«емдік дене тәрбиесі. Массаж» ПӘнінен дәрістік материалдар модуль Емдік дене тәрбиесі


Қан қысымы төмендеу немесе гипотония ауруы



Pdf көрінісі
бет66/72
Дата06.04.2023
өлшемі0.86 Mb.
#471874
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   72
Лекциялар (ЕДТ, массаж) Сабырбек Ж.Б.

Қан қысымы төмендеу немесе гипотония ауруы. 
Қан қысымының төмендеуі жоғары реттеуші орталықтың нерві және гуморалды аппараты 
қызметінің бұзылуына байланысты деп түсінеміз. Ол жеке дара пайда болатын сырқат емес, оның дем 
алуна денедегі әр түрлі жағдайлар, аурулар әсер етеді. Мысалы, асқазан гастриті, өт қабының 
қабынуы, т.б. созылмалы аурулар қан қысымының төмендеуіне әсерін тигізеді. Өйткені аталған 
ауруларда нерв жүйесі зақымданады. 
Сонымен қанның қысымын төмендетуге қан тамырларының кеңуі не оның қабырғаларының 
босаңсып болбарап қалуы әсер етеді. Қан тамырлары әсіресе артериалық тамырлар созылғыш жұмсақ 
келеді. Олардың қабырғалары қан келген кезде керіледі, ал жүрек дамылдаған уақытта оларға түсетін 
қысым төмендейді, бірақ мүлде босамайды, өйткені оларды жан – жағынан қысып ұстап тұратын 
бұлшық ет талшықтары бар.
Қан қысымы ішкі бездерінің қызметіне де тікелей байланысты. Қан қысымын төмендететін
заттарға жыныс және ұйқы бездерінен бөлінетін гармонда, тамақпен бірге организмге енетін холин 
нерв талшықтары ұшында болатын ацетилхолин зат алмасуынан пайда болатын гистомин т.б. жатады. 
Бұлардың бәрі қан қысымын төмендетуге арналған бірінші топтағы заттар. Басқа әсер тек нерв 
жүйесіне байланысты. Сондай-ақ адам ұйықтағанда , тоя тамақ жегенде температурасы көтерілгенде 
қан қысымы уақытша төмендейді. Сол сияқты нағыз шыныққан спортшылардың қан қысымы қалыпты 
жағдайда төмен болады. Бірақ ол ауруға жатпайды. 
Қан қысымының шамадан тыс төмендеп, кетуі он гипотония ауруы деп атайды, денсаулыққа 
зиян. 
Мұндай жайға ұшыраған адам өз бойынан әлсіздік, дәрменсіздік, солғындық сезінеді, жұмысқа 
қабілеті, төмендейді, басы айналып, көзінің алдынан шіркей , ұшқандай бұлдырайды. Мең – зең 
болады. Қысқасы қан қысымы төмендегенде кенет әр түрлі мүшелерде, әсіресе жүрек қан 


тамырларында өзгерістер байқалады. Өйткені қан қысымы төмендеген кезде миға қан аз мөлшерде 
жетеді, қан айналысы нашарлайды.соның салдарынан қоректік зат жетіспей , мидың дәлірек, айтсақ 
жоғарғы реттеуші орталықтаң қызметі бұзылады. 
Демек, қан қысымы мөлшерден тыс қалай қарай ауытқыса да адам үшін қауіпті. Сондықтан 
қалайда қан қысымын қалыпты жағдайда ұстаған жөн. Ол үшін дұрыс тамақтану, күн тәртібін 
тыңғылықты, орындау, уақытында шалдыққан адамға, массаждың қандай түрін қолдануға болады 
деген сауал туады. Белгілі классикалық массаж, нүктелі массаж, сегментарлы – рефлекторлы, 
массаждың бәрі де пайдалы.
Ең алдымен иықтың үстін және қос жауырынның арасын жоғарыдан төмен қарай сипайды. Ол 
қан қысымы жоғары болғанда қолданатын тәсілге ұқса, бірақ бас терісіне шашқа тиіспейді. Тағы бір 
айырмашылығы мойынға, желкеге, иық үстіне массаж жасағанда екпіндете жылдам жүргізіледі. 
Бірқатар авторлардың айтуынша , аяқ – қолдың бұлшық еттеріне, қарынға массаж жасау қан 
қысымын жоғарылатады. Бұл кезде жоғарыда келтірілген, методика бойынша қимыл – қолтық 
астындағы, немесе шаптағы без түйіндеріне бағытталады. 
Іштің бұлшық еттерін бір-екі рет сағат тілі бағытында сипап шығып, екі қолдың қыры мен 
ысқылайды, одан соң алақанмен қапсыра ұстап алып жұмсартады. Сілкілеу тәсілін қолданған да 
пайдалы. 
Аяқ – қол бұлшық еттеріне массаждың белгілі, әсіресе, жұмсарту, аунату, жұмарлау, илеу, т.б. 
тәсілдері пайдаланады. Мұндай массаждан соң жүректің қызметі артып, шеткері қан тамырларынан 
бөлінетін қанның мөлшері көбейіп, қан қысымының қалпына, келуіне ықпал туады. Қолға массаж 8 – 
10 минут, аяққа -15-20 минут, қарынға 10-20 минут жасалады. Массаж емдік гимнастикамен, спорттың 
қосымша түрлерімен бірге жүргізілсе тіпті жақсы. Массаждың бір курсы 10-15 күнге созылады. Оны 
екі-үш қайтара алуға болады.
Нүктелі массаждың тежеу әдісін қолданады. Осының бәрі орталық нерв системасына өз 
ықпалын тигізіп, қан қысымын қалпына келтіреді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   72




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет