Әож 78 КӨшпелі тайпалар мәдениетінің КҮй дәСТҮрінің Қалыптасуы ш. Ж. Таджбағамбетова



Дата08.06.2016
өлшемі81.98 Kb.
#123094
ӘОЖ 78

КӨШПЕЛІ ТАЙПАЛАР МӘДЕНИЕТІНІҢ КҮЙ ДӘСТҮРІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ

Ш.Ж.Таджбағамбетова, оқытушы

(Алматы қ., Қазақ мемлекеттік

қыздар педагогикалық университеті)
Домбырам, жүрегіммен үндес едің,

Сенімен сырласымдай тілдесемін

Бабамнан қалған мұрам, сен болмасаң,

Өнердің не екенін де білмес едім.



М.Мақатаев

Аңдатпа. Домбыра өнері яғни күй дәстүрінің өркендеуі ата-баба дәстүрін кәсіби дамытып, әрбір баланың өнер арқылы білімге, терең ойға, өз бойындағы қабілетін шыңдауға мүмкіншілік туғызады.

Әрине домбыра аспабы, күй дәстүрі бұл күнде өз жалғасын тауып, өркендеп, дамып отыр. Домбыра аспабы соның ішінде дәстүрлі күйшілік өнері негізінде қалыптасқан тәрбие көзі эстетикалық әсемділікке жетелейді.



Түйін сөздер: күй дәстүрі, тайпалар, музыкалық фольклор, салт-дәстүр, мұра.
Халқымыздың көшпелі тұрмыс-тіршілігінің ерекшелігіне байланысты өнеріміз ғасырлар бойы тек қана жеке орындаушылық формада дамыды. Ол әр дәуірде мәдениетімізде дарынды тұлғалардың дүниеге келуіне мүмкіндік туғызады. Аты аңызға айналған Қарт Нартай, Асан қайғы сияқты ең таңдаулы өкілдерінің есімдері біздің заманымызға да жетті. Олардың күйлері халқымыздың басынан өткерген қиын өткен, қилы кезеңдерін бейнелеп, халық тарихы туралы сыр шертеді.

«Домбыра көшпелі елдің көне көз шежіресі, көпті көрген қарияның көкірек күйі», - деп сипаттады академик А.Жұбанов. Ол халқымыздың мұңы мен қайғысын, қуанышы мен күйінішін, тұрмыс-тіршілігін, арман-тілегін, батырлардың ерлігін, салт-дәстүрін, қазақтың кең сахара даласын, сұлу табиғатын, тарихи аңыз күйлер арқылы суреттеген, атадан балаға, ұрпақтан-ұрпаққа осы заманымызғадейін мұра боп қалған, қазақтың киелі аспабы, қасиетті қара домбыра, десек қателеспейміз.

Домбыра қазақ халқының жан сезімі, жан серігі. Сондықтан «әу» демейтін қазақ жоқ, қазақтың той думандары домбырасыз өтпейді, бір үйден домбыра үні шықса, халық тез арада жиналып тамсана тыңдап отыратын болған. Домбыра қазақ халқының қуанышы мен қайғы-мұның жырлайтын аспап, әр қазақтын шаңырағында төрде киелі домбыра аспабы ілініп тұрады. Домбыра аспабының мүмкіндіктері жайлы саяхатшылар, этнофольклористтер Ч.Валиханов, А.Эйхгорн т.б. ұлы ғалымдар өз пікірлерін айтқан. «Домбыраның сырлы сазына ауызданбаған бала, уызына жарымаған көтерем қозыдай болады» - деген қазақта сөз бар.

«Домбыраны қастерлей білмеген қазақтың баласы туған халқының жанын білмейді. Ал халықтың жанын түсінбеу деген тамыры шабылған ағашпен тең. Ондай ағаш жапырақ жайып сая да болмайды, жеміс те бермейді», - деген Бауыржан Момышұлы сөзінің мәні тереңде жатқанын ұғуға болады.

Домбыра қазақ халқының арасында өте кең және ерте тараған, ғасырлар сырын сақтаған қос ішекті шертіп ойнайтын музыкалық аспап. Өзіне тән ерекшеліктері бар, ішекті, шертпелі аспаптар тобына жатады. Домбыра әр түрлі үлгіде тұтас ағаштан ойылып, немесе құрап жасалады. Мойнына он тоғыздан жиырма екі санына дейін пернелер байланады. Арнайы құлақ күйге келтіріледі.
Домбыраның екі ішектісінен басқа да үш ішекті, қос жақты, кең шанақты, қуыс мойыны, шіңкілдек деп аталатын түрлері де бар. Дауысы майда, қоңыр, құлаққа жағымды.

Біздің эрамызға дейінгі өте көне ғасырда Тұран өлкесінде болған Грек саяхатшылары көшпелі тайпаларды екі шекті шертіп тартылаты аспап болғандығын айтатын. Шығыс (Индия, Қытай, Пәкистан елі) елінде әнші – күйші жыршылардың талай – талай таңдай қақтырар өкілдері тараған. Солардың бірі – Жәмиля мен Әтике. Әтикенің қол баласы әлі көңіл ашар музыка бақыты қонған шәкірті Мұқарбек (Мухаррик). 9 ғасырдағы онымен бірге өнерлес болған Зирпа (Зирьяб) он мыңнан артық күй саздарын жұртқа таратқан. Ал одан бір ғасыр шамалас бұрын өмір кешкен Зәлзәл деген атақты күйші өз заманының барша тыңдаушыларын таңдандырған. Сөйтіп, күй өнері барша халықта ғасырдан – ғасырға, бір-біріне мирас болып, рухани дүние ретінде тарай берген.

«Қазақ музыка шығармасының ішіндегі ең ірі жанрының бірі күйлер. Композиция жағынан, музыка мәдениетінің басқа өлшеулері жағынан қарағанда да, күйлер халық музыкасының жетіскен ірі тарауы екендігіне дау болмауы керек».

Қазақ күйлері ертеден Сақ, Ғұн, Үйсін, Қаңлы, көк түріктер т.б. тайпалар өмірінен ежелгі дәуірден бастау алатынын Т.Мерғалиұлы, Е.Бүркітов, О.Дүйсенов дәлелдеп отыр. Оған дәлел ретінде қазақ даласына кең тараған «Кеңес», «Бозайғыр», «Шұбарат», «Арынғазы» т.б. күйлері. /1/

Әрине өзіміз күнделікті тартып жүрген «Кеңес» күйінің, отыз ғасырға жуық тарихы бар, ол «Аққу» күйі Сақ дәуірінен бастау алатынын, «Бозайғыр» күйі Ғұндармен, Үйсіндермен байланыстылығын көрсетеді, «Қаратау шертпелері» мен «Науайы» күйлері Қаңлы елінде дүниеге келген делінеді.

Демек, қазақ халқы Сақ, Ғұн, Үйсін, Қаңлы, көк түріктерінің т.б. ру тайпаларының тарихи отанында отырған ұрпағы, сонымен қатар, олардан қалған мәдени мұралардың иелері болып табылады десек қателеспейміз. Осы ғажайып туындыларды халық сазгері, академик А.Жұбанов «Не бір ардақты, дарынды дала перзенттерінің аты ұмытылып кетсе де, сары алтындай шығармалары тот баспай бізге аман жетті, ... Олардың бәрі де әліпті таяқ деп білмейтін, нота дегеннен тіпті бейхабар болса да, өз халқының өзегін өртеген мұңын мұңдап, жоғын жоқтап көптеген тамаша музыкалық шығармалар қалдырып кеткені айқын. Олар халық аспабына арнап шығармаларын домбыра, қобыз, сыбызғыға арналған музыкалық пьесаларды, «күй» деген бір-ақ сөзбен атаған – дейді. /2/

YI-YIII ғ. түрік тілдес халықтың мәдениеті мен өнерінде жыраулық өнер дәстүрі қалытасады. Содан бері бізге жеткен «Аққу», «Бозінген», «Бозайғыр», «Жетім бала» т.б.күйлері қысқа-қысқа жыр сазы түрінде пайда болған.

Көшпелі тайпалар мәдениетінде жылқы малын ән-күйге, өлең жырға қосып, мадақтап суреттеу ертеден келе жатқан дәстүр. Бұл дәстүрді қазақ күйшілері жалғастырып ғажайып әдемі күйлерді шығарды. Көне күйлердің – ескі сарынды «Шұбар ат» күйі. Сонымен қатар ата-баба қоныс еткен туған жерді жаулардан қорғау, ел тағдырына қатысты мәселелерді жан-жақты ақылдасып «Үлкен кеңес» құру – Сақ, Ғұн дәуірінен келе жатқан дәстүр. Ал, «Кеңес» халық күйі тарихи мазмұны жоғарыдағы оқиғаларды дәлелдейтіні сөзсіз.

Осыған орай Шыңғыс ханның Қыпшақ даласына жасаған жорығы, Түрік халықтарының көп ғасырлық мәдениетін жермен жекскен етті: өртеді, тонады, қиратты. Бұл ғасырлар оқиғасынан қайғылы, зарлы, жоқтау сарынды күйлер көп сақталған. Атап айтқанда: «Ақсақ құлан», «Жетім бала», «Мұңды қыз», «Жоқтау» т.б.

А.Сейдімбектің «Сонар» кітабында көрсетілген үлгі модель бойынша, қазақтың музыкалық фольклорының шығу тегін бес кезеңге бөліп, іріктеген екен.

Бірінші, көне кезең күйлері (б.э.дейінгі 8-5 ғасырлар мен біздің заманымыздың, 6 ғасыры арасындағы кезең). Бұған қазақ даласына ислам діні тарағанға дейінгі түркі тайпаларының қиял-ғажайып тақырыптарға арналған күйлері жорық сарындары, сол жаугершілік кезеңдерде ел есінде қалған айтулы батыр, ақылды ару, қанатты шырақ туралы күйлері жатады. Мәселен, «қос мүйізді Ескендір», «Шыңырау», «Аққу», «Боз інген», «Боз айғыр» т.б. бұлардың қай-қайсы да алыс замандарды меңзейді.

Екінші оғыз – қыпшақ кезеңінің (6-7 ғасыр) күйлері. Бұған Қорқыт атаның сарындары «Абыз толғауы», «Саймақтың сары өзені», «Айырауықтың ащы зары» сияқты күйлері жатады.

Үшінші ноғайлы кезеңінің күйлері (13-16 ғ) Ертедегі, эпос, жырларымыз да, жырау шешендеріміз де ноғайлының мұңын мұңдап, жоғын жоқтайды. Ноғайлы кезеңінде туған музыкалық мұрамыздың санатына «Ақсақ құлан», «Жошыханның жортуылы», Асанқайғының «Ел айырылған», Қазтуғанның «Сағыныш» күйлерін жатқызамыз. Бұл күйлер аңыз-әңгіме мен жыр-эпостарымызбен үндесіп жатады.

Төртінші жоңғар шапқыншылығы кезіндегі (17-18 ғ) күйлер. Соның айғағы ретінде «Елімай» әнін, «Қаратаудың шертпесін», «Қалмақ би», «Беласар», «Кеңес» сияқты күйлерді атауға болады.

Бесінші 18-19 ғасырларда және 20 ғасыр басында туған күйлер. Бұл кезеңнің дәулескер, күйші композиторлары Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Тоқа, Сейтек сияқты ондаған дарындардың көл-көсір мұрасы тарихи-әлеуметтік аспектіде каузай зерттеліп, ғылыми сара бағасын алуда деп айтуымызға болады. /3/

Аспапты музыка ішінде қазақ күйлерінің ешуақытта себепсіз шықпайтыны-өзіндік айрықша сипаты. Күйге арқау болмайтын өмір құбылыстары жоқ. Қоршаған орта, жан-жануарлар дүниесінен бастап, адамдардың мінез-бітімі, көңіл-күйі, батырдың ерлігі, шешеннің тапқырлығы, ел басындағы кесек тарихы оқиғаларға дейін күй тілінде баян етіле береді. Тіптен күйге арқау болған қиял ғажайып, мифтік тақырыптардың өзі оқшаулана құрайды. Күй жанрының бұл ерекшелігі – халқымыздың тарихи жайынан хабар берерлік ең мол, ең жанды шежіре екенін пайымдатады.

Осындай көне күйлердің әуен – саздары мен мазмұны қазақ даласын мекендеген ежелгі Сақ, Ғұн, Үйсін, Қаңлы тайпаларының бәріне ортақ. Бұл туралы деректер мен мәліметтер қазақтың халық ауыз әдебиетінде д, Қытай, Парсы, Грек, Араб т.б.елдердің көне жазбаларында сақталған. Сондай-ақ, қазақ жерінен табылған көне мәдениет ескерткіштер мұны растай түседі. Күйдің тілін қарастыра отырып, оның негізінен екі түрлі жолмен қалыптасқаны туралы пікір бар. Осыған орай күй табиғатын зерттейтін болсақ оның қазақ тілінде қара сөз үлгісіне ұқсап кететіні байқалады дей келе, күй мен тілдің бір-бірімен тығыз байланыста екенін байқаймыз себебі, әрбір күй сөйлейді, мысалы Құрманғазының күйі «Қайран шешем», «Аман бол шешем, аман бол» деп анасы мен қоштасып тұрғаны, күйдің мағынасы мен оның ырғақтарынан сөйлеп тұрғанын байқаймыз. Сондықтан ұстаздың міндеті, оқушыға, күйдің мән-мағынасы, ырғақ, өлшемі, оның шығу тарихы, жайлы ойнау ерекшелігін, тәсілдерін терең түсіндіру сонда ғана оқушы ол күйді түсініп күйшілік өнерінің биік шыңына жетеді. Демек, жас ұрпаққа, атадан балаға мұра боп қалған көне күйлерді үйретіп өз нақышында заман талабына сай аранжировкамен өңделіп орындауға оқушылардың таным іздемпаздығын қызығушылығын арттыра отырып күй өнеріне баулу болып табылады.

Қазақ күйлері 18 ғ.өзінде-ақ қалытасып үлгерді. 19ғ.қазақ даласында күйшілік мектеп өркендей бастады. Ал қазақтың ән-күйлерін зерттеп, осы күнге жеткізіп зор үлес қосқандар А.Жұбанов, А.Затаевич т.б.

Мәдениетіміздің дәстүрінде көптеген профессионал күйші-композиторлар қалыптасты. Бұған дәлел халық күйшілері күй атасы Құрманғазы, біздің өмірімізден алатын орны ерекше. Құрманғазының күйлері «Сары-арқа», «Адай» арқылы қазақ жерінің тіршілік тынысын, халқымыздың күш-қуатын сырын ұғынамыз. Мәдениетіміздің символына айналып отыр деуге болады. Құрманғазының мұрасын жеткізушілердің бірі шәкірті Дина, «Бұлбұл», «Әсемқоңыр», Дәулеткерей «Қосалқа», «Қыз Ақжелең», Тәттімбет «Саржайлау», Сүгірдің «Бөзінген», Т.Момбеков «Салтанат» т.б.

Осыған орай домбыра аспабы күй дәстүрі арқылы болашақ ұрпақты мәдениетті, өнерлі, салт-дәстүрін, елін, жерін, тарихын құрметтеуге тәрбиелеу.

Қорыта айтқанда әр халықтың өз жері, өз тілі, тарихы, мәдени өнері бар, сондықтан да дәстүрлі күйшілік өнердің қадірін білген бала тәрбиелеп, даналарды тудырған кең байтақ жерді сақтап мұра етіп қалу, жас ұрапқтың қолында.

Домбыра өнері, қазақ халқының күй дәстүріне құрметпен қарау, ұлттық салт-дәстүрімізді қастерлеуге баланы жас кезінен баулығанда ғана, ол ертеңгі өз отанының нағыз азаматы болады.


Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Асафьев Б.Музыкальная культура Казахстана. Алматы, 1955ж.

2.Мерғалиев Т. Домбыра сазы Музыкалық-этнографиялық жинақ. Алматы, 1972ж. 3.Дүйсембінова Р.Қ. Оқушыларға қазақ халқының өнері арқылы музыкалық – эстетикалық тәрбие беру. – Алматы, 1998. – 411 б.

4.Сұлтанова Н.К. Музыкалық білім берудің тарихы мен теориясы/: Оқу- құралы. Семей. - 2011- 142 б.



РЕЗЮМЕ

Ш.Ж.Таджбағамбетова, оқытушы

(г, Алматы Қазахский государственный женский педагогический университет)



Становление традиции куй в культуре кочевых племен

Искусство домбры, то есть процветание традиции куй является профессионально развивая традиции предков, в каждом ребенке воспитывать знание через искусство, глубокие мысли, способствовать расширению своих возможностей.

Конечно инструмент домбры, традиционный жанр куй в настоящее время находит свое продолжение, процветать, развиваться. Инструмент домбыра становился источником воспитания в том числе на основе традиционного искусства куй, который ведет к естетической красоте.

Ключевые слова: традиционный куй, племена, музыкальный фольклор, традиции, наследие.

Summary

Tadzhbagambetova Sholpan Zhumabekovna

(City Almaty, Kazahk State Women s Teacher Training University)

The formation of tradition kui in the culture of nomad tribes

The art of dombyra, that is prosperity of tradition kui is professionally developing traditions of ancestors, in each child to cultivate knowledge through the art, deep thoughts, to promote expansion of their opportunities.



Of course the dombyra tool, a traditional genre kui now finds the continuation, to prosper, develop. The tool of a dombyr became a source of education including on the basis of traditional art kui which conducts to esthetic beauty.

Keywords: traditional kui, tribes, musical folklore, traditions, heritage.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет