Айыртау ауылдық округі
Ауылдық округ әкімінің 2014 жылы округтің
әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және
2015 жылға қойылатын міндеттері жайлы есебі
Айыртау ауылы 26.01.2015 ж.
Құрметті ауыл тұрғындары!
- Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 06 тамыздағы № 615 әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы Жарлығына сәйкес жыл сайын Республика көлемінде осы мерзімде барлық деңгейдегі әкімдердің есебі жүреді.
Бүгін бекітілген кестеге сәйкес, сіздерге 2014 жылы округтің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2015 жылға қойылатын міндеттері туралы есебімді назарларыңызға ұсынамын.
2014 жылдың қаңтар айының 10 күні Айыртау ауылдық округі әкімінің ауыл тұрғындарымен өткен кездесу кезінде қойылған сұрақтар бақылауға алынған. Осы қойылған сұрақтар бойынша бірталай жұмыстар атқарылды.
Айыртау ауылы бойынша :
1. Бос жүрген қаңғыған иттерді жою мәселесін шешу.
- 2014 жылы «Ұлан мал дәрігері» КММ-мен аудандық бюджеттен бөлінген 207 мың теңге қаражатқа 69 ит жойылды.
2. Ауылға кіре берісте көпірден бастап жарық түспейді.
- 2014 жылы жарықтандыруға қаражат бөлінген жоқ.
3. Ауыл клубының сырт қабырғасын жөңдеу қашанға жоспарланған?
-2015 жылы жаз уақытында ағымды жұмыстар өткізіледі.
4. Абай көшесінің су құбырын жөңдеу жұмыстарынан кейін қазылған жерлер дұрысталмады.
- 2014 жылдың жаз уақытында Абай көшесі грейдермен тегістелді.
5. Су жинайтын мұнараға су толып, жоғарыдан су асып төгіледі, сол мұнараның кезінде терезелері болған, қазіргі күні олар жоқ, сол себептен судың тазалығы болмайды.
- 2014 жылы жаз кезінде су мұнарасына автомат және су астынан қолданатын электр кабель өткізілді. Оған аудан бюджетінен тұрғын- ұй коммуналдық шаруашылық жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөліміне 3 641 000 теңге бөлінді.
6. Гагарин орта мектебінің маңынан өтетін жолға көліктерге жылдамдықты шектеу белгісін орнатып полиция қызметкерлерімен бақылау орнату керек.
- 2014 жылғы жаз уақытында жылдамдықты шектейтін 2 белгі орнатылды.
Новая Канайка ауылы бойынша:
-
Көпірден халық пен балалар көп қатынайтын болғандықтан жарық орнату қажет.
-
Көпірдің маңына қосымша бір прожектор орнатылды.
-
Ауылда ұялы байланыс және интернет байланысы жоқ.
-
Айыртау ауылында интернет байланысы және ТЕЛЕ-2 ұялы байланыс ұстайтын мұнара орнатып жатыр. Жуық арада мұнара іске қосылып байланыс болады деп үміттенеміз.
-
Көше жарығының кейбір шамдары жанбайды, М. Даменулы көшесінде көпірден кейін қосымша жарық орнату керек.
-
Жыл бойы жарықтандыруы лампалары ауыстырылып тұрды. Қосымша жарықтандыру лампаларын орнату үшін смета жасауға қаражат бөлінген жоқ.
-
Айыртау–Новая Канайка жол бойында өтетін су құбырына жөңдеу жұмыстары қажет.
-
2014 жылы жаз кезінде «Ұлан жолдары» КММ су құбырына жөңдеу жасады.
-
Новая Канайка ауылында пошта жоқ.
-
Ұлан ауданы пошта басшысына хатпен шыққамыз, ауызша да айтқамыз, олардың бөлмені жалға алуға қаражаттары жоқ.
-
Ауыл көшелерін кім жөңдейді?
-
Ауыл тұрғындарының күшімен жаз уақытында М. Даменұлы көшесіне тегістеу жұмыстары өткізілді.
-
Айыртау округіне кіре берісте «Новая Канайка» деген ақпарат белгісі жоқ.
-
2014 жылы ақпарат белгісін «Казахавтодор»ЖШС-гі орнатты.
Округ бойынша 700 аула, тұрғындар саны – 2925, оның ішінде: Айыртау ауылында - 520 аула, тұрғыны - 2164 адам, Новая Канайка ауылында-180 аула, тұрғыны - 761 адам. Сартымбет, Түкүл, Ұзын-Бұлақ ауылдарында 20 аула, тұрғындар саны – 48. Жұмысқа қабылетті белсенді адамдар -1918 адам, о.і.: жұмыспен қамтылған – 1550 адам.
«Өскемен құс фабрикасы» АҚ-да - 310 адам,
Облыстық психиатриалық ауруханасында - 201 адам,
Гагарин орта мектебінде - 63 адам,
Қанай орта мектебінде – 35 адам,
«ДТЖ» ЖШС-нде - 37 адам,
«Балдаурен» балабақшасында - 25 адам,
және басқа мекемелерде - 879 адам жұмыс істейді.
Округ бойынша жалпы оралмандар - 85 жанұя, 514 адам. Олардың ішінде: Монголия ХР-нан 50 жанұя, 309 адам, Өзбекстаннан - 8 жанұя, 67 адам, ҚХР-нан 27 жанұя, 138 адам. 2014 жылы Айыртау ауылына ҚХР-нан бір отбасы қоныс аударды.
2014 жылы Айыртау ауылына 80 адам, Новая Канайка ауылына 14 адам тіркеуге отырды. Айыртау ауылынан 35 адам, Новая Канайка ауылынан 9 адам тіркеуден шықты.
Округ бойынша өнеркәсіп
Айыртау ауылында 1 наубайхана орналасқан. Ол: «№ 3 Хлебозавод» ЖШС-і, директоры Макпал Думановна Оразова. Өткен 2014 жылы бойынша «№ 3 Хлебозавод» ЖШС-імен сауда орындарында 1 нанның бағасы 55 теңге, бір жыл ішінде 1 сұрыпты 429 239 000 нан , 197 722 800 қоңыр нан, нан-тоқаш өнімдері 103 273 000 дана пісірілді, ол 32 млн 701 мың теңге құрады. Сонымен қатар сауда нүктелеріне Өскемен қаласынан түрлі нан, тоқаш және тәтті кондитерлік бұйымдар әкелінеді. Сондықтан біздің кәсіпкерлердің осы бағытта өнеркәсіп қорын нығайтуларына барша мүмкіндік бар.
Округіміздің басты бағыты ауылшаруашылығы болып табылады.
Округ аумағында 67 ауыл шаруашылық құрылымдары орналасқан: 5 - ЖШС-і және 62 - шаруа қожалығы. Шаруа қожалықтарының үшеуінде 100 га. астам егістіктері бар, олар жалпы ауыл шаруашылық құрылымдарының 66 пайызын құрайды.
2015 жылдың 1 қаңтарына шаруа қожалықтары мен жеке аулаларда ірі қара мал саны:
|
Жеке аулаларда
|
ш/қожалығында
|
Барлығы
|
% 2013ж салыстырғанда
|
ІҚМ
|
1993
|
1154
|
3147
|
103,6
|
с.і. сиыр
|
819
|
515
|
1334
|
106,5
|
ұсақ мал
|
3423
|
2955
|
6378
|
103,4
|
жылқы
|
669
|
967
|
1636
|
115
|
құс
|
917
|
-
|
1022
|
111,4
|
Салыстырма:
|
01.01.2014
|
01.01.2015
|
% өсуі
|
ет
|
5567
|
5863
|
105,3
|
сүт
|
33362
|
35030
|
104,2
|
жұмыртқа
|
71,2
|
75
|
105,3
|
жүн
|
148
|
149
|
100
|
сонымен қатар тұрғындар шаруашылығында -5863 центнер ет, 35030 центнер сүт, 75000 дана жұмыртқа өнімдері өндірілді.
Айыртау ауылында округтің мал дәрігері Жеңісхан Т. қолдан мал ұрықтандыру пунктын ашып, жұмысын атқарып жатыр.
Округтің жалпы жер көлемі 42 629 га құрайды. Ауыл шаруашылығына негізделген жер 27 952,9 га, соның ішінде егістік – 9 204 га, шабындық - 1 288 га, жайылым -14 088,4 га, баннитет балы - 18 құрайды. 2014 жылы 9 204,02 га дәнді-дақылдар, көпжылдық екпе шөптер, көкеніс пен картоп егілді. Жалпы бидай 1 га-дан 9,4 центнер өндірілді, олар: «Уланская МТС» ЖШС – 1064 га бидай, 237 га соя, «Степное» ш/қ. иесі - Бельчуевскиий –1188,3 га бидай, «Алина» ш/қ басшысы Раев - 316,7 га бидай, 200 га күнбағыс және шаруа қожалықтары 5809,3 га көпжылдық екпе шөпі екті.
«Асиф» ш/қ басшысы Гасанов Ф. Айыртау жерінен жер алып, картоп, көкөніс отырғызып, өнімін алды. 2015 жылы егістік алқабын 5 пайызға көбейту жоспарда. ЖШС «БЕРЕКЕАГРО» басшысы - Тиллабеков Қ. көкөніс «сәбіз, пиаз, қызылша» өсірді.
Асыл тұқымды мал ұстайтындар:
«Дина» ш/қ 375 бас «Жәбе» жылқыларын, 1325 бас қазақи құйрықты қойларын; «Бейсханова» ш/қ – 120 бас Сементал тұқымды сауынды сиырлар ұстайды.
Округтағы шаруа қожалықтары бойынша барлығы: 36 968 755 тенге субсидия алынды. Солардың ішінде: «Бейсханова» ш/қ. 31 294 000 тенге субсидия алды, соның ішінде асыл тұқымды мал сатып алуға 24 886 000 теңге, асыл тұқымдастандыру жұмыстарына - 6 408 000 теңге.
«Дина» ш/қ - асыл тұқымды бұқа сатып алуға – 160 мың теңге алды.
«Асиф» ш/қ. картоп, көкөніс отырғызғанға – 2 195 819 теңге, «Уланская МТС» ЖШС –сояға – 3 318 936 теңге субсидия алды.
«Жайлау» бағдарламасы бойынша «Айша» ШҚ 200 бас қой алды.
2015 жылы «Ырыс» бағдарламасы бойынша «Бейсханова» ш/қ сауынды сиырларын 200 басқа жеткізіп, сүтті товар фермасын ұлғайту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сонымен қоса «Айша» ш/қ және «Чайко» ш/қ осы бағытта жұмыстар атқарып жатыр. 2014 жылы Махановтар отбасы Алматы, Астана қалаларында өткізілген жәрмеңкеге өз өнімдерін ұсынды. Өскемен қаласы, Қ.Қайсенов кентінде өткен жәрмеңкелерге үнемі өнімдерін апарып өткізіп тұрады. Жеке кәсіпкер - Қ.Тиллабеков 267 га жер телімін заңдастырып, жылыжай салуды жоспарлап отыр.
Шағын бизнес
Округ аумағында 27 шағын бизнес субъектілері тіркелген – олар: 16 - дүкен, 3-дүңгіршек, 1-шаштараз, 1-ТЖО (СТО), 1- ұлттық киім тігу шеберханасы, 1- дәріхана, 2- дәмхана, 1- жиһаз шеберханасы, 1- жүк тасымалдау, оның ішінде: 2014 жылы жаңадан 4 жеке кәсіпкерлік ашылды, олар: 2 - сауда нүктесі, 1 - жүк тасымалдау, 1 адам – мал жаю бойынша. Инфляциялық үрдісті тұрақтандыру үшін дүкен иелерімен сауда үстемесі 10 пайыздан аспауы туралы меморандум жасалды. Сонымен қатар, апта сайын басты қажетті өнімдерге баға мониторингі жүргізіледі. Ардагерлер мен әйелдер кеңесі мүшелері дүкендерді аралап, сауданың үстемесі 10 пайыздан аспауын бақылайды.
Айыртау ауылындағы «Мадина» дәмханасының басшысы Б. Рагызбаева «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы арқылы 2014 жылы несие алды, енді дәмхананы 200 орынға дейін ұлғайтып салуды жоспарлайды.
Округ бойынша 3 дүкенде әлеуметтік бұрыш бар, аз қамтылған отбасыларға толайым бағамен тауар өнімдері сатылады.
2014 жылғы бюджет
2014 жылы Айыртау ауылдық әкімшілік аппаратының функционалдық қызмет етуіне және әлеуметтік міндеттерді шешу үшін аудан бюджетінен 12 млн 910 мың теңге қаржы бөлінді, оның ішінде:
-
Пушкин көшесін жарықтандыруға 3 млн 584 теңге қаражат бөлінді, бір көше жарықтандырылды.
2. Көше жарығын ұстауға және электр қуатының төлеміне 1 млн. 691 мың теңге бөлінді.
3. Округтің санитарлық тазалығына 564,0 мың теңге бөлінген, округтегі 2 ауылдың қоқыс төгу орындарын тегістеуге және бос қалған үйлердің қоқыстарын, иесіз қоқыстарды шығаруға 200,0 мың теңге, гүл көшеттерін сатып алуға 180,0 мың тенге бөліңді, олар: әкімшілік, екі мектеп, ауыл клубы және балабақша және ШҚОблыстық психиатриялық ауруханасына алаңдарына отырғызылды.
4. Қыс кезінде Айыртау, Новая Канайка ауылдарының ішіндегі көшелері қардан тазаланып, жолдары ашылды, бұл жұмыстарға 200 мың теңге бөлініп игерілді.
Салықтардың түсімі мен жеке кірістері жоспарының орындалуы
Округ бойынша 2014 жылғы жеке тұлғалардан алынатын жер салығы
137 876 теңгені және мүлкіне салынатын салық 56 234 теңгені құрады, немесе 100 %-ға орындалды.
Әлеуметтік қорғау
Жыл басынан бастап қоғамдық жұмыста 6 адам қоғамдық жұмыс атқарды: аумақтарды экологиялық сауықтандыру, елді мекен аумақтарын көгалдандыру және көркейту, шаруашылық кітаптарды нақтылау бойынша сұраныстарды жүргізуге көмек, мұрағаттық құжаттармен жұмыс істеуге көмек көрсету жұмыстары. Аудан бюджетінін 382 236 тенге қаражат төленді.
- 18 жасқа дейінгі балаларға атаулы әлеуметтік көмек алушы 15 отбасына аудандық бюджеттен 503 887 теңге бөлінді, 36 адамға тұрғын үй көмегіне 614 400 теңге қаражат бөлінді. Округ бойынша 85 адамға әлеуметтік көмек 368 мың теңгеге көрсетілді. 1 грантта оқитын студентке – 548 600 теңге, жылына екі рет көпбалалы 65 анаға 650 мың теңге, 1 отбасы 1 адамға атаулы әлеуметтік көмек 67 900 теңге, 3 отбасының үйде оқитын мүмкіндігі шектеулі балаларының аналарына 337 500 теңге материалдық көмек төленді. «Өрлеу» жоба бойынша 1 адамға 240 900 теңге төленді. ҰОС ардагеріне 60 мың теңге материалдық көмек көрсетілді, ҰОС ардагерлерге теңестірілген 4 адамға 240 мың теңге аудан бюджетінен төленді.
2014 жылы «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасының бірінші бағыты шеңберінде 9 адам қайта даярлауға және біліктілігін арттыру бойынша оқу оқыды.
«Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасының екінші бағыты бойынша несие алғандар:
4 адам- мал шаруашылығын дамытуға - Бердыгожаев М. Бердыгожаева Г., Шац А, Абылханов Ж.
1 адам- қаңылтыр бұйымдарын өндіруге - Бейсен Рахат,
9 адам – жылыжай шаруашылығын дамытуға – Тиллабеков Қожақұл.
1 адам – трактор алуға - Кениг А
1 адам – жиһаз цехын дамытуға - Шакеров С
1 адам – тұрмыстық қызмет көрсетуді дамытуға - Канапина Р.
1 адам – дәмхананы ұлғайту - Ргызбаев Ж.
1 адам – балабақшаны ұлғайту - Қалан Нұршын
Барлығы - 59 млн 900 мың теңге.
Жаңа жұмыс орындарына 57 адам жұмысқа орналасты.
Округ аумағында бір Ұлы Отан соғысының ардагері және 41 тыл еңбеккері тұрады, 3 ауған соғысына қатысушы, 1 Чернобыль апатына қатысушы, 1 топ мүгедегі - 1 адам, 2 топ мүгедегі - 86 адам, 3 топ мүгедегі - 44 адам,
«Алтын алқа» иегері -25 ана, «Күміс алқа» иегері - 20 ана.
Округте 298 - зейнеткер, мемлекеттен жыл бойы зейнеткерлерге төленетін зейнетақы – 112 361508 теңгені құрайды. Сонымен қатар әр түрлі жәрдемақылар, атаулы әлеуметтік көмек, балаларға арналған жәрдемақы көмегі, тұрғын үй көмегі, бюджет жұмысшыларының еңбекақысы ай сайын төленіп тұрады.
Округте 4 әлеуметтік қызметкер жұмыс істейді, барлығы 19 жалғыз басты зейнеткерлер мен мүгедектерге және 5 мүгедек балаларға қызмет көрсетеді.
«Туған жерге тағзым» акциясы
2014 жылы ЖК Сеилханова Ж.М. «Балдаурен» балабақшасына 1,2 млн теңгеге жиһаз және музыкалық аспаптар алып берді.
- «Колос»ш/қ басшысы - Агзамов М.С. – ауыл ішіндегі жолдарды қыс кезінде қардан тазалап 200 мың теңгеге демеушілік көрсетті.
- «Бейсханова» ШҚ басшысы Бейсханова Ш.М. Новая Канайка ауыл клубына арқалығы бар 20 орындықты 155 мың теңгеге алып берді. Новая Канайка ауыл тұрғындары өз қаражаттарына ауыл клубына арқалығы бар 10 орындықты
100 мың теңгеге сатып алды.
- «Шакеров» ЖК басшысы Шакеров С. ардагерлер бөлмесіне жиһаз (диван, үстел) жасады. Іске асырылған қаражат 200 мың теңге.
- «Қрықпаев» ШҚ басшы Қрықпаев Т. Новая Канайка ауыл клубына қоршауларды 170 мың теңгеге сатып алды.
-ЖК - шаштаразшы Канапина Р.А. жыл көлемінде 17 көп балалы, аз қамтылған және соғыс, тыл ардагерлеріне - 92 мың теңгенің қызметін тегін көрсетті.
-ЖК - Федько Л.Г. 20 аз қамтылған отбасыларға 5% үстемемен - 90 мың теңгеге дәрі-дәрмектер босатты. 2014 ж. құрбан айт мейрамы күні округ бойынша 4 адам ауылдық клуб маңында құрбандық шалды, олар: Бектасов Сұнғат, Агзамов Ерік, Кисыков Нұрлан, Ұсен Тұрсынхан. 25 аз қамтылған отбасына кұрбандық таратылды.
Білім
Айыртау ауылдық округінің аумағында 2 орта мектеп орналасқан: «Гагарин орта мектебі» ММ және «Қанай орта мектебі» ММ, оларда 332 оқушы оқиды. Гагарин орта мектебінде - 257 оқушы, Қанай орта мектебінде - 75 оқушы оқиды.
2014 жылы округ бойынша 26 түлек мектеп бітірді, оның 7 грантқа түсіп, 1 бала жоғары, 6 бала арнаулы орта оқу орындарында оқиды. Гагарин орта мектебі бойынша орташа балл - 72,0 құрайды. Бүгінгі күні мұғалімдер штаты толық іріктелген. Ұстаздардың мамандық деңгейі: жоғары дәрежелі 6 мұғалім, 11 мұғалім бірінші дәрежелі, 8 мұғалім екінші дәрежелі, 9 мұғалімнің дәрежесі жоқ. Мектепте техникалық жағдай жасалған, 49 компьютер бар.
Қанай орта мектебі бойынша орташа балл 53,7. Ұстаздардың мамандық деңгейі: 1 мұғалім жоғары дәрежелі, 9 мұғалім бірінші дәрежелі, 4 мұғалім екінші дәрежелі, дәрежесі жоқ 7 мұғалім. Бүгінгі күні төменгі сынып оқушылары ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі. Округ бойынша ыстық тамақпен 143 бала қамтылған. Новая Канайка ауылында жаңа мектеп ғимараты 1 желтоқсан күні ашылды, қазіргі уақытта сабақтар жаңа мектепте өткізіледі. Бұрыңғы мектеп ғимаратында биылғы жылы балабақша ашылуы жоспарлануда.
Айыртау ауылында 2012 жылы ашылған 75 бала қатысатын «Балдаурен» балабақшасы жұмыс істеп тұр. Кезекте тұрған балалар жоқ. Жоспарда 2015ж. ақпан айынын бастап, көп балалы отбасының 2 баласы балабақшада болса төлем ақысы 3000 тг. болады.
Мәдениет
- 2014 жыл бойы округтің ауыл клубтарында 125 мерекелік іс шара өтіп, 12670 адамды қамтыды, соның ішінде 11 мемлекеттік шара өткізілді.
Өткізілген үйірме саны – 8, қатысушылар саны - 104, атап айтсақ: Халықтық атағы бар екі ұжым: «Надежда», «Әжелер» үйірмесі, домбыра, драма, би, дойбы, шахмат, шебер қолдар үйірмелері жұмыс істейді.
Аудан бойынша мәдени қызметкерлері бірнеше ауылдарға барып, концерттік бағдарламаларды көрсетті. (Қасым Қайсенов, Асу-Бұлақкенті, Ұлан ауылы) Ерекше жетістіктері: маусым айында «Қабанбай батыр» ескерткішінің ашылу мерекесіне орай Жамбыл облыстық театры қойған «Қабанбай» спектаклінде ауылдық клуб меңгерушісі Қайырқанов А.О. Бөгенбай батырдың басты ролін сомдады. «Ауылым - алтын бесігім»- акциясы аясында Өскемен қаласында өткен шараға аудан өнерпаздарымен бірге қатысты, «Мерейлі отбасы» күніне арналған іс-шарада ауыл өнерпаздары - Жанболат, Айсұлу Талғатовтар, Қайырқановтар әулеті бағалы сыйлықтар мен мақтау грамоталарымен марапатталды.
Тамыз айының 25 күні ауылдық клуб қызметкерлері ұйымдастыруымен Ұлан ауданы бойынша ақындар айтысы өтті, округтің ақыны-Мүтан Октябрь жүлделі 3 орынға ие болды.
Қазан айында Семей қаласында өткен облыстық театрлар фестивалінде клуб қызметкерлері Жұмабек Бақытбек, Берік Стамбаев «Жаралы гүлдер» спектаклінде басты рольдерді ойнап, жүлделі 3 орынға ие болды.
16 қараша күні ауыршаруашылық күніне орай ауылдық клуб алдында ауылшаруашылық өнімдері жәрмеңкесі өтті, онда: ет, сүт, бал және қолөнер бұйымдары сатылды. Новая Канайка ауылының «Сұнқар»командасы сәуір айында К Кайсенов кентінде өткен «Толағай» отбасылық сайысынан 1-орынға ие болды. «Шіркін Лайф» КВН командасы жарыста 2- орынға ие болды. Новая Канайка ауылдық клубында Облыс арасында «Тазы ит» байқауы өтті.Республика көлемдерінін келген қонақтарға үлкен концерт ұйымдастырылды. Ауыл клубында тоқыма үйірмесі,шахмат,шашки ұйірмелері өткізіледі. ШКО Психиатриалық аурухананың қызметкерлері барлық мемлекеттік мейрамдарда мерекелік концертке белсенді қатысады.
2014 жылғы ақпан айынан бастап спорттық ойындар жарысы өткізілді, жаз айында Ұлан ауданы әкімі жүлдесіне өткізілген спорттық халық ойындары спартакиядасында Айыртау ауылдық округі командасы спорттық ойындардың қорытындысы бойынша 2-ші жүлделі орынға ие болды.
Округте орналасқан екі мектепте салауатты өмір салты жақсы жолға қойылған.
Гагарин, Қанай орта мектептері бойынша республикалық, облыстық, аудандық жасөспірімдер арасында «қазақша», «дзюдо» күрестерінен,бокстан жүлделі орындарды иеленді. Бокстен Республикалық турнирлерде өткен жарыстарда Талдықорған қаласында Аубакиров Т. жүлделі 2 орын, Үштөбе қаласында Жақсылық Жангелді жүлделі 3 орын, Зырян және Семей қалаларында да өткен бокстан облыстық турнирде Қарқынбек Ердана жүлделі 1 орын, Тажиұлы Оразбек жүлделі 2 орын, Аят Ринат жүлделі 1 орын, Нурланов Алижан жүлделі 2 орындар алды. «Дзюдо» күрестерінен облыстық біріншілігінде Маратұлы Ербұлан жүлделі 1 орын алды, аудан біріншілігінде Шакеров Жалын жүлделі 1-2 орын, Әсембай Нұрлыбек жүлделі 2 орын, Хабдыл Мержан және Нұрлан Заңғар жүлделі 3 орындар алды. Жас футболшылар арасында Астана қаласында өткен республикалық турнирде аудан командасы жүлделі 3 орын, ШҚ облыстық жарыста жүлделі 1 орынға ие болды. Сол команданың мүшесінің бірі Новая Канай орта мектебінің оқушысы- Адебиетова Аида Нұржанқызы. 16 желтоқсан –Тәуелсіздік күніне орай ауданда өткен футбол жарыстарында Новая Қанайка ауылының командасы 1 орын, Таврия ауылында 2 орынға ие болды. Зыкырьянов Бекжан Тимурұлы
Новая Канайка ауылынан футбол ойындарынын ҚР чемпионы атанды.Осы балаларды биік жетістіктерге тәрбиелеген жаттықтырушылар: Сасенов Кәдір, Мусин Берик, Кирьянов Тимур және аға жаттықтырушы Жунусбеков Кадыр.
Сонымен қатар аймақтық шахмат, баскетбол, футбол спорт түрлері алға қойылған.
Медициналық қызмет көрсету
Округ аумағында 6 медицина қызметкерлері бар, 1-дәрігер жоғарғы медициналық білімімен, 5 адам орта медициналық білімімен, 1 дәрігер жоғары дәрежелі және 5 бірінші дәрежелі. 2 медициналық мекеме: 1 дәрігерлік амбулатория, 1 – медициналық пункт. Тұрғындарға қызмет көрсететін
1 санитарлық автокөлік бекітілген. Өткен жыл бойы 34 бала дүниеге келді,
16 адам қайтыс болды, оның ішінде: 5 адам қартаюуына,1 адам онко ауруына және басқа ауруларға байланысты.
Дәрігерлік амбулатория Айыртау ауылдық округінің Айыртау ауылында орналасқан, аудандық орталық ауруханасымен ара-қашықтығы 70 км.
Новая Канайка ауылында бір медициналық пункт жұмыс істейді. Сартынбет, Түкүл, Ұзын-Бұлақ учаскелеріне көшпелі қызмет көрсетіледі.
Инфрақұрылым
Айыртау ауылында 2014 жылы Ұлан ауданы тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімімен су мұнарасына автомат және су астынан қолданатын электр кабель өткізілді. Бұл жұмыстарға бюджеттен 3 641 000 теңге бөлінді.
Пушкин көшесі жарықтандырылды, ол үшін 3 млн 584 теңге қаражат бөлінді.
БҰҰ даму бағдарламасы бойынша Айыртау ауыл клубына қоршаған ортаға зиян келтірмейтін, көмірді үнемдейтін заманға сай жылыту қазандығы орнатылды; Гагарин орта мектебінің және ауыл клубының маңайына 14 жарықтандыру шамдары орнатылды.
Жанабеков көшесінің тұрғындарымен жиналыс өткізіліп, көше тұрғындары қаражат жинап, керекті техника ұйымдастырылып, көшенің жолына уақытша тегістеу жұмыстары өткізілді. Тегістеу жұмыстары ағымдағы жылдың 16-17 мамырда өткізілді.
Округ бойынша - 700 аула, оның ішінде: Айыртау ауылының 154 ауласы орталық су құбырынан су пайдаланады, халық саны 605 абонентты немесе барлық тұрғындар санынан 19% құрайды, соның ішінде: Айыртау ауылында - 455, Новая Канайка ауылында-150. Новая Канайка ауылы бойынша 1,5 шақырымдық су құбыры ОПА-ның балансында. Осы су құбырымен ауыл тұрғындары қолданады.
Айыртау ауылдық округінде 2 су қоймасы бар:
Айыртау ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 6 км жерде Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары комитетінің «Казсушар» Республикалық Мемлекеттік Кәсіпорынының Ұлан өзеніндегі су қоймасы орналасқан. 2014 жылы су қоймасына өзен жағасын нығайту жұмыстары өткізілді, авариялық тастау аумағы арам шөптен тазартылды, ағаш
тамырлары кесілді.
Айыртау ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 3км жерде «Шығыс су қоймалары» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның Ұлан өзеніндегі су қоймасы орналасқан. 2014 жылы су коймасына ағымды жөндеу 312 366,0 мың теңгеге өткізілді. Су қоймасының шлюздары жөнделді,жаңадан көтергіштер қойылды.
Телекоммуникация
Ауылдық округтің Айыртау ауылында АТС филиалы тұрғындарға қызмет көрсетеді, Айыртау ауылында 271 абонентке сыммен, 66 сымсыз телефон қойылған, 73 адам ғаламтор орнатты.
Новая Канайка ауылында сыммен 121 телефон, сымсыз 18 телефон орнатылған. Ұзын-Бұлақ ауылында 3 тарелка орнатылған.
Құқық қорғау
Айыртау ауылдык округінде қызмет көрсету аумағында округке қарасты
5 елді мекен бар:
Айыртау, Новая Канайка, Түкүл, Ұзын-Бұлақ, Сартымбет ауылдары.
2014 жылдың 12 айы бойы бірталай мақсатты іс шаралар өткізілді. Жыл бойы 89 әкімшілік хаттамалар жасалды. Хаттама бойынша 115 000 теңгеге айыппұл салынды.
- Участкеде 10 қылмыстық іс жасалды, оның ішінде 5 мал (ұрлық) 175 бап, оның ішінде: 3 қылмыс ашылды, ашылмаған – 2 және 5 қылмыс әр түрлі баптар бойынша.
- 3 жүргізуші ішімдік ішіп көлік жүргізген, барлық 3-уі 3 жылға жүргізу құқығынан айрылды,
- 1 қару алу. Қазіргі уақытта біздің округте учаскелік полиция инспекторы болып полиция капитаны Елеусизов Дамир жұмыс атқарады.
Айыртау ауылында әкімшілік қызметкерлері мен мәдени қызметкерлерінен құрылған ДНД тобы әр сенбі күні кешкі сағат 19-00-ден 23-00-ге дейін кезекшілікке шығады және де мектептер мұғалімдерінен құрылған педпатруль тобы да әр сенбі күндері кезекшілігін жүргізеді.
Қоғамдық жұмыстар
Округте 2 қоғамдық ұйым жұмыс істейді. Олар: Ардагерлер кеңесі және Әйелдер кеңесі. Бұл ұйымдар тұрақты өз жоспарлары бойынша жиындарын өткізіп тұрады. 21 жасқа дейінгілерге ішімдік бұйымдары сатылмау керектігі жайлы учаскелік полиция инспекторымен бірлесе құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша және дүкендерде сауда үрдісі 10 пайыздан көтерілмеуі бойынша реидтер жүргізіліп тұрады.
Ардагерлер кеңесі жыл бойы 9 мәжіліс өткізіп, 2 өтініш қарастырылды.
Әйелдер кеңесі жыл бойы 4 мәжіліс өткізіп, 2 аз қамтылған отбасының тұрмыс жағдайы тексерілді.
2014 жылы округ әкімінің атына жыл басынан жеке тұлғалардан 10 өтініш, заңды тұлғалардан 2 өтініш түсті. Барлық өтініштер жер телімін заңдастыру туралы. Өтініштер уақытымен жер қатынастар бөліміне жіберіліп, өтініштері қанағаттандырылды.
Көктем мезгілінде елді мекендерді көріктендіру, көғалдандыру және санитарлық жағдайын жақсарту мақсатында 9 сенбілік өткізілді.
Сәуірдің 29- нан мамырдың 5-не дейін бюджеттік қаржымен тұрмыстық қатты қалдықтар шығарылды. Барлығы 170 тонна иесіз қоқыс шығарылды.
-
Айыртау ауылындағы заңдастырылған қоқыс төгетін жер теліміне буртовка жасалды, қанағаттандырарлық жағдайға келтірілді.
-
Новая Канайка ауылындағы қоқыс төгетін жер теліміне буртовка жасалды, қанағаттандырарлық жағдайға келтірілді.
-
Бес иесіз тұрмыстық қатты қалдықтарды шығаруға рұқсат етілмеген жерлер тазартылды:
-
Айыртау ауылында Мусин көшесіндегі 2 және 4 үйлерінің арасынан
60 тонна қоқыс шығарылды,
-
Айыртау ауылында Набережная және Жанабеков көшелерінің арасынан 20 тонна қоқыс шығарылды,
-
Айыртау ауылында Целинная және Пушкина көшелерінің арасынан
60 тонна қоқыс шығарылды,
-
Новая Канайка ауылында М. Даменулы көшесіндегі жатақхана маңайынан 30 тонна қоқыс шығарылды.
Осы жұмыстарға 564 мың теңге бөлініп, 2-айлық кезінде түгелдей игерілді. Елді мекендерді көріктендіру, көгалдандыру және санитарлық жағдайын жақсарту жөнінде 2-айлықтын қорытындауы бойынша «Ең таза подъезд», «Ең гүлді подъезд» белгіленіп, Мусин көшесі №4 үйдің тұрғыны М.Ермолаева, №2 үйдің тұрғыны З.Ваганова округ әкімінің мадақтамасымен марапатталды.
«Бүкіл қазақстандық ағаш егу» ақциясы күні округ аумағындағы барлық мекемелер қызметкерлері шығып, өз аулаларына көшеттер отырғызды. Барлығы 620 адам қатысып, 381 көшет отырғызды. «Асиф» шаруа қожалығымен келісім шарт жасалып, маусым-шілде аралығында бюджеттік мекемелерге 4500 түп гүл таратылды. Аудан бюджетінен бөлінген 180 мың теңге толығымен игерілді.
Қыс кезінде Айыртау, Новая Канайка ауылдарының ішіндегі көшелері қардан тазаланып, жолдары ашылды, бұл жұмыстарға 200 мың тг. бөлініп, толығымен игерілді.
2015 жылдарға арналған міндеттер:
2015 жылдарға арналған міндеттердің бірі халыққа сапалы қызмет көрсету, мемлекеттік және аймақтық бағдарламаларды орындау, алдағы жылдарға тапсырмалар қойылды және де:
1. Айыртау ауылында орналасатын балалардың ойын алаңын орнату.
2. Айыртау ауылының обелискісін көріктендіру.
3. «Ырыс» бағдарламасы бойынша «Бейсханова» ш/қ асыл тұқымды сауынды сиырларын 200 басқа жеткізіп, сүтті товар фермасын ұлғайту.
4. «Айша» ш/қ және «Чайко» ш/қ сүтті товар фермасын ашу жоспарлануда.
5. ЖК «Асиф» - 30 га көкөніс және картоп отырғызу.
6. «Нұр Береке»жаңа шаруа қожалығы көкөніс жылыжайын салады.
7. «Жұмыспен қамту -2020» бағдарламасының жобаларын іске асыру.
8. Айыртау ауылындағы 2 қабатты авариялық жағдайдағы үйлерді бұзу - 2015-2016 жж.
9. 2 екі қабатты үйлерді термомодернизациялау бағдарламасы арқылы жөндеу - 2017 жылға дейін.
10. ЖК - Б. Рагызбаева дәмхананы 200 орынға дейін ұлғайтып салу.
11.Новая Канайка ауылында биылғы жыл басында 50 балаға арналған жеке меншік бала бақша ашылады.
12. Жеке кәсіпкер Аубакирова Гүлжан әлеуметтік бағамен аралас тауарлар дүкенін ашады.
13.Ұлан ауданының орталық мешіті арқылы Айыртау ауылында мешіт салыну жоспарда.
Достарыңызбен бөлісу: |