ЭНТОМОЗДАР
Орындаған:Қанжігіт А. Еламан А.
Убайдулла А. Ермек А.
Тобв:ХТ-19-5дк
Қабылдаған:Рысбаева Г.С
ЖОСПАР ЖОСПАР I. Кіріспе - Ларвальды энтомоздар
- І.Қ.М. гиподерматозы және қоздырғышы
- Патогенезі мен Клиникалық белгілер
- Диагнозы мен емдеу, дауалау
- Қой эстерозы, жылқы ринэстерозы, түйе цефальопинозы
- Ларвальды энтомоздарға қарсы қолданылатын емдік шаралар
III. Қорытынды IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі I. Кіріспе Бұл аурулар тобына ірі қара гипедерматозы, яғни оқыра, жылқы-гастрофилезі (қарын бөгелегі), ринэстрозы (пысқырық бөгелегі), қой эстрозы (кеңсірік бөгелегі) және түйе цефалопинозы (құмыр) жатады. Бұл аурулар еліміздің барлық түкпірлерінде кездеседі, сол себептен де мал шаруашылығына орасан зиян келтіреді. II. Негізгі бөлім - Ірі қара мал гипедерматоз . Ірі қараның тері астмекендейтінын мекендейтін, Hypoderma туысына жататын бөгелектердің балаң құрттары қоздыратын энтомоз ауруы.
- Қоздырғышы. Гиподерматоз ауруының екі қоздырғышы бар: Hypoderma bovіs- кәдімгі сиыр бөгелегі және H. lіneatum - өңеш бөгелегі. H. bovіs бүкіл Қазақстан көлемінде, ал H. lіneatum Қазақтанның оңтүстік- шығыс аймақтарында кездеседі, сондықтан оны оңтүстік бөгелегі деп те атайды.
Hypoderma bovіs- бөгелегінің имаго кезеңінде дене тұрқы 13-15 мм. Денесі түкті, басындағы түгі сары түсті, күрделі екі көзі мен төбесінде нүкте тәрізді 3 қарапайым көздері және екі қысқа мұртшалары бар. Ауыз мүшелері толық жетілмеген, өйткені олар қуыршақ және имаго сатысында қоректенбейді. Кеудесінің алдыңғы және артқы жақтары ашық сары түкті, ал ортасы қара түсті. Құрсақ жағы орта шенінде қара түкті, арт жағында қызғылт сары түкті. Қанаттары ашық көгілдір түсті. - Hypoderma bovіs- бөгелегінің имаго кезеңінде дене тұрқы 13-15 мм. Денесі түкті, басындағы түгі сары түсті, күрделі екі көзі мен төбесінде нүкте тәрізді 3 қарапайым көздері және екі қысқа мұртшалары бар. Ауыз мүшелері толық жетілмеген, өйткені олар қуыршақ және имаго сатысында қоректенбейді. Кеудесінің алдыңғы және артқы жақтары ашық сары түкті, ал ортасы қара түсті. Құрсақ жағы орта шенінде қара түкті, арт жағында қызғылт сары түкті. Қанаттары ашық көгілдір түсті.
- Hypoderma lіneatum- дене тұрқы сәл кішірек-11 мм. Оның құрсақ жағының алды сары түкті, арты - қызғылт сары түкті, ал қанаттары қоңыр түсті. Кеудесі 3 буылтықтан, ал құрсақ жағы 5 буылтықтан құралған. Оның 3 жұп аяқтары, қос қанаты бар. Жетілмеген екінші жұп қанаттары ызылдауық үн шығарады.
Достарыңызбен бөлісу: |