Әлеуметтік ғылымдар факультеті Педагогика кафедрасы


Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия



Pdf көрінісі
бет38/103
Дата09.02.2024
өлшемі7.85 Mb.
#491487
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   103
Педагигика

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
алтыншы 
профессорлар, 200 ғылым кандидаты, доценттер жұмыс істеді. Бұлардың арасында КСРО 
Педагогика ғылым академиясының екі корреспондент-мүшесі, Қазақстан Ғылым 
академиясының үш корреспондент-мүшесі, еңбек сіңірген төрт ғылым қайраткері, 
Қазақстан жоғары мектебінің үш еңбек сіңірген қайраткері бар болатын. 
Университет түлектері, республиканың ғылым мен мәдениетінің көрнекті өкілдері 
С.Аманжолов, Х.Бекхожин, Ғ.Қайырбеков, М.Қаратаев, А.Ысқақов, А.Қалыбаева 
(Хасенова), С.Қасқабасов, А.Нүсіпбекова, Г.Омарбекова, Г.Садуақасова, Ж.Саин, 
Ш.Сәтбаева, Р.Сыздықова, Ә.Тәжібаев, т.б. есімдерін мақтанышпен атауға болады. 
ҚазПИ-дің қабырғасында білім алған түлектердің ішінде еліміздің ғылым, білім және 
мәдениет салаларын дамытуға зор үлес қосқан М.Әбдіхалықов, Т.Тәжібаев, А.Закарин, 
К.Айманов, А. Сембаев, Н.Жанділдин, Б.Бөлтірікова, Д.Бейсенов, Ә.Шәріпов, 
Е.Мәмбетқазиев, Ө.Жәнібеков, М.Ахметова, А.Тұмарбеков тәрізді көрнекті мемлекет және 
қоғам қайраткерлері де аз емес. 
1964 жылы Қазақ КСР Жоғары және арнаулы орта білім беру министрлігі жүйесінде 
26 жоғары оқу орны болды. Оның ішінде 1 университет, 7 техникалық, 18 педагогикалық 
және басқа мамандықтағы институттар жұмыс істеді. Сол жылдары Қазақтың Абай 
атындағы педагогикалық институтының педагогика кафедрасының мүшелері кешенді 
тақырып жоспарының негізінде төмендегі жеке мәселелермен айналысты. 
Профессор Р.Г.Лембергтің жетекшілігімен «Мектептегі оқыту әдістері», «Сабақтың 
психологиялық мәселелері», «Оқушылардың білімі мен ептілігін есепке алу» туралы 
тақырыптарда зерттеу жұмыстарын жүргізді. 
1960-жылдары республика жоғары педагогикалық оқу орындарында Т.Тәжібаевтан 
кейін докторлық диссертацияларын қорғаған ғалым- ұстаздардың ішінде Ә.І.Сембаевты,
Қ.Б.Бержановты, Н.Д.Хмельді, Г.А.Умановты, Б.Р.Айтмағамбетованы, И.М.Кузменконы, 
А.А.Бейсембаеваны, Н.Д.Иванованы, Э.И.Шыныбекованы, К.Бозжанованы және т.б. атауға 
болады. 
1990-жылдардың басында елімізде болып өткен жаңа әлеуметтік- экономикалық және 
саяси процестерге байланысты Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының 
тарихында да жаңа кезең басталды. Қоғамның әлеуметтік құрылымының өзгеруі, нарықтық 
қатынастарға көшу жоғары білім беру және жаңа кадрлар даярлауды ұйымдастыру ісіне 
өзгеше талаптар жүктеді. Мамандар даярлаудың отандық жүйесінде білім берудің 
халықаралық стандарттарына жақындатылған жаңа үлгілері іздестіріліп, жүзеге асырыла 
бастады. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің ҚазПИ-ді Абай атындағы 
Алматы мемлекеттік университеті етіп қайта құру жөніндегі 1992 жылғы 24 қарашадағы 
шешімі осыған байланысты қабылданған болатын. 
Соңғы жылдары университет өмірінде көп өзгерістер болды, факультеттер саны 
көбейді. Оқыту процесі де күрт өзгерістерге ұшырады. Үздіксіз білім беруге көшу және оны 
жетілдіру Алматы мемлекеттік университетінде мамандар даярлау үрдісін халықаралық 
стандарттарға жақындата түседі. Мұнда оқыту ісіндегі бәсекелестік, ғылым мен 
практиканың өзара үздіксіз байланысы, ең озық ақпараттық және есептеу техникасын 
пайдалану маңызды міндеттер болып саналады. 
Бүгінде университетте оқу үдерісін жетілдіруде көптеген істер тындырылуда: іргелі 
ғылымдар бойынша білім беру және алған білімін шығармашылықпен пайдалана білуге 
дайындау тереңдетіліп, мамандар қажетті мекемелер мен университет арасындағы өзара 
байланыс кеңейтілуде. Оқытудың жаңа ақпараттық технологиясы енгізіліп, қашықтан оқыту 
дамытылып отыр. 
Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті, бүгінгі Абай атындағы ұлттық 
педагогикалық университетінде ғылыми-зерттеу жұмыстары мен оқыту үдерісі әрқашанда 
біртұтас байланыста жүргізіліп келеді. Ғылыми жұмыс болашақ мамандар мен 
оқытушылардың шығармашылық күш-қуатының қайнар көзі. Университетте көкейкесті 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет