Модуль 2. Массаж
2.1. Тақырып: «Массаж, түрлері, ағзаға физиологиялық әсер ету механизмдері»
Дәріс жоспары:
1. Массаж туралы түсінік. Массаждың жүйелері, формалары, әдіс тәсілдері.
2. Массаждың түрлері. Қолдануға болатын және болмайтвн кездері.
3. Массаждың ағзаға әсер етуінің физиологиялық негіздері.
4. Массажды биоэнергетикалық және психотерапиялық емдеу әдістерімен байланыстыру.
СӨЖ-тан бақылау жұмысы:
1. Массаждың жүргізілуіне қойылатын гигиеналық талаптар.
2. Жалпы және жеке массаждың сеансы.
3. Мануальді терапиямен криомассаж туралы түсінік.
Массаж - француз тілінен шыққан, ысқылау деген мағынаны білдіреді, оның өзі түпкі
тамырын араб тілінен алған (арабша «mass» - жақындау, сипалау).
Осында 4000 жыл бұрын Египетте емдеу әрекеті басталған, оның ішінде массаж да кірген. Оған
айғақ 1841 жылы Египет қолбасшысының табытының ішінен папирус жапырағын жазылған
массаждың тәсілдері табылған.
Массаждың ең көне түрі Берлинде үлкен музейде сақталған. Көз тартарлық дүниенің ішінде, екі
адамның бірін – бірі сипалап отырған көрінісі ерекше көзге түседі. Бұл сол кездегі Ассирия патшасы
Санхирибаның (біздің дәуірімізге дейінгі 705-681 жж. ) дүниесі еді.
Ежелгі гректер массаж арқылы денеге әр түрлі майларды уқалап жағуды египеттіктерден
үйренген екен...
Ежелгі Греция халқының спортшылары сайыстың алдында және соңынан денелерін майлатып,
артынан Ніл өзенінің жағасынан әкелген ұсақ құммен ысқылатқан екен.
Ең алғашқы массажды қолдануға ұсыныс берген гректің атақты дәрігері Геродикос. Оның
оқушысы Гиппократ ауруларға массажың илеу – жұмсарту – мыжу тәсілін кеңінен қолданады.
Массаж ертедегі Грециядан Ежелгі Римге өтеді. Дәрігер Акслепиад (біздің дәуірге дейінгі 156-
128 жж.)
массажды құрғақ және майлы, күшті және әлсіз, ұзақ және қысқа деп әр түрге бөлген.
Корнелий Цельс оны әрі қарай дамытып, массаждың қасиетіне тереңірек көңіл бөлген. Өзінің
«Медицина туралы кітабының бір тарауын массажға арнаған». Массаждың өрлеуіне үлкен
көмегін
тигізген дәрігердің бірі Гален (біздің дәуірге дейінгі 131- 120 жж.)
Массаждың етек алып дамуына дүние жүзіне әйгілі ғалым, жазушы, астроном, орта ғасырдағы
үлкен тұлға – Әбу Әли – Ибн Сина (Авиценна) көп ықпал жасады. Ол массаждың әр түрін талдап
берді. Мәселен, күшті массаж – денені қатайтады, әлсіз – босатады, ұзақ – адамды арықтатады, орташа
– құлпыртады, даярлық – дене тәрбиесіне икемдейді. Ғалымның берген осындай анықтамалары –
емдік, спорттық массаждың негізін құрады.
Шығыс елдерінде массаж өз ерекшелігімен көзге түседі. Өйткені ол тек қолмен емес, аяқпен де
жасалады.
Массаждың шыққан тегі өткен ғасырларда екенін білдік.
Оның кең тараған, алғаш ашылған
жері біздің көршіміз Қытай елі болатын. «Най-цзин» (ішкі құрылыс кітап атты қолжазбада осыдан
3000 жыл бұрын жазылған) және көп ескі әдеби еңбектерде массаждың қандай ауруларға
қолданылғаны туралы жазылған.
Массаждың техникасы, методикасы, әдісі, тәсілі осыдан 100 жыл
бұрын реттеліп, баспа бетінде берілген.
Ежелгі Үндістанда «Аюр Веды» (ғылыми өмір ) атты 3 кітаптың біздің дәуірімізге дейін 1800
жыл бұрын шыққан бөлімінде массаж туралы толық жазылып, оны қандай ауруға қолдану керектігі
атап көрсетілген.
Славян елдерінде массажды моншада бейнек (сыпырғыш) арқылы сабалап жасаған.
Массаж туралы туындылар көп болғаны мен, бізге жеткені шамалы, қазірдің өзінде біреуі білсе,
екіншісі білмейді. Тек XIX ғасырдың екінші жартысында массаждың физиологиялық қасиетін ашпақ
болған.
Оның әсерін ғылыми тұрғыда, тек И.П. Павловтың жоғары нерв жүйесінің теориясы жарық
көрген кезде ғана айта алатын халге жетті.
Массаж халықтық медицинаның үлкен бір бөлігі. Ол барлық жер шарына кеңінен тараған.
Сондықтан емдеу әдістерінің еі негізгі тарауы болып құрамына кіреді.
Қазіргі кезде Шығыс және Батыс массажы деп екіге бөлінеді. Батыс массажына классикалық
және сегментарлық, ал Шығыс массажына нүктелі (бір нүктеге қарап) және жүйелі (дененің бөлігіне
жасау) массаждар жатады.
Кейінгі кезде өскелең өмірдің талабына байланысты массаждың тәсілдері мен әдістері де
толықтырылып келеді. Оның жаңа қолайды түрлерін ойлап шығаруға ұмтылуда.
Дегенмен қазақ
тілінде шыққан туындылар жоқтың қасы. Ол қазақ тілінде массаж болмады деген сөз емес, соны
жеткізіп, халық арасына тарататын мамандардың жеткіліксіздігі. Мәселен, омыртқа тұтасып
ауырғанда балалардың аяғы мен нығарлап бастыру, немесе бір қолмен теріні тартып, екінші қолмен
үзу, іскен жерді сипау, сынған сүйектерді қолмен сылап - сипай отырып орнына түсіру. Осының барі
біздің елде массажды ғасырлар бойы емдік мақсатта шеберлікпен қолданылғанның айғағы.
Массаждың осындай қарапайым түрлерінен адамдар жеңілдік алады:
құрысқан жері
жазылып, ауырған жері басылып көңіл бір бөлек – күйі бір бөлек көтеріледі, сергиді.
Медицинаның дамуына байланысты соңғы жылдары барлық емдеу – профилактикалық
орындарда массаж бөлмелер ашыла бастады. Білікті мамандар да жыл өткен сайын көбеюде. Массаж
халықтық медицинадан ресми түрде ғылыми медицинаға ауысты.
Достарыңызбен бөлісу: