«№9 орта мектеп» мемлекеттік коммуналдық мекемесі
«Әлем нақты ғылымдар тілінде»
МИФ онкүндігінің ашылуы
2013 – 2014 оқу жылы
Тақырыбы: Әлем нақты ғылымдар тілінде.
Мақсаты:
• Мектеп көлемінде ұйымдастырылған апталықтың негізгі мақсаты – мүмкіндігінше мектептің барлық оқушыларын белсенді қатыстыру;
• Оқушылардың ойлау қабілеті мен математикалық қабілеттерін арттыру;
• Математика пәні бойынша білімдерін тереңдету;
• Математикаға, физика және информатикаға деген қызығушылығын арттыру;
Апталықтың ашылуына 5,6,7,8,11 класс оқушылары қатысты.
Құрал –жабдықтар: Математиктердің нақыл сөздер жазылған плакаттар, зал шарлармен безендірілген.
Барысы:
Ашылу әуені ойнайды.
1- Жүргізуші
-Уа, халайық, халайық,
Бәріңе жар салайық.
Бүгінгі кеш төрінде
Дарындылар елінде
Тапқыштардың тілінде,
Есеп шешіп, жарысып
Жұмбақ шешіп аңдысып
2- Жүргізуші
Шабыт тасып шалқысып,
Есеппенен ән салысып.
Көңілді кеш жасайық
Жұмбақ шерді шашайық
Ат салысып аянбай
Бар өнерге басайық
1-жүргізуші
Асып әсте саспайық
Батыл қадам бастайық
Еркіңді билеп барынша
Жарыста сірә, қалыспа
Кеш қызығын ей, достар.
Осылайша шабытпен
Кәне енді бастайық.
2-жүргізуші
Мұнда қызық табылар
Жаңылтпаш, жұмбақ бәрі бар.
Айтыс, тартыс тағы бар
Сөз жұмбақ та, сан жұмбақ.
Суретті жұмбақ, шеш жұмбақ.
О-о-ой, бір қызық кеш болар,
Өздеріңмен бес болар.
1-жүргізуші.
Барлықтарыңызды Математика – Информатика – Физика пән апталығының ашылуымен құттықтаймыз! Апталықта бәрі бар – ашық сабақтар, жарыстар, конкурстар... Тамашалап, белсенді ат салысып, білімді жастар екенімізді көрсетейік!
2-жүргізуші: Бүгінгі кешке барлық ғылымдардың ішіндегі ең ауыр және ең қызық болып көрінетін үш егіз пәннің мектебіміздегі алыптарын ортаға шақырайық.
ПӘН БОЛЫП КИІНГЕН 3 ОҚУШЫ ШЫҒЫП, ТАҚПАҚТАР ОҚИДЫ.
Достарыңызбен бөлісу: |