Әлеуметтану теорияларына кіріспе 2 Дәріс тақырыбы



бет1/5
Дата22.10.2022
өлшемі1.96 Mb.
#463264
  1   2   3   4   5
Әлеуметтану 2 лекция


Әлеуметтану теорияларына кіріспе
2 Дәріс тақырыбы
1.Әлеуметтанулық теориялар. Макро және микродеңгейлер.
2.Жекелеген мектептер мен бағыттардың пайда болуы (О.Конт, Э.Дюркгейм, Г.Спенсер. М Вебер)
3.Құрылымдық функционализмнің негізгі тұжырымдары
4. Қақтығыстар теориясы
5. Символикалық интеракционизм. Рөлдер теориясы
Дәріс жоспары
1. Әлеуметтанулық теориялар. Макро және микродеңгейлер.
Қоғамды зерттеуге бағытталған барлық социологиялық теориялар екі деңгейге бөлінеді:
Макросоциологиялық теориялар
Микросоциологиялық теориялар
Макросоциологиялық теориялар біртұтас социумның өмір сүруі мен дамуының жалпы заңдылықтарын зерттеумен айналысады
Ол қоғамдық ғылымдардың объективті әдістері арқылы қоғамдардың, мемлекеттердің, әлемдік жүйелер мен өркениеттердің пайда болуы, даму динамикасы мен өзгерістері сияқты ірі және ұзақ мерзімді тарихи процестер мен құбылыстардың механизмі мен заңдылықтарын зерттейді.
Макросоциологиялық теорияның басты өкілдері: Огюст Конт, Карл Маркс, Джон Стюарт Милль, Фердинанд Тённис, Герберт Спенсер, Эмиль Дюркгейм, Вильгельм Зомбарт, Гаэтано Моска, Макс Вебер, Франц Оппенгеймер, Георг Зиммель, Роберт Михельс, Вильфредо Парето
Барлығы тарихи даму, әлеуметтік эволюция, ірі әлеуметтік топтардың өзара әрекеттесуі, билік пен мемлекет динамикасы мәселелерін талқылады
Ал микросоциологиялық теориялар әлеуметтік жүйенің жеке құрылымдық бөліктерін (мысалы, әлеуметтік топтар әлеуметтануы, тұлға әлеуметтануы, экономикалық әлеуметтану, білім әлеуметтануы, отбасы әлеуметтануы т.б.), олардың арасындағы өзарәрекеттесулер мен заңдылықтарды, сондай – ақ интеракцияны, яғни, күнделікті өмірдегі адамның қарым қатынастарын, өзара әрекеттерін зерттейді.
Микросоциологиялық теориялар адамның ішкі әлеміне және оның әрекеттерін ынталандырушы мотивтерге басты назар аударады.
Микросоциологиялық теорияның басты өкілдері: М.Вебер, символикалық интеракционизм (Дж. Мид, Г. Блюмер), феноменология (А.Шютц, Г.Лукман) және әлеуметтік алмасу теориясы (Дж. Хоманс, Х.Блау).


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет