Әлеуметтік- гуманитарлық ғылымдар ғылыми-зерттеу институты



Pdf көрінісі
бет94/97
Дата07.06.2024
өлшемі1.64 Mb.
#502407
түріЛекция
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   97
XQRGIIgQMXcAzguUTVHmcZcw4imDV4eA6ACpxaBY

Үшінші шарт: Әрнәрсенің шындығына өз көзің толық жеткенде ғана, сенімің берік 
болғанда ғана, соны ғылым тұт. Сенімің берік болмаса ол ғылым емес. Ақиқатыңа көзің жетсе, 
онан ешуақытта айрылма.
Төртінші шарт: Ғылымды үздіксіз зорайтып, молайтып, көріктеп отыратын нәрсе керек, 
ол - ақыл-ойдың ісі: Ақыл-ой арқылы көркейіп отырмаса ғылым дамымайды, өспейді дейді.


125 
Бесінші шарт: Ғылымды игеруде салғырттықтан, еріншектіктен сақ болу керек. Оны іске 
асыруда белгілі болған жақсыларын әрі қарай дамыта беру керек, жарамсыздарын тастау керек.
Алтыншы шарт: Ғылым білімді еске сақтарлық ұстамдылық қажет, ақыл-ойдың, мінездің 
беріктігі керек, ол үшін қайрат керек. Ғылымды да, ақылды да сақтайтын сауыт сол ұстамдылық, 
табандылық мінез, деп ғылымның ерекшелігін, оның жолындағы адал еңбекті, қажетті 
шарттарды даралап көрсетеді.
«Сол мінез бұзылмасын, көрсе қызарлық пен жеңілдік я біреудің орынсыз сөзіне, бір 
кезкелген қызыққа шайқалып қала берсең мінездің беріктігі бұзылады. Онан соң оқып үйреніп те 
пайда жоқ, қоярға орны жоқ болған соң оларды қайда сақтайсың? Қылам дегенін қыларлық, 
тұрам дегенінде тұрарлық, мінезде азғырылмайтын ақылды, арды сақтарлық беріктігі, қайраты 
бар болсын. Ол бір ақыл үшін, ар үшін болсын»,-деген ұлы Абай.
Жалпы адамды көріктендіретін оның - мінезі. Оны ұлы Абай өзінің еңбектерінің өн 
бойында үнемі баса айтып отырған. Абайдың пайымдауынша адамның ақылы мен ұстамдылығы, 
табандылығы сол мінезі арқылы көрініс табады. Алдына қойған мақсатқа жету үшін және оны іс 
жүзіне асыру үшін де оның мінезі шешуші рөл атқарады. Мінезді «туа біткен», «қанға сіңген» 
мінездері деп жіктеп жатамыз, жалпы бұл сөздің де негізсіз емес екені анық. Ұлттық тұлға 
бойында болуға тиісті тағы да бір ерекше қасиеті ұлттық мінезге тән қасиет-ол ұлт 
қайраткерлерінің бойына тән сабырлы, ақжарқын, кең пейілді, шыншыл, ойлы, парасатты 
болуымен қоса ұлтымызға тән игі қасиеттерді яғни көпшілдік, қонақжайлылық, туысқаншылдық 
қасиеттерді бойына сіңіруі. Абайша айтқанда «Ақыл, қайрат, мінезді» бірдей ұстайтын ұстамды, 
қайратты мінезінің болуы.
Адам туралы ерте заманнан айтылып келе жатқан аңыз да, ақиқат та көп. Мың сан ғұлама 
ғалымдар адам болмысы хақында не айтпады дейсіз? Әлемде адамнан өткен құпия жоқ. Табиғат 
та адам арқылы түсіндірілмек. Адам құпиясын ақтармақ болып пайғамбарлар неше түрлі 
ойпікірлер айтты. Әр түрлі діни көзқарастар ойлап тапты. Адамды дін арқылы, яғни оны өзге 
құдірет арқылы түсіндіруге жасалынған талпыныс адамзат санасында өз жемісін де берді [5,82].
Өмір болмысын, адам болмысын барша жұрттың бірдей түсінуі мүмкін емес. Оны ұлы Абай 
да түсінбеген. Ол-құпия. Абай: «Мені» мен «Менікінің» айрылғанын «Өлді» деп ат қойыпты 
өңкей білмес» - дейді. Абайдың «мен» деп отырғаны – адамның тәні, табиғаты. «Мен» деген ұғым 
тек адамға қатысты қолданылады. Ол сөз жануарларға, хайуанаттарға қатысты қолданылмайды. 
Олардың «Мені» жоқ. «Абай менінде» үш мән бар: тән, жан, рух. Тән жалғандық, ол биологиялық 
заңдылықтарға бағынышты. Ислам діні адамның тән тазалығына қатты көңіл бөлген. Тәні таза 
адамның жаны да таза, тәні саудың, жаны да сау. Рух тән тазалығын қажет етеді. Осы тән 
тазалығына әркімнің мені ие. Адам өз болмысына жауапты, бұл жауаптылық оның «мені» 
арқылы айқындалмақ.
Абай ұғымында адамды «өлді» деп, ат қою білместік. Адамды кеудесінен жаны шыққан 
соң, «өлді» деп ұмыту, оны санаттан шығарып тастау, адамшылық қағидасына кереғар 
түсінікұғымдар қалыптастырады. Ол адамды құрметтемеуге бастайтын жол. Ал, құрмет – адамға 
ғана лайық лауазым. Бүкіл әлемде адам ғана құрметті. Бұл ұғым адамнан өзгеге қолданылмайды. 
Осы құрмет «мен» мен «менікі» айрылғанда да жоғалмауы керек. Адам мәңгілік өлмейді, оның 
жаны тәнінен бөлініп, болымысы рухқа айналады. Осы қағиданы Абай бір-ақ ауыз өлеңмен 
таптұйнақтай етіп өрнектеп берген.


126 
Өлсе өлер табиғат адам өлмес, Ол 
бірақ қайта келіп, ойнап-күлмес.
«Мені» мен «Менікінің» айрылғанын, «Өлді» 
деп ат қойыпты өңкей білмес [5,85].
Адам болмысының құпиясына өзінің философиялық тұжырымын Абай осылайша айтып 
кеткен. Қазақ философы Ә. Нысанбаев «Абай дүниетанымы мен философиясы» атты еңбегінің 
«Адам мен алла» деген бөлімінде Абайдың діни дүниетанымын біршама талдап, құнды пікірлер 
айтқан. Адамға, адам болмысына, тұлға мәселелеріне Абай көзқарастарымен ғылыми пікірлеріне 
тоқтала отырып, Абайдың діни көзқарасты, оның ішінде мұсылман дінін тіптен жоққа 
шығармағандығына тоқталады. Ол жайында Абай:
Руза, намаз, зекет, хаж-талассыз іс, Жақсы 
болсақ, жақсы тұт бәрін тегіс.
Бастапқы үшін бекітпегі соңғы төрті,
Қылғанменен тартымды бермес жеміс-дейді.
Абай намаз оқу, ораза тұту, жетім-жесір, кем-бағалдарға зекет беру, мүмкіншілік болса 
хажыға бару, міне осының барлығын қолдаған. Не нәрсе болса да ақылға салып, қажеттілігін 
алуды уағыздаған. Бодандыққа түсіп, «дін апиын» деген заманда да адам баласы өз-өзінен безген 
жоқ. Зұлымдықтың барлығы да дінсіздіктен басталатынын жақсы білеміз. Жаның мен тәніңнің 
тазалығы да дінмен байланысты, мұсылманшылдықпен сабақтас. Бес уақыт намаз оқыған 
адамның бойында тазалық пен адалдық болатыны анық, олардың адамдықтан азғындамай
әдептілікті жоғары ұстайтыны да ақиқат. Жаны мен тәні таза адамның рухы, сенімі, мінезіндегі 
беріктігі де дұрыс қалыптасады. Қазақ халқының бойындағы игі қасиеттерінің бірі – аруақты 
сыйлау, оған ізет көрсету, рухына құран бағыштап, сол арқылы ұрпағын имандылыққа тәрбиелеу. 
Жас ұрпағымыздың бойында ұлы Абай уағыздаған имандылық қасиеті болса, ол ұлттық 
ерекшелігімізді дұрыс түсініп, мейрімсіздіктен, дінсіздіктен аулақ болар еді. Қазіргі заманда әр 
түрлі діни көзқарастар мен бағыттардан ұрпағымызды сақтандырудың да тағлымдық мәні зор. 
Бүгінде түрлі діни ағымдар арқылы жастардың ойларын бұзып, тіптен олардың санасына біздің 
еліміздің саясатына қарсы көзқарастарды енгізу белең алып тұрғандығы да шындық. Ұлттық 
болмысымыздағы діни көзқарасымызды ұрпақ бойына дұрыс бағытта қалыптастыру қажеттілігін 
Абай дер кезінде түсінген.
Білмекке құмарлық – жан құмарлығы. Талаптылық әр түрлі өнер, жақсы мінез, жақсы 
қылық – жан тәрбиесінің ісі. Абайдың көздегені – адамды адаммен жарастыру, шеберлілікке, 
саналылыққа баулу. «Сүйікті ер білген сырын сыртқа жаймас, Артынан бір ауыз сөз айтып 
күлмес» - деген мінезді қолдау. Абай ұраны: «Жүрегіңе сүңгі де, түбін көзде. Сонан тапқан – шын 
асылды тастай көрме»,- деуі. Жігерлілер жан тәрбиесі жетілгендер, олардың меже-мерейі 
адамдық. Адамдықтың керегі-талаптылық пен табандылық, үлкен ісі – жолдастық, сыйластық, 
кәсіптікке берілу. Абай татулық пен өнерден басқа артық жолдас таппады. Оның сүйенгені де, 
сенгені де осы қасиеттер болды. Абайға сұхбаттасудың үйреткені – «сыртын танып іс бітпес, 
сырын көрмей», орынсызды айтпау, түзу жолдан қайтпау, жақсылық қылар орында аянып бойын 
тартпау. Бұл бағдарлар сыйлаcуға да, сұхбаттасуға да ортақ талаптар.


127 
Қазақстанның нақты материалдық және рухани жай-күйі тәуелсіз мемлекеттің қаз-қаз 
тұрып келе жатқанын (экономикалық, саяси және хұқылық) көрсетеді, ал рухани жағынан алсақ, 
терең тоқырауды бастан кешіріп отырмыз. Оның түп-тамыры бұрынғы «Социалистік» 
отаршылдық жүйеде жатыр. Қазақтардың қоғамдық мұраттары өзінің мәні жағынан өмірлік деуге 
болады. Біріншіден, ол тарих сынының тегеурініне төтеп береді, екіншіден, халық көптеген 
қиыншылықтарды жеңе отырып, сол қоғамдық мұраттарды қажетті құндылық ретінде кейінгі 
ұрпаққа бере білді, үшіншіден, тарихтың өзі қазіргі ұрпақты осынау рухани байлықты сақтап, 
байыта білуге шақырып отыр.
Бәрінен бұрын ең алдымен жаңа қоғамдық қатынастарды, жаңа сана-сезімді 
қалыптастырудың күрделі процесінде сол мұраттарды практика жүзінде пайдалана білген жөн. 
Мұның ұлттық сана-сезімді, ұлттық идеологияны, халықтық салт-дәстүрлерді қалыптастыруға, 
ана тілді дамытуға, патриоттық сезім мен ұлттық мақсатты өсіруге, жастарды ата-анаға, үлкенге, 
халыққа және тарихқа құрметпен қарауға тәрбиелеуде ықпалы айрықша [5,155].
Адам баласына адам баласының бәрі дос. Қысқа өмірде адам өмірге қалай келсе, бұл 
өмірден солай өтеді. Сондықтан көрсе қызарлықтан, күндестіктен аулақ бол, құдайдан жақсылық 
тілеп, адал еңбек қыл деп, өзінің отыз төртінші қара сөзінде адамдарды бір – бірімен достық 
қарым-қатынаста болуға шақырады. Бұл дүниеде ешнәрсе де мәңгі еместігін айтады. Адам болып 
келген соң, адам болып кету керектігін дәлелдейді. Сонымен қатар ұлы ақын: «Адамзат 
жарастықты өмір сүріп, тыныштық пен тұрақтылықта адамдық құндылығын жоғалтпаса, 
тыныштық қуаты жүректе, ал келісім қуаты-қайратты, ерікті, иманды кісіде»,- дейді. Адамның 
адамдығы-оның ақылы мен өнерінде, надандығы-жікшілдікте, өзара көре алмаушылық пен 
көрсеқызарлықта, ол мінез адамдарды бір бірімен жауластырып қоятындығын айта отырып, 
ұрпағын ондай келеңсіздіктен аулақ болуға үндейді. Ұлттық тұлға бойындағы ұлы қасиеттердің 
бірін Абай - имандылық қасиеті деп білді. Имандылық қасиеті бар адамның жүрегі жылылықты, 
тыныштықты қалайды; өзара қөре алмаушылық пен көрсе қызарлықтан аулақ болып
қайраттылықты, ерікті бойына жақын ұстайды деп түсіндірді.
Ақындық өнерді өзіне өмірлік мақсат етіп, өз өлеңдерін қағаз бетіне түсіруге Абай тек 
80жылдардың ортасында жұмыла кірісті. Ақынның «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым», 
«Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек», «Сегіз аяқ», «Ғылым таппай мақтанба», «Болыс 
болдым мінеки» секілді таңдаулы көркемдік туындыларының қай-қайсысын алсақ та оларға 
идеялық арқау болатын келелі мәселелер – білімге, адал еңбекке, әділеттелікке шақыру, 
надандықты артта қалу кесапатын айыптау, алауыздық пен керіс-тартысты, өкімет билігін теріс 
пайдалануды әшкерелеу екені бірден байқалады. Халықтың ауыр тағдырын, өмір-тұрмысын 
ерекше шеберлікпен, нанымды көрсете отырып, Абай халықты қоғамдық асыл мұраттарға жетуге 
ынталандырады. 19 ғасырда өмір сүрген данышпан, ойшыл Абай Құнанбайұлы шығармаларынан 
дүниеге көзқарас, болмыс, табиғат құбылыстарының сыры, оның үнемі өзгерісте болатынын
мұның өзі дамудың табиғи заңдылықтары екендігін оқып, үйренуге болады.
Ұлы ақынның өмірінің соңында жазылған 45 қарасөзі мен өлеңдерінің біршамасында 
қоғамдық ой-пікірлері ашық та айқын жазылған.
Абайдың адам мен қоғам жайындағы концепциясы – қазақ топырағындағы жаңа концепция. 
Абай адамды белгілі қоғамдық өмірдің жемісі, нәтижесі ретінде қарады, оның қимыл-әрекетін, 
психологиясын, моральдық келбетін өмірге, әлеуметтік тұрмысқа байланысты көріп, бағалап 


128 
бейнеледі. Мысалы, Абай өлеңдерінде неше түрлі болыс-байлардың әлеуметтік тұлға дәрежесіне 
көтерілген, жинақталған бейнесін бүкіл іші-сыртымен көз алдымызға келтіреміз. Абай адам 
бейнесін қоғамдық орнына, мүддесіне, сол мүддеге жету жолындағы ішкі сезімі мен айла-тәсіліне 
байланысты жасады. Ол өз заманындағы сан түрлі әлеуметтік топтардың барлығын да осы 
тұрғыдан терең зерттеп көре де, бейнелей де білді.
Ақынды қайғыға салған өз басының қамы емес, айналадағы өмірдің ащы шындығы, 
кемкетігі, қайшылықтары екендігі еш талассыз. Тағы бір назар аударарлық нәрсе - өмірдің 
тұрлаусыз екендігі, баянсыздығы жайлы тұжырым мен ақылды адамның мінез-әрекетін, надан, 
ақылсыз кісінің әдетін айту, немесе ел билеудің қиындығы жайлы тұжырым мен ақылды адамның 
мінез-әрекетін, надан, ақылсыз кісінің әдетін айту, немесе ел билеудің қиындығы жайлы пікір – 
осыларды өз алдына бөлек алып қарағанда, өз ара байланысы аз болып көрінуі де ықтимал 
сияқты.
Ақынның қоғам туралы ой-пікірлері бүгінгі өмірмен де тікелей байланысты.«Жігіттер, 
ойын арзан, күлкі қымбат» өлеңінде: Керек іс бозбалаға - талаптылық,Әр түрлі өнер, мінез, жақсы 
қылық. Кейбір жігіт жүреді мақтан көйлеп, Сыртқа пысық келеді, көзге сынық. Кемді күн қызық 
дәурен тату өткіз, Жетпесе біріңдікін бірің жеткіз Күншіліксіз тату бол шын көңілмен,
Қиянатшыл болмақты естен кеткіз, - деген ақынның философиялық ой-толғамы бүгінмен 
ұштасып жатыр.Ақынның өзі өмір сүрген ортаны, тағдырдың талқысына түсіп, шырқы бұзылған 
халықтың, ел-жұрттың бейнесін асқан көркемдік шеберлікпен суреттейтінін «қалың елім, 
қазағым, қайран жұртым» өлеңнен айқын көреміз. Қажет деген жерінде ақын сөз тигізетін 
адамдар тобын саралап, бөліп айтады. Мысалы, «ұқпайсың өз сөзіңнен басқа сөзді» дегені өңкей 
қырт, мылжың адамдарға қатысты болса, «бас-басына би болған өңкей қиқым» дегені елдің 
сиқын бұзып жүрген, қолындағы күші азайған, ұлыққа, мансабы жоғары чиновникке бағынышты 
болыстарға қатысты.
Абай халық туралы сөйлегенде, ел жайын қозғағанда кейде «қазақ», «халық», «ел», «жұрт» 
деген сөздерді қолданады. Бірақ есте тұратын нәрсе - осы сөздердің нақтылы мағынасы ылғи 
бірдей болмай, айтылатын ойдың орайына қарай әр түрлі келеді. Елдің елдігін танытатын үлкен 
ұғым ретінде «халық», «қазақ» дегенді көбірек айтса, «ел», әсіресе «жұрт» деген сөзді телісі 
бар, тентегі, аласы бар, құласы бар дегендей көпшілік деген мағы нада жиі қолданады. Сөйтіп, 
«ел», «жұрт» деген ұғымдар арқылы сыншы ақын қоғам өміріндегі әр түрлі 
қарамақайшылықтарды ашып көрсетуге ұмтылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   97




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет