Экономиканы мемлекеттік реттеудің мəні, қажеттілігі жəне факторлары Мемлекет дегеніміз



бет1/2
Дата30.09.2022
өлшемі22.86 Kb.
#461701
түріНұсқаулар
  1   2
Экономиканы мемлекеттік реттеудің негізгі міндеттері


Экономиканы мемлекеттік реттеудің мəні, қажеттілігі жəне факторлары
Мемлекет дегеніміз – қоғамның саяси ұйымдастырылған түрі болып табылады. Оның негізгі міндеті – қалыптастырылған қоғамдық құрылымдарды қорғау жəне тəртіп сақтауды, адамдардың мінез-құлқына жəне қоғамға билік жүргізу арқылы жəне түрлі билік нұсқауларын қолдану арқылы реттеу болып табылады.
Мемлекеттің негізгі белгілері: аумағы, ондағы бекітілген заң құқық-тары, бекітілген санкциялар нормаларының жүйесі жəне осы функцияларды жүзеге асыратын амалдары мен əдістері. Мемлекет құрылған күннен бастап, өзінің институт ретіндегі міндеті сəйкес жалпы халықтың еркі мен мүддесін қорғауға тиісті. Мемлекеттік реттеу жүргізгенде экономикалық шешімдердің құқықтық негіздерін қамтамасыздандыру, шаруашылық жүргізу жағдайлары мен тұрақтылықты қамтамасыздандыру, экономиканың секторларын дамыту, нарықтық инфрақұрылымдарды дамыту, ұдайы өндіріс пен ақша айналымының негізгі параметрлеріне бақылау жүргізуі жəне қоғамдағы əрбір адамның мемлекеттің дамуына үлес қосушы, мəдениетті тұлға ретінде қарастырылуы қажет.
Экономиканы мемлекеттік реттеу, мемлекеттің экономикалық саясаты немесе мемлекеттің экономикаға араласуы деген терминдер мына мағынаны білдіреді: қоғамның дамуындағы əлеуметтік-экономикалық үдерістерді қолдаумен, экономикалық өсуді қамтамасыздандыратын жəне халықтың игілігін қамтамасыздандыратын əлеуметтік-экономикалық процестерді реттеумен, түзетумен жəне қолдаумен байланысты іс-шаралардың жиынтығы.
Нарықтық экономика жағдайындағы экономиканы мемлекеттік реттеу (ЭМР) – қазіргі кезеңдегі əлеуметтік-экономикалық жүйенің өзгерістерге бейімделуін қамтамасыз ету жəне оның тұрақтылығын сақтау мақсатында мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық ұйымдардың жүзеге асыратын заң шығарушы, атқарушы жəне бақылау шараларының жүйесі.
Экономиканы мемлекеттік реттеудің мынандай анықтамаларын келтіруге болады:
1) Экономиканы мемлекеттік реттеу дегеніміз – нарықтық тетіктердің қызмет етуі үшін экологиялық жəне əлеуметтік мəселелерді шешу үшін қалыпты жағдайларды қамтамасыз ету мақсатындағы мемлекеттің шаруашылық субъектілері мен нарық конъюнктурасына мақсатты бағдарланған əсері;
2) Экономиканы мемлекеттік реттеу — экономикалық құбылыстар мен олардың байланыстарын қолдауды немесе өзгертуді қамтамасыз ететін мақсатты бағдарланған үдеріс.
Қорытындылай айтқанда, экономиканы мемлекеттік реттеу — ұлттық экономиканың тиімді қызмет етуіне бағдарланған, ұлттық экономиканы тұрақтандыру, елдің əлеуметтік дамуын қолдау, ұлттық экономиканы дамытудағы стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу, қоғам мүшелерінің мүдделерін біріктіру мақсатындағы мемлекеттік құрылымдармен жəне қоғамдық ұйымдармен жүзеге асырылатын заңдық, орындаушылық жəне бақылау сипатындағы іс-шаралар жүйесі.
Экономиканы мемлекеттік реттеу саласы- экономикалық қарым- қатынастарды реттеу кезіндегі билік органдары жүргізетін мақсатты қағидалардың немесе іс-шаралардың жиынтығы. Бұған мыналар жатады:
1. Ел экономикасының өсуі жəне экономикалық дамуын қамтамасыз ету;
2. Тиімді жұмыспен қамту;
3. Ел экономикасын экономикалық тиімділікке қол жеткізуге бағдарлау;
4. Бағаның тұрақты деңгейін қамтамасыз ету;
5. Экономикалық еркіндікті қамтамасыз ету;
6. Табысты əділ бөлуді қамтамасыз ету;
7. Елдің сыртқы сауда балансын теңестіру.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет