ескіруі, оқытудың жаңа технологиясының толық дегейде қолданылмауы.

Қазақстандағы еңбек ресурстарының сапасын едәуір арттырудың қажеттілігі төмендегідей екі басты фактордың орын алуымен байланысты:


  1. дамудың инновациялық жолына өтудің объективті міндеттілігі, инновациялық жоғары техноогиялық өнеркәсіпте өндіретін өнімдері бойынша нарықтық экономикасы дамыған басқа елдердің өндірушілерімен жетістікті бәсекеге түсуге қабілетті күшті секторды құру;

  2. еңбек өнімділігінің жеделдетілген өсуіне қол жеткізу стратегиясы.

Инновациялық экономикада адамның орны біршама өзгереді. Адам өндірісті дамыту мен оның тиімділігін арттырудың маңызды ресурсына айналады.

Білім жүйесіндегі және жоғары білікті мамандармен қамтамасыз етудегі маңызды буын жоғарғы оқу орындары болып табылады.

Осы мәселеге қатысты шешуін талап ететін мәселелердің бірі ретінде жоғары оқу орындарының қазіргі экономиканың өзгерістерін толық есепке алмайтындығын да айта кеткен жөн.

Осы мәселеге қатысты жоғары оқу орындары жіберген ойықтарды «Болашақ» бағдарламасымен оқуға барған біздің жастарға білім беретін батыс елдерінің білім беру жүйесі толықтыруда. Қазақстан жыл сайын «Болашақ» бағдарламасы бойынша 3 мыңға жуық адамды әлемнің ең беделді университеттеріне оқуға жіберуде. Шет елдерде арнайы бағдарламалармен оқитын студенттердің саны өсуде. 170 жоғары оқу орнында 760 мың студент немесе халықтың 5,08% оқиды.

Экономиканы мамандармен қазіргі қамтамасыз етушілік инженерлік-техникалық мамандықтар бойынша мамандардың жеткіліксіздігін, гуманитарлық бағыттағы мамандарының артықшылығын көрсетеді. Оның үстіне, оқу бітірушілердің едәуір бөлігі өз мамандықтары бойынша жұмыс істегісі келмеуі де бұл жағдайды қиындатады.

Жұмыспен қамтылғандардың құрылымында ғалымдар, инженерлер, менеджер кадрлары мен қазіргі білім иелері барған сайын көбірек орынды иеленуде.

Мұндай жағдайда тұрғындардың білімінің маңыздылығы артады.

Қазіргі кезде Қазақстанда да жоғары білім алуға ұмтылушылық бар.

Соңғы жылдары республикада инженерлік білім беру жоғары қарқынмен жүруде. Бұл аталған мамандыққа көпшілік ұмтылысының орын алғандығын көрсетеді. Мемлекет тарапынан техникалық мамандықтарға бөлінетін гранттардың жедел өскендігін байқауға болады.

Дегенмен, зерттеу барысына сәйкес, білім беру жүйесі мен еңбек нарығы арасында қажетті деңгейдегі сәйкестіліктің жоқтығын мойындаған жөн.

Еңбек және білімдік қызмет көрсету нарығының өзара әрекетін тиімді реттеуге тежеу болып тұрған басты кедергі ақпараттың тапшылығы, реттеудің ұйымдастырылған механизмінің болмауы және акторлардың корпоративтілігінің болмауы болып табылады.

Осы екі нарықтың өзара әрекетіне қатысушыларының әрқайсысының өз іс-әрекет стратегиясы бар. Өздерінің «нарықтық сегменті» шеңберінде бола тұра, басқа нарықтың субъектілеріне әсер ететін азаматтар мен әлеуметтік институттар ғана өзара әрекеттің қатысушылары бола алады.

Белсенді қатысушыларға кәсіби білім алушылар, өз біліктілігін арттырушылар немесе қайта дайындықтан өтіп жатқандар жатады. Бұларға стратегиялардың көптүрлілігі тән болғандықтан, олардың арасындағы баланстылыққа жету қиындайды. Өзара әрекет ету барлық қатысушылардың іс-әрекетінде жеке және корпоративті көзқарастардың орын алуымен де қиындайды.

Студенттердің құндылық-мақсаттық нысаналары, өмірлік жетістіктер жөніндегі көзқарастары әртүрлі. Жүргізілген талдау олардың отбасылық бақыт, кәсіптік жағынан өзін көрсете білуі, байлық, қызметі жағынан жоғарылау, еркіндікті алдыңғы қатарға қоятындығын көрсетті. Студенттердің көбісі, тұтас алғанда, қоғамға қызмет еткісі келмейді, олардың басым көпшілігі «өзіне» қызмет етуге бағыт алған. Жетістікке жету құралын таңдағанда жеке байланыстарын (таныстық арқылы) пайдалануды көздейді. Олар болашақтағы қызмет аясына жоғарылатылған талаптар қояды. Студенттердің бірқатары еңбек және білімдік қызмет көрсететін нарықтарда стратегияларын жүзеге асырудың институционалдық нысандарына сенімсіздікпен қарайды.

Сұрау жүргізілген 150 студенттің (қазақ топтарының) 40 пайызынан астамы ғана жетістікке жетуін алған білімімен байланыстырады, ал 50 пайыздан астамы жетістікке жетуін байланыс және ақшамен байланыстырады. Олардың осы мамандығын таңдауына не себеп болғандығы туралы сұрақ қойылғанда, 25 пайыздан жоғарысы ата-анасының, туған-туыстарының ықпалының, 55 пайызы өз қалауының негіз болғандығын, ал қалғандары көпшілік барып жатқандықтан және физика, химия, математика сияқты пәндерден өте алатындығына сенімсіз болғандықтан, гуманитарлық бағыттағы мамандықты таңдағандығын айтты. Бұл елде жемқорлықтың барлығын, жергілікті халықтың менталитетінің әсерінің күштілігін (туған-туыстардың ықпалының күштілігін) және мектеп деңгейінде жоғарыда айтылған пәндерді оқытудың сапасыздығын көрсетеді.

Қазіргі кезде Қазақстанның білім мекемелерінің стратегиясы олардың статусына байланысты іріктелінген. Оқу орындары диагностика жасаумен және оны дамытумен тұрақты түрде айналыспайды. Білім беру мекемелері оқу бітірушілерді жұмысқа орналастыру бойынша кешенді шаралар жүргізетіндігіне қарамастан, бұл үдеріс жүйелік сипатта емес және көбіне формалды түрде жүзеге асырылады.

Жұмыс берушілер еңбек нарығы мен білімдік қызмет көрсету нарығының өзара біріккен әрекетіне қатысуға құлқы жоқ, олар өздерін одан алшақ ұстайды және корпоративтілігі жоғары деңгейде. Салыстырмалы түрде алғанда, жұмыс берушілердің басым бөлігі мамандарды жұмысқа орналастыру мәселесін оқу орындарының, мемлекеттік құрылымдар мен түлектердің өздерінің шешкенін қалайды.

Қазақстан Республикасының әлемдік стандартқа сәйкес білім жүйесінде жүргізілген реформа нәтижесінде ақылы білім беру аясы ұлғайды. Білім алуға ақы төлейтіндердің басым көпшілігі жоғары білікті білім беретін мекемелер қызметіне ден қойғанда, еңбек нарығындағы ұсыныс көлемін есепке алмайды. Бұл үлкендердің санасында жоғары білім тұлғаның қоғамдағы тұрақты әлеуметтік жағдайын қамтамасыз етуі жөніндегі қалыптасып қалған пікірмен де байланысты. Ал қазіргі кезеңдегі еңбек нарығы құрылымының тұрақты және өзгермелі детерминанттармен, яғни тұрақты сұранысы бар және сұраныстың өзгеруімен байланысты пайда болатын мамандықтармен анықталатындығын естен шығармаған жөн. Тұрақты детерминанттар өмірлік қажеті бар маңызды эконмикалық салаларды дамуымен анықталатындықтан, ал өзгермелі детерминанттар сұраныстың өзгеруімен байланысты болғандықтан олардың еңбек нарығына әсерін, қызмет ету механизміндегі ерекшеліктерді қарастырудың ерекше маңызы бар. Тұрақты және өзгермелі детерминанттардың өз ерекшеліктері болғандықтан, олардың еңбек нарығына әсері де басқаша болады.

Еңбек нарығы тұрақты детерминанттар бойынша жай өзгереді.

Өзгермелі детерминанттар негізінен қызметтер әртүрлеріне деген сұраныстың өзгеруімен байланысты жаңа қажеттіліктердің пайда болуымен қатысты. Олардың қызмет ету механизмі де өзгеше болады: алдымен кейбір мамандық өкілдеріне деген жоғары қажеттілік сұранысты туғызады. Бұл ұсыныстың жылдам өсуіне алып келеді. Ал еңбек нарығы барлық уақытта сұранысқа кешігіп жауап беретіндіктен, ұсыныс пайда болған сұранысты қанағаттандырады, бірақ нарықтың толығуымен байланысты сұраныс күрт түседі, ал ұсыныс қызу үстінде бұрынғыша өсе береді де еңбекнарығының белгілі секторын толығу шегінен асырып жібереді. Сөйтіп, бұл тепе-теңдік тез бұзылады. Бұл детерминанттардың еңбек нарығына әсері зор және олар еңбек нарығының маңызды құрамы болып табылады. Өзгермелі детерминанттардың әсерінің нәтижесінде үлкен тапсырыс пакеттері құрылады, жұмыс берушілердің, әлеуетті жұмыскерлердің, кадрлар дайындайтын ұйымдардың жинақылығы мен бағыттылығының өзгеру деңгейіне жаңа талаптар қойылады. Сондықтан еңбек нарығының да басқа салалардан бөлініп қызмет атқармайтындығын және оның білім беру мекемелеріне өз әсерін тигізетіндігін естен шығармау керек. Егер олар өздерінің ұйымдық, жетекші және басқару ресурстарын ең қысқа уақыт мерзмі ішінде жинақтап үлгірмесе, қайта құрыла алатындай болмаса, онда енжар қозғалу нәтижесінде бәсекеге қабілетсіз болуы салдарынан білім беру қызметі нарығынан ығыстырылып шығарылады.

Сонымен, жоғарыда көрсетілгендей, тұрақты және өзгермелі детерминанттардың ерекшеліктерін қарастыра келе:

1) тұрақты сұранысы бар мамандықтар бойынша еңбек нарығындағы өзгерісті күні бұрын білуге болатындықтан, жұмыс берушілердің, кадрлар дайындайтын қызметкерлер мен ұйымдардың жинақылығы мен мамандар дайындау бағытына қатты талап қоймайтындығын;

2) сұранысы өзгермелі мамандықтардың әсерінен жеткілікті деңгейде үлкен сұранымдар пакеттер қалыптасады да жұмыс берушілердің, кадрдар дайындайтын қызметкерлер мен ұйымдардың жинақылығы мен бағытын жылдам өзгертуіне қатты талап қоятындығын көруге болады.

Ендеше, еңбек нарығы басқа салалармен қатар білім беру мекемелеріне де тікелей әсерін тигізеді. Сондықтан еңбек нарығы мен білім беру жүйесінің қызметін үйлестіру қажет.

Сонымен, қазіргі уақытта төмендегідей жағдай орын алған:

- білімі жоғары мамандарға деген сұраныстың жоғарылауы;

- жоғары маманды жұмысшыларға сұраныс пен ұсыныс арасындағы сәйкессіздіктің орын алуы;

- жоғары білікті жұмысшылардың қартаюы және кадрлық құрамының қысқаруы;

- біліктілік-мамандық құрылым сұранысы мен ұсынысының сәйкессіздігі;


  • еңбек және білімдік қызмет көрсету нарығының өзара әрекетін тиімді реттеуге тежеу болып тұрған басты кедергі ақпараттың тапшылығы;

  • реттеудің ұйымдастырылған механизмінің болмауы және акторлардың корпоративтілігінің болмауы;

- техникалық, кәсіби және орта білімнен кейінгі оқу жүйесіндегі білім берудің сапасын көтеруге тежеу болып тұрған кедергі оқу-әдістемелік қамтамыз етудің төмен деңгейі, қазіргі талаптарға сай келетін оқу әдебиеттерінің, әсіресе, арнайы пәндерден мемлекеттік тілдегі оқулықтардың жекіліксіздігі, кәсіби білім беруді ғылыми-әдістемелік құралдармен қамтамасыз ететін мекемелердің болмауы, материалдық-техникалық базаның ескіруі, оқытудың жаңа технологиясының толық деңгейде қолданылмауы;

- техникалық, кәсіби және орта білімнен кейінгі оқу жүйесіндегі білім берудің сапасын көтеруге тежеу болып тұрған басты факторлары: қаржыландыру көлемінің жеткіліксіздігі мен осы мамандадарды дайындауға мемлекеттік тапсырысты жоспарлау механизмінің жетілмегендігі болып табылады.

Қазақстан ұлттық нарығының қалыптасуы мен дамуын зерттеудің нәтижесі қазіргі Қазақстан Республикасының еңбек нарығына тән өзіндік ерекшеліктері мен шешуді қажет ететін өзекті мәселелерін анықтауға мүмкіндік берді. Қазіргі еңбек нарығындағы ерекшеліктер:

- жастар арасындағы жұмыссыздықтың басымдығы;

- ауылдық тұрғындардың жұмыссыздығы;

- еңбекке қабілетті тұрғындарға түсетін жүктеменің салмақтылығы ж.б.

- жұмыс күшінің сұраныстан артықтығы;

- төмен бәсекелік қабілеттіліктің орын алуы;

- жұмыспен қамтылудың толық еместігі;

- жұмыссыздықтың орын алуымен қатар бірқатар мамандардың жетіспеуі салдарынан бос орындардың сақталуы.

- 35-тен асқан әйел адамдар, жастар мен зейнеткер жасындағы адамдарды жұмыспен қамту мәселесінің орын алуы;

- білім беру қызметі нарығының мамандандырылған жұмыс күшіне сұраныс өзгерісіне жылдам сезімталдық көрсетуге дайын еместігі;

- жұмыспен қамтылудың тиімсіздігі;

- тұрғындардың еңбектік жинақылығының төмендігі [5, 103 б.].



  • жасырын жұмыссыздықтың ауқымын бағалау әдістемесінің көрсеткіштері тек ресми жұмыссыздар бойынша алынатын болғандықтан, оның нақты көлемін анықтаудың мүмкін еместігі;

  • қоғамдық жұмыстар мен оқыту, қайта дайындау, жастар тәжірибесі одан өткендерге одан әрі қарай жұмысқа орналасып кетуіне кепіл болмайтындығы (қысқарту орын алған жағдайда, солардың бірінші кезекте қысқартуға ұшырауының ықтималдығы);

  • жұмысқа қабылдау бойынша жыныс және жас мөлшері бойынша кемсітушіліктің орын алуының жалғасуы;

  • оқыту мен қоғамдық жұмысқа тарту бойынша жүргізіліп отырған шаралар жұмыссыздардың одан әрі қарай жұмысқа орналасуына кепілдік бермейтіндігі;

  • мүгедектерді жұмыспен қамтамасыз ету жатады.

Олай болса, шешуді қажет ететін өзекті мәселелер қатарына төмендегілерді жатқызуға болады:

- білімдік қызмет көрсету нарығындағы қазіргі талаптарға cәйкес сұранысты еңбек нарығы ғана қалыптастыра алады. Сондықтан білім беру жүйесінде жүзеге асқан реформаның нәтижелілігін еңбек нарығының қажеттіліктеріне сәйкестілігімен өлшеудің қажеттілігі;



  • еңбек нарығында ұсынылатын жұмыс күшінің сапасын, жұмыскерлердің біліктілігін арттыру негізінде олардың бәсекеге қабілеттілігін күшейту;

  • елге жоғары білікті мамандардың келуін ынталандырумен қатар, елден білікті мамандардың кетіп қалмауын болдырмау үшін, оларға оңтайлы жағдайлар жасау және оның орындалуын бақылау;

  • білім беру нарығы мен еңбек нарығы арасындағы өзара іс-әрекетті сәйкестендіру;

  • қабылданған негізгі жобалар мен бағдарламаларға сәйкес жаңадан жасалынатын жұмыс орындары мен жетілген технологияларды игере алатындай жоғары білікті мамандарды дайындау;

  • ғылым сыйымдылықты салаларға қажетті маман дайындауға көңіл бөлу;

- үздіксіз оқыту жүйесін қалыптастыру.

Осы айтылғандармен қатар назардан тыс қалдыруға болмайтын тағы да бірқатар мәселелер бар:



  1. Білімдік қызмет көрсету нарығындағы қазіргі талаптарға cәйкес сұранысты еңбек нарығы ғана қалыптастыра алады. Сондықтан білім беру жүйесінде жүзеге асқан реформаның нәтижелілігін еңбек нарығының қажеттіліктеріне сәйкестілігімен өлшеу қажет.

  2. Дамыған Батыс елдеріндегі орта тап деп аталатын топтың негізін өз еңбегімен өмір сүретін және үздіксіз қайта оқып, біліктілігін арттыра алуға қабілетті жоғары білікті мамандар құрайды. Осындай деңгейге жету үшін, біздің көзқарасымыз бойынша, ұлттық экономиканың өзіне тән ерекшеліктерін есепке алатындай, жұмыскерге нарық сұранысына сәйкес қайта оқу мен өз білімін жоғарылатуына мүмкіндік беретіндей үздіксіз оқыту немесе білім беру жүйесін қалыптастыру керек.

3. Техникалық прогресс, әсіресе ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың, және өз кезегінде оның жұмыспен қамтылуға әсері - жаһанданған өндіріс жүйесінің тарауының ең маңызды факторы.

Технологиялық даму елдің экономикасының тиімді қызмет атқаруы үшін қажет. Технология және жұмыспен қамтылудың кейбір шешуі қиын мәселелеріне қарамастан, жаңа технология жаңа нарықтар мен инвестициялар үшін жаңа мүмкіндіктер ашып, анағұрлым жоғары экономикалық өсу мен жұмыспен қамтылуға алып келе алады.

Жаңа техника мен технологияларды игеру үшін жұмысшылардың дайындығы жеткілікті деңгейде болуы керек. Өнеркәсіптегі салыстырмалы түрде алғанда, мамандық деңгейінің төмендігі жаппай жаңа техника мен технологияларды енгізуге өтуді қиындатады.

Қазір экономикалық өсудің жаңа инновациялық тұрпаты қалыптасып келе жатыр. Оның басты сипаттамасының бірі қазіргі бар өндіріс құрал-жабдықтарын күрделендіру және жетілдіруден гөрі адам факторы рөлі мен маңыздылығын, оның жаңалықтылығы мен жаңа енгілізімдерді пайдалануға бағытталған «ойлап тапқыштық» қасиетін арттыру болып табылады.

Сондықтан ғылыми зерттеулер мен жасалымдарды жеткілікті деңгейде инвестициямен қамтамасыз ету кадрларды дайындаумен қатар тұрады.
Пайдаланылған әдебиеттер


  1. Глазьев С. Основа обеспечения экономической безопасности страны //Русский предприниматель. -2002, январь. -С. 34.

  2. Сұңғат Әліпбай. Жұмыссыздық негізі неде? //Егемен Қазақстан. -2009, наурыз-6.

  3. Куантаева К. Развитие обрзования Республики Казахстан на современном этапе // Материалы Международной научной конференции, посвященной 75-летию академика НАН РК Кошанова Аманжола Кошановича. –Алматы: КазНПУ им. Абая, 2009. –848 с.

  4. Долгосрочная Программа развития образования до 2020 года. –Астана, 2010.

  5. Шулембаева Р. Статус, деньги и рынок труда // Казахстанская правда. -2008. - № 290.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет