2. Жекелеген мектептер мен бағыттардың пайда болуы (О.Конт, Э.Дюркгейм, Г.Спенсер. М Вебер).
О.Конттың позитивизм теориясы
Конт пікірінше, әлеуметтану жаратылыстану ғылымына сай, әлеуметтік құбылыстарды эмпирикалық және аналитикалық түрде зерттеу және фактілер негізделу қажеттілігін түсіндірді.
Конттың әлеуметтік тұжырымдамасы бойынша, қоғамды ақыл-сана, идея басқарады.
О. Конттың әлеуметтік статика және әлеуметтік динамика ілімі
Әлеуметтік статика – бұл қоғамдық өмірді ұйымдастыру мен қоғамдық тәртіп туралы теория, әлеуметтік үйлесімділікке қол жеткізу ілімі.
Ал әлеуметтік динамика қоғамдық өмірдің процестерін, оның дамуын зерттейді.
Әлеуметтік динамиканың негізгі идеясы –
адамзат эволюциясы.
Әлеуметтік өзгерістер көптеген факторлармен байланысты, дегенмен олардың арасындағы ең бастысы – ақыл-ойдың дамуы, яғни интеллектуалдық эволюция.
Әлеуметтік динамика шеңберінде О. Конт
екі заңды негіздеді:
«үш саты» заңы
«қос эволюция» заңы
«Үш саты» заңы бойынша
адамдардың танымдық әрекеті үш сатыдан тұрады, осыған сәйкес О. Конт қоғамның дамуын да үш сатыға боледі:
- Теологиялық саты (1300 ж. дейін)
- Метафизикалық саты (1800 ж. дейін)
- Позитивтік саты (1800 жылдан бастап)
«Қос эволюция» заңы қоғам эволюциясының себептерін түсіндіруге арналған.
Қоғамдық дамудың барлық факторларын
О. Конт екі топқа бөледі:
бірінші фактор (рухани және интеллектуалдық);
екінші фактор (климат пен нәсіл).
Герберт Спенсер(1820-1903) - ағылшын философы, әлеуметтанушы - екінші
әлеуметтанудың негізін салушы.
Оның негізгі еңбектері: ««Основания
социологии»»(1876-1896),«Социология как предмет изучения»(1903), т.б.
Герберт Спенсердің әлеуметтік эволюция идеясы.
Спенсердің әлеуметтанулық теориясы Дарвиннен қабылдаған екі принципке негізделді: қоғамды организм деп түсіну және әлеуметтік эволюция идеясы.
Спенсердің әлеуметтануының, аса кұнды жағы — «Әмбебап эволюция заңы».
Бұл заң бойынша эволюция — дамудың бірден-бір кайнар көзі. «Әлеуметтану принциптері» атты еңбегінде Г. Спенсер осы идеясын тереңдете келіп, қоғам организм іспетті немесе асқан органикалық агрегат сияқты деген басты тезисін негіздеді.
Спенсер әлеуметтік және табиғи өмірдің дамуына эволюция себеп болды деп санайды.
Достарыңызбен бөлісу: |