5
Оспан, үшінші әйелі Айғыздан – Халиулла, Ысмағұл, Кәмшат туады.
Қартайған шағында
үйленген ең кіші әйелі Нұрғанымнан ұрпақ жоқ. Абайдың «Атадан алтау, анадан төртеу…» едім
дейтіні осыдан.
6
Болашақ ақын сабырлы мінезімен, кең пейілімен ел анасы атанған «кәрі әжесі» Зеренің
таусылмайтын мол қазынадай аңыз ертегілерін естіп,
абысын-ажынға жайлы, әзіл-қалжыңга
шебер, жөн-жобага жетік өз анасы Ұлжанның тәрбиесінде өсті. Абай әуелі ауылдағы Ғабитхан
молдадан сауатын ашады да, 10 жасқа толған соң 3 жыл Семейдегі Ахмет Риза медресесінде
оқиды.
Бұл медреседе араб, парсы тілдерінде, негізінен, дін сабағы жүргізілетін еді.
Құрбыларынан анағұрлым зейінді бала оқуға бар ықыласымен беріліп, үздік шәкірт атанады. Ол
енді
дін оқуын ғана місе тұтпай, білімін өз бетінше жетілдіруге ұмтылады. Сөйтіп көптеген
шығыс ақындарының шығармаларымен, араб, иран, шағатай (ескі өзбек) тілінде жазылған ертегі,
дастан, қиссалармен танысады, Шығыстың Низами, Науаи, Сәғди’, Хафиз, Физули сияқты ұлы
ғұлама, классик ақындарына бауыр басады.
Медресенің үшінші жылында Абай Семей қаласындағы “Приходская школаға” да қосымша
түсіп, орысша сауатын аша бастайды. Бірақ бұл оқуын әрі жалғастыра алмай, небәрі 3 жылдан
соң оның мұсылманша да, орысша да оқуы аяқталады. Абайдың басқа балалардан алғырлығын
7
аңғарған Құнанбай оны елге шақырып алып, өз жанына ертіп, әкімшілдік-билік жұмыстарына
араластырмақ болады. Сөйтіп 13 жастағы Абай ел ісіне араласады.Абай әке қасында болған
жылдарда қазақ даласындағы әлеуметтік өмір қайшыларын жан - жақты тани түседі. Патша
үкіметінің отаршылық саясаты мен парақор орыс әкімдерінің жергілікті биболыстардың арамза
әрекеттерін айнытпай танып, көкірегінде жиіркеніш
сезімі оянып, соларға қарсы күресуге бел
буды, «Елге пайдалы, адамгершілігі бар, әділ басшы болсам ғана жақсы адам боламын» деген
тұжырымға бекіді. Осы мақсатпен болыс сайлауына түсіп, жеңіп шығады да, 1875-78 ж. Қоңыр-
Көкше еліне болыс болады.Абаймен Семейге саяси жер аударылып келгендер де санасатын.
Міне, мұның бәрі патша үкіметі шенеуніктері мен олардың жергілікті кейбір итаршыларының
тарапынан қызғаныш пен көре алмаушылық, тіпті саяси күдік туғызды. Ақынның үстінен өсек
айту мен жала жабу әрекеттерін күшейтті. Патша үкіметінің әкімшілігі Абайдың соңына шам
алып түсіп, аңду орнатты. Тіпті 1903 жылы Семей полицмейстері ақынның және оның
балаларының үйіне тінту жүргізді.Жақын туыстары мен балаларының бірінен соң бірінің қазаға
ұшырауы, оның үстіне ізіне түсіп қудалауға душар болуы ақынның денсаулығына әсер етті. Абай
1891 жылы өзінің ең жақсы көретін інісі Оспаннан айырылды. 1895 жылы үлкен ұлы Әбдірахман
қайтыс болды. 1904 жылғы көктемде оның тағы бір ұлы Мағауия дүниеден өтті. Бұл қайғылы
оқиғалар Абайға аса ауыр тиді. Мағауияның өлімінен кейін 40 күн өткенде Абайдың өзі де қайтыс
болды.Ақын өзінің талантты шәкірттерін тәрбиелеп өсірді. Абайдың ізбасар шәкірттері
Достарыңызбен бөлісу: