Еуропалық экономикалық комиссия экологиялық саясат жөнінддегі комитет



Pdf көрінісі
бет114/195
Дата22.11.2022
өлшемі4.05 Mb.
#465412
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   195
kazakhstanII.KAZ

ластағыштарының қалдықтарын қысқарту жөніндегі мақсаттарын орнату;


122
 
 
 
 
II бөлім: Қоршаған ортаны қорғауға қаржы жұмылдыру 
o
кəсіпорын тарапынан қаржы əдістерін таза технологияға айналдыру, сонымен 
бірге экологиялық басқарудың ISO 14001 сияқты халықаралық жүйесін басым сақтау 
барысын жетілдіру. 
Экологиялық кодекс қалдықтарды өңдеуге арналған заңнамалық негізді анықтайды. Дегенмен 
Қазақстан Республикасында өнеркəсіптік жəне муниципиалды қалдықтарға, сондай-ақ 
көптеген онжылдықтар бойы кен қазу жұмыстарының нетижесінде жинақталған қалдықтың 
басым бөлігіне қатысты қызмет жоспары мен ұлттық стратегия жасалынбаған.
Кəсіпорындарға өздері өндіретін өнімнен шыққан қалдықтарды жинау жəне жоюды 
ұйымдастыру жауапкершілігі жүктеледі. Олар арнайы мамандандырылған қызмет көрсетуші 
компаниялар жəне/немесе қалдықтарды басқарудың қалалық жүйесіне тұтынушылық жинақ 
төлемін өтейді. Ластауға қатысты төлемдер сондай-ақ халықаралық тəжірибеде жалпы 
қабылданбаған түрлі өнеркəсіптік салалардың қалдықтары үшін де салынады. Сондай-ақ су 
мен атмосфераға қалдық тастауға төленетін төлемдердің де жағдайы осындай: қалдықтардың 
түрлі санаттары бойынша нақты тариф шкаласын анықтайтындай критерийлер айқын емес. Бұл 
оларды негізінен, бюджеттік негіз ретінде қарастырылады деп тұжырымдауға саяды. Кез 
келген жағдайда, «екі жақты салық салудың» мұндай жүйесі негізсіз. Қалдықтарды жинау
қайта өңдеу жəне пайдаға асыру қызметтерінің балама бағасы қалдықтарды азайтуды, соның 
ішінде өңделген материалдарды пайдаға асырудың тиімді əдістерін жасау үшін жеткілікті 
болуы тиіс. Өңдеуге жатпайтын улы материалдар қоғам денсаулығы үшін де қауіпті, оған 
тыйым салу қажет.
5.2 ұсыныс: 
ҚОҚМ аймақтық жəне жергілікті билік пен басқа да мүдделі тараптармен ынтымақтаса 
отырып, қалалық жəне өнеркəсіптік қалдықтарды жалпы басқарудың тиімділігін арттыруы 
жөн. Бұл үрдіс төмендегідей мəселелерді қамтуы тиіс:
• 
қалдықтарды басқарудың ұлттық жүйесін жəне онымен байланысты қалдықтарды 
мониторингтеу, қайта өңдеу, жою жəне екінші рет қолдану жөніндегі заңнаманы дамыту;
• 
қалдықтарды төмендегі əдістер арқылы өңдеуге жəне жоюға алынатын төлемдердің 
қолданыстағы жүйесін жетілдіру: 
o
өнеркəсіптік жəне муниципиалды қалдықтармен байланысты, қалдық көлемін 
қысқартуға жұмылдыратын қызметтер үшін тұтынушылық жинақ белгілеу;
o
өндірілген өнеркəсіптік қалдықтар үшін ластауға қатысты төлемдерді 
қолданыстан шығару;
• 
қалдықтарды екінші рет қолдануға арналған тиімді əдістер енгізу;
• 
ISO 14001 сияқты экологиялық басқарудың халықаралық стандарттарын сақтауға 
арналған ынтаны жетілдіру. 
Кəсіпорындар автокөліктің пайдаланылған газдан шығарылатын қалдықтары үшін төлеулері 
тиіс. Мұндай төлем автокөлік жанар-жағар майын жыл сайын қолдануға төленетін төлемге 
теңбе-тең болғанымен, ол автокөлік құралдарының нормаларына бағынышты емес. Бұған қоса, 
осымен байланысты шығыстар да өте төмен жəне қоршаған ортаға аз ғана əсер ететін көлік 
құралдарын қолданудың тиісті дəрежесін қалыптастырады. Сонымен бірге, ластауға қатысты 
осы төлемдердің кəсіпорын автокөліктерімен салыстырғанда, осы төлемдердің əкімшілік 
шығысын қоспағанда, анағұрлым күрделі ластағыш көзі болып саналатын жиынтықтағы 
жекеше жеңіл автокөліктердің көптеген топтарына неліктен салынбайтындығы белгісіз. 
Автокөлік құралдары қалдықтарын қысқартудың біріші қадамы 2008 жылдан бастап жаңа 
автокөліктерге қатысты «Euro 2» нормасының қолданылуы болмақ. Жанар-жағар майды 
үнемдеу ынтасын арттыру жəне жоғары сапалы жанар майды, əсіресе күкірт құрамына қарай 
кеңінен қолдануды алға жылжыту аса маңызды мəселе. Бензиннің ағымдық акциздері 
халықаралық стандарттар бойынша өте төмен, бұған қоса, ол аса жоғары сападағы жанар-
жағар майды қолдану мүмкіншілігімен қамтамасыз етпейді.
5.3 ұсыныс: 


5 Тарау: Қоршаған ортаны қорғауға арналған экономикалық құралдар 
 
123 
 
Үкімет автокөліктер пайдаланған газдан болатын экологиялық ауыртпалықты азайтуға 
бағытталған шараларды қолға алу керек. Ондай шаралар келесі жəйттерді қарастыра алар 
еді: 
• 
Орташа мерзімді уақыт ішінде пайдаланылған газды бөлу мөлшерінің «Евро-3» жəне
«Евро-4 стандарттарына көшетін мезгілді жариялау; 
• 
бензин мен дизельді жанар-жағар майға қатысты акцизді біртіндеп арттыру, сондай-
ақ кəсіпорын автокөліктерінің пайдаланылған газдан шығарылатын қалдықтарының 
ластауына қатысты кемсітетін төлемдерді алып тастау;
• 
құрамында күкірті аз жанар-жағар майға ауысуға дифференциалды акциз қолдану;
• 
ескі автокөліктерді өткізу жəне жаңа автокөлік алуға қатысты салық ынтасы 
(автокөліктерді сатушылармен көрсетілетін айрықша уақыттық қаржы ынталарына сəйкес 
болуы мүмкін);
• 
пайдаланылған газдан шығарылатын газ қалдықтарын техникалық қатаң бақылау.
Қазақстандағы су ресурстары секторындағы жағдай үлкен алаңдатушылық туындатуда, сумен 
жабдықтаудың қалалық жүйелеріндегі жəне ағынды суды тазалаудың инфрақұрылымындағы 
нашар жағдай соның айқын дəлелі. Төменгі тарифтер сумен жабдықтаушы коммуналдық 
қызмет орындарына су ресурстарының инфрақұрылымын кеңейтуге жəне жаңартуға жаңа 
капитал салымдарын салуды былай қойғанда, тиісті жөндеу жұмыстарын жəне техникалық 
қызмет көрсетуге қажет деңгейден тыс пайдалануға жұмсалған шығыстарды өтеуге қажет 
соманы арттыратын кіріс алуына мүмкіндік бермейді.
Төменгі тарифтер суды үнемді қолдануға ешқандай ықпал жасамайды, жəне бұл əрбір адамға 
шаққандағы суды көп қолданудың жоғарғы көрсеткішінен байқалады. Тарифтерді өсіру 
төменгі кірісті халықтың топтарының тұтынушылық мүмкіндігіне қатысты реттеуші органның 
(ТМРА) алаңдатушылық туындатуына байланысты шектеліп отыр. Алайда қалалар мен 
ауылдық жерлерде тарифтерді көтеруге қатысты жүйелік бағалау жүргізілмеген.
5.4 ұсыныс: 
Үкімет суды аса үнемді қолдануға алып келетін, коммуналдық сумен жабдықтау жүйесінің 
қаржылық жағдайын жақсартатын жəне олардың ұзақ мерзімді қаржы тұрақтылығын 
қамтамасыз ететін шаралар қабылдауы қажет. Бұл жайтқа келесі мəселелер кіргізілер еді:
• 
суды үнемдеуге ықпал ететін деңгейге дейінгі су қақпағы үшін жүктемені арттыру; 
• 
жедел жөндеу жəне қайта қалпына келтіру жұмыстары, сонымен бірге коммуналдық 
қызметтерінің толық сатып алыныуына көшуге жұмсалған шығындарды өтей алатындай 
жеткілікті қаржыландыруды қамтамасыз ететін деңгейге дейін тарифтерді біртіндеп 
арттыру арқылы жасалатын сумен жабдықтау секторындағы тарифтік жүйе реформасы; 
• 
төмен кірісті суды пайдаланушылардың төлем қабілеттілігінің мəселелерін шешу 
үшін мақсаттық субсидия қолдану;
• 
сумен жабдықтау торабына біріктірілген суды пайдаланушылардың аралығында су 
есептегіштерін əрі қарай тарату;
• 
жұмыс көрсеткіштеріне қарай негізделетін келісімшарттар жасау арқылы 
жергілікті биліктен сумен жабдықтау кəсіпорындарының тəуелсіз əкімшіліктерін ұлғайту.  



125 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   195




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет