Элективті пәндердің каталогы



бет5/8
Дата05.07.2016
өлшемі172.74 Kb.
#179412
1   2   3   4   5   6   7   8

Күтілетін оқу нәтижелері:

Білімі: Өндірістің әртүрлі салаларында өндіріс және тұтыну қалдықтарын жоюды, рекуперлеу және өндеуді; қалдықтардың жіктелуі және сипаттамасын, қалдықтарды жоюдың ғылыми және қолданбалы аспектілерін, қалдықтарды рекуперлеу және қайта өндеуді біледі.

Іскерлігі: Өндіріс және тұтыну қалдықтарын жою, рекуперлеу және өндеу аймағында нақты тәжірибелік міндеттерді шешу кезінде алынған білімін қолдана алады.

Дағдысы: Адам әрекетінің өндірістің және шаруашылықтың әртүрлі салаларында түзілетін қалдықтарды жою және қолдануда шешімді өздігінен қабылдауды дағдыланады.

Құзіреттілігі: Тағам өндірісінің қалдықтарын биотехнологиялық қайта өндеу аумағында маман базалық білімін және кәсіби сапасын көрсетеді.

Бағдарлама жетекшісі: т.ғ.к., аға оқытушы Мирашева Г.О., б.ғ.к., доцент м.а. Молдабаева Ж.К.

12

BPZhPS 0312

Мал шаруашылық өнімдерді және шикізатты өндеу биотехнологиясы

Кредит көлемі – 3 (2+0+1), ECTS кредитте – 4,5



Пререквизиттер – 101 кредит.

Постреквизиттер –«Биотехнологиядағы ғылыми зерттеу негіздері», «Тағам өнімдерін өндіру бойынша биотехнологиялық кәсіпорындарды жобалау».

Оқыту мақсаты: Тағам өндірісінің маманы аймағында білім алу, алған білімін тәжірибеде қолдана алу.

Қысқаша мазмұны: Сүт және сүт өнімдерінің биотехнологиясы. Сүт технологиясының физико-химиялық және биохимиялық негіздері. Әртүрлі мал түрлерін сауу биотехнологиясы. Мал шикізатын биотехнологиялық өндеу және консервирлеу.

Күтілетін оқу нәтижелері:

Білімі: Өндірістік және зерттеуге арналған міндеттерді шешу үшін қажетті толық көлемде мал шаруашылығының өнімдерін және шикізатын өндеу биотехнологиясының негіздерін, сонымен қатар сүт, ет өнімдері және олардың жеке компоненттерінін бақылаудың заманауи әдістерін біледі.

Іскерлігі: Мал шаруашылық өнімдері мен шикізатының сапасын бағалай алады және олардың өндірісін ұйымдастыра алады.

Дағдысы: Зертханадағы жұмысты дағдыланады, мал шаруашылық өнімдер мен шикізаттарын өндеудің технологиялық режимдерін меңгереді.

Құзіреттілігі: Мал шаруашылық өнімдер мен шикізаттарын өндеудің биотехнологиясы аумағында маман базалық білімін және кәсіби сапасын көрсетеді.

Бағдарлама жетекшісі: доцент Нуржанова Г.Х.

13

PishB 0313

Тағамдық биотехнология

Кредит көлемі – 3 (2+0+1), ECTS кредитте – 4,5.



Пререквизиттер – 65 кредит.

Постреквизиттер – «Биотехнологияда ғылыми зерттеу негіздері», «Тағам өнімдерін өндіру бойынша биотехнологиялық кәсіпорындарды жобалау», «Ашыту өндірісінің биотехнологиясы I», «Ашыту өндірісінің биотехнологиясы II».

Оқыту мақсаты: Тағам өндірістерінің негізінде жатқан микроағзалардың түрлі топтарының ижасушаларында өтетін биологиялық үрдістердің ерекшеліктерімен студенттерді таныстыру.

Қысқаша мазмұны: Кіріспе. Микроағзалар биотехнологиясының даму тарихы. Өндірістік микробиология негізін қалаған Л.Пастердің классикалық зерттеулері. Тағамдық биотехнология өндірістік микробиологияның бөлшегі ретінде. Тағамдық биотехнология негіздері. Биологиялық белсенді заттар мен препараттардың микробиологиялық өндірісі – тағамдық биотехнологияның маңызды бағыты. Ашу және басқа да метаболитикалық реакциялардың негізінде жүретін тағамдық биотехнология. Тәжірибеде құнды өнімдерді алу үшін ашыту өндірістерінде қолданылатын микроағзалар, олардың биохимиялық қызметтері. Тағам өндірісінде дрожжиларды, зең саңырауқұлақтарды және бактерияларды қолдану. Дрожжилі өндіріс. Дрожжилі жасушалардың биохимиялық мүмкіндіктері. Дрожжилер өндірісінің технологиялық үрдістерінің мәні және негіздері. Спирт өндірісі. Спирт өндірісінде қолданылатын субстраттар (дәнді дақылдар, картоп, қантты қызылша, меласса және т.б.). Технологиялық үрдістің мәні және негізгі кезеңдері. Спирт өндірісінде қолданылатын микроағзалар. Дрожжи – сахаромицеттер, лактоашытқыш дрожжи. Спирт өндірісінде қолданылатын бактериялар. Сырақайнату. Сырақайнатуда қолданылатын дрожжилар. Сыра суслосын ашыту үрдісінің биохимиялық негіздері. Технологиялық үрдістің мәні және негізгі кезеңдері. Шарап өндірісі. Шарап өндірісіндегі дрожжи. Шарап өндірісі үрдістерінің биохимиялық негіздері Технологиялық үрдістің мәні және негізгі кезеңдері. Сіркеқышқылды және сүтқышқылды бактериялар және олардың шарап өндірістеріндегі ролі. Зең саңырауқұлақтары – шарап өндірісінің зиянкестері. Нан-тоқаш өндірісі. Сүтөңдеуші өндіріс. Органикалық қышқылдар. Микроағзалар – сүт, сірке, лимон, алма, итакон және басқа да органикалық қышқылдарының продуценттері. Микробты синтез негізіндегі тағамдық биотехнология. Ақуызды алу. Дәрументерді алу. Ферменттерді алу. Аминқышқылдарын алу. Биологиялық белсенді заттарды алу (ББЗ). Тағам өнімдерінің микроағзалармен ластануы, тағам өнімдерінің токсикалығы және осы құбылыстармен күресу әдістері. Тағам өнімдерінің микробиологиялық және санитерлы-гигиеналық бақылауы.

Күтілетін оқу нәтижелері:

Білімі: Тағамдық биотехнология негіздерін, итағам өнімдерінде жүретін биотехнологиялық үрдістердің заңдылықтарының негіздерін, сонымен қоса тағам өнімдері өндірісінде қолданылатын микроағзаларды біледі.

Іскерлігі: Тағам өнімдерінің өндірісінде алған білімдерін қолдана алады.

Дағдысы: Зертханада жұмыс атқару дағдысы, тағам өндірісінде микроағзаларды қолдана алу дағдысы қалыптасқан.

Құзіреттілігі: Тағам биотехнологиясы аясында базалық білімін және маманның кәсіби сапасын көрсетеді.

Бағдарлама жетекшісі: т.ғ.к., аға оқытушы Мирашева Г.О., б.ғ.к., доцент м.а. Молдабаева Ж.К.

14

BioR 0314

Өсімдіктер биотехнологиясы

Кредит көлемі – 2 (1+0+1), ECTS кредитте – 3.



Пререквизиттер – 65 кредит.

Постреквизиттер –«Биотехнологиялық өндіріс негіздері».

Оқыту мақсаты: Биотехнологияның және биотехнологияның барлық басқа бағыттарының объектісі ретінде өсімдік жасушаларын культивирлеу биологиясы туралы білімнің қазіргі кездегі жағдайымен таныстыру.

Қысқаша мазмұны: Биотехнология – биологияның қарқынды дамып келе жатқан бағыты. Биотехнологияның пәнаралық табиғаты. Биотехнологияның даму кезеңдері. Биотехнология объектілері және әдістері. Биотехнологиялық үрдстердің алуан түрлілігі. Биотехнологияның негізгі бағыттары. Өсімдіктер биотехнологиясы және онгың спецификасы. Биотехнологияның даму перспективасы. Биотехнология объектілері ретінде культивирленетін өсімдік жасушалары. Өсімдіктер жасушаларын культивирлеудің теориялық және әдістемелік принциптері. Культивирленетін жасушалардың қоректенуі. Қоректік орталардың жалпы сипаттамасы. Көміртекті қоректену. Минералды қоректену. Өсудің табиғи және синтетикалық стимуляторлары. Дәрумендер. Органикалық қоспалар. Қоректік ортаның құрамын оптимизациялау. Қоректік ортаның рН мәні. In vitro жасушаларының өсуіне физикалық факторлардың әсері. Калусты алу және культивирлеу. Каллусогенезге әсер етуші факторлар. Агарланған ортада жасушаларды культивирлеу. Сұйық ортада жасушаларды культивирлеу. Суспензиялық культураларды алу. Суспензиялық культураларды өсіру әдістері. Жинақтағыш культивирлеу. Үздіксіз культивирлеу. Жабық ағынды культивирлеу. Жартылауағынды культвирлеу. Культивирлеудің ашық ағынды жүйелері. Хемостад және турбидостат принциптері. Биосинтетикалық өндірістегі жасушалық технология. Экономикалық маңызды заттарды алу үшін жасушаық технология құру бойынша жұмыстың кезеңдері. Объектіні таңдау. Өсімдікті культураға біріншілік енгізу. Жасушалар биомассасын химиялық зерттеу. Орта құрамын және өсіру параметрлерін оптимизациялау. Жасушалардың продуктивті штаммаларын құрастыру. Суспензиялық культураларда ең жақсы штаммаларды біріншілік қолдану. Өндірістік жағайларға жуықтатылған жағдайларда продуктивті және тұрақты штаммаларды өсіру. Биомасса өндірісіне техникалық регламент құрастыру. Жасушалық технологияның жетістіктері мен перспективасы. Клоналды микрокөбею және өсімдіктердің сауықтандыру. Клоналды микрокөбеюдің кезеңдері. Эксплантты культураға енгізу. Өздігінен көбею. Өскіннің көбеюін жылдамдату және оларды сақтау. Өсімдіктерді топыраққа отырғызу. Клоналды микрокөбеюге әсер етуші факторлар. Өсімдіктердің клоналды микрокөбеюін қолдану және оның перспективасы. Өсімдіктердің вирусты аурулардан сауықтандыру. Апикалды меристема культуралары. Зараланған өсімдіктерді диагностикалау әдістері. Термотерапия. Химиотерапия. Картоптың вируссыз егінді материалын алу және оны көбейту. In vitro жаңдайында прогамды және постгамды сәйкессіздіктен өтуі. Гаплоидты технология. Жасушалық селекция. Жасушалық инженерия. Өсімдіктердің генетикалық инженериясы. In vitro жаңдайында генофонды сақтау.

Күтілетін оқу нәтижелері:

Білімі: Өсімдік жасушаларын, ұлпаларын және мүшелерін іn vitro жағдайында культивирлеу әдістерін, каллустың түзілуіне әкелетін дифференциация үрдісі туралы, іn vitro жағдайында морфогенез жолдары және өсімдіктердің регенерациясын реттейтін факторлар туралы, өсімдіктердің клоналды микрокөбеюде және сауықтандыруда маңызды метаболиттерді алу үшін культивирленетін жасушаларды қолданудың теориялық және әдістемелік принциптері туралы біледі.

Іскерлігі: Теориялық дайындық дәрежесін жоғарылату үшін алған білімін қолдана алады, сонымен қатар оларды тәжірибелік қызметінде қолдана алады.

Дағдысы: Зертханада жұмыс істеу, культивирлеуге арналған қоректік орталарды дайындау, ламинарлы боксте жұмыс істеу, бастапқы материалды стерильдеу және одан эксплантты изоляциялау, агарланған және сұйық ортада жасушалрды культивирлеу, жасушаларды субкультивирлеу және олардың өсуін бағалау дағдысы қалыптасқан.

Құзыреттілігі: Өсімдіктер биотехнологиясы аясында базалық білімін және маманның кәсіби сапасын көрсетеді.

Бағдарлама жетекшісі: б.ғ.к., доцент м.а. Насыров Ф.С.? доцент Игликов О.Д., аға оқытушы Исмагулова А.Б.

15

BioM 0315

Микроағзалар биотехнологиясы.

Кредит көлемі – 4 (2+1+1), ECTS кредитте– 6.



Пререквизиттер – 65 кредит.

Постреквизиттер – «Ашыту өндірісінің биотехнологиясы I», «Ашыту өндірісінің биотехнологиясы II», «Медициналық және ветеринариялық биотехнология», «Экологиялық биотехнология», «Тағам өндірісінде ферментті препараттарды қолдану».

Оқыту мақсаты: Студенттерге биотехнологияның мақсаттары және міндеттері, микробиологиялық үрдістердің принциптері мен ерекшеліктері, микроағзалардың жоғары өнімділігі бар өндірістік штаммаларын алу әдістері, оларды культивирлеу әдістері және сақтау туралы білім беру. Антибиотиктердің, ферменттердің, аминқышқылдарының, полисахаридтердің, органикалық қышқылдардың және бейтарап өнімдердің, өсімдіктерді қорғайтын бактериалды заттарды және тыңайтқыштардың, біржасушалы ағзалардың ақуыздарының кәсіби өндірісінмен таныстыру.

Қысқаша мазмұны: Микробиологиялық биотехнология негіздері. Биотехнология ғылыми дән ретінде. Биотехнологияның даму тарихы, мақсаты және міндеттері. Биотехнологияның негізгі бағыттары. Даму перспективасы. Микроағзалардың өндірістік штаммаларын құрудың қазіргі заманғы әдістері және олардың құнды қасиеттерін сақтау мәселелері. «Популяциялық тұрақтылық» және «автоселекция» ұғымдары. Микроағзалар штаммаларын сақтаудыңң негізгі әдістері. Биотехнологиялық үрдістер: жүзеге асыру принциптері, жүйелендіру және кезеңдері. Биоөндірістерде қолданылатын шикізаттар. Микроағзаларды культивирлеуге арналған қоректік орталардың рецептурасын құрастыру. Микроағзаларды культивирлеу. Егінді материалды алу. Беттік және тереңдік культивирлеу. Микроағзаларды культивирлеудің мерзімді және үздіксіз үрдістері, олардың артықшылықтары мен кемшіліктері. Микробты биомасса алуға негізделген биотехнологиялық өндіріс. Микробты ақуыз өндірісі. Адамның және ауылшаруашылық жануарлардың тамақтануына арналған ақуыздардың мәні. «Идеалды» ақуыз ұғымы. Ақуызды алудың микробиологиялық әдістерінің артықшылықтары. Микроағзалар – ақуыздардың продуценттері. Өсімдіктерді қорғаудың микробиологиялық заттары және бактериалды тыңайтқышқары. Өсімдіктерді және жануарларды зиянкестерден қорғаудың микробиологиялық заттарының артықшылықтары. Микроағзалар – микробты препараттарды алуға арналған энтомопатогендер. Препараттарды алу технологиясы. Бактериалды тыңайтқышқтарды алу: нитрагин, ризтрофин. Органикалық қышқылдарды және бейтарап өнімдерді алу. Органикалық қышқылдарды алу. Сірке қышқылын алу. Сірке қышқылды бактерияларды культивирлеуге қажетті шикізаттар және жағдайлар. Беттік, беттік-циркуляциялық және тереңдік әдістермен сірке суын алу. Лимон қышқылын алу. Лимон қышқылының продуценттері, ферментациялау әдісі, негізгі шикізаттар. Сүт қышқылын алу. Спирттік ашу. Спирттік ашудың химизімі және тәжірибелік мәні. Спирттік ашудың қоздырғыштары. Спирттік ашудың өнімдері. Этил спиртін алудың технологиялық сұлбасы, ферментациялау жағдайлары, шикізат. Ацетонды-бутилды ашу. ацетонды-бутилды ашудың екіфазалығы. Ацетонды және бутил спиртін алудың мерзімді және батареялық әдістері, ферментациялау жағдайлары, продуценттері. Металлдардың биотехнологиясы. Рудалардан түсті, аз кездесетін және бағалы металлдарды сілтісіздендіру үрдісі кезінде қатысатын микроағзалар. Қоршаған ортаның биотехнологиясы.

Күтілетін оқу нәтижелері:

Білімі: микроағзаларды культивирлеудің, биомасса және жіңішке микробиологиялық синтез өнімдерін алудың технологиялық үрдісінің негіздерін; шикізатқа және соңғы өнімге қойылатын талаптарды біледі.

Іскерлігі: Микроағзалар культураларымен жұмыс атқара алады; культураның және препараттардың тазалығын және белсенділіктерін анықтай алады; продуценттердің өсуін бақылай алады; микроағзалар биотехнологиясы туралы білімін тәжірибелік қызметінде қолдана алады.

Дағдысы: Зертханада жұмыс істеу, культивирлеуге арналған қоректік орталарды дайындау, ламинарлы боксте жұмыс істеу, бастапқы материалды стерильдеу және одан эксплантты изоляциялау, агарланған және сұйық ортада жасушалрды культивирлеу дағдысы қалыптасқан.

Құзыреттілігі: Микроағзалар биотехнологиясы аясында базалық білімін және маманның кәсіби сапасын көрсетеді.

Бағдарлама жетекшісі: т.ғ.к., аға оқытушы Мирашева Г.О., б.ғ.к., доцент м.а. Молдабаева Ж.К.

16

MVB 0316

Медициналық және ветеринарлық биотехнология

Кредит көлемі – 2 (1+1+0), ECTS кредитте – 3.



Пререквизиттер – 65 кредит.

Постреквизиттер – «Экологиялық биотехнология», «Ғылыми зерттеулердің негізі».

Оқыту мақсаты: Студенттерде медициналық және ветеринарлық биотехнологияның мақсаттары мен тапсырмалары, табиғи қосылыстарды зерттеу туралы, инфекцияға қарсы ағзаның қорғаныш күшінің бақылау деңгейі жайында, басқа да аурулардың даму туралы білімін қалыптастырады.

Қысқаша мазмұны: Медициналық және ветеринарлық биотехнологияның қазіргі заманғы биотехнологияның басқа салаларының ішінде алатын орны және міндеттері. Медициналық және ветеринарлық биотехнологияның даму этаптары. Биотехнологиялық фармацевтикалық және ветеринарлық препараттарды жасаудағы маңызды қадамдар. Медициналық және ветеринарлық биотехнологияның объектілері – микроорганизмдер, вирустар, жануарлар, жануар ұлпасы және жасушасы. Функционалды мақсаты: ғылыми бастапқы зерттеулер,биологиялық белсенді заттарды алудағы зертханалық регламент, клиникаға дейінгі және клиникалық дәрілік заттарды сынау, дәрілік препараттардың үлкен көлемді өндірісі. Медициналық және ветеринарлық биотехнологияда рекомбинантты ДНК әдістерін қолдану (генді-инженерлік микробиологиялық өндіріс). Гендік инженерияны, гендік инженерияның құрастырылған әдістерімен микроорганизмдер штаммын, биологиялық белсенді қосылыстары бар продуцнттерді анықтау. Инсулин. Денсаулық сақтау практикасында инсулин алудың екі әдісі: шошқа инсулинінің адам инсулиніне айналуы (жартылай синтетикалық әдіс); адамның генді-инженерлі инсулинін алу. Адамның генді-инженерлі инсулинін алу өндірісндегі концептуальды және көлемді шарттар. Антибиотиктер. Жаңа заман антибиотиктерін жасау: жаңа штамм-продуценттерді іздеу жұмыстары; қолданыста бар антибиотиктердің химиялық модификациясы; мутасинтез. Жоғары синтезді антибиотикті алу үшін қолданылатын қайта өңдеу шарттары. Табиғи антибиотиктердің химиялық трансформациясы – жартылай синтетикалық препараттар. Антибиотиктерді өндірістік алудың үлгісі ретінде пенициллин өндірісінің технологиялық схемасы. Антибиотиктің тауарлы формасын алу. Антибиотиктерге деген резистенттік мәселесі.

Адам және жануарлардың инфекциондық ауруларына қарсы интерферондар мен интерлейкиндердің дәрілік формасын өңдеу және жасап шығару. Рекомбинантты интерферондардың энтральды лекформын таблетка, гранула және капсула ретінде алу технологиясы. Вирустық ауруларды емдеуге арналған инъекция лекформдары мазь және суппозиторилер ретінде. Тұмау, А геппатиті, басқа да қауіпті инфекциялардың адам мен жануардың иммунды жүйесінде интерферондар мен интерлейкиндердің басқа да цитокининдермен бірге қолданылуы.Онкологиялық ауруларды емдеу үшін интерферондар мен интерлейкиндерді қолдану. Жоғары эукариот ашытқылармен рекомбинантты цитокининдердің өнімі. Вакциналар және иммуногендердің биотехнологиясы. Денсаулық сақтау және ветеринария саласының өндірісі мен практикасына жоғары эффективті және қауіпсіз конъюгирленген қоғамдық маңызды инфекциялар мен ауыл шарущылық малдарының инфекциясына қарсы жаңа заман вакциналарын енгізу. Полимер-бұл субъединирленген жаңа заман вакцинасы.



Күтілетін оқу нәтижелер:

Білімі: Медициналық және ветеринарлық биотехнология әдістерін пайдаланып, стратегиялық медико-биологиялық және медико-ветеринарлық әдістерді диагностикалы-дәрілік препараттарды дайындауда қолдана біледі; денсаулық сақтау және ветеринария саласында қолданылатын гормондар, интерферондар, интерлейкиндер, антиденелер, антибиотиктер, вакциналар өндірісте қолданылатын негізгі дәрілік базаны құрайды.

Іскерлігі: Ақуызды препараттармен жұмыс жасай біледі: ақуыздарды паспортизациялау және тазалау, бөлу операцияларын орындау; генді- инженерия тематикасының негізгі операцияларын жүргізу; гибридті техникамен байланысты операциялар комплекстерін орындау; моноклональды антиденелерді алуды үйрену, оларды идентифицирлеу және паспортизациялау; медициналық және ветеринарлық биотехнология әдістермен дайындалған биологиялық белсенді препараттарды клиникаға дейінгі сынамалық керекті жұмыстарды жүргізу.

Дағдысы: Зертханалық жұмыстарға дағдыланған, алған білімдерін практикада қолданады.

Құзіреттілігі: Медициналық және ветеринарлық биотехнология саласында маманның базалық және кәсіби біліктілігін көрсетеді.

Бағдарлама жетекшісі: в.ғ.к., Блейм Т.Н.

17

EkB 0317

Экологиялық биотехнология

Кредит көлемі – 3 (1+2+0), ECTS кредитте– 4,5.



Пререквизиттер – 101 кредит.

Постреквизиттер –«Ғылыми зерттеу негіздері».

Оқыту мақсаты: Студенттерге өндірістік және тұрмыстық ағынды сулардың ластануымен байланысты қоршаған ортаның негізгі экологиялық мәселелері туралы; атомды және сутекті бомбалардың жарылулары, уранды және түрлі металлдарды өндіру сияқты техногенді факторлардың әсерінің нәтижесінде ҚР территориясының топырағында, су қоймаларында және ауада ауыр металлдар мен радионуклеидтердің жоғары концентрациялары туралы, мұнайды шығару және өңдеуші аймақтарға қарасты тапырақтың органикалық ластандырушылардың жоғарғы концентрациялары туралы; гербецидтерді, пестицидтерді, инсектицидтерді қолданумен байланысты болатын топырақтың ластануы туралы білімдерді беру.

Қысқаша мазмұны: Экологиялық биотехнология пәні және міндеттері, оның қазіргі қоғамдағы маңызы. Биогеохимиялық циклдер. Заттардың айналу шеңберінде микроағзалардың ролі. Көміртек, оттегі, азот және күкірттік айналым шеңберінің сұлбасы. Табиғи экожүйелерде - топырақта және су қоймаларында микроағзалардың өзарабайланысы. Микроағза-өсімдік түраралыққатынасы және өзарабайланысы. Синтрофизм. Ағынды сулардың негізгі сипаттамалары. Тұрмыстық, өндірістік және ауылшаруашылық ағынды сулар, олардың құрамы және сапасын бағалау критерийлері. ОХТ (оттегіні химиялық тұтыну) және ОБТ (оттегіні биохимиялық тұтыну) анықтау әдістері, олардың сипаттық және прогностикалық маңызы. Түрлі кәсіпорындардың ОХТ және ОБТ мәліметтері бойынша мысалдар. Ағынды суларды тазалау әдістерінің сипаттамасы, олардың артықшықылқтары мен кемшіліктері. Ағынды суларды тазалаудың биохимиялық әдістерінің артықшылықтары мен кемшіліктері. Микроағзалар қолданылатын тазалаушы қондырғылардағы операциялардың түрлері. Ағынды суларды тазалаудың экстенсивті және интенсивті жүйелері. Өндірістік және тұрмыстық ағынды суларын өңддеудің интенсивті әдістерін биотехнологиялық жетілдіру жолдары. Қиын тотығатын, жоғары токсикалық немесе ароматтық заттарды утилизациялау үшін екомбинантты штаммаларды қолдану. Ағынды суларды тазалаудың аэробты және анаэробты үрдістері, олардың сипаттамасы. Ағынды суларды аэробты тазалау үшін қолданылатын реакторлар. Гомогенді реакторлардың жұмыс істеу сұлбасы. «Белсенді тұнбаның» популяциялық мәселелері. «Белсенді тұнба» ценоздарының қалыптасуы. «Белсенді тұнбаның» микроағзалары, олардың арақатынасы және жеке консорциумдардың маңызы. Зоогли –бірыңғай шырышты қабатпен жамылған микроағзалар популяциясы симбиозының қалыптасуы. Қарапайымдардың «белсенді тұнбаның» тиімді жұмысындағы ролі. ОЗЖ (органикалық заттар бойынша тұнбаға түсетін жүктеме) көрсеткіші – аэрациялау станцияларын жобалау кезіндегі маңызды параметр. Екіншілік тұндырғыштың жұмысын басқару. Қозғалмайтын биопленкасы бар реакторлар – биофильтрлер, оларда жүретін үрдістер. Биофильтрлерді қолданумен өтетені үрдістердің технологиялық сұлбалары. Тазалау әдісіне, жүктейтін материал түріне және сұйықтықты беру режимдеріне байланысты биофильтрлердің классификациясы. Биофильтрлердің тұнбалануы. Шыныерштерді қолданумен аэротенктер-бөлгіште микроағзалардың иммобильденген жасушаларын қолдану. Ағынды суларды аэробты тазалаудың экстенсивті әдістері – биологиялық су қоймалары, шашыратушы алаңдар, фильтрлеу алаңдары. Оларды қолдану аясы, артықшылықтары мен кемшіліктері. Өндірістік және тұрмыстық ағынды суларын тазалаудың анаэробты әдісі. ағынды суларын тазалаудың анаэробты үрдісінің аэробтыдан артықшылықтары, тазарту жылдамдығы. Метантенктер, оларда жүретін ашыту үрдісінің сипаттамасы. Метантектерде микрофлораның қалыптасуы, оның құрамы, симбиотикалық қоғамдағы компоненттердің өзарақатынасының сипаттамасы. Метантенктердің тиімді қызмет етуінде метантүзуші бактериялардың маңызы. Ластандырушылардыңь шекті концентрациялары туралы түсінік. Ағынды суларды биологиялық тазалау үшін қолданылатын өндірістік аппараттардың сипаттамасы. Септикотенктер. Қозғалмайтын биопленкасы бар реакторлар. Метталлургиялық кәсіпорындарының ағынды суларын тазалау үшін белсенді тұнбаның микроағзаларын қолдану және олардан металлдарды бөлім алу. Металлдардың тотығу/ тотықсыздану үрдістері немесе олардың гетеротрофты микроағзалармен тұнбаға түсуі. Ағынды сулардан металлдарды бөлім алу үшін қолданылатын «белсенді тұнбаның» сипаттамасы, табиғи емес биофлоктардың маңызы. Мысалдар. Металлдарды тұндыру үшін сульфатредуцирлеуші бактерияларды қолдану. Ағынды сулардағы металлдарды тұндыру кезінде жүретін үрдістердің химизмі. Мыс, сынап, вольфрам, молибденді тұндыруда сульфатредуцирлеуші бактериялардың маңызы. Пластмассаға немесе ағаш жарнағына иммобильденген Pseudomonas putida жасушаларын өндірістік ағынды сулардағы мышьякты тұындыру үшін қолдану. Құрамында Pseudomonas dechromaticans бактериялары бар «белсенді тұнба» көмегімен хромқұрамды ағынды суларды хромнан тазару. Микроағзаларды металлдарды биосорбциялау үшін қолдану. Тас көмір бөлшектеріне иммобильденген денитрифицирлеуші бактериялар биомассасымен уран мен нитраттарды биосорбциялау. Микробты экзополисахаридтермен металлдарды биосорбциялау. Түрлі өндірістердің қалдықтарын биологиялық өндеу. Сүтөндеуші, ашыту және басқа да тағам өндірістерінің ағынды суларын өңдеу үшін микроағзалардың иммобильденген жасушаларын қолдану. Химиялық өндірістердің ағынды суларын биолгиялық өңдеудің мәселелері. Целлюлоза-қағазды өндірістің қалдықтарын биологиялық өңдеу. Мұнай өңдеуші кәсіпорындарының ағынды суларын жне мұнаймен ластанған топырақты тазалау үшін көмірсутектерін деструкторлаушы-микроағзаларды қолдану.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет