«Электрондық мемлекеттiк сатып алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы»


Электрондық конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті ґнім



бет7/15
Дата20.06.2016
өлшемі1.24 Mb.
#149650
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15

6. Электрондық конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті ґнім
берушілердің конкурстық баға ұсынымдарын ресімдеуі

      35. Электрондық конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті ґнім берушілер (электрондық конкурс қатысушылары) осы КҚ-ға 10-қосымшаға сәйкес веб-порталды пайдалана отырып электрондық құжат түрінде конкурстық баға ұсынымын (бұдан әрі – КБҰ) береді.


      36. Тауарларды немесе қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша электрондық конкурсқа қатысу кезінде электрондық конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті ґнім берушілер (электрондық конкурс қатысушылары) конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсаттың хаттамасында кґрсетілген ең үздік техникалық ерекшеліктерден біреуіне немесе ең үздік техникалық ерекшелікке ҚБҰ береді.
      Конкурсқа қатысуға алдын-ала қолжетімділіктің хаттамасы болмаған жағдайда электрондық конкурсқа жіберілген әлеуетті ґнім берушілер (электрондық конкурсқа қатысушылар конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсаттың хаттамасында кґрсетілген ең үздік техникалық ерекшеліктерден біреуіне немесе ең үздік техникалық ерекшелікке ҚБҰ береді.
      37. Отандың әлеуетті ґнім берушілердің КБҰ-лары теңгемен ұсынылуы тиіс.
      38. Ұлттық емес валютада кґрсетілмеген КБҰ-ларды, веб-портал КБҰ-ларды қабылдау аяқталатын күндегі Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі белгілеген ресми бағам бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңгеге автоматты түрде қайта есептейді.
      39. КБҰ веб-порталдың КБҰ ұсынған ґнім берушіге тиісінше хабарлама жібергеннен кейін қабылданған болып есептеледі.
      40. Веб-портал мынадай жағдайларда КБҰ қабылдаудан автоматты түрде бас тартады:
      1) электрондық конкурс қатысушысының бір электрондық конкурсқа (лотқа) бірден артық КБҰ ұсынуы;
      2) электрондық конкурсты жүзеге асыруға бґлінген сомадан асып кеткен кезде;
      3) конкурстық баға ұсынымы рұқсат беру туралы хаттаманы жариялаған сәттен бастап үш жұмыс күнінен кеш келіп түскен жағдайда.
      41. Әлеуетті ґнім беруші қажет болған жағдайда КБҰ ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғанға дейін кез келген уақытта КБҰ ґзгерте алады немесе ұсынбау құқығына ие.

7. Конкурстық комиссияның электрондық конкурс қатысушыларының
конкурстық баға ұсынымдарын бағалау мен салыстыруы және
электрондық конкурс жеңімпазын анықтау

      42. Әлеуетті ґнім берушілер берген КБҰ туралы мәліметтер автоматты түрде веб-порталда тіркеледі.


      43. Электрондық конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада белгіленген күні мен уақыты веб-портал электрондық конкурсқа қатысушылардың КБҰ-н бағалау және салыстыруды автоматты түрде жүргізеді:
      Қағидаларға сәйкес анықталатын демпингтік баға есептеледі және конкурсқа қатысушының демпингтік болып табылған КБҰ қабылданбайды;
      егер бағасы демпингтік болған КБҰ қабылданбағанынан кейін электрондық конкурсқа қатысушылардың екі және одан да кґп КБҰ электрондық конкурсқа қатысатын болса, электрондық конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада кґрсетілген шартты жеңілдіктерді электрондық конкурстың қабылданған КБҰ-на қатысты қолдану арқылы осы электрондық конкурсқа қатысушылардың шартты бағасы айқындалады;
      электрондық конкурсқа қатысушылардың шартты бағасы салыстырылады, ең тґмен шартты баға негізінде электрондық конкурстың жеңімпазы анықталады;
      КБҰ-лардың шартты бағасы теңескен кезде отандық тауар ґндіруші, жұмыстардың, кґрсетілетін қызметтердің отандық берушісі жеңімпаз болып танылады. Бірнеше әлеуетті ґнім берушілердің жұмыс тәжірибесі тең болған кезде КБҰ-сы басқа әлеуетті ґнім берушілердің КБҰ-сынан бұрын түскен әлеуетті ґнім берушілер жеңімпаз деп танылады.
      44. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттаманы веб-портал автоматты түрде қалыптастырады және конкурстық комиссияның барлық мүшелері мен веб-порталда тіркелген әлеуетті ґнім берушілердің барлығын электрондық почта арқылы автоматты түрде хабардар ете отырып, жариялайды.

8. Электрондық конкурсқа қатысуға ґтінімдерді қамтамасыз етуді қайтару

      45. Ұйымдастырушы әлеуетті ґнім берушіге енгізілген электрондық конкурсқа қатысуға ґтінімді қамтамасыз етуді мынадай:


      1) осы әлеуетті ґнім беруші ґзінің конкурсқа қатысуға ґтінімін конкурсқа қатысуға ґтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі ґткенге дейін кері қайтарып алған;
      2) электрондық конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға қол қойылған. Кґрсетілген жағдай электрондық конкурсқа қатысушылар деп танылған әлеуетті ґнім берушілерге қолданылмайды;
      3) электрондық конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған. Кґрсетілген жағдай конкурс жеңімпазы деп айқындалған электрондық конкурсқа қатысушыға қолданылмайды;
      4) мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енген және электрондық конкурс жеңімпазы КҚ-да кґзделген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізген жағдайлардың бірі басталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қайтарады.
      46. Ұйымдастырушы электрондық конкурсқа қатысуға ґтінімді қамтамасыз етуді мынадай:
      1) әлеуетті ґнім беруші электрондық конкурсқа қатысуға ґтінімдерді табыс етудің соңғы мерзімі ґткеннен кейін электрондық конкурсқа қатысуға ґтінімді кері қайтарып алса не ґзгертсе және (немесе) толықтырған, Заңның 26-1-бабы 2-тармағының үшінші бґліміне сәйкес ҚБҰ ұсынбаған конкурстың қатысушысы болған әлеуетті ґнім берушіні есептемегенде;
      2) электрондық конкурстың жеңімпазы деп айқындалған әлеуетті ґнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарса;
      3) электрондық конкурстың жеңімпазы мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасып, конкурстық құжаттамада белгіленген, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу және (немесе) енгізу мерзімдері туралы талаптарды орындамаған, тиісінше орындамаған, не уақтылы орындамаған жағдайларда қайтармайды.

9. Электрондық конкурс қорытындылары бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шарт

      47. Тапсырыс беруші веб-портал арқылы мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасудың екі мынадай түрінің біреуін таңдайды:


      1) қағаз жеткізгіште;
      2) электрондық шарт нысанында.
      48. Мемлекеттік сатып алу туралы шартты қағаз жеткізгіште жасасқан жағдайда тапсырыс беруші, электрондық конкурстың қорытындысы туралы хаттамаға қол қойған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде әлеуетті ґнім берушіге, тапсырыс берушінің ґкілетті ґкілі тағайындалмайтын жағдайларды есептемегенде тапсырыс берушінің ґкілімен парақтап белгіленетін және тапсырыс беруші қол қоятын осы Қағидаларға 19, 20 және 21-қосымшаларға сәйкес типтік шартқа сәйкес құрылған мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасының екі данасын жолдайды.
      49. Электрондық шарт жасасқан жағдайда тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алу қорытындысы турады хаттамаға қол қойған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде веб-портал арқылы электрондық шартты ресімдеу үшін ґнім берушілердің деректемелері мен шартқа қол қоюшы тұлға туралы мәліметтер сұранымын ґнім берушіге веб-портал арқылы жібереді.
      Ґнім беруші веб-порталда тиісті сұранымды алған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде ґнім берушілердің деректемелері мен шартқа қол қоятын тұлға туралы мәліметтерді толтырады және растайды.
      Ґнім берушінің деректемелері мен шартқа қол қоюшы тұлға туралы мәліметті ґнім беруші растауы жоқ кезде, ґнім беруші шартты жасаудан бас тартқан деп танылады.
      Тапсырыс беруші ґнім берушілер деректемелері мен шартқа қол қоятын тұлға туралы мәліметтерді ґнім беруші растаған күннен бастап бір жұмыс күннен кешіктірмей веб-портал арқылы осы Қағидаларға 19, 20 және 21-қосымшаларға сәйкес үлгілік шартқа сәйкес электрондық шарттың жобасын қалыптастырады, электронды цифрлық қолтаңбасын қояды және ґнім берушіге қол қою үшін жолдайды.
      Ґнім беруші Заңмен орнатылған мерзімдерде веб-портал арқыды электронды цифрлық қолтаңбасымен электрондық шартқа қол қояды.
      50. Ґнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалған күннен бастап он жұмыс күні ішінде мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізуі тиіс.
      51. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ету ґнім берушінің мемлекеттік сатып алу туралы онымен жасалған шарт бойынша ґз міндеттемелерін уақтылы, толық және тиісті түрде орындауға кепілдік ретінде енгізіледі.
      52. Шарттың орындалуын қамтамасыз ету мґлшерін, мемлекеттік сатып алу туралы шартта аванс тґленуі кґзделген жағдайды қоспағанда, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жалпы сомасының үш пайызы мґлшерінде белгілейді.
      Мемлекеттік сатып алу туралы шартта аванс тґленуі кґзделген жағдайда шарттың орындалуын қамтамасыз етуді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы авансқа тең мґлшерде белгілейді, ол мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жалпы сомасының кемінде үш пайызы болуы тиіс.
      53. Ґнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудің мынадай түрлерінің бірін:
      1) тапсырыс берушінің банктік шотына не мемлекеттік органдар және мемлекеттік мекемелер болып табылатын тапсырыс берушілер үшін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында кґзделген шотқа енгізілетін кепілдік ақшалай жарнаны;
      2) осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес қағаз түріндегі банк кепілдігін таңдауға құқылы.
      54. Ґнім берушінің шарт бойынша міндеттемелер толық орындалғанға дейін үшінші тұлғалардың енгізілген кепілдік ақша жарнасына тұтастай не бір бґлігінде талап қою құқығының туындауына әкеп соғатын іс-қимыл жасауына жол берілмейді.
      55. Тапсырыс берушінің ґнім беруші енгізген кепілдік ақшалай жарнаны Заңда кґзделмеген мақсатқа пайдалануына жол берілмейді.
      56. Тапсырыс беруші енгізілген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді шартта кґрсетілген мерзімде немесе ґнім беруші шарт бойынша ґз міндеттемелерін толық және тиісінше орындаған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде ґнім берушіге қайтарады.
      Ґнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша қабылдаған міндеттемелерін тиісінше орындамаған жағдайда тапсырыс беруші тиісті бюджеттің, мемлекеттік кәсіпорынның, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерінің) елу және одан астам пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаның немесе олармен үлестес заңды тұлғалардың кірісіне тұрақсыздық айыбын тґлеу фактісі анықталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде енгізілген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді қайтарады.
      57. Егер мемлекеттік сатып алу туралы шарт ґнім берушінің шарттық міндеттемелерді орындамауына байланысты бұзылса, тапсырыс беруші шарттың орындалуын қамтамасыз етуді қайтармайды.
      58. Заңның 37-бабының 6, 7 және 8-тармақтарында кґзделген жағдайларда мемлекеттік сатып алу туралы шартта оның бір қаржы жылынан астам емес мерзімге жасалуы туралы ережені қамтуы тиіс.
      59. Тауарда жергілікті мазмұн болғаны үшін ґз конкурстық ґтінімінің шартты түрде азаюына ие тауарларды мемлекеттік сатып алу бойынша конкурс жеңімпазы мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасу кезінде тапсырыс берушіге жеткізілетін тауардың бүкіл партиясына СТ-KZ нысанды тауардың шығарылуы туралы сертификатты ұсынады.
      60. Мемлекеттік сатып алу туралы шартта Қазақстан Республикасының салық заңнамасының, Кеден одағының кедендік заңнамасының және (немесе) Қазақстан Республикасының кедендік заңнамасының талаптарына сәйкес қосылған құнға салынатын салықтар мен акциздердің тґленуі туралы талаптар қамтылуы тиіс.
      61. Әлеуетті ґнім беруші Заңда белгіленген мерзімде тапсырыс берушіге мемлекеттік сатып алу туралы қол қойылған шартты ұсынбаған жағдайда немесе мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасап, КҚ-мен ескерілген жағдайларда мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізбеген жағдайда, аталған әлеуетті ґнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасаудан бас тартқан болып есептеледі.
      62. Әлеуетті ґнім берушіні мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасудан жалтарды деп танылған жағдайда тапсырыс беруші:
      1) электрондық конкурсқа қатысуға енгізілген ґтінімнің қамтамасыз етілуін ұстап қалады және уәкілетті органға тиісінше мәліметтерді ұсынады және аталған әлеуетті ґнім берушіні мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы талап-арызбен сотқа жүгінеді;
      2) қажет болған жағдайда аталған әлеуетті ґнім берушіні мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасауға мәжбүрлеу, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасаудан бас тартумен байланысты келтірілген шығындарды ґтеу туралы сотқа жүгінеді.

Конкурстық құжаттаманың


электрондық нысанына 1-қосымша

Лоттар тізбесі
(бекітілген жылдық жоспар негізінде қалыптастырылады)

      Электрондық конкурстың № ___________


      Электрондық конкурстың атауы ________________________________

Лот №

Тапсырыс беруші атауы

Тауар (жұмыстар, кґрсетілетін қызметтер) атауы*

Ґлшем бірлігі

Саны, кґлемі

Жеткізу шарты (Incoterms 2000-ға сәйкес)

Тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді кґрсету мерзімі

Тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді кґрсету орны

Аванстық тґлем мґлшер, %

Лот бойынша бґлінген сома, теңге

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10































      * Тауарлардың, жұмыстардың, кґрсетілетін қызметтердің толық сипаты мен сипаттамасы техникалық ерекшелікте кґрсетіледі.

Конкурстық құжаттаманың


электрондық нысанына 2-қосымша

Сатып алынатын тауарлардың (жұмыстардың, кґрсетілетін
қызметтердің) техникалық ерекшелігі (әрбір лотқа жеке беріледі)

      Электрондық конкурстың № ______________________________________


      Электрондық конкурстың атауы __________________________________
      Лоттың № ______________________________________________________
      Лоттың атауы __________________________________________________
      Техникалық ерекшелікте қажетті ерекшеліктерді, жоспарларды, сызбаларды, эскиздерді қоса алғанда, сатып алынатын тауарлардың (жұмыстардың, кґрсетілетін қызметтердің) толық сипатын және талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамасы беріледі және берілетін тауарлар (орындалатын жұмыстар, кґрсетілетін қызметтер) сәйкес болуы тиіс халықаралық немесе ішкі стандарттар кґрсетіледі.
      Тауарларға берілетін техникалық ерекшелікте функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамасы, үздік техникалық ерекшелікті (үздік техникалық ерекшеліктерді) айқындау мақсаттары үшін функционалдық, техникалық сипаттама параметрлері, тауардың тағайындалуы мен тауарды пайдалану шарттары шегін қамтитын тиісті бґлімдерге бґлінуі тиіс.
      Қажет болған кезде, техникалық ерекшелікте тауарларды жеткізу кезінде тапсырыс берушіге қажет ілеспе қызметтер (монтаждау, теңшеу, оқыту, тауарларды тексеру және сынақтан ґткізу және т.б.) мен олар қай жерде шығарылуы тиістігі, тауардың шыққан жылы, кепілдік мерзімі кґрсетілуі тиіс;
      Қызметтерге берілетін техникалық ерекшелікте функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамасы, үздік техникалық ерекшелікті (үздік техникалық ерекшеліктерді) айқындау мақсаттары үшін функционалдық, техникалық сипаттама параметрлері, тауардың тағайындалуы мен тауарды пайдалану шарттары шегін қамтитын тиісті бґлімдерге бґлінуі тиіс. Осындай қызметтерді тікелей кґрсететін қызметкердің біліктілігіне байланысты қызмет кґрсетілетін қызметтерді сатып алу жағдайында техникалық ерекшелікте қызметкерге, оған жүктелетін міндеттерді орындау үшін оның деңгейі мен кәсіби даярлық бейінін, жұмыс ґтілін айқындайтын, қойылатын талаптардың сипаты беріледі.
      Техникалық ерекшелікте ұлттық стандарт немесе ол болған кезде Қазақстан Республикасының ґндірушілерінің комммерциялық емес ұйымдары бекіткен үкіметтік емес стандарт кґрсетілген болуға тиіс.
      Жобалау-сметалық құжаттаманы талап ететін жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде конкурстық құжаттамада техникалық ерекшеліктің орнына белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттама қамтылуы тиіс.

Конкурстық құжаттаманың


электрондық нысанына 3-қосымша

Электрондық конкурсқа қатысу туралы
келісім

      Осымен электрондық конкурс тәсілімен осы электрондық мемлекеттік сатып алуға әлеуетті ґнім беруші ретінде қатысуға ниет білдіреміз және конкурстық құжаттамада кґзделген талаптар мен шарттарға сәйкес (тауарды (ларды) жеткізуді, жұмыстарды орындауды, қызметтер кґрсетуді) жүзеге асыруға келісім білдіреміз.


      Егер конкурстық құжаттамада техникалық ерекшеліктің орнына белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттама қамтылған болса, онда осымен аталған жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес жұмыстарды орындауға келісім білдіреміз.
      Осымен Заңның 6-бабында кґзделген шектеулердің бұзылуы болмағанын растаймыз.
      Осымен, сондай-ақ Заңда белгіленген тәртіппен (тауарды (ларды), жұмыстарды, қызметтерді) мемлекеттік сатып алу туралы шартты бұзуға әлеуетті ґнім берушінің келісімін білдіреміз.
      Конкурстық құжаттамамен танысқанымызды және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға және конкурстық комиссияға ґзінің құқығы, біліктілігі, сапалық және ґзге де сипаттамалары туралы (жеткізілетін тауарды (ларды), орындалатын жұмыстарды, кґрсетілетін қызметтерді) дұрыс емес мәліметтер бергені үшін жауапкершілігі, олардың авторлық және сабақтас құқықтарды сақтауы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында кґзделген ґзге де шектеулерді сақтауы туралы хабардар етілгенімізді растаймыз.
      Электрондық конкурсқа қатысуға ґтінімде және оған қоса берілетін құжаттарды мұндай дұрыс емес мәліметтер бергеніміз үшін жауапкершілікті ґзімізге толық аламыз.
      Біздің электрондық конкурсқа қатысуға ґтініміміз конкурстық құжаттамада талап етілетін мерзім ішінде қолданылатын болады.
      Біздің ґтініміміз электрондық конкурстың жеңді деп танылған жағдайда біз конкурстық құжаттамада кґрсетілген мґлшерде мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгіземіз.
      Біздің электрондық конкурсқа қатысуға берген ґтініміміз оны жеңді деп тану туралы хабарламамен бірге мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу сәтіне дейін тапсырыс беруші мен біздің арамыздағы міндетті шарттың рґлін орындайтын болады.

Конкурстық құжаттаманың


электрондық нысанына 4-қосымша

Біліктілігі туралы мәліметтер
(әлеуетті ґнім беруші жұмысты орындау кезінде толтырады)

Электрондық конкурстың № ______________________________________


Электрондық конкурстың атауы __________________________________
Лоттың № ______________________________________________________
Лоттың атауы __________________________________________________
      1. Әлеуетті ґнім беруші туралы жалпы мәлімет:
      Атауы _________________________________________________________
      БСН/ЖСН/СЖН/СЕН _______________________________________________
      2. Әлеуетті ґнім берушінің, конкурста сатып алынатындарға ұқсас
соңғы он жыл ішінде орындаған жұмыстарының кґлемі (болған жағдайда
толтырылады).

Жұмыстың атауы

Жұмысты орындау орны (объектінің орналасқан жері)

Тапсырыс берушінің атауы

Тапсырыс берушінің телефон нґмірі

Жұмысты аяқтау жылы

Шарттың құны, теңге (кґрсетпеуге де болады)



















      3. Әлеуетті ґнім беруші жұмыстарды орындау үшін қажет растайтын
қағаз құжаттардың электрондық кґшірмелерін қоса бере отырып,
конкурстық құжаттамада кґзделген жабдықтың (тетіктердің,
машиналардың), не ұқсас (қосымша) жабдықтың (тетіктердің,
машиналардың) болуы туралы мәліметтерді кґрсетеді.



Жабдықтардың (тетіктердің, машиналардың) атауы

Қолда бар бірліктердің саны

Жай-күйі (жаңа, жақсы, нашар)

Жеке меншік, жалға алынған (кімнен)

Растаушы құжаттың атауы, күні және нґмірі (кґрсетпеуге де болады)



















      4. Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбекақы тґлеу қоры *



Жұмыскерлердің Т.А.Ә. (жеке куәлік № және берілген күні кґрсетілсін)

Лауазымы

Азаматтығы

Жалақысы

1













2













3













ҚР азаматтарының еңбекақысының барлығы













       5. Қаржы ресурстарына қол жеткізу туралы мәліметтер:
(ақшалай қаражат: меншікті, кредиттік және т.б.) Тґменде тізбелеу қажет.
_____________________________________________________________________
Біліктілігі туралы барлық мәліметтердің дұрыстығын растаймын

      Есткертпе * толтырмауға болады.

Конкурстық құжаттаманың
электрондық нысанына 5-қосымша



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет