«Экономиканы мемлекеттік реттеу» пәні бойынша дәріс кешені


  Қалыптасқан экономика  құрылымын реформалау



бет22/44
Дата02.01.2022
өлшемі406 Kb.
#452315
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   44
2.  Қалыптасқан экономика  құрылымын реформалау

      Экономика құрылымы деп енбекті жалпы бөлуді сипаттайтын, сондай-ақ, өнімдердің айналымын сипаттайтын, олардың өзара байланысы, өндірістік ресурстары және ұдайы өндіріс үдерісін көрсететін, оның түрлі салаларының қатынастары түсініледі.

      Экономика құрылымы – ЖІӨ -дегі (ВВП) (салалық  тәсіл) кейбір салаларының үлесі.

      Егер  нарық экономикасының әр түрлі кесіндісін қарасақ, онда аумақтық, атқарымдық, әлеуметтік құрылымын бөліп көрсетуге болады.

      Атқарымдық құрылым әр түрлі қажеттіліктегі ЖІӨ - ді   (жеке тұтыну, мемлекеттік тұтыну), өндіріс факторының кесіндісінде бөлуді сипаттайды.

      Әлеуметтік құрылым әлеуметтік секторға - жеке, корпоративтк, мемлекеттік, үй шаруашылығы секторына бөлшектеуді  көрсетеді.

      Салалық құрылым үш денгейден тұрады - макроэкономикалық, салааралық және өндірістік.

      Қазақстан экономикасы белгілі болғандай, бұрынғы КСРО шаруашылық байланыстарының нақтылы сипаттарымен және бай табиғи ресурстарының болуы есебінен, шикізаттық бағыт басымдық жағдайда дамыды. Кешегі күнге дейін мұндай саясат дамудың ілгерілеу сипатын қамтамасыз етті. Алайда, өсу көрсеткіші кандай да болмасын айтарлықтай болғанымен, тек шикізаттық факторды пайдалана отырып, республика экономикада тұрақты онды нәтижелерге жете алмайды.

      Қалыптасқан құрылымды жете түсіну үшін, оны  пирамида нысанында көрсету қажет (сурет). Оның негізін республикадағы барлық өндірістің 50 пайыз үлесіне келетін, базалық, кен өндіруші сала құрайды.

       


    Экономиканың қалыптасқан құрылымы

                               Ғылымды қажет ететін салалар

 

Машина жасау, ХТТ өндірісі

 

 

Мұнай-химия өнеркәсібі

 

                         Табиғи

шикізатты бастапқы  өңдеу

салалары          

             Кен өндіруші

салалар, ауыл және орман

шаруашылығы.       

 

      Әрі қарай табиғи шикізатты, құрылыс  және басқа да материал дарды (25 пайызға жуық) бастапқы қайта өндеу енеді. Ақыр соңында жаппай өнім өндіретін машина құрылысы салалары (5 пайызға төңірегінде). Ең биікке жақын болған сайын, елдің экономикасында үлесі өте аз, көбірек технологиялық тұйықталған және ғылымды қажетсінетін өндіріс көп болады.

      Мұндай  жағдай неге қалыптасқанын түсіну үшін, жоспарлы шаруашылықтан мұра болып  қалған экономика құрылымын қарастырған  жөн.

Оның  алты сипаттамасын белгілейміз:

1. Өндірістік  құрылымның «қиғаштығы» өндіріс  құралдары өндірісінің пайдасына.

2.  Көптеген салалардың техникалық және технологиялық мешеулігі.

3. Өндірістік  қорлардың тозуының жоғарылығы.

4. Ғаламдық  балансталмау.

5. ӘӨК  –ге (ВПК) жұмсалатын (кем емес  елдің экономикалық әлеуетінің  жыл сайын 2/3-нен) үлкен шығындар. Оны ұстауға жыл сайын ҰТ-тың 18-20 пайызы жұмсалды, нәтижесінде көліктік, энергетикалық, акпараттық, коммуналдық және әлеуметтік құрылымдардың жағдайы кері кетті.

6. АӨК  (АПК) құрылымының терең деформациялануы (бүгінде оның көптеген салалары дағдарысқа ұшыраған).

      Одан  басқа, объективті факторлардың ықпалы субъективті факторлардың әрекетімен күшейді (басқарудың барлық деңгейінде кәсіптік шеберліктің және құзыреттіліктің төмендігінен), нәтижесінде жаңартпашылдыққа, бәсекелестік күреске және тұты-нушылық сұранысты қанағаттандыруға қабілетсіз, шектен тыс ауыртпашылықты құрылым қалыптасты.

      Экономиканың  қалыптасқан құрылымы көп жағдайда, қаржылық ресурстардың, бағытталуына «міндетті». Мысалы, 2002 жылғы 9 айдың  ішінде республиканың экономикасына  шетел инвестициясының ағымы 3,5 млрд долларды құрады. Сонымен бірге, шетел инвесторларының үлесіне 31,4 пайыз, отандық - 60,3   пайыздан  келді.  Инвестициялар  негізінен  кен  өндірушісалаларға (1,7 млрд долл), жылжымайтын мүлік операцияларына (0,5 млрд долл), көлік және байланыс (0,4 млрд до  лл) және өңдеуші салаға (90,3 млрд долл) бағытталды.

      Мұның барлығы - елдегі салалық және аймақтық құрылымдарды өзгерту мен қалыптастыру бойынша үйлесімділікке ықпал етуде, салалық өнімнің әр түрлі өндіру арасындағы қатынастарға ықпал етудегі  мемлекет іс-әрекетінде құрылымдық-инвестициялық қайта құру қажеттілігі туындатты.

      Сонымен бірге, экономиканың құрылымын, оның бәсекелестік қабілетін дамытуға және қазіргі  заманғы технологияны қажетсінетін өндірісті жетілдіру бойынша  міндеттер тұрды.

Әртараптандыру  ғылымды қажетсінетін, жоғары технолоғиялық және бәсекелестікке қабілетті өнімдердің пайдасына, қызмет үлестерін көтеруге және соңында құны болатын, тауар өндіруге, ЖІӨ құрылымының өзгерістеріне бағытталуы тиісті.

      Индустриалдық саясатты әзірлегенде негізгі назар  шикізат ресурстарын қайта өндеуге байланысты салаларды дамытуға, яғни мұнай-химиядағы, металлургиядағы, машина құрылысындағы; тұтыну тауарларын және құрылыс материалдарын өндірудегі төртінші  және бесінші технологиялық қайта жасауды құруға аударылатын болады.

      Сонымен бірге экспорт және импорт орнын  толтыратын, шикізаттық емес бағыттарды құру басты мақсат болып табылады. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   44




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет