Экранымен қоса видеопроекторды
бір көзден мемлекеттік сатып алу нәтижелері туралы Хаттама
Астана қ, Жеңіс д, 11 үй 2 тамыз 2011 жыл
1. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы: Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 11 үйде орналасқан Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитетінің Әкімшілік басқармасы, экранымен қоса видеопроекторды бір көзден мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырды.
2. Сатып алуға бөлінген сомма 250 000 (екі жүз елу мың) тенге.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитетін (әрі қарай - Комитет) матариалды – техникалық жабдықтау мақсатында, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» (әрі қарай - Заң) Заңының 32 бабының 4) тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылдың 27 желтоқсандағы №1301 Қаулысымен бекітілген, Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру Ережесінің 142 бабына және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитетінің Төрайымы м.а. 2011 жылдың 26 шілдесіндегі № 103 «Тауарларды бір көзден мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу туралы» бұйрығына сәйкес, экранымен қоса видеопроекторды бір көзден сатып алу жүзеге асырылды.
4. «АЛСИ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (әрі қарай – «АЛСИ» ЖШС) Заңның 8 бабына келесі құжаттар негізінде сәйкес келеді:
1) 2011 жылдың 1 тамызындағы № 06728-11 «АЛСИ» ЖШС конкурсқа қатысу туралы хаты;
2) А.С.Құсаиноваға «АЛСИ» ЖШС – нің қызығушылығын ұсыну туралы сенімхаты;
3) нотариалды расталған Кипритиди Е.В. өкілдігі туралы «АЛСИ» ЖШС сенімхаты;
4) баға негіздемесі;
5) жеткізілетін тауарлар тізімі;
6) Қазақстандағы «Делл Имерджинг Маркетс (ЕМЕА) Лимитед» компаниясы өкілдігінің авторизациялық хаты;
7) Қазақстандағы «Делл Имерджинг Маркетс (ЕМЕА) Лимитед» компаниясы өкілдігінің Қазақстан Республикасындағы қызмет көрсету орталықтары туралы ақпараттық хаты;
8) нотариалды расталған заңды тұлғаның мемлекеттік қайта тіркеу Куәлігінің көшірмесі;
9) нотариалды расталған статистикалық картаның көшірмесі;
10) нотариалды расталған Қазақстан Республикасы салықтөлеушісі куәлігінің көшірмесі;
11) нотариалды расталған қосымша құн салығы бойынша тіркеу туралы куәлігінің көшірмесі;
12) нотариалды расталған «АЛСИ» ЖШС Жарғысының мемлекеттік және орыс тілдеріндегі көшірмесі;
13) нотариалды расталған «АЛСИ» ЖШС жарғылық шартының көшірмесі;
14) нотариалды расталған «АЛСИ» ЖШС қатысушыларының кезексіз жалпы жиналысының хаттамасының көшірмесі;
15) нотариалды расталған мекеме және Т.М. Баймагамбетовқа лауазымға ену туралы бұйрықтардың көшірмесі;
16) 2011 жылдың 1 қаңтарына бухгалтерлік баланстың түпнұсқасы;
17) салық органының мөрі мен басқарма бастығының қолымен расталған 2011 жылдың 20 шілдесіне міндетті зейнетақы аударымдары мен әлеуметтік төлемдер бойынша, салық төлеушінің салық бойынша салық қарыздары жоқтығы туралы анықтамасының түпнұсқасы;
18) «АТФ Банк» АҚ (Алматы қ. филиалы) 2011 жылдың 20 шілдесіне берілген, банк алдында қарызы жоқтығын растайтын анықтамасының түпнұсқасы;
19) «АТФ Банк» АҚ (Атырау қ. филиалы) 2011 жылдың 21 шілдесіне берілген, банк алдында қарызы жоқтығын растайтын анықтамасының түпнұсқасы;
20) «СберБанк» АҚ ЕБ (Алматы қ. филиалы) 2011 жылдың 20 шілдесіне берілген, банк алдында қарызы жоқтығын растайтын анықтамасының түпнұсқасы;
21) «БанкЦентрКредит» АҚ 2011 жылдың 20 шілдесіне берілген, банк алдында қарызы жоқтығын растайтын анықтама;
22) Материалды-техникалық, қаржылық және еңбек ресурстарын, сонымен қатар, тәжірибе, бедел және кәсіптік білімді дәлелдеме;
23) нарықтағы жұмыс тәжірибесі;
24) нотариалды расталған сапа менеджменті жүйесіне сәйкестік сертификатының көшірмесі;
25) біліктілік туралы мәлімет;
26) мамандардың дипломдарының 9 парақтағы көшірмесі;
27) мердігер туралы мәлімет;
28) тауарды жеткізу кестесі (әдісі);
29) экранымен қоса видеопроекторға техникалық сипаттама, техникалық сипаттамаға сәйкестік кестесі;
30) пікір мен ұсыным хаттарының көшірмесі 19 парақта;
5. «АЛСИ» ЖШС (050051, Алматы қаласы, Достық даңғылы, 91/1 үй), Шарт соммасы 250 000 (екі жүз елу мың) теңге.
6. Сарапшылар тартылмады.
7. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, осы бір көзден мемлекеттік сатып алудың нәтижесі негізінде, ШЕШТІ:
1) экранымен қоса видеопроекторды «АЛСИ» ЖШС (050051, Алматы қаласы, Достық даңғылы, 91/1 үй) сатып алуға;
2) Тапсырыс беруші Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитеті 2011 жылдың 10 тамызына дейін «АЛСИ» ЖШС –мен Мемлекеттік сатып алу туралы Шарт жасауы тиіс.
3) Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушысы Комитеттің Әкімшілік басқармасы осы Хаттаманың мәтінін Тапсырыс берушінің веб-сайтына жіберсін.
Мемлекеттік сатып алуды
Ұйымдастырушының уәкілетті
Тұлғасы ___________Х.Т. Досжанова
Тапсырыс беруші:
Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен
жұмыс комитеті Төрайымы м.а. ____________М.Б.Әділханов
Достарыңызбен бөлісу: |