Ережелер ұйымдастыруға бірыңғай талаптарды белгілейді


Халықаралық сәлемдемелерді әрі қарай жіберу және қайтару



бет67/114
Дата22.02.2024
өлшемі1.54 Mb.
#492875
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   114
ОМПО дайын кітап

2.9 Халықаралық сәлемдемелерді әрі қарай жіберу және қайтару
Сәлемдемдемелер жөнелтушінің немесе адресаттың өтініші негізінде олар көрсеткен мекен жай бойынша әрі қарай жіберілу және қайтарылу мүмкін.
Қайтарылған сәлемдеме жіберілген орынға қайтып келген жағдайда олар сол сәлемдемеге және сүйемелдеу мекен-жайына тіркелген «Retour» (Қайтарылған) белгісі бар CN 15 жапсырмасымен сүйемелденуі керек. Сәлемдеменің табыс етілмеген және қайтарылған себептері осы жапсырманың тиісті бағанында көрсетіледі (басқа жақта, бас тартты, тұрмайды).
Қайтып келген сәлемдеме кіріс сәлемдемелерді табыс ету үшін қарастырылған жалпы тәртіпте беріледі. Бұндай сәлемдемені табыстау барысында сәлемдеменің сүйемелдеу мекен-жайына тіркелген СР 77 тариф ведомосында көрсетілген төлемақыны алу керек. АҚА көрсетілген соманы сәлемдеменің табыс ету күніндегі Қазақстан Республикасының ұлттық валютасына аударуы керек, адресатқа 47н. дәптерінен немесе ДК-дан түбіртек жазылады, онда сәлемдеменің кіріс нөмірі, «Қайтару» белгісі, жиынтықтың сомасы (жазбаша) көрсетіледі. Алынған ақша сомасы және түбіртектің нөмірі сәлемдеменің 22н. хабарлауында көрсетіледі.
Қайтып келген сәлемдемені жөнелтушіге табыстау мүмкіншілігі болмаған жағдайда ол сақтау мерзімі өткеннен кейін таратылмаған қатарына беріледі және таратылмаған халықаралық сәлемдемелерге белгіленген тәртіп бойынша өңделеді.
Басқа елден әрі қарай жіберілген сәлемдеме түскен жағдайда адресаттан СР 77 ведомосында көрсетілген төлемақыны алу керек, адресатқа 47н. дәптерінен немесе ДК-дан түбіртек жазылады, онда сәлемдеменің кіріс нөмірі, жіберген елдің және әрі қарай жіберуді ресімдеген елдің атауы, «Әрі қарай жіберу» белгісі және жиынтықтың сомасы (жазбаша) көрсетіледі. Алынған ақша сомасы және түбіртектің нөмірі сәлемдеменің 22н. хабарлауында көрсетіледі.
Қазақстан Республикасының аумағында әрі қарай жіберілетін сәлемдеме түскен жағдайда өндірістік объектінің жұмыскері 20н. анықтамасының бар болуын тексеру і тиіс, аумақ ішінде әрі қарай жіберу және сақтау төлемдері көрсетілген жағдайда ақыны алып, 47н. дәптерінен немесе ДК-дан түбіртек беруге, онда сәлемдеменің кіріс нөмірі, жіберген елдің және әрі қарай жіберуді ресімдеген өндірістік обюъектінің атауы, «Әрі қарай жіберу» белгісі және алым сомасы (жазбаша) көрсетіледі. Алынған ақша сомасы және түбіртектің нөмірі сәлемдеменің 22н. хабарлауында көрсетіледі.
Сәлемдеме тек жаңадан жіберу талабының шартына сәйкес келген жағдайда ғана (салмағы алғашқы салмағына сәйкес сәлемдеменің қабы бүлінбеген, сүйемелдеу құжаттары тіркелген) халықаралық сәлемдеме елден тыс әрі қарай жіберіледі.
Сәлемдеме мына жағдайларда әрі қарай басқа елге жіберіледі:
ХПАО-на түскен белгіленген нысандағы бланкісінде ресімделген жіберген ел жөнелтушісінің арызы негізінде. ХПАО-ны өндірістік объектіге хабарлама жібереді, соның негізінде өндірістік объект жөнелтушінің өкімін орындау үшін 20н. анықтамасымен сәлемдемені ХПАО-на қайтарады. Жөнелтушінің арызында арнайы көрсетілген жағдайда әрі қарай жіберу төлемі адресаттан оның жаңа мекен-жайы бойынша алынады.
сәлемдемені өз атына түсуін күтіп жүрген, бірақ елден тыс шығатын адресаттың өтініші бойынша. Адресат қызмет көрсететін өндірістік объектіге жеке басын куәландыратын құжатын көрсетіп, белгіленген нысан бойынша CN 17 жазбаша арызын жазуға тиіс. Адресаттың әр арызына тарифпен қарастырылған төлемақы алынады, бір өндірістік объектіге бірнеше сәлемдеме түскен жағдайда арыз үшін төлемақы бір рет алынады. Жазбаша арызы арыздарды тіркеу 25н. журналына тіркеледі. Төлемақы қабылдау барысында 47н. дәптерінен немесе ДК-дан түбіртек беріледі. Арыз негізінде өндірістік объектінің жұмыскері сәлемдеменің әрі қарай жіберуін ресімдейді.
Өндірістік объектіден Қазақстан Республикасының аумағында әрі қарай жіберу жөнелтушінің немесе адресаттың арызы негізінде, жеке басын куәландыратын құжатын көрсете отырып жүзеге асырылады. Жазбаша арызы арыздарды тіркеу 25н. журналына тіркеледі, әрі қарай жіберу үшін төлемақы алынады.
Қазақстан Республикасының аумағында жаңа мекен-жай бойынша әрі қарай жіберу үшін ішкі тариф бойынша төлемақы алынады (арыз берген және сәлемдемені жіберу үшін), 47н. дәптерінен немесе ДК-дан түбіртек беріледі.
Адресат сәлемдемедені алудан бас тартқан жағдайда, ол жазбаша түрде арыз жазады және өндірістік объектінің жұмыскері сәлемдеменің қайтаруын ресімдейді, тиісті елге қайтару үшін кедендік тексеріс жүргізген ХПАО-на жоғарғы бөлімше арқылы жібереді.
Сәлемдеменің қабында (сүйемелдеу мекен-жайында) және ұсынылған құжатта адресаттың көрсетілген фамилиясы сәйкес келмеген жағдайда өндірістік объекті почта алынған жоғарғы бөлімше арқылы ХПАО-на табыс етілмеген сәлемдемемен не істеу керекті туралы сұрау салады. Сұрауда көрсетіледі: сәлемдеменің берілген нөмірі (ШПИ), жіберген елі, толық мекен-жайы, адресаттың аты-жөні. Жауап алынғанша сәлемдеме адресаттың көзінше мөрленеді және қоймада сақталады. Жіберген елден жауап алынғаннан кейін, ХПАО-ны өндірістік объектіге сәлемдемемен не істеу керектігі жайлы хабар береді.
Сәлемдемені адресатқа табыс етуге мүмкіншілік болмаған жағдайда (алудан жазбаша бас тартқан, тұрмайды, өлім жағдайында, мекен-жай толық емес және т.б.) берілген елге қайтару үшін кедендік тексеріс жүргізген ХПАО-на жоғарғы бөлімше арқылы жібереді.
Сәлемдемені қайтару алдында тиісті өндірістік объектінің жұмыскері міндетті түрде тексеруге тиіс:

      1. табыс етуге барлық шаралар қолданылған ба (толық мекен-жайы болған жағдайда);

      2. оны әрі қарай жіберу/қайтару үшін негізі қанағаттанарлық па.

  1. Әрі қарай жіберілетін, қайтарылатын сәлемдемелерге 22н. хабарлауы жазылады, онда әрі қарай жіберу/қайтару себебі мен күні көрсетіледі. Хабарлау жинақтау картотекасына салынады және кіріс нөмірлері бойынша тігіледі. 16н. кіріс жүкқұжатында міндетті түрде әрі қарай жіберілген/қайтарылған күні көрсетіледі.

  2. Жіберген еліне сәлемдемені қайтару барысында өндірістік объектінің жұмыскері 20н. анықтамасында табыс етілмеген себебін және сақтау үшін төлем сомасын көрсетеді (бар болған жағдайда).

Қайтарылатын сәлемдемесі бар қап мұқият қаралады және бақылаушы тұлғаның көзінше өлшенеді, нәтижелері туралы 20н. анықтамасына жазылады, қаптың адрес жапсырмасына жапсырылады. Одан басқа адрес жапсырмасындағы алғашқы мекен-жайы сызылып тасталады, «Қ» әрпі көрсетіледі. Осы белгінің дәлелдігі ретінде өндірістік объектінің бастығымен немесе олардың орынбасарларымен тексеріледі, қол қойылады, ПМ бедерімен расталады.

  1. Сәлемдемелер әрі қарай жіберу және қайтару барысында 16н. жүкқұжатына жазылады, онда берілген нөмірі, жіберген елі, «Белгілер» бағанында «ӘҚЖ» және «Қ» әріптері көрсетіледі. Баж салынған сәлемдемелерді жазу барысында «Кедендік жүк» («Груз таможенный») белгісі көрсетіледі.

  2. Сәлемдемелер өндірістік объектіде адресатты күтумен 30 күн сақталады.

Адресаттың немесе жөнелтушінің арызы бойынша сәлемдемелердің сақтау мерзімі тағы 30 күнге ұзартылуы мүмкін.

  1. Өндірістік объектіде сәлемдемелер екінші рет хабарлау тапсырылған соң бір жұмыс күнінен кейін (тапсырылған күн есепке алынбайды) сақталған күндері үшін белгіленген тариф бойынша төлемақы алынады.

«Талап етілгенге дейін» сәлемдемелердің сақталғандығы үшін төлемақы алынбайды.
Қызметтік сәлемдемелер халықаралық сәлемдемелерді табыстау тәртібінде беріледі.

  1. «Талап етілгенге дейін» жіберілген сәлемдемелердің сақталғандығы үшін адресаттан төлемақы алынады,егер оны қайтарған жағдайда жөнелтушіден белгіленген тариф бойынша төлемақы алынады.Жөнелтушілерге табыс етілмеген сәлемдемелер сақтау мерзімі аяқталғаннан кейін таратылмағандар қатарына беріледі.

  2. Табыс етілмеген сәлемдемелер таратылмағандар қатарына келесі жағдайларда беріледі:

1) адресат пен жөнелтушінің қажетті адрестік деректерінің дәл еместігі немесе болмауы;
2) адресат пен жөнелтушінің сәлемдемені алудан бас тартуы (жазбаша түрде);
3) белгіленген сақтау мерзімі аяқталған және адресат пен жөнелтушінің алмауы.

  1. Сәлемдемелер таратылмағандар санына тек оларды тапсырудың барлық мүмкіндіктері қарастырылып, тапсырылмау себебі мұқият тексерілген соң ғана беріледі.

  2. Таратылмағандар санына сондай-ақ мекен-жайы жуылған, өңдеу және тасымалдау кезінде бүлінген, адресатқа тапсыруға немесе жөнелтушіге қайтаруға мүмкін болмаған сәлемдемелер жатады.

  3. Сәлемдемелері бар қаптардың адрес жапсырмасында таратылмаған қатарына берілген себебі көрсетіледі. Осы белгінің дәлелдігі ретінде өндірістік объектінің бастығымен немесе олардың орынбасарларымен тексеріледі және қол қойылады. Сәлемдемесі бар қаптың адрес жапсырмасында «Таратылмаған» белгісі жазылады.

  4. Сәлемдемесі бар қапты жөнелту үшін 16н. жүкқұжаты екі данада жасалады және өндірістік объектінің бастығымен немесе орынбасарымен қол қойылады, 16н. жүкқұжаттың жоғарғы жағына «Таратылмаған» белгісі қойылады. Бірінші данасы почтамен жіберіледі, көшірмесі өндірістік объектіде қалады.

  5. Таратылмаған халықаралық сәлемдемелерді сақтауға жөнелткен (жіберілген) күні туралы 16н. кіріс жүкқұжатында, 22н. хабарлауында тиісті белгілер жасалады.

  6. Филиалдарда, АПБТ/ҚПБТ таратылмаған сәлемдемелері бар қаптар кедендік тексеру жүргізген және мекен-жай деректерін анықтау мақсатында немесе адресатқа жектізу (табыс ету) немесе жөнелтушіге қайтаруды және ашуды жасайтын ХПАО-на жіберіледі.

Сәлемдеменің салмағы жетіспеген, ашылған іздері, қабықшаның, байламның, мөрдің бүлінгені және т.с. табылған жағдайда 51н. актісі жасалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет