Есназар асель жаңабергенқызы



Pdf көрінісі
бет50/69
Дата11.04.2024
өлшемі3.69 Mb.
#498404
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   69
dissertation

І МОДУЛЬ-ді білім беру жүйесін дамытудағы нормативтік құжаттар деп 
ұсынып, онда қарастырылған тақырыптардың мазмұны келесідей:
Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспары 
(Стратегиялық даму жоспары жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 
26.02.2021 № 521 Жарлығымен); Қазақстан Республикасында білім беру мен
ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасы (Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 1 
наурыздағы №205 Жарлығы); Қазақстан Республикасының «Білім туралы» 
Заңы. 27.07.2007 ж., №319-III ҚРЗ. Астана. Ақорда; Бастауыш білім берудің 
мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (Қазақстан Республикасы Білім және 
ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығы); Қазақстан 
Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі 
«Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің 
негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауы және т.б.
ІІ МОДУЛЬ мазмұнында ойлау мен сөйлеу дағдыларын қалыптастырудың 
философиялық, психологиялық, педагогикалық, лингвистикалық теориялары 
беріледі.
«Ойлау» мен «сөйлеу» ұғымдарының философиялық бағыты: логика, 
танымдық іс-әрекет, белсенді процесс, мақсатты әрекет, жалпы және жанама 
көрініс, тілден бастау алатыны, тіл мен ойдың, ойлау мен сөйлеудің бірлігі 
және т.б. түсініктермен қамтамасыз етіледі; психологиялық тұрғыда: тұлғаның 
танымдық процесі, шындықтың жалпыланған және жанама түрдегі көрінісі, 


104 
шығармашылық белсенділігінің жоғары нысаны, білімді интеллектуалдық 
тұрғыда қолдану, когнитивті іс-әрекет ретінде көрініс табады; педагогика 
ғылымында: қатысымдық әрекет, тілдік дағдылар, ұғым қалыптастыру, дағды 
икемділіктері, тілдік дағдыларды орынды қолдануда қарастырылады. Сонымен 
қатар, пәнаралық байланыстың көп аспектілі: «пәнішілік байланыс», «ортақ 
тақырып», «пәнаралық іскерлік», «пәнаралық интеграция», «пәнаралық 
тапсырма» және т.б. ұғымдары қарастырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   69




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет