Энергия үнемдеу



Дата14.06.2016
өлшемі99.5 Kb.
#135776
Энергия үнемдеу

Энергия үнемдеу

Қазақстанда энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру шаруашылықтың барлық салаларында қазіргі уақытта энергетикалық, экологиялық және экономикалық проблемалар кешенін шешетін басым міндеттр болып табылады. Осы міндетті шешпей елдің дамуын ұстау мүмкін емес.
Мемлекет басшысы энергия үнемдеу саласында жалпы ішкі өнімді үнемдеуді 2015 жылға қарай 10%-ға, 2020 жылға қарай 25%-ға төмендету бойынша міндетті алға қойды. 
Энергия үнемдеу саясатын жүргізу үшін негіз қолданыстағы нормативтік база болып табылады. ҚР Президенті 2012 жылғы 13 қаңтарда «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» және Кейбір заңнамалық актілерге энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР заңдарына қол қойды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 қарашадағы №1404 қаулымен «ҚР энергия тиімділігін арттырудың 2012-2015 жылдарға арналған кешенді жоспары» бекітілді. Бұл өз кезегінде Заңдар, НҚА және нормативтер арқылы ынталандыру шаралар кешені.
Өнеркәсіп барлық электр энергияның 70%  жоғары тұтынатындығын атап өту қажет. Кешенді жоспар шеңберінде олардың 50/50  (50% қаржыландыру – бұл кәсіпорынның меншікті қаражаты, қалған 50% - бұл мемлекеттік бюджет) энергия аудиті жүргізілді. Энергия аудиті қорытындылары бойынша электр энергетиканы қоса алғанда, өнеркәсіптің энергияны қажетсінуін төмендету үшін жүйелік шаралар өңделді.
Энергия ресурстардың көп өндірілмеген шығындарды біз тұрғын үй және бюджеттік секторда көреміз, осыған байланысты өткен жылдан бастап осы сектордағы бюджеттік қаражатқа «Қазақстандық ТКШ жаңғырту және дамытуорталығы» АҚ энергия аудитін жүргізді.

 

Электр энергияны үнемдеу



 

Электр энергияны тұтынатын аспаптар саны тұрақты өсуде.


Осындай жағдайларда «көп қабатты үйде» (жалпы үй шығындары), пәтерлерде электр энергияны үнемдеуге болады?  Ол не үшін қажет? Ең алдымен, өзінде және айналандағыларды қарапайым және де пайдалы дағдыларды қалыптастыру қажет. Электр энергияны үнемдеудің қарапайым түрлерін білу коммуналдық төлемдерді барынша төмендетуге мүмкіндік береді.
Келесі қадам – қазіргі заманғы электр үнемдеу электр-техникалық құрылғылар үйжайын жабдықтау (мысалы, ықшам люминесцентті шамдар, жарық реттегіштер, суретреле қозғалысын есептегіштер,  бағдарланатын таймерлер, ымырты ажыратқыштар басқалары). Бұл белгілі бір шығындарды талап етеді, бірақ тәжірибе көрсеткендей электр энергияны және бюджетті ғана емес, сонымен қатар жайлы өмір сүруді қамтамасыз етіледі.
Дәстүрлі қыздыру шамдары 95% дейін электр энергияны қыздыруға  жұмсайды және жарыққа тек 5 % ғана. Ықшам люминесцентті шамдар (ЫЛШ)  өзгеше жасалған, жарық ашықтығын өзгертпей үнемдейді (олардың жұмысы кезінде қарапайым қыздыру шамдарымен жұмыстан қарағанда олар элетр энергия 4-5 есеге аз жұмсалады). Тағы бір жақсы жері: қарапайым қыздыру шамдары қызметінің орташа қызмет мерзімі  – 1000 сағат,  ЫЛШ-да ол 15000 сағатты құрайды! Жоғары құнына қарамастан, жалпы ЫЛШ қарапайым қыздыру шамынан үнемді. Сондай-ақ, егер электр энергия төлемінің тарифтері уақыт өте келе өссе (олай болады), сондықтан да ЫЛШ табысы анағұрлым маңызды болады.
Жақын арада энергия үнемдеу жарғы нарығында көшбасшылық орынға жарықдиодтық шамдар алатын болады, олар ЫЛШ-мен салыстырғанда даусыз басымдықтар қатарына ие. Олардағы электр энергияны тұтыну ЫШЛ-дан 40-50% деңгейінде. Жарықдиодты қызмет мерзімі – 5 мың адам және жоғары, ол «қосу-ажырату» циклдер санына байланысты емес. Олар механикалық әсер мен дірілге  аса төзімді және тұрақты (шам қаңқасы сынбайтын пластика мен алюминийден дайындалды), кернеудің түсуінен қорықпайды,  -25% төмен температурада тез қосылады. Шамдар құрамы сынап және басқа зиянды заттардан тұрмайды, ультра күлгін және инфрақызыл сәулеленуді реттейді, оларда кез келген жарылу болмайды. Жарықдиодтық шамдардың басты жетіспеушілігі олардың өндірісі әзірше аса қымбат. 
Электр энергияны үнемдеудің анағұрлым тиімді тәсілдері – пайдаланбайтын электр аспаптарды сөндіру. Үй кіреберістерінде жарық түні бойы жанып тұрады. Әрине, түнде аса жарық үйжайға кіруге жақсы, бірақ таңғы сағат екі-үште ол ешкімге керек емесе. Ал жарық жанып тұарды! Бұл ретте уақытты кешіктіре отырып, ажыратқыш көмектесе алады.
Тағы бір нұсқасы – ифрақызыл детектор (немесе қозғалыс есептегіші). Ол тікелей адамға әсер етеді, егер осы детекторға біреу тақалса, жарық жанады. Осы құрылғыға уақытты кешіктіретін ажыратқыш орнатылған, ол адам детектордан көз таса болағн сәттен кейін бегілі бір уақытта жарықты сөндіреді. Жиі қозғалыс есептегіші жалпы пайдалану орындарында орнатылады. Бірақ оны орындауды үйде де, мысалы дәлізде және сантехникалық торапта орнатуға болады.
Бұдан басқа, жарық деңгейі есептегіші бар қозғалыс есептегіші  бар (ол «ымырт» ажыратқыш). Оны жарықтың белгілі бір мәніне жөндейді, бұл ретте ол үйжайда жарық жеткілкті болса, жарықты жағуға мүмкіндік береді. Немесе, керісінше, қараңғылық түсетінін «сезеді» және қараңғы түскен кезде сыртқы жарықты жағады.
Жарық реттегіш: шам жарығының ашықтығын рететйтін құрылғы. Мысалы, егер сіз теледидар көріп отырсаңыз, сізге бөлмедегі ашық жарықтың қажеті жоқ. Ендеше сіз жарық реттегіштің тұтқасын бұрап, жарықты өшіресіз. Үй жағдайында бұл үшін қарапайым жарық реттегіш жеткілікті.
Жалпы үй жарығына уақыт релесін қою жақсы тәжірибеге енді. Бұл ПИК персоналы бағдарлайтын  аспап тәуліктің белгілі бюір уақытында жарықты автоматты түрде қосады және ажыратады. Бұл құрылғы салыстырмалы түрде қымбат емес, ал тиімділігі – сезілімді.
Электр аспаптарының күту режимінен ажырату пәтердегі энергияны үнемдеу үшін маңызы зор. Қазіргі заманғы теледидарла мен басқа да аспаптарда күту режимі бар. Электр аспаптарын күту режимінде қалдырмаңыздар, олар жұмыс істеп болғаннан кейін желіден ажыратыңыздар.   
Бір қарағанда тұрмыстық техника мен электрониканың күту режиімінде энергияны тұтыну аз болып көрінеді, бірақ бұлай емес. Мамандар барынша кеңінен қолданылатын диогналы 54 см теледидары айына шамамен 9 кВтч, музыкалық орталықтар орташа есеппен 8 кВтч, DVD-плеерлер – шамамен 4 кВтч энергия пайдаланады. Бұл тізімге комьпютер техникасын, ауа баптағыштарын, ұялы телефонның қосулы қалған қоректендіру құрылғысы мен басқа да аспаптарды қоссақ, күту режиміндегі аспаптардың жылдық жиынтық энергия тұтынуы 350-400 кВтч жетуі мүмкін.
Тұрмыстық және кеңсе техникасын сатып алу кезінде өзгелерінен басқа аспаптың энергия тиімділігінің сыныбына да назар аудару керек. «А» сыныбының аспаптары электр энергиясын ең аз қолданса, одан кейінгілер «В», «С» және «Д» сыныбындағылар. Эрегия тұтынудың жоғары сипаты бар «Е»-«G» сыныптарындағы тұрмыстық техникасы бүгінде шығарылмайды десе де болады. Мысалы, «А» сыныбындағы тоңазытқыштар орташа есеппен тәулігіне 0,9 кВтч, ал «С» шамамен 1,45 кВтч энергияны қажет етеді. Осылайша, «А» сыныбындағы тоңазытқышты пайдалану кезінде электр энергиясын үнемдеут шамамен жылына 200 кВтч құрайды.
Пәтерлерде тұрмыстық электр техниканы дұрыс пайдалану да үнемдеу кепілі болады. Мысалы, шаң сорғыштың қабы үштен бірі толса энергия жұмсалуы автоматты түрде 40%-ға ұлғаяды. Өз кезегінде автоматты күр жуу машинасын толық жүктемеу энергияның 10-12%-ы бос кетеді. Плитаның, орталық жылыту радиаторының немесе жылытқыштың жанында тұрған тоңазытқыш туралы да осыны айтуға болады.
Ас үй аспаптарының барынша энергияны қажетсінетіні электр плитасы, электр пеші, кір жуу машинасы, тоңазытқыш, мұздату камерасы, қысқа толқынды пеш, су жылытқыш және электрлі шәйнек болып табылады. Үнемдеу үшін бірқатар қарапайым қағидаларды орындау қажет: тоңазытқышты жылу көзіне (батарея, плита, ыдыс жуу немесе кір жуу машинадары) қатар қоймаңыз, тоңазытқыштың жүйелі түрде мұзын ерітіп отырыңыз, сынтқы желдету торы мен жылу алмастырғыштың шаы мен кірін тазартыңыз, қажет болған кезде есіктің оқшаулағышын жаңартыңыз, тозытқышқа ыстық ас немесе сусындар қоймаңыз.    
Кір жуу кезінде кір машинасына әрқашан кірді толық жүктеу керек, тек кір өте лас болғанда ғана өте жоғары температураны (онша лас емес кір 40 градуста жуылады) қоймаңыз, үнемдеу бағдарламасын пайдаланыңыз: 90 градустың орнына 60 градус, алдын ала жуу міндетті емес.
Киімді үтіктеу кезінде алдын ала үтікті сөндіріп, кір қалдығын ол суығанша қалдық қызумен үтіктеңіз, жылуды қайтаратын үтіктеу тақтасын пайдаланыңыз. 

 

Суды үнемдеу



Энергияны үнемдеу проблемасы басқа маңызды ресурс – суды үнемдеумен тығыз байланысты, өйткені суды тұтынуды азайту түпкілікті өнім – таза суды алу және оны тұтынушыға жеткізуге қажетті энергия ресурстарын азайтуға әкеледі.
Суды үнемдеуді тұрмыста қолданбас бұрын оны тиімді есептеуді жолға қою қажет. Бұған суды пәтерлік есептегіштің көрсеткіштері мен ай сайынғы төлем құжатының деректері көмектеседі. Бұл ақпаратты талдау суды және тиісінше ақша қаражатын үнемдеудің өз бағдарламасын әзірлеуге мүмкіндік береді.
Суды үнемдеудің ең тиімді тәсілі крандардың ақаусыздығы болып табылады. Өйткені сіреңке талынан сәл қалың су ағыны арқылы тәулігіне 300 литрге дейін су ағуы мүмкін. Әуелі өз пәтеріңіздегі сантехникалық бөліктен судың ақпауын тексеріңіз. Қажет болған кезде жөндеңіз немесе ақаулы кранды ауыстырыңыз. Содан соң есептегіштерді тексеріңіз: су қозғалысының индикаторлары қозғалыссыз болмауы тиіс.
Араластырғыштарды таңдау кезінде – рычагты араластырғышқа басымдық беріңіз. Олар суды екі краны бар араластырғыштар гөрі тез араластырады, яғни судың «бос» ағуы аз болып, тіз судың оңтайлы температурасын таңдай аласыз.
Душ қабылдау арқылы сіз ванна қабылдаумен салыстырғанда суды тұтынуды екі есеге азайтасыз. Егер сіз душта диаметрлері кіші тесіктері бар үнемді себезгі арқылы суды 50%-ға аз қолданасыз. Душ қабылдау кезінде судың тұрақты ағыны міндетті емес. Кір жуу машинасын  мүмкіндігінше оны толық жүктеп, суды берудің қажетті деңгейін белгілей отырып пайдаланыңыз.
Мүмкіндігінше үнемді сантехника сапы алңыз: мысалы, су ағызудың екі режимі бар унитаз. Ол біршама қымбат тұруы мүмкін, есесіне тұтынуға қарай ағызылатын су көлемін реттеуге мүмкіндік береді.
Ағызу ыдысынан унитазға судың үнемі ағуы. Мұндай ағу кесірінен күн сайын ондаған литр су бос жұмсалады. Өз пәтеріңіздегі сантехниканың жағдайына бақылау жасауға және ақаулықтарды уақтылы жойып отыруға тырысыңыз. Унитаздағы «тыныш» ағуды мынадай түрде анықтауға болады.  Ыдыстың қақпағын ашыңыз. Тағамдық бояудың бірнеше тамшысын қосыңыз. 15 минут күтіңіз.  Егер бояу унитаз ішінде пайда болса – одан су ағады. Өз унитазыңызды қоқыс шелегі ретінде пайдаланбаңыз. Үнем: күніне 25 литр су. 
Ыдыстарды жуу кезінде кранды үнемі ашық қалдырмаңыз. Толықтай ашық краннан сіз ойлағаннан көп су ағатынын есте ұстаңыз, яғни минутына – 15 литр.
Асүйдегі кранға «душ» үлгісіндегі арнайы қақпақ-бөлгіш сатып алып, орнатыңыз. Ыдысты жуу кезінде суды тиімді пайдалануды жоғарлату есебінен оның шығысы төмендейді (жуудың ыңғайлылығы үшін су ағыны аз болуы керек).
Қолмен жуу кезінде раковинаның  (не өзге ыдысты) бірін жуу құралымен араластырылған сумен  толтырыңыз. Одан соң келесі раковинада жуу құралы сіңген ыдысты жылы судың болмашы ағынымен шайыңыз. Бұл тәсіл ыдыс жууға кететін суды  тұтынуды 3-5 есеге төмендетеді.
Ыдыс жуу машиналарын пайдалану – қымбат болғанымен үнемлдеудің тиімді тәсілі. Жуу циклі кезінде судың жұмсалуы ыдысты қолмен жуумен салыстырғанда бірнеше есеге төмен. Жуу циклі ішінде энергия тұтыну кранмен ыдысты жуу кезіндегі суды жылыту шығынан аз.
Көкөністер мен жемістерді кран сөндірулі күйінде раковинаны сумен толтыру арқылы жуу керек. Бір адамға үнем: күніне 10 литр су.
Краннан ағатын ағын су астында өнімнің мұзын ерітпеңіз. Дұрысы өнімді мұздатқыштан тоңазытқышқа алдын ала қойған жөн.
Әр күні суды үнемдеудің ең болмаса бір тәсілін пайдаланып көрсеңіз Сіз үнемді сезінетін болсасыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет