Электронды білім басылымдарына талдау Электронды білім беру басылымдары мен ресурстарының негізі мен өзгешелігі



бет2/2
Дата19.02.2024
өлшемі127.5 Kb.
#492378
түріОқулық
1   2
Электронды оқулық

Оң тенденциялар

Теріс тенденциялар

Тек бір ғана жобада қолданумен шектелмейтін бағдарлы бағдарламалық өнімді құру

Монитор экранындағы ақпаратты қабылдауда психоло – физиологиялық ерекшеліктерге керекті көңіл бөлінбейді.

Пайдаланушыға бағдарлама жұмысы мәнін тез түсінуге мүмкіндік беретін жақсы ойластырылған анықтамалық жүйе

Бағдарламаның дизайніне дұрыс көңіл бөлінбейді. Оқулықтың әртүрлі бөлімдері арасында жедел ауысуға мүмкіндік беретін ойластырылған навигациялық жүйе құруға көңіл бөлмеу.

Мүмкіндігінше электронды оқулық құру барысында жалпы қол жетерлік «тегін» дара технологияларды қолдану. Қуатты қызметімен қатар пайдаланудың қарапайымдылығына ұмтылу.

Электронды оқулықты жобалау мен жасауда негізгі басымдық қымбат (қол жетерлік емес) технологияларға беріледі.

Толыққанды электронды оқулық құруда талап етпейтін, қуатты технологияны қолдану.

Электронды оқулық құрамы бірнеше бөлімдерден (блоктардан) тұрады. Оның көрінісі 1 суретте көрсетілген.

1 сурет. Оқулық блоктары
Электронды оқу басылымдарын құрастырудың негізгі кезеңдері:
- деректер көзін таңдау;
- мазмұны мен тұжырымдамалар тізімін жасау;
- мәтінді тараулар бойынша модульдерге бөлу арқылы қайта құрастыру;
- гипермәтінді электронды формада іске асыру;
- компьютерлік қолдауды өңдеу;
- материалды мультимедиада іске асыру үшін талдау және жалпылау;
- дыбыстық сүйемелдеуді әзірлеу және іске асыру;
- материалды көрнекілік үшін дайындау;
- материалды көрнекілеу.
Электронды оқулықты құрастыру кезінде пән бойынша интернет ресурстары қолданылады. Оқу әдістемесін жасауда іріктелген материалдар оқу материалының көлемі, мазмұндалу қарапайымдылығы, көрнекіліктердің (кестелер, сұлбалар) бар болуы өлшемдеріне сүйеніп таңдалды. Жоғарғы мәзірде теориялық бөлімдерге, басты бетке, тестілеу беттеріне өтуге болатын тізім көрсетіледі. Бұл пайдаланушыға қажетті ақпаратты табуға көмектеседі. Бүйір жақ мәзірде тақырыпшалар орналасқан беттерге өтуге болатын тізім орналасады. Әрбір тақырыпшада қысқаша түсінік пен жаттығуларға сілтеу болады. Осылайша, кез келген бетке екі шерту арқылы өтуге болады.
Оқыту барысында оқушы басқару нысаны болып табылады, басқарушы нысандар қызметін мұғалім мен оқулық (оқулық мұғалімді ауыстырушы емес, толықтырушы) атқарады.
Оқыту мақсаты, яғни оқушының оқулықпен жұмыс істеу мақсаты - нақты пәндік облыс (біздің жағдайымызда қазақ тілі) бойынша білім алу.
Осы мақсатқа жету үшін оқу бағдарламасы негізгі 3 бөлімге бөлінді:
- теориялық;
- жаттықтырушы;
- бақылау.
Бақылау жүйесінің түрі оқыту түріне тәуелді. Берілген оқулық өз бетімен оқып үйренуге арналған, сондықтан электронды оқу құралында өзін - өзі бақылау үшін тестілеу жүйесі қолданылады. Теориялық материалдың әр бөлімі соңында электронды тесттердің орналасуы оқушының алған білімін бірден тексеуіне байланысты өте ыңғайлы, себебі оқушы электронды оқулықтың теориялық материалын, әрбір бөлімнің соңында орналасқан видео-сабақтарды қайталау мен бекіту жұмысын жүргізе алады.
Оқулықтың интерфейсіне қойылатын негізгі талаптар анықталды:
- ҚарапайымдылықПайдаланушы бағдарлама жұмысын лезде ұғу керек. Графиканың, элементтерден шамадан тыс көп болуы пайдаланушы компьютерінің тоқтап қалуына әкелуі мүмкін.
- Икемділік. Бағдарлама басқа формаларға өтудің бірнеше жолдарына ие болуы керек.
- Стандарттау. Барлық модульдер түрі бірдей болуы қажет. Оқушылар бірнеше терезелерді қарап болған соң, навигацияны түйсікпен жүзеге асыра алуы жөн.
Оқулықтың интерфейсі келесі элементтерден тұрады: негізгі мәзір, қосымша мәзір және материалды тікелей бейнеленетін басты терезе. Интерфейс құрылымы бірдеңгейлі, яғни қандай да бір элементті шерткен кезде тиісті материал шығады. Кез келген тақырыпты басты терезеде лезде қарауға болады. Интерфейстің осындай құрылымы оқулық бойынша навигацияны жеңілдетуге арналған, электронды оқулықтың кез келген элементін тікелей шақырылады.
Электронды оқулық экраннан қабылданатындықтан, оның өз ерекшеліктері және оларға қойылатын талаптары бар. Берілген оқулықтың жалпы құрылымы 2 суретте сипатталады.

2 сурет. Электронды оқулықтың жалпы құрылымының сипаттамасы
Электронды оқулықтарды әзірлеуде Autoplay Media Studio бағдарламасының мүмкіндіктерін қолдану

Интерактивті, мультимедиалық электронды оқулықтарды жасау қазіргі уақытқа дейін өзекті болып табылады және де білім беру мекемелеріндегі мамандардың назарында. Электронды оқулық – бұл шығармашылық тәсілді және белгілі уақытты қажет ететін, толық құрылымданған оқу құралы, ол:


-интерактивтік – білім алушының әрекеттеріне байланысты материалды ұсынуды өзгерту мүмкіндігін;
-теориялық материалдың гипермәтіндік құрылымын;
-көрнекі материалдарды қолдануды (суреттер, анимациялар мен мультимедиа-үстемелер);
-білімді бекітуге арналған түрлі практикалық және бақылау тапсырмаларын қолдануды;
-түрлі мәтіндік және графикалық білім беру материалдарына гиперсілтемелер жүйесінің болуын қамтамасыз ету қажет.
Сапалы электронды оқулықты жасау үшін әзірлеушілер оқу-әдістемелік кешенге қойылатын талаптарды ескере қана қоймай, сонымен қатар контентті жобалау технологиясы бойынша белгілі білім мен дағдыларға ие болуы керек. Сапалы әзірленген электронды оқулық ең алдымен пәнді өздігінен зерттейтін пайдаланушыға бағытталған болуы қажет және материалды берудің өзгеше тәсілімен ерекшеленуі тиіс
Жасалатын электронды оқулық құрылысын анық түсіну, электронды оқулықтың жобалау кезеңдері жүйелігінің айқын алгоритмінің бар болуы – электронды оқулық әзірлеу бойынша жұмыстарды ұйымдастырудың жүйелі жолдарын іске асыру мәселесін шешуге елеулі көмек көрсетеді. Әзірлеушілер көптеген міндеттерді шешу мәселесіне тап болады.
Басты мәселе – бұл электронды оқулықтар сапасының мәселесі. Осы мәселеге бірқатар басылымдар арналған [1,2]. Әзірленген электронды құралдармен оқулықтардың сапасынан, оларды қолдану кезеңіндегі оқыту тиімділігі байланысты болады. Психологтардың пікірінше, компьютерлік графика мен мультимедиа элементтері бар электронды нұсқада ұсынылған курс концентрацияны және зейінді күшейтеді, есте сақтаудың оқу материалын қабылдауға дайындығын арттырады.
Қазіргі уақытта электронды оқулықтарды жасау үшін түрлі көмек беретін құралдардың көпшілігі – ең қарапайымнан бастап (Word, Power Point және Acrobat), Delphi, C++, Macromedia Flash, javascript сияқты күрделі құралдар бар. AutoPlay Media Studio 8 бағдарламасын таңдау себебіміз электронды оқулықтарды жасау үшін мүмкіншілігі орасан зор және жеңіл меңгеріледі. Бұл бағдарлама тәжірибелі пайдаланушылармен де, жаңа бастаушылармен де қолданылуы мүмкін. Бағдарламалау тілдерін білмей-ақ, пайдаланушы сапалы электронды оқулықты, құралды, оқу-әдістемелік кешенді де құрастыра алады
Электронды оқулықтарды, құралдарды жасау бойынша жұмыстың қиындығы мен көп қырлылығын ескере отырып пән мұғалімдеріне электронды оқу құралдарын жасауда әдістемелік және технологиялық көмек көрсету мақсатында, ақпараттық технологиялар орталығында «AutoPlay Media Studio 8 бағдарламасы арқылы электронды оқулықты жасау» тақырыбында оқыту семинары ұйымдастырылды. Оқу семинарына арнайы жұмыс бағдарламасы мен практикалық жұмыстар жиынтығы әзірленді.
Пайдаланушылар C, C++, Visual Basic бағдарламалау тілдерін білетін болса, бағдарлама мүмкіндіктері есейе түседі. Осы бағдарламалау тілдерін игерген кезде, өнімділігі бойынша бағдарламалау тілдерін қолданумен жазылған қосымшалардан кем емес сапалы өнімді аламыз. AutoPlay Media Studio 8 бағдарламасының жаңа нұсқасында объектілердің үлкен кітапханасы қосылды – Professional Content Gallery.
AutoPlay Media Studio бағдарламасында электронды оқулықты, мультимедиалық жобаларды жасау үшін үлкен мүмкіндіктер мен құралдардың бай жиынтығы бар. Жобаға арнайы құралдар арқылы дайындалған графикалық, аудио, видео және анимациялық объектілерді қосуға болады. Бағдарлама белгілі объектілермен: Button, Flash, PDF, Web, SlideShow, Video, QuickTime байланыстыруға болатын түрлі әрекеттердің кең көптүрлілігін ұсынады. Түссіз маскаларды қолдану арқылы, еркін пішінді авторан терезелерін жасау мүмкіндіктері бар. Осындай маска ретінде .jpg, .bmp, .png форматтардағы графикалық файлдар қолдануға болады. Бағдарлама мүмкіндіктері қосымша модулдер – плагиндерді қолданумен кеңейтуге болады. Осы модулдер арқылы жиі жасалатын әрекеттерді немесе тапсырмаларды автоматтандыруға мүмкіндік туады. Мысалы, жандандырылған мәзірді, деректер қорын, тізімдемелерді тез құрастыруға, сонымен бірге олардың көмегімен басқаруға болады. Бағдарламада қосылатын сөздіктер көмегімен, орфография тексеріледі. Бұл опция Paragraph, Label және Button объектілерімен жұмыс істейді.
Иллюстрациялық материалды, мультимедиалық қосымшаларды, әсіресе, жандандыруды, флеш-жандандыруды, интерактивтік үлгілерді, аудио мен бейне үзінділерді жасау кезеңінде қосымша бағдарламалар мен құралдар қолданылуы мүмкін.
AutoPlay Media Studio 8 ортасы түрлі нұсқауларды ұсынады, жобаны CD/DVD-ға, қатты дискіге сақтауға немесе ISO бейнені құрастыруға болады. Бағдарлама дисктің графикалық қабықшасын және автоматты түрде барлық қажетті файлдарды жасайды. Сонымен қатар, жобаны іске қосу үшін компьютерде орнатылған AutoPlay Media Studio бағдарламасының болуында қажеттілік жоқ.
Оқыту семинарын өткен көптеген тыңдаушылар пікірінше, алған білімдері AutoPlay Media Studio 8 ортасында электронды оқулықтарды әзірлеу бойынша белгілі біліктер мен дағдыларды шынықтыруға мүмкіндік берді.
Оқу семинарын тиімді тыңдап өткен тыңдаушылар мынадай мүмкіндіктерге ие болды:
-электронды оқулықтарға қойылатын негізгі критериялармен танысу;
-бағдарламамен танысу;
-интерактивті презентациялар мен мультимедиалық қосымшаларды жасаудың алгоритімін игеру;
-түрлі объектілермен жұмыс жасауға үйрену: бейнероликтар, дыбыс файлдармен, веб-қосымшалармен, flash-қосымшалармен және басқа;
-оқушылардың деңгейін бағалаумен бақылау жүйесіне арналған әртүрлі тест тапсырмаларының түрлерін құрастыруға үйрену;
-беттерге интерактивтікті және динамикалықты қосу үшін скриптер алгоритмдерін игеру.
Облыстық ақпараттық технологиялар орталығындағы оқу семинарында білім мен дағдыларды игере алған тыңдаушылар, білімдерін практикада қолданып, түрлі конкурстарға қатысуда. Мысалы, Е.В. Карякина дүниежүзілік тарих пәні бойынша AutoPlay Media Studio ортасында электронды оқу құралын жасап, «Үздік интербелсенді сабақ» конкурсының жүлдегері болды.
Электронды оқу құралдары оқу материалын жүйелеуге және оқушыларда оқуға деген қызығушылығын арттырып, алда қойылған мақсаттарына жетуге ынталандырады.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1.Краснова Г.А., Соловов А.В., Беляев М.И. Технологии создания электронных обучающих средств. – М.: МГИУ, 2006. – 304 с.
2.Сербин В.В. Технология, методология создания и разработка информационно-обучающих систем: Монография. – Алматы: АИЭС, 2010, – 198 с.
3.http://mirknig.com/
4.Роберт И.В., Кузнецова А.А., Панюкова А.А. Информационные и коммуникационные технологии в образовании. – М: Издательство «Дрофа», 2008, – 320 с

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет