Әулет, қала құрылысы және құрылыс


Кондоминиумдердің ортақ мүлігінің техникалық жағдайын анықтауды ұйымдастыру тәртібі



бет2/6
Дата09.06.2016
өлшемі0.54 Mb.
#125475
1   2   3   4   5   6

5. Кондоминиумдердің ортақ мүлігінің техникалық жағдайын анықтауды ұйымдастыру тәртібі.
5.1 Кондоминиум нысандарын басқару органы тұрғын үй пәтерлері мен жайларының иелерінің Жалпы жиналысын бастап, өткізеді. Бұл жиналыста келесілердің қажеттілігі жөніндегі мәселелер күн тәртібіне енгізіліп, қарастырылады:

- кондоминиум нысанының күрделі жөндеуін өткізу;

- ақаулықтар ведомостін рәсімдей отырып кондоминиум нысанының техникалық зерттеуін өткізу;

- Тұрғындық көмек көрсету Ережелерінің механизмін және әр пәтер иесінің күрделі жөндеуді өткізуге тұрғындық көмек алу құқығын түсіндіру.

5.2 Жекеменшік иелерінің жиналысында ортақ мүліктің күрделі жөндеуін өткізу бойынша шешім қабылдау жағдайында ақаулықтар ведомостін рәсімдей отырып кондоминиум нысанының техникалық зерттеуі негізінде техникалық жағдайды анықтау жүзеге асырылады. Осы мақсатта кондоминиум нысандарын басқару органы қажетті шараларды өткізеді:



1) Кондоминиум нысанын басқару органы құрамында үйдің барлық конструкторлық, инженерлік және өзгедей элементтерінің жағдайының сипаттамасы көрсетіліп, зақымдалулар мен ақаулықтардың ықтимал себептері талданып, мәселелер мен оларды шешу жолдары анықталатын кондоминиум нысанының техникалық жағдайын анықтау Актісін рәсімдеу мақсатымен пәтерлер иелерінен, өзінің қызметкерлерінен және білікті мамандардан тұратын комиссия құрайды. Соның негізінде жөндеу жұмыстарының ең қарапайымдарынан басталып, күрделілерімен аяқталатын кезектілігі мен оларды орындау мерзімдері белгіленеді. Ақаулықтарды жою мәселелерін шешумен қатар барынша оңтайлы және экономикалық тұрғыдан тиімді қорларды және энергияны үнемдеу технологияларын (жарық диодты шамдарды, жарықтандыру, ЖПА және т.б. арналған уақыт релелерін) енгізе отырып үйдің ортақ мүлігінің және оның жеке бөліктерінің ықтимал жетілдірілуі немесе күрделі жөндеуін жүзеге асыру жөніндегі мәселелер шешіледі.

2) Ортақ мүліктің техникалық зерттелуі қызметін алу және соның негізінде оның техникалық жағдайын анықтау мақсатымен кондоминиум нысанын басқару органы Жалпы жиналыс шешімі бойынша сондай жұмыстарды өткізу мақсатымен Тұрғын үй инспекциясына жүгінеді.

3) Тұрғын үйде жылу шығындарын анықтап, соның негізінде үйде жылу энергиясын үнемді пайдалану мүмкіндігін беретін энергияны сақтау шараларын өткізуге болатын энергоаудитті өткізу үшін арнайы кәсіпорындарға жүгінеді.

4) ақаулықтар ведомостін рәсімдейді

5.3. Тұрғын үй инспекциясының жүзеге асыратыны:

- кондоминиум нысанының ортақ мүлігінің техникалық зерттеуін ұйымдастыру негізінде кондоминиум нысанының ортақ мүлігінің техникалық жағдайын бағалау;

- кондоминиум нысанының ортақ мүлігінің күрделі жөндеуінің жеке түрлерінің тізімі мен орындау кезектілігін анықтау;

- Кондоминиум нысанын басқару органының тапсырған тұрғындық көмек қатысуымен қаржыландырылатын кондоминиум нысанының ортақ мүлігінің күрделі жөндеуінің жеке түрлеріне жұмсалатын шығындар сметасын келістіреді;

- кондоминиум нысанының ортақ мүлігінің күрделі жөндеуінің жеке түрлері бойынша орындаған жұмыстарды қабылдау комиссияларына қатысады.

5.4 Кондоминиумның ортақ мүлігінің техникалық жағдайын анықтау негізінде оның күрделі жөндеуін орындау тиімділігі анықталады.

5.5 Пәтер иелерінің күрделі жөндеуді өткізу жөніндегі шешім қабылдау мақсатымен техникалық жағдайды анықтауды ұйымдастыру келесі кезеңдерден тұрады:

1-кезең. Пәтер иелерінің жалпы жиналысын ұйымдастыру: пәтер иелерінің күрделі жөндеуді өткізуге келісімі, пәтер иелерін күрделі жөндеуді өткізуге тұрғындық көмек алу мүмкіндігі жөнінде хабардар ету және басқасы.



2-кезең. Кондоминиумның ортақ мүлігін зерттеу. Ақаулықтар ведомостін рәсімдеу және пәтер иелерінің оны мақұлдауы.

3-кезең. Арнайы ұйымға жобалау-сметалық құжаттаманы (бұдан әрі - ЖСҚ) рәсімдеу мақсатымен жүгіну. ЖСҚ пәтер иелерінің жалпы жиналысында бекіту.

4-кезең. Заңдармен белгіленген тәртіпте мемлекеттік сараптамадан өткен ЖСҚ Тұрғын үй инспекциясында мақұлдануы тиіс.

5-кезең. Кондоминиум нысанын басқару органының пәтер иелеріне күрделі жөндеу үшін шот шығару.

6-кезең. Пәтер иелерінің тұрғындық көмек алу үшін құжаттар жинап, өкілетті органға тапсыруы.

7-кезең. Тұрғын үйдің күрделі жөндеуін өткізу.

5.6 Кондоминиум нысанын басқару органы пәтер иелерімен келісілген ақаулықтар ведомості негізінде жобалау-сметалық құжаттаманы рәсімдейтін арнайы ұйымға жүгінеді. Алынған жобалау-сметалық құжаттама жалпы жиналыста пәтер иелерімен бекітілуі тиіс.

5.7 Пәтер иелерімен бекітілген, заңдармен белгіленген тәртіпте мемлекеттік сараптамадан жобалау-сметалық құжаттама Тұрғын үй инспекциясында мақұлдануы тиіс.



5.8 Тұрғын үй инспекциясында мақұлданған ЖСҚ кондоминиум нысанын басқару органының әр пәтер иесіне күрделі жөндеу үшін шот шығару негіздемесі болып табылады және олардың күрделі жөндеуді өткізу үшін тұрғындық көмек тағайындау мақсатында өкілетті органға жүгінуінің алғышарты болып табылады.

5.9 Тұрғын үй инспекциясында үйдің күрделі жөндеуді өткізуге ЖСҚ мақұлданғаннан кейін Пәтер иелерінің жалпы жиналысын қайта бастап, өзінде күн тәртібіне енгізілген келесі мәселелер бойынша шешім қабылдау қажет:

1) орта мүліктің күрделі жөндеуінің басымдылығы мен оларды орындау кезектілігін анықтау;

2) үйдің күрделі жөндеуіне төленетін соманың жинақталу мерзімі мен ай сайынғы жарна сомасын немесе ортақ мүліктің күрделі жөндеуіне төленетін бір реттік соманың мөлшерін анықтау;

3) әр пәтер иесінің ортақ мүліктің күрделі жөндеуіне төлейтін соманы есептеу әдісін анықтау;

4) ортақ мүліктің күрделі жөндеуіне қаражаттар аударып, жинақтау мақсатымен бірінші және екінші қолтаңбаны (басқару органы және пәтер иелерінің сенімді тұлғасы) көрсете отырып екінші деңгей банкінде жинақтау есеп шотын ашу.

5.10 Күрделі жөндеуге төленетін жекеменшік иелерінің ақша қаражаттарын есептеу әдістемесі үйдің күрделі жөндеуінің шығындар сметасында көрсетілген соманы үйдегі пәтерлер мен жайлардың (нақты пәтерлер мен жайлардың, жертөле, төбе және подъезд аумағын ескерусіз) жалпы ауданына бөліп, нақты пәтер иесінің пәтерінің жалпы ауданына көбейту негізінде анықталады.

5.11 Ортақ мүліктің техникалық жағдайын анықтауды ұйымдастыру және тұрғындық көмекті бөле отырып күрделі жөндеу өткізу жөніндегі шешім қабылдау процессі 1-суретте берілген.

Ортақ мүліктің техникалық зерттеуін ұйымдастыру мен ЖСҚ әзірлеуге тапсырыс беру.




Ортақ мүліктің техникалық жағдайын анықтау және күрделі жөндеу өткізу жөніндегі шешім қабылдау



Тұрғын үй инспекциясы





Пәтер иелері





Жергілікті атқару органдары



Кондоминиум нысанын басқару органы:

- ЕДБ күрделі жөндеуге қаражат жинақтау мақсатымен жинақ есеп шотын ашу;

- әр пәтер иесіне төлеу үшін шот шығарылады.





Күрделі жөндеуге тұрғындық көмек алу мақсатымен

өкілетті органға жүгіну


Күрделі жөндеуге тұрғындық көмекті алу, нормалар шектерінде оларды тағайындау және қаражатты Кондоминиум нысанын басқару органының шотына аудару.



Күрделі жөндеуге тұрғындық көмек


1-сурет Ортақ мүліктің техникалық жағдайын анықтауды ұйымдастыру және тұрғындық көмекті бөле отырып күрделі жөндеу өткізу жөніндегі шешім қабылдаудың құрылымдық схемасы


Қосымша А

Жай иелерінің ортақ мүлігі құрамының мөлшерлі қалыбы
ПИК
атауы:

Мүлік мекен-жайы:_________

Ғимаратты қарап шығып, мүлік тізбесін құраған тұлға:_________

Күні:


Р/б


Ортақ мүлік нысандары мен элементтерінің атауы

Техникалық сипаттамасы, (қуаты, биіктігі, ұзындығы, ені, аумағы, өзгесі)

Элементтер сипаттамасы (жүйе немесе конструкция, материал, әрленуі, өзгесі)

Өлш. бірлігі

Саны

Техникалық құжаттамасының болуы

1

Ортақ пайдалану жайлары
















1.1

Пәтер аралық баспалдақ алаңшасы
















1.2

Баспалдақтар
















1.3

Лифттер
















1.4

Лифт және өзге шахталары
















1.5

Дәліздер
















1.6

Арба бөлмелері
















1.7

Төбелер
















1.8

Техникалық қабаттар
















1.9

Кірістірілген гараждар мен автомобиль көлігінің алаңшалары
















1.10

Шеберханалар
















1.11

Техникалық төбелер
















1.12

Техникалық жертөлелер
















1.13

Қазандықтар
















1.14

Бойлер жайлары
















1.15

Элеватор тораптары
















2

Шатыр
















3

Тұрғын үйдің қоршаушы негізгі конструкциялары
















3.1

Іргетастар
















3.2

Негізгі қабырғалар
















3.3

Төбе тақталары
















3.4

Балкон және өзге тақталары
















3.5

Негізгі бағандар
















3.6

Өзгедей қоршаушы негізгі конструкциялары
















4

Тұрғын үйдің бірден көп тұрғын және (немесе) тұрғын емес жайында пайдаланатын қоршаушы негізгі емес конструкциялары
















4.1

Ортақ пайдаланылатын жайлардың терезелері мен есіктері
















4.2

Жақтаулар
















4.3

Қалқандар
















4.4

өзгедей қоршаушы негізгі емес конструкциялары
















5

Тұрғын үйді күтуге, пайдалануға және жайлыландыруға арналған өзгедей нысандар
















5.1

Трансформатор қосалқы станциялары
















5.2

Жылу пункттері
















5.3

Ұжымдық автотұрақтар
















5.4

Гараждар
















5.5

Өзінде тұрғын үй орналасқан жер учаскесі шектеріндегі балалар және спорт алаңшалары
















6

Үй ішіндегі суық сумен қамтамасыз етудің инженерлік жүйелері
















6.1

Тік құбырлар
















6.2

Тік құбырдан тік құбыр тармақтарында ажырату құрылғылары орналасқан бірінші ажырату құрылғысына дейінгі тік құбыр тармақтары
















6.3

суық судың ұжымдық (жалпы үйлік) есептеу құралдары
















6.4

тік құбырдан пәтер ішіне апару тармақтарындағы бірінші жабу-реттеу крандары
















6.5

сол желілерде орналасқан механикалық, электр, санитарлық-техникалық және өзгедей құрал-жабдықтар
















7

Үй ішіндегі ыстық сумен қамтамасыз етудің инженерлік жүйелері



















7.1

Тік құбырлар
















7.2

Тік құбырдан тік құбыр тармақтарында ажырату құрылғылары орналасқан бірінші ажырату құрылғысына дейінгі тік құбыр тармақтары































7.3

Ыстық судың ұжымдық (жалпы үйлік) есептеу құралдары
















7.4

Тік құбырдан пәтер ішіне апару тармақтарындағы бірінші жабу-реттеу крандары
















7.5

Сол желілерде орналасқан механикалық, электр, санитарлық-техникалық және өзгедей құрал-жабдықтар
















8

Үй ішіндегі газбен қамтамасыз етудің инженерлік жүйелері
















8.1

Тік құбырлар
















8.2

Тік құбырдан тік құбыр тармақтарында ажырату құрылғылары орналасқан бірінші ажырату құрылғысына дейінгі тік құбыр тармақтары
















8.3

Газдың ұжымдық (жалпы үйлік) есептеу құралдары
















8.4

Тік құбырдан пәтер ішіне апару тармақтарындағы бірінші жабу-реттеу крандары
















8.5

Сол желілерде орналасқан механикалық, электр, санитарлық-техникалық және өзгедей құрал-жабдықтар
















9

Үй ішіндегі жылыту жүйесі
















9.1

Тік құбырлар
















9.2

Жылыту элементтері
















9.3

Реттеуші және жабу арматурасы
















9.4

Жылу энергиясының судың ұжымдық (жалпы үйлік) есептеу құралдары
















9.5

Сол желілерде орналасқан өзгедей құрал-жабдықтар
















10

Үй ішіндегі электрмен қамтамасыз ету жүйесі
















10.1

Кіріс шкафтары
















10.2

Кіргізу-тарату құрылғылары
















10.3

Қорғау, бақылау және реттеу аппараттары
















10.4

Электр энергиясының ұжымдық (жалпы үйлік) есептеу құралдары
















10.5

Қабаттағы қалқандар мен шкафтар
















10.6

Ортақ пайдаланыстағы жайлардың жарықтандыру құрылғылары
















10.7

Түтінді шығарудың электр жүйелері
















10.8

Ішкі өртке қарсы су құбырларының автоматты өрт дабылының жүйесі
















10.9

Жүк, адам және өрт лифттері
















10.10

Тұрғын үй кіріс есігінің автоматты құлыптау құрылғылары
















10.11

Сыртқы шекарадан электр энергиясын есептеудің ортақ (пәтер) есептегіштеріне дейінгі [қоспағанда] желілер (кабель)
















10.12

Сол желілерде орналасқан өзгедей электр құрал-жабдықтар
















11

Тұрғын үйде, жайлардан тыс немесе іштерінде орналасқан және бірден көп тұрғын және (немесе) тұрғын емес жайда (панажайда) пайдаланылатын механикалық, электр, санитарлық-техникалық және өзгедей құрал-жабдықтар
















12

Өздерінде тұрғын үй орналасқан және шекаралары мемлекеттік кадастрлық есеп деректерінің негізінде анықталған, жасылдандыру және жайлыландыру элементтері бар бір немесе бірнеше жер учаскесі


















Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет