Әлем тарихы (1500 жылдан бастап)


Студент жұмыстың маңызды жалпыоқытулық тәсілдеріне ие болуы тиіс



бет9/10
Дата24.02.2016
өлшемі1.29 Mb.
#14793
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Студент жұмыстың маңызды жалпыоқытулық тәсілдеріне ие болуы тиіс:

І. Оқу қызметін жоспарлау шеберлігі мен дағдылары

- оқу міндеттерін сезіну;

- мақсат қою;

- оларға жетудің оңтайлы жолдарын таңдау;

- қызмет кезеңдерінің сабақтастығы мен жалғастығын анықтау;

- қызмет үлгілерін /алгоритмін/ құра білу;

- сабақта және үйде өздік жұмыстарын жоспарлау;

- бір күнге, бір аптаға, бір айға жоспарлау.



ІІ.Өзінің оқу қызметін ұйымдастыру шеберлігі мен дағдылары:

- жұмыс орнын ұйымдастыру - оқу құралдарының болуы мен оның жағдайы, оларды тиімді орналастыру, қолайлы гигиеналық жағдайлар жасау;

- жұмыс режимін ұйымдастыру;

- өздік үй жұмыстарын ұйымдастыру;

- ойлау қызметінің тәртібі мен тәсілдерін анықтау.

ІІІ. Ақпараттарды қабылдау шеберлігі мен дағдылары, әртүрлі ақпарат көздерімен жұмыс (коммуникативті):

- оқулықпен жұмыс жасау, оқу, конспектілеу;

- библиографиялық іздеу жұмыстары, анықтамалықтармен, сөздіктермен жұмыс жасау;

- сөзді тыңдау, тыңдалғанды жазып алу;

- ақпараттарды назар қойып қабылдау, назар аударуды басқару.

- бақылау;

- есте сақтау.

Ерекше топты компьютермен жұмыс істеу шеберлігі мен дағдылары құрайды, оның ішінде:

- интернетте жұмыс жасау;

- электронды оқулықтармен жұмыс жасау;

- оқытушы бағдарламамен жұмыс жасау;

- дистанциондық оқыту жағдайында жұмыс жасау;

- электронды пошта (off-line) бойынша және жедел режим (on-line) бойынша телеконференциялар;

- электронды хабарландыру тақталары;

- электронды кітапханалар

- электронды пошта (off-line) немесе жедел режим (on-line) арқылы деректер базасына шығуға мүмкіндік;

- телебейне конференциялары.

Студенттер өздері еркін оқу және арнайы сипаттағы әдебиеттермен жұмыс жасай білуі қажет, сонымен қатар оларды қызықтыратын мәселелерді іздеп тауып және оларды ашып қарастыра білуі тиіс.

СОӨЖ тақырыптары
1 тақырып. Европа жаңа заманда. Ұлы географиялық ашулардың салдары.


  1. Нидерланды.

  2. Англия.

  3. Франция.

  4. Германия.

2 тақырып. Европа 18 ғасырда.



  1. Европадағы ертебуржуазиялық мемлекеттер және білімдар абсолютизм.

  2. Ұлы француз революциясы.

  3. Европадағы елдердің XVIII ғасырдағы экономикалық дамуы.

  4. Европалық державаларының отарлық саясаты және Солтүстік Америкадағы ағылшын отарларының азаттық үшін күресі.

3 тақырып. 19 ғасырдағы алдыңғы қатарлы мемлекеттер.



  1. Европадағы XIX ғасырдағы халықаралық қатынастар және революциялық қозғалыс.

  2. АҚШ-тағы, Латын Америкасындағы, Жапониядағы буржуазиялық революциялар.

  3. Индустриалды өркениеттің қалыптасуы.

4 тақырып. 20 ғасырдағы дүниежүзілік соғыстар. Себептері мен салдары. 



  1. Бірінші дүниежүзілік соғыс.

  2. Фашизмнің тууы. Әлем екінші дүниежүзілік соғыстың қарсаңында. Екінші дүниежүзілік соғыс.

5 тақырып. XX ғасырдағы жаһандық өзгерістер.



  1. XX ғасырдың бірінші және екінші жартысындағы ірі экономикалық дағдарыстар. Мемлекеттік-монополиялық экономиканың феномены.

  2. Отарлық жүйенің ыдырауы.

  3. Дамушы елдер және қалықаралық дамудағы олардың орны.

6 тақырып. Дүниежүзілік социализм жүйесінің даму кезеңдері.

1. Дүниежүзілік социализм жүйесінің пайда болуы.

2. Дүниежүзілік социализм жүйесінің дамуының кезеңдері.

3. Дүниежүзілік социализм жүйесінің күйреуі.
7 тақырып. Үшінші ғылыми-техникалық революция. Постиндустриалды өркениет.

1.Қазіргі ғылыми-техникалық революцияның кезеңдері.

2.Постиндустриалдық өркениетке өту.
Тема 8. Дүниежүзілік дамудың қазіргі кезеңдегі тенденциялары.


  1. Экономиканың интернационализациялануы

  2. Капитализмнің дүниежүзілік үш орталығы

  3. Қазіргі заманның жаһандық проблемалары

Әдебиеттер:

1. Александров В.В. Новейшая история стран Европы и Америки. 1945–1986 – М.: Высшая школа, 1988.

2. Великая Отечественная война Советского Союза. 1941–1945 гг. Краткая история. – М., 1984.

3. Виппер Р.Ю. и др. История нового времени. – М.: Республика, 1995.

4. Верт Н. История Советского государства. 1900-1991. – М.: Прогресс, 1992.

5. Война и послевоенное развитие мирового сообщества. 1939–1991: Учеб. пособие. – М.: МАИ, 1992.

6. Дьяконов И.М. Пути истории. От древнего человека до наших дней. – М.; Восточная литература, 1994.

7.  Из истории мировой цивилизации. / Под ред. Ш.М. Мунчаева. – М., 1993.

8.  История Древнего Востока. – М.: Наука, 1988.

9. Жаңа заман тарихы. Бірінші кезең. Оқу құралы. / Қ. Ізтілеуов Астана Фолиант 2008

10.Еуропа және Америка елдерінің жаңа заман тарихы 1870- 1918 жж. Алматы, 2005.


Қосымша әдебиеттер:


  1. История средних веков. – М.: Просвещение, 1986.

  2. История СССР. 1861–1917: Учебник. / Под ред. В.Г. Тюкавкина. – М.: Просвещение, 1989.

  3. Капустин Б. Г. Глобальные проблемы мирового общественного развития. – М.: УДН, 1991.

  4. Краткая всемирная история. В 2-х кн. / Под ред. А.З. Манфреда. – М.: Наука.1966

  5. Лурье Ф.М. Российская и мировая история в таблицах. – СПб.: Каравелла, 1995.

  6. Новейшая история зарубежных стран: Европа и Америка. 1917–1945. – М.: Просвещение, 1989.

  7. Россия и мир: Учеб. книга по истории. В 2-х ч. – М.: Владос, 1995.

  8. Семенникова Л.М. Россия в мировом сообществе цивилизаций: Учеб. пособие для вузов. – М.: Интерпракс, 1994.

  9. Современные Соединенные Штаты Америки: Энциклопедический справочник. – М.: Политиздат, 1988.

  10. Хозяйственные реформы в России (IX–XX вв.): Учеб. пособие. / Под ред. А.Н. Романова, А.Н. Марковой. – М.; ВЗФЭИ, 1993.

  11. Широков Г.В. Развивающиеся страны в мировом капиталистическом хозяйстве. – М.: Наука, 1987

БАҒАЛАУ ТУРАЛЫ НЕГІЗГІ МӘЛІМЕТТЕР
СОӨЖ – ді бағалау балл ретінде жоғарыдағы таблицасы бойынша қойылады.

Міндетті түрде орындалған тапсырмалармен қатар әр түрлі жағдайлар бойынша балл жинай алмаған студенттер қосымша тапсырмалар ала алады (тірек – сызбалар, таблица, кластер, постер, эссе, конспект, реферат).

Студеттердің лекцияға белсенді, продуктивті жұмыстары баллмен бағаланады.

Семестрдың аяғындағы аудиториялық жұмыстар, СОӨЖ уақыттарында жинаған баллдар қосылып, процентке ауысады


Семестрлік жүктемені орындауда студенттің білімі, іскерлігі келесі жүйе бойынша бағаланады:

1 дәріс х 0,5 б. = 30 д. = 15 б.

1 семинар х 0,25тен 1 б. дейін=15 с. =3,75-15 б.

5 = 1 б.; 4 = 0,75 б.; 3 = 0,5 б.

Семинарға белсенді қатысқаны үшін 0,25 б.

ОСӨЖ және СӨЖ = 15-30 б.


1 аттестация 2 аттестация 1 и 2 аттест.

14 д. х 0,5 = 7 б. 16 д. х 0,5 б. = 8 б 60 б.

7 с. х 0,25 тен 1 б.дейін = 1,75 – 7 б. 8 с. х 0,25-1 б = 2,0 б – 8б.

ОСӨЖ және СӨЖ = 16 б. ОСӨЖ және СӨЖ = 14 б.


Алғашқы қоғам тарихы пәні бойынша рейтинг көрсеткіші

І аттестация

Д,С, ОСӨЖ және СӨЖ



ІІ аттестация

Д,С, ОСӨЖ және СӨЖ



Сессияға рұқсат рейтингісі

Емтихан бағасы

Жиынтық көрсеткіш

15-30

15-30

30-60

20-40

50-100


Қорытынды баға көрсеткіші:

Қорытынды: 100 балл; А1 + А2 + Е = 100 балл; Қ = Р 60% + Е40% =100 %;

1 балл = 1%


Рейтинг

0-49

50-54

55-59

60-64

65-69

70-74

75-79

80-84

85-89

90-94

95-100

Балл

0

1,0

1,33

1,67

2,0

2,33

2,67

3,00

3,33

3,67

4,0

Әріптік

Эквивалент



F

D

D+

C-

C

C+

B-

B

B+

A-

A

Баға

қана

ғ/з


қанағаттанарлық

жақсы

өте жақсы

Аттестация 1-30 балл

= 60 балл (60 %)

Аттестация 2 -30 балл.

Аттестациялық бағаның көрсеткіші (0-30 балл)




Аттестация

0-14

15-22

23-26

27-30

Баға

қанағаттанарлықсыз

қанағаттанарлық

жақсы

өте жақсы

Емтиханға рұқсат рейтингісі (мысалға):



  1. А1 12 + А2 13 = 25 (15тен 29 дейінгі балл) емтиханға жіберілмейді

  2. А1 16 + А2 18 = 34 (30 дан 60 дейінгі балл) емтиханға жіберіледі


ЕМТИХАН БАҒАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ (0-40 б.) Емтихан – 40 балл (40%)


Балл

0-19

20-29

30-36

37-40

Баға

қанағаттанарлықсыз

қанағаттанарлық

жақсы

өте жақсы




  1. Емтихан 0 ден 19-ға дейінгі балл – «қанағаттанарлықсыз» (академиялық борыш)

  2. Емтихан 20 дан 40-қа дейінгі балл – емтихан тапсырылды

Мысалы:

Қорытынды: 16 + 18 + 22 = 56 (D+; 1,33; Қанағаттанарлық )




    1. Курсты жүргізу саясаты

Пәнді оқыту барысында қойылатын әкімшілік талаптар:

  • Студент сабаққа қатысуға тиісті;

  • Барлық академиялық тапсырмаларды жауапкершілікпен орындауға;

  • ОСӨЖ тапсырмаларын ұқыпты уақытында орындауға;

  • Аталынған талаптар орындалмаса тиісті айыптарды орындауға;


7. ЕМТИХАН СҰРАҚТАРЫ

  1. Әлем тарихын кезеңдерге бөлу.

  2. Әлем жаңа заман кезеңінде. Капиталистік қатынастардың тууы және дамуы.

  3. XIX ғ. соңы – XX ғ. басындағы Батыс пен Шығыс елдерінің дамуының жалпы сипаты.

  4. Бірінші дүниежүзілік соғыс: сипаты және салдары.

  5. Дүниежүзі елдерінің XX ғ. 20-30 жылдардағы дамуы.

  6. Дүниежүзілік тарихтағы КСРО-ның орны.

  7. Екінші дүниежүзілік соғыс.

  8. Дүниежүзілік социализм жүйесі.

  9. XX ғасырдағы жаһандық өзгерістер. Отарлық жүйенің күйреуі.

  10. Әлемдегі шешілмеген даулы мәселелер.

  11. XX–XXI ғғ. тоғысындағы батыс және шығыс өркениеттері.

  12. Европа жаңа заманда. Ұлы географиялық ашулардың салдары.

  13. Европа 18 ғасырда.

  14. 19 ғасырдағы алдыңғы қатарлы мемлекеттер.

  15. 20 ғасырдағы дүниежүзілік соғыстар. Себептері мен салдары. 

  16. XX ғасырдағы жаһандық өзгерістер.

  17. Дүниежүзілік социализм жүйесінің даму кезеңдері.

  18. Үшінші ғылыми-техникалық революция. Постиндустриалды өркениет.

  19. Дүниежүзілік дамудың қазіргі кезеңдегі тенденциялары.

  20. Ұлы француз революциясы.

  21. АҚШ-тың партиялық жүйесінің құрылуы.

  22. БҰҰ-ның құрылуы және даму жолы.

  23. Ядролық қарудың таралмауының үдерісі.

  24. XX ғасырдағы әлемдегі дағдарыстар.

  25. Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің ассоциациясы (АСЕАН).

  26. Ұлыбританиядағы көппартиялық жүйе.

  27. Кариб дағдарысы.

  28. Орыс-жапон соғысы.

  29. Қытай Халық республикасының бүгінгі дамуға жету жолдары.

  30. Азиялық ойындар – халықтар ынтымақтастығының көрінісі.

  31. Коммунистік қозғалыстың тууы және Коминтерн.

  32. Вьетнам соғысы.

  33. Африка бірлестігінің ұйымы.

  34. Семей ядролық сынақ полигоны – «қырғи қабақ» соғыстың салдары.

  35. Отто Бисмарк – саясаткер, аса көрнекті мемлекет қайраткері.

  36. Ф.Д. Рузвельт: өмірі және қызметі.

  37. Гаага трибуналы: құқықтық мүмкіндіктері және қазіргі заманғы әлемдік қылмыстармен күрес.

  38. Социалистік мемлекеттің кубалық моделі.

  39. Мао Цзедун: өмірі және қызметі.

  40. Үндістанның көрнекті қоғам және мемлекет қайраткерлері: Мохандос Карамчанд Ганди, Джавахарлал Неру, Индира Ганди.

  41. Екі Кореяның пайда болуы: біріктірудің проблемалары.

  42. Израиль мемлекеті.

  43. Араб елдері қазіргі кезеңде.

  44. Шығыс елдеріндегі аймақтық қақтығыстар

  45. Араб Шығысы елдеріндегі аймақтық қақтығыстар.

  46. Таяу және Орта Шығыс елдерінің қоғамдық-саяси және аймақтық саясатындағы «ислам факторы».

  47. Араб елдерінің өзара ынтымақтасу саясаты.


8. ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ


  1. Ағылшын буржуазиялық революциясының басталуына түрткі болған оқиға: 
    «Ұзақ парламенттің» шақырылуы

  2.  ХҮІІІ ғ. Индустриялық өркениеттің отаны: Англия 

  3. Ағылшын буржуазиялық революциясының тарихи маңызы: 
    Абсолютизм және феодалдық тәртіптер жойылды 

  4. ХҮІІ ғ Англияда капиталистік қатынастардың дамуына ең басты кедергі болған жағдай: Абсолютті монархия мен ескі феодалдық тәртіптер

  5. Ағылшын буржуазиялық революциясының нәтижесінде орныққан мемлекеттік басқару формасы: Парламенттік монархия 

  6. 1649 ж. диггерлер қозғалысында ұсынылған талаптар: Жердің қоғамдастырылуын

  7. 1653 ж. Англияда қабылданған жаңа конституция – «Басқару жоспарының» мәні: Кромвель лорд-протектор болып тағайындалды 

  8. 1688 ж. Англияда орнаған мемлекеттік басқару жүйесі: 
     Парламентті монархия

  9.  ХVІІ ғ. қалыптасқан Ағартушылық көзқарастың мәні: Қоршаған әлемді ғылым мен тәжірибе арқылы тану 

  10. Шотландық экономист әрі философ Адам Смиттің экономикалық теориясының мәні: Адам өзінің жеке мүддесін ойлай отырып қоғамды жақсарта түседі және байытады 

  11. Солтүстік Америка отарларының тәуелсіздік үшін соғысы болған жылдар: 
    1775-1783 ж.

  12.  Отары бар мемлекет: Метрополия

  13.   АҚШ-тың үшінші президенті Томас Джефферсонның тарихта қалдырған еңбегі: «Тәуелсіздік декларациясы» 

  14. 1778 ж. АҚШ-тың Франциямен одақтық келісім жасауға қол жеткізген дипломат: Бенжамин Франклин

  15.  1783ж. АҚШ пен Англия арасындағы келісімшарттың басты нәтижесі: 
    Құрама Штаттар тәуелсіз мемлекет ретінде ресми танылды

  16.  1787 ж. АҚШ Конституциясының толығымен демократиялық сипатта болмау себебі: Қара түстілерді құлдыққа алудың заңдастырылуы 

  17. АҚШ Конституциясы қабылданған жыл: 1787 ж.

  18. ХVІІ ғ. Франциядағы сословиелік уәкілдіктің жоғарғы мекемесі: 
    Бас штаттар

  19.  1789 ж. Француз революциясының басты саяси жетістігі: Абсолюттік монархияның құлауы

  20.  Тарихта тұңғыш рет «Адам және азамат құқықтарының декларациясын» қабылдаған республика: Франция 

  21.  1792 ж. Пруссия мен Австрияның Францияға қарсы одақ құру себебі: 
    Француз революциясын тұншықтыру үшін 

  22. 1792 ж. 22 қыркүйектегі Франция тарихындағы маңызды оқиға: 
    Францияның республика болып жариялануы

  23.  1793 ж. Жирондықтар құлағаннан кейін саяси билікке келгендер: 
    Якобиншілдер

  24.  ХVІІІ ғасырдың І ширегінде Ресей экономикасына тән жағдай: 
    Батыс елдерінен техникасы мен экономикасы жағынан артта болды

  25.  Ресейдің болашақ астанасы – Санк-Петербург қаласының құрылысы басталған жыл: 1703 ж. 

  26. 1721 ж. Ресей мен Швеция арасында қол қойылған бейбітшілік келісімі: 
    Ништад келісімі 

  27. 1700 ж. 9 тамызда Ресей соғыс жариялаған мемлекет: Швеция 

  28.  Орыс тарихшысы В.О.Ключевскийдің 1725-1761 ж. аралығындағы Ресей тарихын атауы: «Сарайлар төңкерісі дәуірі» 

  29. 1773-1775 жылдары Ресейде болған көтерілістің басшысы: 
    Е.Пугачев 

  30. 1700-1721 жылдары болған соғыс: Солтүстік соғыс

  31. ХVІІ ғ. алғашқы ширегінде Үндістанның солтүстігінде өмір сүрген мемлекет: 
    Дели сұлтандығы

  32.  ХVІІІ ғ. ортасында Үндістанды отарлау үшін соғысқан мемлекеттер: 
    Англия мен Франция

  33.  ХVІІ ғ. Осман империясының әскери күш-қуаты мен өкімет билігінің әлсіреуіне себеп болған басты жағдай: Сипахилік жүйенің ыдырауы

  34.   1730 ж. Стамбулда қала кедейлерінің көтерілісін бастаған: 
    Патрон Халил 

  35. ХVІІІ ғ. ІІ жартысында Англия мен Францияның «осман мұрасын» бөлісуде ІІ Екатерина патшайымның саясатына қарсы шығу себебі:

Ресейдің Балқан мен Жерорта теңізінде күшейіп кетуінен қауіптенді 

  1. ХVІІІ ғ. Цин империясының ұстанған сыртқы саясаты: Оқшаулану саясаты

  2.  1628-1644 жы. Қытайдағы шаруалар көтерілісінің басшысы: 
    Ли Цзычэн

  3.  1757 ж. бастап Қытай императоры Цяньлунның еуропалықтарға байланысты ұстанған саясаты: Қытайға келуіне тыйым салды

  4.  Жоңғар хандығының негізі қаланған жыл: 1635 ж.

  5.  Жоңғар мемлекетінің алғашқы ханы: Батыр қонтайшы 

  6.  ХVІІ ғ. аяғынан бастап билік құруда «шығыстық король», «батыстық техника» принципін ұстанған мемлекет: Жапония 

  7. ХVІІ-ХVІІІ ғ. араб әлемінде жүзеге аса бастаған саяси жағдай: 
    Капиталистік-отаршылдық жүйенің ықпалына түсе бастауы

  8.  ХVІІ ғасырда Иранды билеген әулет: Сефевидтер әулеті 

  9.  ХVІІ ғ. Ирандағы мемлекет меншігіндегі жер: Дивани 

  10.  1795 ж. АҚШ-пен бейбітшілік және достық туралы шартқа қол қойған араб елі: Алжир

  11.  1869 ж. іске қосылған Суэц каналын салған мемлекет: Франция

  12.  ХVІІІ ғ. Иран халқының ауғандарға қарсы күресін басқарған ...... 
    Нәдір 

  13. ХVІІІ ғ. Иран шахы Нәдірдің саяси беделінің түсу себебі: 
    Үздіксіз жүргізген соғыстарының халыққа ауыр зардаптар әкелуі 

  14. ХVІІ ғ. Ирандағы отбасы меншігіндегі жер: Хассэ

  15.  ХVІІ-ХVІІІ ғ. Еуропалық жаулап алушылар құрған сауда тірек пунктері: 
    Факториялар 

  16. ХVІІ ғ. басына қарай Батыс Еуропа елдерінің ішінде сауда және отарлық біріншілікті иемденген мемлекет: Голландия 

  17. ХVІІ-ХVІІІ ғ. Англияда «мемлекет ішіндегі мемлекет» атанған ерекше құрылым: Ост-Үнді компаниясы

  18.  ХVІІ-ХVІІІ ғ. Қытай, Жапония елдерінің шетелдік отаршылдарға елді тонатпау үшін ұстанған саясаты: «Жабық есік» 

  19.  ХVІІІ-ХІХ ғ. Шығыс елдерінің экономикалық саяси және мәдени жағынан артта қалуының басты себебі: Еуропалық отаршылдардың тонаушылық саясаты 

  20. Метрополия дегеніміз..... Отар иемденген мемлекет

  21.  Экспансия саясатының мәні: Мемлекеттің өзінің ықпалын басқа елдерге түрлі әдістермен тарату саясаты

  22.   Дүние жүзінде отаршылдық жүйенің негізін қалағандар: 
    Сауда компаниялары 

  23. 1819 ж. Англияда лорд Ливерпуль кабинетінің әлеуметтік заң шығару саласында жасаған маңызды қадамы: 9 жасқа дейінгі балаларды жұмысқа алуға тыйым салынды 

    Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет