«Әлем нақты ғылымдар тілінде» миф онкүндігінің ашылуы



бет2/5
Дата18.03.2024
өлшемі29.16 Kb.
#495929
1   2   3   4   5
МАТЕМАТИКА ПӘН АПТАЛЫҒЫНЫҢ АШЫЛУЫ АПТАЛЫҚ СЦЕНАРИЙІ

«Информатиктер» тобы! 
Армысыңдар, бүгінгі кешке жиналған қауым! 
Құтқарып ауыр бейнеттен 
Техниканы үйреткен 
Роботтай – адамды 
Тіл бітіріп сөйлеткен 
Компьютер емей немене 
Білмегенді білдірген 
Өлшеп киім кигізген 
Барлық істі атқарып 
Пайдасын елге тигізген 
Компьютер емей немене 
Бәріңіз маған қараңыз! 
Ойынымызды бастайық 
Алуан түрлі ойларды 
Ортамызға тастайық. 
Информатика пәнінен 
Көрсетіп біздер батырлық 
Ой толғалық жүйелі 
Таңдайымызға татырлық 

«Физиктер» тобы 
Уа, халайық, халайық! 
Бәріңе жар салайық! 
Бүгінгі кеш төрінде, 
Физика елінде, 
Физика тілінде, 
Есеп шешіп жарысып, 
Жұмбақ шешіп аңдысып… 
Шабыттасып шалқысып, 
Есеппен ән салысып. 
Көңілді кеш жасайық, 
Жұмбақ шерді шашайық. 
Ат салысып аянбай
Бар өнерге басайық. 

«Математиктер» тобы 
Ғылымдардың патшасы атанған, 
Евклид, Фалес, Пифагордан бата алған, 
Төзбейтін өтірікке жалғандыққа! 
Жасықтан емессің сен қаталдансың 
Ақыл – ойды тәртіпке келтіретін 
Нағыз пән математика атанғансың 
Жас достар, 
Мұны жақсы ұғайық 
Математика ғылымы 
Құрметтеуге лайық 
Дүниедегі құбылыстың мәніне 
Табиғаттың, қозғалстың бәрінде 
Мүмкін емес есептерсіз түсіну 
Есебіңіз дүние кілті әлі де. 

2-Жүргізуші: Құрметті көрермендер, математика, физика және информатика пәндерін сүйіп оқитын оқушыларға құрмет көрсетейік! Физикадан Республикалық сырттай оқудан ІІ орын иегері Сейлханов Байғали, Аудандық кіші ғылыми академияның І орын иегері, аудандық «Дарын» бойынша ғылыми жобасының ІІ орын иегері Жексенбек Нұрлан, аудандық «Дарын»-нан ІІІ орын иегері Қалиева Үміт.
Оқушылар сендерге де осы оқушылардың жетістігіне жетулеріңе тілектеспіз.
1-Жүргізуші: Құрметті көрермендер, осыған орай назарларыңызға «Математикалық ертегі» ұсынамыз. Қарсы алыңыздар! 
Ертеде әжесі мен 2 немересі тұрыпты. Бір күні немерелері мектептен шаршап келіп, математика сабағын жек көріп, екеуі де ашуланыпты. Сонда: 
- Сен осы математика сабағын жақсы көресің бе? 
- Жоқ, осы математика сабағы, сандар, есептер соның бәрі маған жыныма тиеді. 
-Сен ше? 
- Мен де сол сабақты жек көремін. Осы математика сабағы, сандар, есептер, фигуралар болмаса ғой. Мен осы сабақ үшін басқа сабақтарды оқып үлгермеймін және есептерден басым қатады,- деп екеуі де, үстелдің үстінде ұйықтап қалады. 
Бұның бәрін естіп қалған сандар, барлығы жиналып, ақылдасып, басқа амал жоқ екенін біліп, балалардан қашып кетеді. 
Кейінірек олардың бөлмесіне кірген әжесі шошып кетеді. 
- Ойбай- а- а- й! Құдай сақтасын! Мынау сандар қайда қашып кеткен? Бүгін нешінші күн, сағат неше болғанын білмейміз ғой. 
- Балаларым, айналайындар, тұрыңдар! 
- А? Не болды? Біз ештеңе білмейміз,- деп немерелері таң қалды. 
- Сендер, математикасабағын жақсы көрмегендіктен сандардың бәрі қашып кетті., ентең ертемен тұрып сандарды іздеуге шығайық. Енді бұдан басқа амаламыз жоқ,- деп әжесі қайғырады. 
Со кезде есікті біреу қағып, әжесі тұрып қараса бір қария адам келіп тұр екен. 
- Сәлеметсіз бе? – деп қария амандасады. 
- Сізде математиканы жек көретін бала бар ма, мен соларды іздеп келе жатыр едім? 
- Бізде мұндай бала жоқ. Бізде бәрі жақсы.,- деп әжесі немерелерін қорғаштайды.
- Сағат неше болды?- деп сұрайды. 
- Сағат, ээммм-ээээ- деп әжесі айта алмайды. 
- А-а-аай! Қап, бәлем! Сендерде екен ғой сандардың бәрінің қашып кеткен. Осы математика әлемінің заңы бойынша мына есептерді шығарсаңдар ғана сандар қайтып келеді? 
(Көрермендерге сұрақ) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет