Есту қабілеті зақымдалған балалардың психикалық дамуының ерекшеліктері



бет1/8
Дата04.10.2022
өлшемі0.91 Mb.
#461912
  1   2   3   4   5   6   7   8
Дүйсенбі Ақмарал

Есту қабілеті зақымдалған балалардың психикалық дамуының ерекшеліктері (танымдық үрдістерін дамыту бойынша түзету жұмыстары).

A) түйсінуі мен қабылдауы


Заттардың формаларын қабылдауға олардың практикалықзаттық-манипуляциялық әрекеттері мен оны тиісті сөздермен белгілеуді меңгеруі көмектеседі.Мағыналы қабылдау қабілетінің орнығу ерекшеліктерібейнелерді, картиналарды қабылдаудағы анализден анық байқалады.Себебі картинада шын мәніндегі өмірдің жеке бір бөліктерібейнеленеді, сөйтіп, балаға оны көрсете отырып баланың өзі нақтыөмірді қабылдауда жүріп өтетін сатылары туралы білуімізге мүмкіндіктуады.Бейнелерді көру арқылы қабылдаудың бірқатар ерекшеліктерінатап өтейік: саңырау балалар перспективалық бейнелерді түсіну менқабылдауда қиналады, заттар арасындағы кеңістіктік - уақыттыққатынастарды орната алмайды; заттардың қозғалыстағы бейнелерінтүсіне бермейді; таныс емес ракурстағы бейнелерді және контурменберілген бейнелерді қабылдай алмайды; сондай-ақ егер заттың бейнесіжартылай басқа бейнемен жабылған болса тани алмаулары мүмкін.Саңырау балалардың қоршаған орта туралы мағлұмат алуыныңбірден-бір мүмкіндігі - көру арқылы қабылдау. Сонымен бірге басқаадамдармен қарым-қатынас жасауға жағдай тудырады.

Көру арқылы қабылдау. Есту мүмкіндігінің орнын толтырудакөру арқылы қабылдау қабілетінің маңызы зор. Көру арқылықабылдау қабілетін баланың жасқа сай даму кезеңдерімен бірге алып қарастырған дұрыс. Жоғарыда айтылып өткендей, бұл балалардың саубалаларға қарағанда заттардың кескіндерін тану машықтары кешірекқалыптасады. Қиынырақ ситуацияларда (мысалы, заттардыңкескіндері таныс емес күйде тұрғанда) есту қабілеттері зақымдағанбалалардың мүмкіндіктері айқынырақ көзге түседі. Демек, саңыраубалалардың қабылдауындағы аналитикалық тип қабылдаудыңсинтетикалық типінен басым екендігі белгілі болады


Қоршаған ортамен қарым-қатынас жасау дактиль тілінде нәзік және дифференциалданған мимика, ымдау, саусақтардың, еріннің, беттің,бастың қимылын ажыратумен жүзеге асады. Демек саңырау баланыңкөру арқылы қабылдауын ерте кезеңде сөйлеу тілін меңгертумен қатар дамытқан дұрыс.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет