Ержан Бейсембаев, «Қаражал қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы



Дата24.02.2016
өлшемі29.54 Kb.
#13152
ЖЕРІ БАЙДЫҢ – ЕЛІ БАЙ
Ержан Бейсембаев,

«Қаражал қаласының жер қатынастары бөлімі»

мемлекеттік мекемесінің бастығы
Қаражал-Жәйрем аймағының қазіргі әкімшілік-аумақтық шекаралары Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1992 жылғы 1 шілдедегі қаулысымен белгіленген.

2009 жылғы 01 қарашадағы Қаражал қаласының жер балансына сәйкес аймақ аумағының жалпы ауданы 1 225 677 гектарды құрайды.

Оның ішінде:

Қаражал қаласының жерлері 95,9 га;

Жәйрем кентінің жерлері 68,6 га;

Шалғия кентінің жерлері 1,0 га.

Жердің санаттарға бөлінуі мынадай:

- ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер - 98 949 га;

- елді мекендердің жерлері - 60 538 га;

- өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс

және өзге де ауылшаруашылықтық емес

мақсаттағы жерлер - 4775 га;

- су қоры жерлері - 371 га;

- босалқы жерлер - 1 066 572 га.

Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 8-бабына сәйкес Қаражал-Жәйрем аймағының жер аумағын бағалық аймақтандыру жұмыстары жүргізіліп, Қарағанды облыстық Мәслихатының ХХІІІ сессиясының 2002 жылғы 26 желтоқсандағы шешімімен бекітілген. Осы шешімге сәйкес Қаражал қалалық Мәслихатының ХХVI сессиясының 2003 жылғы 21 шілдедегі №287 шешімімен бағалық аймақтардың тізімі мен жер салығының базалық ставкаларына қолданылатын түзету коэффициенттері бекітілді. Қаражал қаласы, Ақтай, Жәйрем және Шалғия кенттері бойынша 10 бағалық аймаққа бөлінген.

Қазіргі уақытта заңды және жеке тұлғалардың өтініштері бойынша жергілікті атқарушы органның шешіміне сәйкес бекітіліп берілетін елді мекен шеңберіндегі жер учаскелерінің жал төлемі, немесе кадастрлық (сатылу) бағасы осы бағалық аймақтандыру коэффициенттерінің қолданылуымен анықталады. Елді мекен шеңберінен тыс жерлердің жал төлемі бонитет балын анықтау қажеттігіне байланысты «Қарағандыжер ғылыми өндірістік орталығы» еншілес мемлекеттік кәсіпорны Жезқазған филиалымен анықталады.

2009 жылдың ішінде бөлімге азаматтар мен заңды тұлғалардан 146 өтініш келіп түсті. Олардың 132-і қанағаттандырылды. Жылдың аяғында 14 өтініш 2010 жылға қалды, олар белгіленген мерзімдерге сәйкес 2010 жылы қарастырылады.

Қалалық әкімдіктің жанында «Нысандар құрылысын салу үшін жер учаскелерін алдын ала таңдау бойынша арнайы комиссия» және «Жер учаскелерін меншікке немесе жалға пайдалануға беру жөніндегі комиссия» құрылған. Комиссиялардың жұмысына қала әкімінің орынбасары Б.Есенов төрағалық етеді. Комиссия айына 2 рет отырыс өткізеді. Біріншіден келіп түскен өтініштер комиссияның отырыстарында қаралады. Комиссия дұрыс шешім қабылдағаннан кейін, жерге орналастыру жобасы әзірленіп бекітіледі. Жерге орналастыру жұмыстарын Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес жерге орналастыру жұмыстарын жүргізуге белгіленген тәртіппен лицензия алған заңды тұлғалар мен азаматтар орындайды. Жерге орналастыру жобасы бекітілгеннен кейін әкімшіліктің отырысында қаралады.

Келіп түскен өтініштер бойынша жер учаскелеріне құқық белгілеуші құжаттар ресімдеу жөнінде 132 қаулы қабылданды, оның ішінде шабындық үшін 12, жеке кәсіпкерлікке 14, заңды тұлғаларға қызметтік ғимараттарды пайдалану үшін 19. Қабылданған қаулылардың негізгі бөлігі азаматтардың бұрыннан тұрған жеке меншік тұрғын үйлері орналасқан жер учаскелеріне меншік құқығын беру туралы қаулылар - 87.

Қаражал қаласы әкімдігінің қаулыларымен берілген жерлердің жалпы ауданы 51802,4 га.

Оның ішінде тұрғын үйлер 6,4293га, шабындық 51604га, жеке кәсіпкерлікке 0,515га, қызметтік ғимараттарға 191,4га.

Жеке тұрғын үйлердің жер учаскелері Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес 1000 шаршы метрге дейін тегін беріледі.

Жалға берілген жерлердің ауданы – 37860,7га, жыл сайынғы жал төлемі 10 338 779 теңге, жеке меншікке сатылғаны - 0,101га, жалпы құны 1 095 421теңге, жер учаскелеріне жал құқығын сатылғаны – 0,02га, жалпы құны 69 599 теңгені құрады. Жыл сайынғы жал төлемі мен жер учаскелерінің құны Қазақстан Республикасы Үкіметінің 02.09.2003 жылғы №890 қаулысына және Салық кодексіне сәйкес анықталады.

Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 48-бабының 1 тармағына сәйкес мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскелері немесе жер учаскесін жалдау құқығы сауда–саттыққа (конкурстарға, аукциондарға) шығарылады.



Жер учаскелерін сауда-саттыққа шығару үшін, Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 48-бабының 3 тармағында көрсетілген рәсімдерді орындау мақсатында 2010 жылға жергілікті бюджеттен ақшалай қаражат бөлініп отыр.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет