Еуропалық экономикалық комиссия экологиялық саясат жөнінддегі комитет


 Ендірме. Табиғи монополиялардың қызметін реттеу



Pdf көрінісі
бет106/195
Дата22.11.2022
өлшемі4.05 Mb.
#465412
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   195
kazakhstanII.KAZ

 
5.1 Ендірме. Табиғи монополиялардың қызметін реттеу. 
Қазақстан Республикасының «Табиғи монополиялар туралы» Заңы (1998 жылы қабылданған) табиғи 
монополияларды бəсекелестік жағдай жасау немесе техникалық себептерге байланысты мүмкін емес 
немесе экономикалық жағынан мақсатқа сəйкес емес деңгей ретінде анықтайды. Жалпы алғанда, табиғи 
монополия үнемдеу мақсатында өндіріс масштабының өсу есебінен бүкіл (жеогілікті) нарыққа қызмет 
көрсетуге екі-үшеу емес, бір компанияға ғана мүмкіндік берген ұтымды болғанда туындайды. Осыған 
сəйкес мысал – суды бөлу, оған өндірістік шығыстардың жалпы құрылымында белгіленген шығыстардың 
(су бөлуші тораптарға салым салу) үлкен үлесі тəн. Табиғи монополиялар тұтынушыларды қорғауға 
арналған сыртқы құралдармен реттеледі. Қазақстандағы табиғи монополиялардлың толық тізімі табиғи 
монополиялар субьектілерінің Мемлекеттік тізімдемесіне енгізілген. 
Талапқа сəйкес, тарифтер шығыстарды ескере отырып, бақылаушы органмен есептеледі. 
Жалпы, бұның құрамына негізгі капитал мен кірісті амортизациялауды есепке алғандағы 
пайдалану шығыстары қамтылады. Коммуналдық қызмет орындары сонымен бірге ағынды 
сулармен бірге тасталатын ластағыштар үшін де төлейтіндігін атап өту маңызды. Дегенмен 
Қазақстанда толық сатып алуды талап ететін жалпы құқықтық қағида қалыптаспаған. Мысалы, 
ТМРА тарифтерді алмастырудың іс жүзіндегі құнының емес, тарихи шығыстардың негізінде 
белгілейді. Бұл активтер мен кіріс нормасын амортизациялау жөніндегі ережелер, жалпы 
алғанда, жеткіліксіз екендігіне алып келеді. Ереженің құнды толық өтеуді қамтамасыз ете 
алмайтындығы сияқты басқа себебі халықтың төмен кірісімен аса жоғары тарифті төлеу 
қабілетіне алаңдаушылықпен тікелей байланысты.
«Бірегей» тарифтерді қолдану кеңінен таралған, яғни бір куб метрге төленетін баға суды 
қолданудың жалпы деңгейінен тыс өзгеріссіз қалады. Балама ретінде үдемелі сатылы-
пропорционал тариф қызмет етеді, мұнда баға тұтыну көлемімен бірге өседі. Бұған қоса, 
тарифтер түрлі тұтынушы топтар үшін бірдей. Халыққа өнеркəсіптік кəсіпорындарға арналған 
тарифтер есебінен тарифтерді көлденеңінен субсидиялау да қолға алынбаған.
Қазақстанның ірі қалалаларындағы су бағасының бір-бірінен айырмашылығы көп (5.5 
кес.қар.). 2004 жəне 2005 жылдары ауыз судың бағасы (ҚСҚ-сыз) (НДС) 1 текшеметрге 
(Алматыда) 9,33 теңгеден (0,07 доллар) 1 текшеметрге (Шымкентте) 32,75 теңгеге (0.24 
доллар) дейінгі аралықта болды. Ірі қалалардағы судың тарифі (кішігірім ерекшеліктерді 
қоспағанда) əлі күнге дейін жоғары болып отыр. Қолда бар жартылай мəліметтерге сүйенсек, 
2004 жылдан бастап 2007 жылға дейін судың бағасы орта есеппен 20% дейін өсті, негізінен 
бұл, тұтынушылық баға индексінің берілген кезеңдегі орташа артуына сəйкеседі.


116
 
 
 
 
II бөлім: Қоршаған ортаны қорғауға қаржы жұмылдыру 
Судың көтерілген бағасын төлеуге байланысты тұтынушылық мүмкіндіктерге, əсіресе, елдегі 
төмен кірісті топтарға келсек, Қазақстанда жүйелік талдау жүргізілмейді. Əйтсе де көптеген 
тұтынушылар үшін судың тарифі отбасы бюджетінің елеусіз бөлігін ғана құрайды. 
Экономикалық дағдарыс кезеңінде тарифтерді арттыру мүмкіндігі аса шектеулі болды. 
Дегенмен соңғы жылдары бұл жағдай түбірімен өзгерді, бұған халықтың жан басына қатысты 
шынайы кірістің тез өсуі дəлел болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   195




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет