Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт


салулары негізінде ақпарат алмасу



бет22/45
Дата13.06.2016
өлшемі3.03 Mb.
#131251
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   45

салулары негізінде ақпарат алмасу

      8. Ақпаратты ұсыну туралы сұрау салуды жіберу және орындау мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:


      1) сұрау салу жазбаша нысанда немесе мәтінді берудің техникалық құралдарын пайдалану арқылы беріледі.
      Мәтінді берудің техникалық құралдарын пайдаланған кезде, сондай-ақ алынған сұрау салудың түпнұсқалығына немесе мазмұнына қатысты күмән туындаған кезде сұрау салған валюталық бақылау жөніндегі уәкілетті орган жазбаша нысанда растама сұрата алады;
      2) әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер жөніндегі іс жүргізу шеңберінде ақпарат беру туралы сұрау салу мыналарды қамтиды:
      сұрау салушы валюталық бақылау жөніндегі уәкілетті органның атауы;
      сұрау салынған валюталық бақылау жөніндегі уәкілетті органның атауы;
      қажет болған кезде растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, істердің нақты мән-жайларының қысқаша сипаты;
      сұрау салушы валюталық бақылау жөніндегі уәкілетті орган мемлекетінің заңнамасына сәйкес құқық бұзушылықты жіктеу;
      сұрау салуды орындау үшін қажетті басқа да мәліметтер;
      3) сұрау салу және оның жауабы орыс тілінде жазылады.
      9. Осы Хаттама шеңберінде алынған ақпаратты үшінші тарапқа беру қажеттілігі болған жағдайда, осы ақпаратты ұсынған валюталық бақылау жөніндегі уәкілетті органның жазбаша келісімі талап етіледі.
      10. Сұрау салуды сұрау салушы валюталық бақылау жөніндегі уәкілетті орган сұрау салынған валюталық бақылау жөніндегі уәкілетті органға мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген іс жүргізу мерзімдерін сақтау мүмкіндігін ескере отырып орындайды.
      Сұрау салынған валюталық бақылау жөніндегі уәкілетті орган нақтылау тәртібімен, егер бұл сұрау салуды орындау үшін қажет болса, қосымша ақпаратты сұратуға құқылы.
      11. Сұрау салуды орындау мүмкін болмаған кезде сұрау салынған валюталық бақылау жөніндегі уәкілетті орган бұл туралы себептерін көрсете отырып сұрау салушы валюталық бақылау жөніндегі уәкілетті органды хабардар етеді.
      12. Валюталық бақылау жөніндегі уәкілетті органдар валюталық бақылау саласындағы өзара іс-қимыл шеңберінде ақпарат алмасу шығыстарын көтереді.
      Валюталық бақылау жөніндегі уәкілетті органдар қосымша шығыстарды талап ететін сұрау салуды алған жағдайда, уәкілетті органдар оларды қаржыландыру жөніндегі мәселені өзара уағдаластық бойынша қарайды.

V. Валюталық шектеулер

      13. Әрбір мүше мемлекет ерекше жағдайларда (егер жағдай экономикалық саясаттың басқа шараларымен шешілмесе) 1 жылдан аспайтын мерзімге валюталық шектеулерді енгізуге құқылы.
      Бұл ретте ерекше жағдайларға:
      ырықтандыру шараларын жүзеге асыру кезінде мүше мемлекетте экономикалық және қаржылық ахуалдың нашарлауына әкеп соғуы мүмкін жағдайлардың туындауы;
      оның салдарынан мүше мемлекеттің алтын-валюта резервтері жол берілетін деңгейден азаюы мүмкін төлем теңгеріміндегі ахуалдың теріс дамуы;
      ырықтандыру шараларын жүзеге асыру кезінде мүше мемлекеттің қауіпсіздік мүдделеріне зиян келтіруі және қоғамдық тәртіпті қолдауға кедергі келтіруі мүмкін жағдайлардың туындауы;
      мүше мемлекеттің ұлттық валюта бағамының күрт ауытқулары жатады.
      14. Валюталық шектеулерді енгізген мүше мемлекет бұл туралы қалған мүше мемлекеттерге және Комиссияға осындай шектеулерді енгізген күннен бастап 15 күннен кешіктірмей хабарлайды.

Еуразиялық экономикалық


одақ туралы шартқа  
№ 16 ҚОСЫМША      

Көрсетілетін қызметтер саудасы, инвестициялар құру, қызметі


және инвестицияларды жүзеге асыру туралы
ХАТТАМА

I. Жалпы ережелер



      1. Осы Хаттама Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың (бұдан әрі - Шарт) 65 - 69-баптарына сәйкес әзірленді және мүше мемлекеттерде көрсетілетін қызметтер саудасының, инвестициялар құрудың, қызметінің және инвестицияларды жүзеге асыруды реттеудің құқықтық негіздерін айқындайды.
      2. Осы Хаттаманың ережелері мүше мемлекеттердің көрсетілетін қызметтерді беруді және алуды, инвестициялар құруды, қызметін және инвестицияларды жүзеге асыруды қозғайтын кез келген шараларына қолданылады.
      Электр байланысы көрсетілетін қызметтерінің саудасына байланысты туындайтын құқықтық қатынастардың ерекшеліктері осы Хаттамаға № 1 қосымшаға сәйкес айқындалады.
      Мүше мемлекеттер қызметтің барлық с екторларына және түрлеріне қатысты сақтайтын «көлденең» шектеулер осы Хаттамаға № 2 қосымшаға сәйкес айқындалған.
      Осы Хаттаманың 15 - 17, 23, 26, 28, 31, 33 және 35-тармақтарында көзделген шектеулердің, алулардың, қосымша талаптардың және шарттардың жеке ұлттық тізбелерін (бұдан әрі - ұлттық тізбелер) Жоғары кеңес бекітеді.
      3. Осы Хаттаманың ережелері Шарт күшіне енген күнге әрекет етуін жалғастырған мүше мемлекеттердің құрылған, сатып алынған, бақыланатын заңды тұлғаларына, ашылған филиалдарға, өкілдіктерге, тіркелген дара кәсіпкерлерге, сондай-ақ Шарт күшіне енгеннен кейін мүше мемлекеттердің құрылған, сатып алынған, бақыланатын заңды тұлғаларына, ашылған филиалдарға, өкілдіктерге, тіркелген дара кәсіпкерлерге қолданылады.
      Осы Хаттаманың 15 - 17, 21, 24, 27, 30 және 32-тармақтарының ережелеріне қарамастан, мүше мемлекеттер жаңа, яғни осы Шарт күшіне енген күнге қолданыста жоқ көрсетілетін қызметтерге қатысты кез келген шараларды қабылдау және қолдану құқығын сақтайды.
      Жаңа көрсетілетін қызметті қозғайтын және көрсетілген тармақтардың ережелерімен сыйыспайтын шараны қабылдаған немесе қолданған жағдайда мүше мемлекет мұндай шара туралы оны қабылдау немесе қолдану күнінен бастап, қайсысы бұрын болғанына қарай, 1 айдан кешіктірмей басқа мүше мемлекеттерді және Комиссияны хабардар етеді. Осындай мүше мемлекеттің ұлттық тізбесіне тиісті өзгерістер Жоғары кеңестің шешімімен бекітіледі.
      4. Осы Хаттаманың 6-тармағы 22-тармақшасының екінші және үшінші абзацтарында көрсетілген қызметтерді жеткізу тәсілдеріне қатысты осы Хаттаманың ережелері әуе көлігімен тасымалдау құқықтарына және ұшақтарға жөндеу және пайдалану қызметін көрсетуді, әуе көлігінің көрсетілетін қызметтерін, сондай-ақ резервтеудің компютерлік жүйесінің көрсетілетін қызметтерін жеткізуді және олардың маркетингін қоспағанда, тасымалдау құқықтарына тікелей жатқызылатын көрсетілетін қызметтерге қолданылмайды.
      5. Мүше мемлекеттер өздерінің заңнамасында көзделген және адамдардың өмірін және денсаулығын, қоршаған ортаны қорғауға, ұлттық қауіпсіздікке қатысты талаптарды, сондай-ақ басқа мүше мемлекеттердің тұлғаларын, сондай-ақ мүше мемлекеттердің аумақтарында құру үшін үшінші мемлекеттердің тұлғаларын тарту тетігі ретінде еңбек стандарттарын жұмсартуды пайдаланбайды.

II. Анықтамалар және ұғымдар



      6. Осы Хаттамада пайдаланылатын ұғымдар мыналарды білдіреді:
      1) «реципиент мемлекет» - аумағында басқа мүше мемлекеттердің инвесторлары инвестицияларды жүзеге асыратын мүше мемлекет;
      2) «қызмет» - осы тармақтың 24-тармақшасының екінші - алтыншы абзацтарында санамаланған заңды тұлғалардың, филиалдардың, өкілдіктердің немесе дара кәсіпкерлердің кәсіпкерлік немесе өзге қызметі (көрсетілетін қызметтер саудасын және тауарларды өндіруді қоса алғанда);
      3) «инвестицияларға байланысты қызмет» - инвестицияларға иелік ету, пайдалану және (немесе) билік ету;
      4) «кірістер» - инвестицияларды жүзеге асыру нәтижесінде алынатын қаражат, атап айтқанда дивидендтер, пайыздар, сондай-ақ лицензиялық, комиссиялық және басқа да сыйақылар;
      5) «мүше мемлекеттің заңнамасы» - мүше мемлекеттің заңдары  және өзге нормативтік құқықтық актілері;
      6) «өтініш беруші» - рұқсат беру туралы өтінішпен осы немесе басқа мүше мемлекеттің құзыретті органына өтініш білдірген бір мүше мемлекеттің тұлғасы;
      7) «инвестициялар» - бір мүше мемлекеттің инвесторы екінші мемлекеттің аумағындағы кәсіпкерлік қызмет объектілеріне соңғысының заңнамасына сәйкес салатын материалдық және материалдық емес құндылықтар, оның ішінде:
      ақша қаражаты (ақша), бағалы қағаздар, өзге мүлік;
      мүше мемлекеттердің заңнамасы негізінде немесе шарт бойынша ұсынылатын кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқық, қоса алғанда, атап айтқанда табиғи ресурстарды барлауға, өндіруге, өңдеуге және пайдалануға құқық;
      ақшамен бағаланатын мүліктік және өзге де құқықтар;
      8) «мүше мемлекеттің инвесторы» - мүше мемлекеттің екінші мүше мемлекеттің аумағында, соңғысының заңнамасына сәйкес инвестицияларды жүзеге асыратын кез келген тұлғасы;
      9) «құзыретті орган» - мүше мемлекет берген өкілеттіктер шегінде бақылау, рұқсат беру немесе осы Хаттамада қамтылатын мәселелерге қатысты өзге реттеу функциясын жүзеге асыратын кез келген орган немесе кез келген ұйым, атап айтқанда әкімшілік органдар, соттар, кәсіби бірлестіктер, қауымдастықтар;
      10) «мүше мемлекеттің тұлғасы» - мүше мемлекеттің кез келген жеке немесе заңды тұлғасы;
      11) «мүше мемлекеттің шарасы» - мүше мемлекеттің заңнамасы, сондай-ақ мемлекеттік биліктің кез келген деңгейінде жергілікті өзін-өзі басқару органдары немесе осындай органдар берген өкілеттіктерді олардың жүзеге асыруы кезінде ұйымдар қабылдаған немесе қолданатын осы мүше мемлекеттің лауазымды тұлғасының кез келген шешімі, әрекеті немесе әрекетсіздігі.
      Мүше мемлекеттің органы ұсынымдық сипаты бар ресми құжатты қабылдаған (шығарған) жағдайда мұндай ұсыным, егер іс жүзінде аталған ұсынымның адресаттарының басым бөлігі (мемлекеттік, өңірлік және (немесе) муниципалдық билік органдары, үкіметтік емес органдар, сондай-ақ осы мүше мемлекеттің тұлғалары, басқа мүше мемлекеттердің тұлғалары, кез келген үшінші мемлекеттің тұлғалары) оны ұстанатындығы дәлелденген жағдайда осы Хаттаманың мақсаттары үшін қолданылатын мүше мемлекеттің шарасы деп танылуы мүмкін;
      12) «көрсетілетін қызметті алушы» - қызмет көрсетілетін немесе көрсетілетін қызметті пайдалануға ниетті мүше мемлекеттің кез келген тұлғасы;
      13) «көрсетілетін қызметтерді жеткізуші» - мүше мемлекеттің көрсетілетін қызметті жеткізетін кез келген тұлғасы;
      14) «өкілдік» - заңды тұлғаның тұрған жерінен тыс орналасқан, заңды тұлғаның мүдделерін білдіретін және оларды қорғауды жүзеге асыратын заңды тұлғаның оқшауландырылған бөлімшесі;
      15) «рұқсат» - мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген, өтініш берушінің өтінішіне негізделген құзыретті органның осы тұлғаның белгілі бір қызметті немесе белгілі бір әрекеттерді, оның ішінде тізілімге енгізу, ресми құжат (лицензия, келісім, қорытынды, аттестат, куәлік, сертификат және т.с.с.) беру арқылы жүзеге асыру құқығын растауы. Бұл ретте мұндай рұқсат конкурстық іріктеу қорытындысы бойынша берілуі мүмкін;
      16) «рұқсат беру рәсімдері» - мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес құзыретті органдар іске асыратын рұқсаттарды және олардың телнұсқаларын беруге және қайта ресімдеуге, рұқсаттардың қолданылу мерзімін тоқтатуға, тоқтата тұруға және қалпына келтіруге не ұзартуға, рұқсаттардан айыруға (күшін жоюға), рұқсаттар беруден бас тартуға, сондай-ақ осындай мәселелер бойынша шағымдарды қарауға байланысты рәсімдер жиынтығы;
      17) «рұқсат беру талаптары» - стандарттардың және (немесе) өтініш берушіге, рұқсат иесіне және (немесе) жеткізілетін қызметке, мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген реттеу мақсаттарына қол жеткізуді қамтамасыз етуге бағытталған, мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес келетін, жүзеге асырылатын көрсетілетін қызметке қойылатын талаптардың (оның ішінде лицензиялық, біліктілік) жиынтығы;
      Қызметті жүзеге асыруға рұқсаттарға қатысты рұқсат беру талаптарының, оның ішінде өтініш берушінің мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметтер саудасын және өзге қызметті жүзеге асыру біліктілігін және қабілетін қамтамасыз ету мақсаты болуы мүмкін;
      18) «режим» - мүше мемлекеттер шараларының жиынтығы;
      19) «көрсетілетін қызмет секторы»:
      осы Хаттамаға № 2 қосымшаға қатысты, сондай-ақ Жоғары кеңес бекітетін тізбелерге қатысты - жекелеген қызметтің бір, бірнеше немесе барлық кіші секторлары;
      өзге жағдайларда - барлық кіші секторларын қоса алғанда, көрсетілетін қызметтің барлық секторы;
      20) «мүше мемлекеттің аумағы» - мүше мемлекеттің аумағы, сондай-ақ халықаралық құқыққа және өз заңнамасына сәйкес егеменді құқықтарын және юрисдикциясын іске асыратын оның айрықша экономикалық аймағы мен континентальдық қайраңы;
      21) «экономикалық орындылығына тест» - тиісті шешімдерді беруді экономикалық қажеттіліктің немесе нарық қажеттіліктерінің болуымен, қызметтің ықтимал немесе бар экономикалық әсерін бағалаумен немесе қызметтің құзыретті орган белгілеген экономикалық жоспарлау мақсаттарына сәйкестігін бағалаумен байланыстыру. Аталған ұғым экономикалық сипаттағы емес жоспарлауға байланысты және әлеуметтік саясат, жергілікті билік органдары өз құзыретінің шегінде бекітетін әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларын орындау немесе қалалық тіршілік ету ортасын қорғау, оның ішінде қала салу жоспарларын орындау сияқты қоғамдық мүдде түсініктерімен негізделген шарттарды қамтымайды;
      22) «көрсетілетін қызметтер саудасы» - көрсетілетін қызметтерді шығаруды, бөлуді, маркетингін, сатуды және жеткізуді қамтитын және мынадай:
      бір мүше мемлекеттің аумағынан кез келген екінші мүше мемлекеттің аумағына;
      бір мүше мемлекеттің аумағында осы мүше мемлекеттің тұлғасының екінші мүше мемлекеттің көрсетілетін қызметтерді алушысына;
      екінші мүше мемлекеттің аумағында құру жолымен бір мүше мемлекеттің көрсетілетін қызметтерді берушісінің;
      екінші мүше мемлекеттің аумағында бір мүше мемлекеттің жеке тұлғаларының қатысу жолымен осы мүше мемлекеттің көрсетілетін қызметтерді берушісі тәсілдерімен жүзеге асырылатын көрсетілетін қызметтерді беру;
      23) «үшінші мемлекет» - мүше мемлекет болып табылмайтын мемлекет;
      24) «құру»:
      аумағында заңды тұлға ұйымдастырылатын немесе құрылатын мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген кез келген ұйымдық-құқықтық нысанда және меншік нысанында осындай заңды тұлғаны құру және (немесе) иелену (ұйымдастырылған немесе құрылған заңды тұлғаның капиталына қатысу);
      тікелей немесе үшінші тұлғалар арқылы заңды тұлға қабылдайтын шешімдерді анықтау мүмкіндігін алудан көрінетін, оның ішінде дауыс беретін акцияларға (үлестерге) тура келетін дауыстарға иелік ету жолымен, директорлар кеңесінде (байқау кеңесінде) және осындай заңды тұлғаның өзге де басқару органдарында қатысу жолымен мүше мемлекеттің осындай заңды тұлғасын бақылауды иелену;
      филиал ашу;
      өкілдік ашу;
      дара кәсіпкер ретінде тіркеу.
      Құру, оның ішінде көрсетілетін қызметтер саудасы және (немесе) тауарлар өндіру мақсаттары үшін жүзеге асырылады;
      25) «мүше мемлекеттің жеке тұлғасы» - мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес мүше мемлекеттің азаматы;
      26) «филиал» - заңды тұлғаның тұрған жерінен тыс орналасқан  және оның барлық функцияларын немесе олардың бір бөлігін, оның ішінде өкілдік функцияларын жүзеге асыратын заңды тұлғаның оқшауландырылған бөлімшесі;
      27) «мүше мемлекеттің заңды тұлғасы» - мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес осы мүше мемлекеттің аумағында ұйымдастырылған немесе құрылған кез келген ұйымдық-құқықтық нысандағы ұйым.
      7. Осы Хаттаманың мақсаттары үшін көрсетілетін қызметтердің секторлары Біріккен Ұлттар Ұйымы Хатшылығының Статистикалық комиссиясы бекіткен Негізгі өнімдердің халықаралық сыныптауышы (Central Products Classification) негізінде айқындалады және сыныпталады.

III. Төлемдер мен аударымдар

      8. Осы Хаттаманың 11 - 14-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, әрбір мүше мемлекет көрсетілетін қызметтер саудасына, инвестициялар құруға, қызметіне және инвестицияларға байланысты аударымдар мен төлемдерге қатысты және атап айтқанда, мыналарға:
      1) кірістерге;
      2) мүше мемлекеттер инвестициялар ретінде таныған қарыздар мен кредиттерді жабуға төлейтін қаражатқа;
      3) инвестор коммерциялық ұйымды ішінара немесе толықтай таратумен не инвестицияларды сатумен байланысты алған қаражатқа;
      4) инвестор осы Хаттаманың 77-тармағына сәйкес залалды өтеу ретінде алған қаражатқа және осы Хаттаманың 79 - 81-тармақтарында көзделген өтемақыға;
      5) инвесторлар және реципиент мемлекеттің аумағында инвестицияларды жүзеге асыруға байланысты жұмыс істеуге рұқсат етілген басқа да мүше мемлекеттердің азаматтары алатын жалақыға және басқа да сыйақыларға қатысты қолданыстағы шектеулердің күшін жояды және жаңа шектеулер енгізбейді.
      9. Осы бөлімдегі ештеңе мүше мемлекеттің мұндай шараларының 1944 жылғы 22 шілдедегі Халықаралық валюта қоры Келісімінің баптарына сәйкес келуі шартымен және (немесе) мүше мемлекеттің осы Хаттаманың 11 - 14-тармақтарында көрсетілген жағдайларды немесе Халықаралық валюта қорының талабы бойынша шектеулер қолдану жағдайларын қоспағанда, аударымдар мен төлемдер операцияларына қатысты осы Хаттамада көзделген өзінің міндеттемелерімен сыйыспайтын аударымдар мен төлемдерге шектеулерді белгілемеуі шартымен валюталық операцияларды реттеу шараларына қатысты құқықтар мен міндеттемелерді қоса алғанда, кез келген мүше мемлекеттің Халықаралық валюта қорына мүшелігінен туындайтын олардың құқықтары мен міндеттемелерін қозғамайды.
      10. Осы Хаттаманың 8-тармағында көзделген аударымдар кез келген еркін айырбасталатын валютамен жүргізіледі. Қаражатты айырбастау негізделмеген кідіріссіз мүше мемлекеттің аумағында аударым күніне ақша қаражатын аударатын және төлемдерді жүзеге асыратын күні қолданылатын айырбас бағамы бойынша жүзеге асырылады.

IV. Төлемдер мен аударымдарға қатысты шектеулер

      11. Төлем теңгерімінің жай-күйі нашарлаған, алтын-валюта резервтері айтарлықтай қысқарған, ұлттық валюта бағамы күрт ауытқыған немесе осындай қауіп төнген жағдайда мүше мемлекет осы Хаттаманың 8-тармағында көзделген аударымдар мен төлемдерге қатысты шектеулер енгізе алады.
      12. Осы Хаттаманың 11-тармағында көрсетілген шектеулер:
      1) мүше мемлекеттер арасында кемсітуді туындатпауға тиіс;
      2) 1944 жылғы 22 шілдедегі Халықаралық валюта қоры Келісімінің баптарына сәйкес келуге тиіс;
      3) кез келген басқа мүше мемлекеттің коммерциялық, экономикалық  және қаржылық мүдделеріне шамадан тыс нұқсан келтірмеуге тиіс;
      4) осы Хаттаманың 11-тармағында көрсетілген мән-жайларды еңсеру үшін қажетті шамадан артық ауыртпалықты болмауға тиіс;
      5) уақытша болуға және осы Хаттаманың 11-тармағында көрсетілген мән-жайлардың еңсерілу шамасына қарай біртіндеп жойылуға тиіс.
      13. Осы Хаттаманың 11-тармағында көрсетілген шектеулердің қолданылу аясын айқындау кезінде мүше мемлекеттер өздерінің экономикалық бағдарламалары немесе даму бағдарламалары үшін неғұрлым маңызды болып табылатын тауарларды немесе қызметтер көрсетуді жеткізуге басымдық бере алады. Алайда мұндай шектеулер экономиканың белгілі бір секторын қорғау мақсатында белгіленбейді және сақталмайды.
      14. Осы Хаттаманың 11-тармағына сәйкес мүше мемлекеттер белгілеген немесе сақтап қалған кез келген шектеулер немесе олардағы кез келген өзгерістер басқа мүше мемлекеттерді дереу хабардар ету нысанасы болып табылады.

V. Мемлекеттің қатысуы



      15. Әрбір мүше мемлекет ұлттық тізбелерде және осы Хаттамаға № 2 қосымшада көрсетілген шектеулерді, алып қоюды, қосымша талаптарды және шарттарды ескере отырып, өз аумағында жекешелендіруге қатысуға қатысты басқа мүше мемлекеттің тұлғаларына қолайлылығы өзінің мүше мемлекетінің тұлғаларына ұсынылатын режимнен кем болмайтын режим ұсынады.
      16. Егер мүше мемлекеттің аумағында осы мүше мемлекет капиталына қатысатын немесе осы мүше мемлекет бақылайтын заңды тұлғалар жұмыс істеген жағдайда, мұндай мүше мемлекет көрсетілген тұлғалардың:
      1) өз қызметін коммерциялық тұрғыдан негізінде жүзеге асыруын  және осы Хаттамамен реттелетін қатынастарға:
      осы қатынастарға өзге қатысушылармен теңдік қағидаты негізінде;
      осы қатынастарға өзге қатысушылардың азаматтығына, тіркелген (құрылған) жеріне, ұйымдық-құқықтық нысанына немесе меншік нысанына байланысты оларды кемсітпеу қағидаты негізінде түсуін;
      2) капиталына осы мүше мемлекеттің қатысуына немесе оларды осы мүше мемлекеттің бақылауына байланысты ғана құқықтар, артықшылықтар немесе міндеттемелер алмауын қамтамасыз етеді.
      Көрсетілген талаптар мұндай заңды тұлғалардың қызметі аталған мүше мемлекеттің әлеуметтік саясатының міндеттерін шешуге бағытталған жағдайларда, сондай-ақ ұлттық тізбелерде және осы Хаттамаға № 2 қосымшада көрсетілген шектеулер мен шарттарға қатысты қолданылмайды.
      17. Осы Хаттаманың 16-тармағының ережелері осы Хаттаманың 30-тармағы 2 және 6-тармақшаларының негізінде ұлттық тізбелеріне немесе осы Хаттамаға № 2 қосымшаға енгізілген құқықтар және (немесе) артықшылықтар берілген заңды тұлғаларды қоспағанда, формальды түрде немесе іс жүзінде айрықша құқықтар немесе арнайы артықшылықтар берілген заңды тұлғалар мен Шарттың XIX бөліміне сәйкес қызметтері реттелетін заңды тұлғаларға қолданылады.
      18. Мүше мемлекеттердің әрқайсысы Шарттың 69-бабының ережелеріне нұқсан келтірмей, мемлекеттік биліктің кез келген деңгейіндегі осы мүше мемлекеттің барлық органдарының немесе оның жергілікті өзін-өзі басқару органдарының тәуелсіз, реттелуі тиісті орган құзыретінің аясына кіретін экономика секторындағы шаруашылық қызметті жүзеге асыратын кез келген тұлғаның бақылауында болмауын және оған есеп бермеуін қамтамасыз етеді.
      Бұл мүше мемлекеттің шаралары, оның ішінде көрсетілген органның шешімдері, ол белгілейтін және қолданатын қағидалар мен рәсімдер шаруашылық қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың барлығына қатысты әділ әрі объективті болуға тиіс.
      19. Шарттың XIX бөлімінен туындайтын міндеттемелерге сәйкес және осы Хаттаманың 30-тармағының ережелеріне қарамастан, мүше мемлекеттердің әрқайсысы өз аумағында табиғи монополиялар субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларды сақтап қала алады. Өз аумағында мұндай заңды тұлғаларды сақтап қалатын мүше мемлекет мұндай заңды тұлғаның Шарттың XIX бөлімінен туындайтын міндеттемелермен үйлесетіндей түрде әрекет етуін қамтамасыз етеді.
      20. Егер бір мүше мемлекеттің осы Хаттаманың 19-тармағында көрсетілген заңды тұлғалары басқа мүше мемлекеттердің тұлғаларымен тікелей немесе өзі бақылайтын заңды тұлғалары арқылы өзінің монополиялық құқықтарының саласынан тыс бәсекелессе, онда бірінші мүше мемлекет өзінің осындай заңды тұлғаның осы Хаттамадан туындайтын бірінші мүше мемлекеттің аумағында осындай бірінші мүше мемлекеттің міндеттемелерімен сыйыспайтындай түрде әрекет ете отырып, өзінің монополиялық жағдайын теріс пайдаланбауын қамтамасыз етеді.

VI. Қызметтер көрсету саудасы, құру және қызмет

1. Қызметтер көрсету саудасы, құру және қызмет кезіндегі ұлттық
режим

      21. Әрбір мүше мемлекет қызметтер көрсету саудасын қозғайтын барлық шараларға қатысты басқа мүше мемлекеттің қызметтеріне, жеткізушілеріне және қызметті алушыларына қолайлылығы осындай (ұқсас) жағдайларда өзінің осындай (ұқсас) қызметтеріне, жеткізушілеріне және қызметті алушыларына ұсынылатын режимнен кем болмайтын режим ұсынады.


      22. Әрбір мүше мемлекет кез келген басқа мүше мемлекеттің қызметтеріне, жеткізушілеріне және қызметті алушыларына осы мүше мемлекет өзінің осындай (ұқсас) қызметтеріне немесе жеткізушілеріне не қызметті алушыларына ұсынатын режимге қатысты формальды түрде осындай немесе формальды түрде ерекшеленетін режим ұсыну арқылы осы Хаттаманың 21-тармағында көрсетілген міндеттемелерді орындай алады.
      Формальды түрде осындай немесе формальды түрде ерекшеленетін режим, егер кез келген басқа мүше мемлекеттің осындай (ұқсас) қызметтерімен, жеткізушілерімен және қызметті алушыларымен салыстырғанда осы мүше мемлекет қызметтерінің, жеткізушілерінің және (немесе) қызметті алушыларының пайдасына бәсеке шартын өзгертсе, қолайлылығы төмен деп есептеледі.
      23. Осы Хаттаманың 21-тармағының ережелеріне қарамастан, әрбір мүше мемлекет басқа мүше мемлекеттің қызметтеріне, жеткізушілеріне және қызметті алушыларына қатысты ұлттық тізбелерде немесе осы Хаттамаға № 2 қосымшада көрсетілген жеке шектеулер мен шарттарды қолдана алады.
      24. Әрбір мүше мемлекет кез келген мүше мемлекеттің тұлғаларына құруға және қызметке қатысты осындай (ұқсас) жағдайларда өзінің аумағындағы өзінің тұлғаларына ұсынылатын режимнен кем болмайтын режим ұсынады.
      25. Әрбір мүше мемлекет кез келген мүше мемлекеттің тұлғаларына осы мүше мемлекет өзінің тұлғаларына ұсынатын режимге қатысты формальды түрде осындай немесе формальды түрде ерекшеленетін режим ұсыну арқылы осы Хаттаманың 24-тармағында көрсетілген міндеттемелерді орындай алады. Бұл ретте мұндай режим, егер кез келген басқа мүше мемлекеттің тұлғаларымен салыстырғанда осы мүше мемлекет тұлғасының пайдасына бәсеке шартын өзгертсе, қолайлылығы төмен деп есептеледі.
      26. Осы Хаттаманың 24-тармағының ережелеріне қарамастан, әрбір мүше мемлекет кез келген мүше мемлекеттің тұлғаларын құруға және олардың қызметіне қатысты ұлттық тізбелерде немесе осы Хаттамаға № 2 қосымшада көрсетілген жеке шектеулер мен шарттарды қолдана алады.

2. Қызметтер көрсету саудасы, құру және қызмет кезіндегі



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет