§ 1 Сәлемдемелердің, құндылығы жарияланған хаттардың және бандерольдердің, сондай-ақ басқа да почта жөнелтімдерінің өндірістік құжаттамаларын жүргізу және сақтау
§ 1 Сәлемдемелердің, құндылығы жарияланған хаттардың және бандерольдердің, сондай-ақ басқа да почта жөнелтімдерінің өндірістік құжаттамаларын жүргізу және сақтау Сәлемдемелердің, құндылығы жарияланған хаттардың және бандерольдердің хабарлауларынан басқа жөнелтілген, алынған және берілген почта жөнелтімдерінің өндірістік құжаттары осы құжаттардың санына байланысты күнделікті ауысым, күндік, бескүндік, онкүндік, жартыай немесе ай бойынша бумаға тігіледі. Берілген сәлемдемелердің, құндылығы жарияланған хаттар мен бандерольдердің хабарлаулары жинақтау картотекасына реттелген кіріс нөмірлері бойынша салынады.
Көп көлем барысында сәлемдемелер, құндылығы жарияланған хаттар мен бандерольдер үшін жинақтау картотекасы бөлек ресімделеді.
Берілген тіркелген почта жөнелтімдерінің хабарлаулары реттелген кіріс нөмірлері бойынша жинақталады және почта жөнелтімдерінің түрлері бойынша ай сайын (тоқсан сайын) тігіледі.
Жүкқұжаттар мен тізілімдер почтаны алу және жөнелту кезіндегі тәртібі бойынша жинақталады. Көп көлемді құрылымдық бөлімшелерінде шығыс және кіріс жөнелтімдерінің жүкқұжаттары мен тізілімдері бөлек бумаға тігіледі, ал аз көлемде – бір бумаға.
Жинақталған құжаттардың әр буманың жоғарғы тысында (хабарлаулардың, жүкқұжаттардың, тізілімдердің) құжаттардың атауы, Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінің атауы, қай кезең бойынша құжаттар тігілді «Алматы қ. №61 ПББ 2005 ж. сәуір айының 16н. (кіріс, шығыс) жүкқұжаттары».
Өндірістік құжаттамада жазылған мәтінді түзетуге, тазартуға және қайталап жүргізуге жол берілмейді.
Өндірістік объектілермен қабылданған, тапсырылған, алынған және жөнелтілген почта жөнелтімдерінің құжаттары бақылаудан кейін оларды сақтауға жауапты тұлғаға беріледі.
Құжат бумаларын жұмыс орындарында сақтауға рұқсат етілмейді.
Жарты жыл өткеннен кейін (тексерістен кейін 10 күннен кешіктірілмей) өндірістік құжаттардың тігінділері сақтау үшін бөлек қаптарда Филиалға немесе АПБТ/ҚПБТ (бағыныштылық бойынша) жіберіледі.
Қаптардың салымына екі данадан құжат атауы, қай кезең бойынша (басталу және аяқталу датасы), бума және кітап сандары көрсетілген тізімдеме толтырылады. Тізімдеменің бірінші данасы қапқа салынады, ал екінші өндірістік объектіде қалады және бөлек бумада тігінделеді.
Сақтауға жіберілетін құжаттары бар қаптар «Сақтандыру» мөрімен басылады және 16н. жалпы жүкқұжатына тіркеліп жазылады.
Операциялық күн (ауысым) аяқталғанан кейін 1н. және 47н. түбіртек дәптерлерінде қабылданған почта жөнелтімдерінің саны және сомасы бойынша жиынтықтары шығарылады, толтырылған түбіртек көшірмесінде цифрмен жазбалар жазылады және қолымен расталады. Автоматтандырылған өндірістік объектілерінде ДК-нен жөнелтімнің бар түрі бойынша жиынтығымен операциялық күнделік басып алынады.
Жартылай немесе толық қолданған 1, 47н. түбіртекті дәптерлер ДК операциялы күнделіктермен, МС-42 кассалық анықтамалармен, 130н. күнделіктермен бірге есеп беру кезеңі өткеннен кейін тізімдеме бойынша тарифтеуді және қабылданған почта жөнелтімдерінің төлемін толық алынғанын тексеру үшін Филиалдарға немесе АПБТ/ҚПБТ жіберіледі. Қолданылмаған түбіртектер айқастыра сызылып тасталады.
Филиалдарда және АПБТ/ҚПБТ өздеріне жататын барлық құжаттар, сондай–ақ, бағынышты ПББ алынған құжаттар айлық мерзімі өткеннен кейін тізімдеме бойынша мұрағатқа сақтауға тапсырылады. 1н. дәптерлер мен 10н. тізілімінен басқа түбіртекті дәптерлер мұрағатқа тарифтеуді және қабылданған почта жөнелтімдерінің төлемін толық алынғанын тексергеннен кейін тапсырылады.
Сәлемдемелердің, тапсырысты және құндылығы жарияланған хаттар мен бандерольдердің 103н. тізімдерінің түпқұжат даналары бөлек бумаға 1н. дәптеріне олардың жазылу тәртібі бойынша тігіледі және дәптерлермен бірге сақталады.
Мұрағат жұмыскері құжаттардың тізімдеме көшірмесінде қабылдап алғаны туралы қол қояды.