Спортшылардың қайта қалпына келтіру жүйесі
Спортшы ағзасының жаттығу сабақтары мен жарыстардан кейін шаршауы физиологиялық заңдылық. Шаршау мен қайта қалпына келтіру (қалыптастыру) үрдістерін басқарып, реттей білу жаттығу барысының машықтандыру әсерін арттырып, спортшының денсаулығын сақтауға көмектеседі. Қайта қалпына келтіру әдістерін білу және оларды тиімді қолдана білу спортшының жоғарғы жетістіктерге жетуінің негізгі кепілі. Әсіресе физикалық әдістер: душ, ванна, монша, жылулық-сәулелік әсерлер, электр тогы, магниттік әсерлер, барокамерада ұстау, массажды т.б ұтымды үйлестіре қолдана білу керек. Моншаны емдік мақсатта пайдаланудың да өз қыр-сыры бар. Ол үшін монша заманауи талаптарға сәйкес дұрыс жабдықталуы керек. Тірек-қозғалыс аппаратының әртүрлерінде: миозитте, парезде, радикулитте, невритте, невралгияда, бұлшық ет атрофиясында, буындар контрактурасында алдымен жылы процедуралар содан кейін ғана массаж ұсынылады.
Буындар зақымдарында (сынықтан кейінгі ұлпалар ісіктерінде, лимфостаз белгілерінде) алдымен массаж тек содан кейін жылу процедуралары тағайындалады.
Жарық процедурасының ең жиі қолданатын түрі, инфрақызыл сәуле және электролампалар (соллюкс) [25,26].
Спорттық зақымдардан сақтандыру әрекеттері. Спорттық зақымдардың алдын алу үшін жан-жақты ұйымдастыру және әдістемелік шаралар қолдана білу керек. Олар спорттық зақымдардың даму мүмкіншілігін ескере отырып қолданылады: материалдық-техникалық тұрғыдан қамтамасыздықты жетілдіру, жаттығу сабақтары мен жарыстарды дұрыс ұйымдастыру, жаттықтырушылардың мамандығын арттыру, дәрігерлік бақылауды мерзімінде жүргізіп, берілген нұсқауларды мүлтіксіз орындау, спортшының жалпы және арнайы жұмыс қабілеттерін арттыру. Ең жеңіл, болмашы жарақаттардың өзінің пайда болу себебін талдап, оны жою – зақымданудың, алдын алудың нәтижелі жолының бірі.
Спортшыларды қайта қалпына келтіруде көптеген әдіс, тәсілдер қолданылады. Соның ішінде арнайы қазіргі заманауи талаптарға сай аппараттар қолданылады. Спортшылар ауруларын емдеуде физиотерапияның маңызы зор. Себебі тез емдеу шараларын қолданбаған жағдайда спортшы жаттығу процесінен ұзақ уақытқа қол үзері сөзсіз. Электрдің жоғары және төмен кернеудегі қуатымен емдейтін электрофорез, ультрадыбыс, УВЧ, СВЧ (микротолкынды терапия), СМТ (синусоидалды модульді ток), электросон, магнитотерапия, лазер сәулесімен емдеу және сәулемен емдейтін солюкс шамы, электрлі жарық ваннасы, УФО, әр түрлі инголяция, жылу беретін парафин мен озекерит сияқты ем түрлері шипажайда емделудің тиімділігін арттыра түседі. Дәрігерлер физио-ем тағайындау кезінде аурудың сатысын, жүрек – қан тамырларының, тыныс жолдары мүшелерінің жағдайын, спорттық реабилитациядағы(шипажайдағы) басқа емдермен арақатынасын ескертеді[27].
Спортшы организмінің құбылмалы, сан алуан сыртқы әсерлерге, сондай-ақ қызу бұлшық ет жұмысына бейімделу қабілеті жоғары болғанымен шексіз емес. Жаттығу сабақтары мен жарыстардан кейін организмнің шаршауы физиологиялық заңдылық. Шаршау негізінде уақытша күш-қуат қорының азаюы, зат алмасуының нашарлауы, әр-түрлі шөгінділердің жиналуы,негізгі жүйелердің қызметтік мүмкіншіліктері мен жалпы және арнайы жұмыс қабілеттерінің төмендеуі жатады. Физиологиялық шаршаудың екі түрлі маңызы бар:біріншіден, ол жұмыс қабілетін арттырушы әсер, екіншіден, орталық жүйке жүйесін шаршағандық туралы хабарландырып, ағзаны зорығудан сақтандырады. Шаршамай жаттығу мүмкін емес, тек шаршау дәрежесі орындалған жүктемеге лайықты, физиологиялвқ шектен шықпауы керек.Бұл жағдайда шаршағандықтың белгілері біртіндеп жойылып,организм жаттығу сабағының қарсаңындағы қалпына келеді. Қалыптасу кезеңінін де өзіндік физиологиялық даму заңдылығы бар.
Спортшының қаншалықты қатты шаршауы, оның ұзақтығы мен белгілері,қалыптасу жылдамдығы 3 жағдайдға: 1) жаттығудың ерекшеліктеріне (түрі, бағыты, көлемі, қарқыны, ұзақтығы, қызулығы т.б); 2) жаттығушы адамның ерекшеліктеріне (жасы, денсаулығы, машықтық дәрежесі т.б); 3) сыртқы орта ерекшеліктері мен жаттығу қарсаңындағы спортшының күйіне байланысты.
Шаршау мен қалыптасу процестерін басқарып, реттей білу жаттығу барысының машықтандыру әсерін арттырып, спортшының денсаулығын сақтауға көмектеседі. Ал толық қалыптаспай, шаршағандықтың салдары жинақтала берсе, асыра шаршау, асыра машықтану, зорығу, түрлі аурулар мен жарақаттар пайда болу қаупі туады. Сонымен қатар спорттық сайыс қарсаңында, жылдамдықты , күрделі жаттығуларды игеру кезінде, аурудан толық айықпаған, дайындығы төмен спортшыларды толық қалыптаспай-жаттықтыру жүйесінің ажыратылмайтын бөлімі, сондықтан қалыптастыру әдістерін, олрды қолдану негіздерін жетік білу керек.
Қалыптастыру әдістерін жіктеу
Қалыптастыру әдістерін олардың әр түрлі ерекшеліктері бойынша (әскерлік механизмі,қолдану мерзімі мен жағдайы т.б) топтастыруға болады. Мысалы, тез әсер ететін,яғни жаттығулар арасындағы үзілістерге қолдануға лайықты әдістері, күнделікті жаттығу барысында тиімділері және асыра шаршау, зорығу т.б. сырқаттардың алдын алуғаарналғандары бар.
Спорттық тәжірибеде кең пайдаланатын жіктеу кестесі бойынша қалыптастыру әдісі 3 топқа бөлінеді: ұстаздық (педагогикалық), жан-сезімдік (психологиялық) және медициналық. Осы үш топты үйлесімді қолдана білуді кешенді (комплексті) қалыптастыру тәсілі деп айтады.
Ұстаздық қалыптастырушы әдістер негізгі болып саналады, өйткені олардың әсері организмның жаттығу кезінде жұмсаған күш-қуат қорын өздігінен, табиғи заңдылық жолымен толықтыру қасиетіне негізделген.
Ұстаздық әдістер көп, олар: жүктемелердің бір-бірімен үйлесімділігі және жүйелілігі; спорттық дайындық кездерінін қай-қайсысында болсын жүктеме мен демалысты ұтымды үйлестіру; жұмыстың бір түрінен екіншісіне ауыстыра білу; дауындау әдістерінің, жаттығулар түрлерінін, үзіліс ұзақтықтарының өзгермелі болуы; жалпы және арнаы әсерлік, статикалық (бұлшық еттің күші артқанымен, ол жиырылып-қысқармайды: мысалы, дененің салмағын бір орнынан екінші орынға ауыстырудағы бұлшық ет жұмысы-жүгіру, жүру т.б.) жұмыстарды алмастыра білу; жаттығу сабағының кіріспе, қорытынды бөлімдерін дұрыс құру; әр спортшының өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, жаттығу барысында жекешелендіру принціпін кең қолдану т.б. Сонымен ұстаздық әдстер дегеніміз жаттығу әдістері, оларды жүйелі қолдану, дайындау жүйесін тиімді ұйымдастыру.
Жан сезімдік әдістер организмнің қызметтік қабілетін қалжыраған, қозу мен тежеу процестерін арақатынасы бұзылған орталық жүйке жүйесінің қызметтік мүмкіншілігін реттеу арқылы қалыптастырады. жан-сезімдік қалыптастыру әдістері екі шартты топқа бөлінеді:біріншісі - жан-сезімдік пен ұстаздық әдістер комплексі (жиынтығы): машықтандыру, тәрбиелеу барысында әр адамның бірегейлігін, мінез құлық, жоғарғы жүйке қызметі ерекшеліктерін ескеру, ұзақ уақытқа созылатын оқу-жаттығу жиындары бір бөлімге бірін-бірін сыйлайтындарды орналастыру, демалыстарын қызықты ұйымдастыру т.б. екіншісі - таза психологиялық әсерлер: аутотренинг - өзін-өзі "дуалап", сендіру, бұлшық еттерін босаңсыту - релаксация (лат. релаксио - босату), гипноз - ұйыту, ұйытып ұйықтату т.б. Есте сақтайтын жай: жоғарғы жүйке қызметі реттелмей тұрып, ішкі ағзаларды, қимыл қозғалыс жүйесін қалыптастыру мүмкін емес.
Медициналық әдістердің қалыптастырушы әсерлері жаттығу салдарынан азайған күш-қуат көзін толықтырып, зат алмасуын, қан айналымын, жылылық рекцияларын, ауруға қарсыласу т.б. физиологиялық құбылыстарды реттеуге негізделген. Бұл тура, не жанама жолмен атқарылады. Турасында жоғарыда аталған әсерлер медициналық, оның ішінде дәрі-дәрмектердің зат алмасуына қатысумен қамтамасыз етілсе, жанамасында терідегі, шырышты қабықтағы жүйке ұштықтарын тітіркендіру арқылы атқарылады (мысалы, физикалық әдістер). Медициналық әдістердің, сондай-ақ дәрі-дәрмектердің допингтерден, немесе сергітушілерден басты айырмашылығы,- біріншілері қызу жаттығу, байытса, екіншілері керісінше, оларды шектен тыс жұмылдырып тауысады, шаршағандықты дер кезінде сездірмей зорығу, тіпті кенеттен өліп кету қаупін тудырады.
Медициналық әдістерді тағайындауға тек дәрігердің ғана құқы бар, өйткені олардың әрбірінің өзіндік әсері, бір салым және тәуліктік мөлшерлері, қолдану тәртібі бар. Дәрілердің бір-бірімен үйлесімді, не үйлесімсіз болуы,тіпті жақпау мүмкін. Сондықтан қолданудың жалпы қағидасы бар спортшыға бірдей лайқты деп түсінуге болмайды.
Медициналық әдістер 3 топқа бөлінеді: гигиеналық, физикалық, дәрі-дәрмектік, нефармакологиялық.
Гигиеналық әдістерге спортшыны дұрыс және арнайы тамақтандыру, гигиеналық тәртіп ережелерін сақтау жатады.
Физикалық әдістер: табиғат әсері (күн, су, ауа) олардың әртүрлі құралдар және жолдар арқылы өзгертіліп бейімделген түрлері (душ, ванна, монша, жылулық-сәулелік әсерлер, электртоғы, магниттік әсерлер, ауа қысымын өзгерту, барокамерада ұстау, оттегін қолдану, массаж т.б.)
Дәрі-дәрмектер ұсыну, қызу жаттығулардан кейін қалыптасу барысын басқарып реттеу, ағзаның ауруға қарсыласу қабілетін арттыру, зорығудан сақтандыру, түрлі ауруларды емдеу жолдарын тек дәрігер тағайындайды[28,29].
Достарыңызбен бөлісу: |