«Экономиканы мемлекеттік реттеу» пәні бойынша дәріс кешені



бет1/44
Дата02.01.2022
өлшемі406 Kb.
#452315
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44

 

«Экономиканы мемлекеттік реттеу» пәні бойынша дәріс кешені


 

 

Дәріс 1. Экономиканы мемлекеттік реттеудің теориялық астары.



  1. Экономиканы мемлекеттік реттеу қажеттілігі.

  2. Экономиканы мемлекеттік реттеу объектілері.

  3. Экономиканы мемлекеттік реттеу мақсаттары, принциптері және тиімділігі.

  1. Экономиканы мемлекеттік реттеу қажеттілігі.

   Қоғам өмірінің әлеуметтік-экономикалық дамуында мемлекет, яғни оның атқарушы, заң және тағы басқа органдарының атқаратын рольдері ерекше. Қазіргі кездегі мемлекеттің экономикалық ролі, бұл көптеген ғасырлар өмірінің тәжірибе нәтижесі. Қоғам өмірінің даму жолында мемлекеттің экономикаға ықпал жасау тәсілдері, құралдары әр уақытта өзгеріп, жетілдіріліп, толықтырылып отырады.

    Қазіргі кезде қоғам өмірінің  дамуында экономикалық іс-қимылдар  аясының кеңеюі, ішкі және халықаралық  шаруашылық байланыстарының күрделене  түсуі мемлекеттің экономиканы реттеу ролін күшейте түсуде.

   Қазақ ғалымдары Мамыров Н.К., Ихданов Ж. анықтамалары бойынша,  мемлекеттік ретеу дегеніміз,  бұл макроэкономикалық тұрақтылықты  және тиімді тепе-теңдікті қамтамасыз  ету мақсаты үшін мемлекеттің  әлеуметтік-экономикалық процестерге әкімшілік, экономикалық, ұйымдастыру-құқықтық араласу түрі.

   Ресей ғалымы Ходов Л.Г. нарықтық  экономика жағдайында экономиканв  мемлекеттік реттеу деген қазіргі  әлеуметтік-экономикалық жүйені  өзгермелі жағдайға бейімдеу  және тұрақты дамыту мақсатында өкілетті мемлекеттік мекемелер, қоғамдық ұйымдар іске асыратын тексеру, атқару және заңдылық сипатындағы шаралар жүйесі.

   Ғалымдар көзқарасынан төмендегідей  қорытындылар жасауға болады:


  1. Экономиканы мемлекеттік реттеу – бұл белгілі бір процестерді, экономикалық құбылыстарды қолдау немесе олардың іске асырылуын қамтамасыз ету мақсатындағы экономикалық жүйеге мемлекеттің ықпал жасауы.

  2. Мемлекет ықпалының мақсаты әлеуметтік – экономикалық жүйені өзгермелі жағдай талабына бейімдеу, макроэкономикалық тұрақтылықты және тиімді тепе-теңдікті қамтамасыз ету.

  3. мемлекеттік ықпал әкімшілік, ұйымдық, құқықтық түрдегі тексеру, іске асыру және заңдылық сипатта болатын шаралар жүйелерінен тұрады.

  4. Мемлекеттік ықпал өкілеттігі бар мемлекеттік мекемелер, қоғамдық ұйымдар арқылы іске асырылады.

  



  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет