Элективті пәндер каталогы



бет2/13
Дата03.07.2016
өлшемі490.5 Kb.
#173960
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Шет мемлекет қаржылары


Кредит көлемі - 3 (2+1+0), ECTS – 5 кредит

Пререквизит – 65 кредит

Постреквизит – жоқ

Оқытудың мақсаты: Жекелеген дамыған елдердің қаржы жүйесінің қызмет ету теориясын және нақты экономикалық жағдайларда қаржылық құралдарды қолдану ерекшеліктерін оқыту. Отандық экономикаға мемлекеттік қаржыларды ұйымдастырудың шетелдік тәжірибесін қолдануды зерттеу.

Қысқаша мазмұны: Қаржылық жүйе және оның құрылымы. Шет мемлекеттердің қаржыларын басқару. Федеративті және унитарлы мемлекеттердің бюджеттік құрылымының ерекшеліктері. Мемлекеттік қарыз проблемалары. Мемлекеттік қаржылардың шетелдік конценциялары. Дамыған елдердің (АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Франция, Жапония) қаржылық жүйесінің сипаттамасы.


Күтілетін нәтижелер:

Білімі: Нарық жағдайында шет мемлекеттердің қаржылық қатынастарының теориясын, әлемнің дамыған елдеріндегі мемлекеттік қаржыларды ұйымдастыру ерекшеліктерін біледі.

Икемділік:Қаржылық жүйені және шет мемлекеттер қаржыларын басқару жүйесін бағалауға епті.

Дағды: Шет мемлекеттер қаржылары облысында білімін практикалық тұрғыдан қолдануға қабілетті.

Құзіреттілігі:Отандық практикада мемлекеттік қаржыларды ұйымдастыруда шетелдік тәжірибені қолдану және салыстыру облысындағы базалық білімді көрсетеді.

Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы Акишева Д.М.

8

STU 0208

Салықтар теориясы және оны ұйымдастыру


Кредит көлемі - 3 (2+1+0), ECTS – 5 кредит

Пререквизит – 65 кредит

Постреквизит – жоқ

Оқытудың мақсаты: Салықтардың теориялық негіздері бойынша білімді кешенді ұсыну. Сонымен қатар салық салу жүйесінің құрылуының теориялық аспектілері, салықтардың экономикалық мазмұнын ашу, салықтар функциялары мен принціптерін, салықтардың, Қазақстан Республикасы салық жүйесінің қалыптасу және даму тарихын, елдегі салық реформасының негізгі концепцияларын оқыту.

Қысқаша мазмұны: Салықтардың қызмет етуі мен дамуының, Қазақстан Республикасы салық жүйесінің қалыптасу және даму этаптарының экономикалық мазмұны мен теориялық аспектілерін анықтау. Бюджеттік жүйе деңгейлері арасында салықтар мен алымдарды бөлу. Салық салу принціптері, олардың сипаттамасы және салық салу жүйесін құрудағы ролі. Экономиканы мемлекеттік реттеу жүйесіндегі салықтық саясат. Мемлекеттің салық қызметінің формалары және негізгі бағыттары. Салықтық өндірістің экономиканың даму ерекшеліктерімен байланысы. Салық қызметінің дамуы және құқықтық аспектілері.

Күтілетін нәтижелер:

Білімі: Салық салу теориясының негіздерін, Қазақстан Республикасы салық жүйесінің даму этаптарын, салықтық саясаты және салықтық механизм ерекшеліктерін, салық салудың құқықтық негіздерін, салық элементтерін анықтауды біледі.

Икемділік: Салықтық қызметті іске асыруда және қаржылық жүйеде салықтар позициясын өзгертуге міндеттер қоя алады.

Дағды: Салықтық механизмді ұйымдастыру облысында және салықтық менеджментті іске асыруға дағдылы.

Құзіреттілігі: Салық жүйесі облысындағы базалық білімді және салықтық менеджмент сапасын арттыруды көрсетеді.


Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы Акишева Д.М.

9

BKN 0209

Бағалы қағаздар нарығы


Кредит көлемі - 3 (2+1+0), ECTS – 5 кредит

Пререквизит – 65 кредит

Постреквизит – жоқ

Оқытудың мақсаты: Бағалы қағаздар нарығының қызмет етуінің теориялық және әдістемелік аспектілерін біліп қана қоймай, бағалы қағаздар нарығындағы тенденциялар мен процестерді талдай білу.

Қысқаша мазмұны: Бағалы қағаздар нарығын ұйымдастырудың ғылыми негізі. Қазақстандағы қор нарығын құрудың заңдылығы. Мемлекеттік және корпоративтік бағалы қағаздар нарығының қазмет етуінің ерекшеліктері. Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары мен олардың қызметтерін лицензиялау тәсілдері. Бағалы қағаздар. Бағалы қағаздар нарығының конъюнктурасы. Брокерлік фирмалық қызметін ұйымдастыру. Биржалық сауданың қатысушылары. Биржалық сауда механизмі.


Күтілетін нәтижелер:

Білімі: Бағалы қағаздар нарығының қызмет етуінің теориялық аспектілерін, сондай-ақ қазіргі қор нарығын ұйымдастыру принціптері мен формаларын, бағалы қағаздар эмисииясы мен айналысын біледі.

Икемділік: Алынған теориялық білімді практикада қолдана алады, қор нарығының ары қарай дамуына әсер ететін шаралар өңдеуге епті.

Дағды: Өз еркімен қаржы-несие жүйесіндегі практикалық тапсырмаларға экономикалық талдау жасауға дағдылы.

Құзіреттілігі: Өздігінен экономикалық талдау жасайды, талдау нәтижесін қорытындылап, сапалы шешімдер қабылдауға шаралар өңдейді.


Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы Құрманбекова Г.А.

10

HKM 0210

Халықаралық қаржылық менеджмент


Кредит көлемі - 3 (2+1+0), ECTS – 5 кредит

Пререквизит – жоқ

Постреквизит – жоқ

Оқытудың мақсаты: Әлемдік қаржылық нарықтың интеграциясының теориялық және практикалық негіздерін оқыту, қаржылық менеджменттің әлемдік даму перспективаларына шолу, компанияның қаржылық басшысы кездесетін негізгі факторлар және халықаралық жағдайда оларды шешу.

Қысқаша мазмұны: Халықаралық қаржылық менеджменттің мазмұны, базалық концепциялары. Капитал құрылымы және дивидендтік саясат. Кәсіпорынның ұзақ мерзімді инвестициялық шешімдерінің стратегиясы. Қаржылық жоспарлау және болжамдау. Халықаралық қаржылық менеджменттің тактикасы. Халықаралық қаржылық менеджменттің арнайы тақырыптары.

Күтілетін нәтижелер:

Білімі: Капиталды шетелге инвестициялау мотивациясын білу, шетел нарығында компанияның жағдайын анықтау, қажетті табыс алу үшін бәсекелестікті анықтау.

Икемділік: Қазіргі кезеңдегі түрлі құралдарды қолдану арқылы ақша ағынын басқара алады. Қаржылық ресурстардың көлеміне қаржылық қатнастардың әсерін анықтайды және әлемдік нарықта компания капталын басқаруға епті.

Дағды: Халықаралық кеңістікте компания табысын жоғарылату бойынша әдістерді қолдануға дағдылы.

Құзіреттілігі: Ақша ағынын басқару облысындағы базалық білімді көрсетеді, қаржыларды басқаруда оңтайлы шешімдер қабылдайды.

Бағдарлама жетекшісі: аға оықтушы Құрманбекова Г.А.

11

KBS 0211

Қаржы-банктік статистика

Кредит көлемі - 3 (2+1+0), ECTS – 5 кредит



Пререквизит – Ақша Несие Банктер, Қаржы

Постреквизит – жоқ

Оқытудың мақсаты: Қаржы-банктік статистика саласында теориялық және практикалық негіздерін оқытады.

Қысқаша мазмұны: Қаржы-банктік статистиканың пәні, әдістері және міндеттері. Қаржы статистикасын қазіргі кезеңде ұйымдастыру. Мемлекеттік бюджет статистикасы. «Қаржылық емес кәсіпорындар» секторындағы кәсіпорындардың қаржылық нәтижелерінің статистикасы. Банктік статистика. Ақша статистикасы. Сақтандыру ісінің статистикасы. Бағалы қағаздар нарығының статистикасы. Макро деңгейіндегі қазіргі қаржылық баланс. ҚР қаржылық ресурстарының статистикасы.

Күтілетін нәтижелер:

Білімі: Мемлекеттік бюджеттің орындалуын талдауда, ақша-несие саясаты, бизнес-жоспар, несиенің тиімділігі, бағалы қағаздардың табыстылығы, сақтандырудың тарифтік ставкасы, рейтингтік бағалауды құру бойынша қолданылатын статистикалық көрсеткіштердің есептелу әдістерін оқытады.

Икемділік: Қаржы-банктік статистикадан алған теориялық білімдерін жүйелеп практикада қолдануға епті.

Дағды: Мемлекеттік бюджеттің және қаржылық кәсіпорынның қаржылық ресурстар жағдайын талдайды. Түрлі көрсеткіштердің олардың динамикасына әсерін бағалап, есептеу нәтижелері бойынша қорытында жасайды және жоспарлы көрсеткіштердің орындалуына ұсыныстар береді.

Құзіреттілігі: Мемлекеттік бюджет статистикасы, шаруашылық қызмет, сақтандыру қызметі, бағалы қағаздар нарығы, ақша айгалысы, несиелеу, инвестициялық қызмет, банктік және биржалық статистика облысындағы базалық білімді көрсетеді.

Бағдарлама жетекшісі: аға оықтушы Жұртыбаева И.С.

12

ENE 0212

Еңбек нарығы экономикасы.

Кредит көлемі - 3 (2+1+0), ECTS – 5 кредит



Пререквизит: 31 кредит

Постреквизит: жоқ

Оқытудың мақсаты: Еңбек нарығы әрекет етуінің заңдылықтарын, әдістерін, қағидаларын, механизмдерін терең меңгеру және тәжірибеде кәсіби қолдану.

Қысқаша мазмұны: «Еңбек және оның адам дамуындағы орны. Еңбек амалдары. Өндірістік және технологиялық амалдар. Еңбек процессі. Жұмыс күші, қоғамның жұмыспен қамтылуы. Еңбек өнімділігі және оның көрсеткіштері. Еңбек өнімінің өсуінің резервтері және факторлары. Еңбекті ұйымдастыру.

Күтілетін нәтижелер:

Білімі: Еңбек нарығына қатысты барлық мәселелерді ұйымдастыру, басқару, оны жүзеге асыру.

Икемділік: Еңбек нарығы қызметінде басқаруды, жоспарлауды, ұйымдастыруды, болжауды, еңбек ресурстарын дұрыс пайдалануды, еңбектің тиімділігін бағалау.

Дағды: Еңбекке қатысты барлық проблемалар мәнін және табиғатын жан-жақты терең түсіну және меңгеру.

Құзіреттілігі: Базалық және жалпы білімін, алған білімін тәжірибе жүзінде қолдану

Бағдарлама жетекшісі: а/ш.ғ.к Тойкин С.Х

13

BZh 0213

Бағаны жасау

Кредит көлемі - 3 (2+1+0), ECTS – 5 кредит



Пререквизит: 101 кредит

Постреквизит: жоқ

Оқытудың мақсаты: Нарықта студенттердің баға,бағаның қалыпта-суы туралы қажетті білім алу.

Қысқаша мазмұны: Нарыққа көшудегі баға жасаудағы негізгі сұрақ. Бағалар классификациясы және жүйелері. Бағаның құрамы мен құрылымы. Баға жасаудың даму сатылары. Фирманың баға жасаудағы саясаты. Баға жасау тәсілдері. Баға жасаудағы тәуекелділік және бағаны сқтандыру. Экономика саласындағы бағалар жасау. Өндірісі дамыған елдерде бағаны жасау және реттеудегі тәжірибе.

Күтілетін нәтижелер:

Білімі: Бағаның қалықтасуына байланысты негізгі нормативті құжаттарды білу

Икемділік: Баға саясатын қалыптасуы туралы нақтыақпарат білу, бизнестің тиімділігін арттыру үшін баға басымдықтарын, әдістерін білу.

Алатын дағдысы: Көтерме және бөлшек, әлемдік, халықаралық келісім бойынша бағаларды есептеу әдістемесін білу

Компетенциясы: Баға саясатының қалыптасуын сауатты қолдану

Бағдарлама жетекшісі : аға оқытушы Есенбекова З.Ж.

14

BZh 0214

Бизнес жоспарлау

Кредит көлемі - 3 (2+1+0), ECTS – 5 кредит



Пререквизит: Экономикалық тоерия, Маркетинг, Менеджмент

Постреквизит: жоқ

Оқытудың мақсаты: Бизнес-жоспар жасау мен даярлауда әлемдік тәжірибе әдістерін қорыту.

Қысқаша мазмұны: Жоспарлау менеджменттің функциясы ретінде. Стратегиялық жоспарлау және құрал-жабдықтары. Бизнес-жоспарлаудағы маркетингтік зерттеулер. Бизнес жоспарды қолдайтын бөлімдер. Бизнес жоспардағы қаржылық бөлім. Бизнес жоспарлаудағы қаржылық стратегия.

Күтілетін нәтижелер:

Білімі:Бизнес-жасау әдістемесін, қабылданған стратегияның қойылған мақсаттарың қарым-қатынасын, әртүрлі сферадағы кәсіпорындардың бизнес-жоспарын құру спецификасын, сондай-ақ бизнес-жоспар жасауда кететіннегізгі қателіктерді білуі тиіс.

Икемділік: Бизнестің нақты бір сферасының бизнес-жоспарының экономикалық бөлімін өз бетінше құрастыра білуі керек, шығындар мен қорытындыны салыстырып, инвестициялаудың тиімділік көрсеткіштерін есептей білуі қажет.

Дағды: Бизнес-жоспарлауда экономикалық көрсеткіштерді есептей білуі тиіс.

Құзіреттілігі: Базалық және жалпы білімін, алған білімін тәжірибе жүзінде қолдану, бизнес-жспар құруда экономикалық бөлімдердің барлық сұрақтарына жауап бере алу керек.

Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы Қалдыбаева Д.О.

15

IE 0215

Институционалды экономика

Кредит көлемі - 3 (2+1+0), ECTS – 5 кредит



Пререквизит: Экономикалық теория, Микроэкономика, Макроэкономика

Постреквизит: жоқ

Оқытудың мақсаты: Институционалдық экономика облысында білім деңгейін көрсете білу, қазіргі институционалдық теорияның тәжірибелік қосымшаларын және студенттерді стереотиптік инструменттерімен таныстыру.

Қысқаша мазмұны: Экономикалық қызметтегі институттар ролі. Қазіргі неоинститутттың негізгі ағыны. Трансакциондық жоғалтулар. Коуз теоремасы. Фирма экономикалық ұйым ретінде. Мемлекет ұйым ретінде. Үй шаруашылығы және басқа ұйымдар құрылымы. Заңсыз экономика. Экономиканың институционалды құрылымы.

Күтілетін нәтижелер:

Білімі: Қазіргі институционалдық экономикалық теорияның базалық түсінігі.

Икемділік: Институционалдық деңгейде экономикалық қарым-қатынастардың негізін жете айыра білу керек.

Дағды: Тәжірибе жүзінде меншік құқығы теориясын, трансакциондық шығындарды, келісім-шарттарды, институционалдық өзгерістерді қолдану.

Құзіреттілігі: Базалық және жалпы білімін, алған білімін тәжірибе жүзінде қолдану

Бағдарлама жетекшісі: а/ш.ғ.к. Сұлтанов Ө.С.

16

Agr 0216

Агробизнес

Кредит көлемі - 3 (2+1+0), ECTS – 5 кредит



Пререквизит: Экономикалық теория

Постреквизит: жоқ

Оқытудың мақсаты: Агроөнеркәсіп салаларын,оның ішінде ауыл шаруашылығы экономикасының өндірістік-экономикалық көрсеткіштерін зеттеу.

Қысқаша мазмұны: Агробизнес мәні және қасиеттері. Агробизнестің мәселелері және оның ерекшеліктері. Агробизнесті мемлекеттік қолдау. Агробизнес өнімділігінің жүйесі. Агробизнестегі инновациялық потенциалы. Агробизнесті қаржыландыру. Агробизнестегі тәуекелділік және банкротқа ұшырау мүмкіндігі. Елдің қауіпсіздігі.

Күтілетін нәтижелер:

Білімі: Ауыл шаруашылығындағы бизнестің алатын орнын, маңызын даму барысын, бағытын білу керек

Икемділік: Ауыл шаруашылығында нарықтық қатынастар ерекшеліктерін, кәсіпкерлікті біліктілікпен дамытатындай білім алу.

Дағды:

Құзіреттілігі: Аграрлық саладағы бизнестің өсіп-өркендеуіне үлес қоса алатын, сарапшы, кеңесші болатындай деңгейге жету

Бағдарлама жетекшісі: а-ш.э.к. Сұлтанов Ө.С.

17

OE 0217

Өндірістік экономикасы

Кредит көлемі - 3 (2+1+0), ECTS – 5 кредит



Пререквизит: Экономикалық теория, Микроэкономика, Макроэкономика, Кәсіпорын экономикасы

Постреквизит: жоқ

Оқытудың мақсаты: Өнеркәсіп саласындағы экономикаға байланысты негізгі білімдерді қамтып өндіріске қалай пайдалатындығын түсіндіру

Қысқаша мазмұны: Қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы өндірістің ролі. 2010ж. дейінгі ҚР өндірістің дамытудағы ИНП негізгі бағыты мен мақсаты. Өндірістің құрылымдық бөлімі. Өндірісті басқаруды ұйымдастыру. Өндірісті концентрациялау, көшіру, комбинирлеу, оналастыру. ҚР өндірістк ресурстарды қаржы–бюджеттік саясаты.

Күтілетін нәтижелер:

Білімі: Қазақстандағы өндірістердің даму стратегиясы туралы,өндіріс салалары, құрылымын толық меңгерген маман.

Икемділік: Өнеркәсіптің әр саласы бойынша бизнесті жүргізудің тиімді көрсеткіштерін есептей білуі қажет. Кәсіпкерлік есептер үшін сандық есептеу әдістерін білу.

Дағды: Өнеркәсіптің экономикалық қызметі бойынша сұрақтар туралы білімі бар

Құзіреттілігі: Пәнді оқытудың негізгі мақсаты мемлекеттің экономи-калық саясаты мен нарықтық экономика дамуының объективты жағдайларын білу

Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы Ахтаева С.М.

18

ShOKM 0218

Шағын және орта кәсіпорындарындағы менеджмент

Кредит көлемі - 3 (2+1+0), ECTS – 5 кредит



Пререквизит – Менеджмент

Постреквизит - жоқ

Оқытудың мақсаты: Шағын және орта кәсіпорындарды басқару саласында студенттердің кәсіби дағдысы мен білімін қалыптастыру.

Қысқаша мазмұны: Экономикалық басқарудағы кәсіпкерлік қызмет. Шағын және орта кәсіпорындарындағы менеджмент қызмет түрі ретінде. Басқару жүйесі және бизнес жүйесі. Менеджердің стилі және имиджі. Операцияларды басқарудағы жүйелік бағыт. Басқарушылық қызметтегі этика және мәдениет. Кәсіпкерлік қызметтегі менеджмент тиімділігі.

Күтілетін нәтижелер:

Білімі: Менеджменттің теориялық тұжырымдасын, оның ұйымдасты-рушылық қызметі және функционалдық саласын білу; мемлекет және қоғамда, ұйым өмірінде басқарудың негізгі теориялары бойынша дағды және білімді игеру.

Икемділік: Шағын және орта кәсіпорындарындағы басқару құрылымын талдау, шағын бизнес ерекшеліктеріне көңіл бөлу.

Дағды: Басқарудың барлық тетігін тиімді пайдаланудың жүйелік бағытын қолдануға дағдылану.

Құзіреттілігі: Шағын және орта кәсіпорындар саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативті-құқықтық база саласындағы білімді игеру.

Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы Баядилова Б.М., Темиргалиева А.С.

19

TB 0219

Тәуекелділікті басқару

Кредит көлемі - 3 (2+1+0), ECTS – 5 кредит



Пререквизит – Менеджмент

Постреквизит жоқ

Оқытудың мақсаты: Кәсіпорынның тұрақтылығын қамтамасыз ету жолдарын және қойлайсыз жағдайлардың алдын алуын үйрену.

Қысқаша мазмұны: Тәуекелділік анықтамасы және мазмұны. Тәуекелділік түрлері. Тәуекелділікті басқару кезеңдері. Тәуекелділікке баға беру және оның маңызы. Тәуекелділікті бағалау әдісі: қолайсыз жағдайлардың туындауы, «жағдай-нәтиже», қауіпті жағдай ағашын құру, қауіпті индекс тәсілі. Зиян, зиян түрлері. Тәуекелділікті азайту тәсілдері. Диверсификация, тәуекелділікті беру, сақтандыру, тәуекелділікті қаржыландыру, өзін-өзі сақтандыру. Тәуекелділікті басқару тиімділігін бағалау.

Күтілетін нәтижелер:

Білімі: Курстың негізгі анықтамаларын «Тәуекелділік», «Тәуекелділікті басқару», «Тәуекелділік менеджмент» «Тәуекелділік менеджмент жүйесі» және т.б. білу.

Икемділік: Тәуекелділікті анықтау және баға беруді, оларды қаржылық және басқару тетіктерін қолдану, алдын-алу шараларын ұйымдастыруды үйрену

Дағды: Әртүрлі қызмет түрлерінде тәуекелдікке баға беру әдісін, тәекелділікті азайту тәсілдерін қолдануға дағдылану.

Құзіреттілігі: Компания қызметіндегі тәуекелділікті басқарудың теориялық дағды және білімін көрсете білу.

Бағдарлама жетекшісі: Омарбаева С.Т., Баядилова Б.М.

20

UT 0220


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет