192
III
Бөлім: Экономикалық секторлар қызметіндегі экологиялық пайымдардың есебі жəне тұрақты дамуды
көтермелеу
аударады. Жиналған мəлімет бассейн деңгейінде бірге қарастырылмай, бөлек-салақ, біржақты
мағынадағы күйінде қала береді. Халықаралық
ынтымақтастық жобалары, соның ішінде
БҰҰДБ-ның жобалары осы жайтқа ерекше назар аударған болатын.
Соның нəтижесінде, заң шығару саласында су ресурстарының бірлескен менеджменті
тұжырымдамасы туралы ең алғаш 2005-ші жылы ғана айтыла бастады. 2003-ші жылғы
Су
кодексін, атап айтқанда СРК жəне ӨБҰ-лар туралы сөз қозғайтын 37 жəне 40-баптарды жіті
зерттеген кезде, бұл екеуі су пайдалануды жоспарлауға да, рұқсат беруге де жауапты деп
түсінуге болады. Шын мəнінде, қызметкерлердің жетіспеуі жəне
ұйымдастыру деңгейінің
төмендігі себепті бұл функцияларды толығымен орындау жоғарыда аталған органдардың
қолынан келмейді. Оның үстіне аталмыш функциялар араларында нақты бөлінбегендіктен,
СРК мен ӨБҰ-лар арасында келіспеушіліктер орын алып, су ресурстарының бірлескен
менеджменті концепциясына тіптен қайшы келетін жағдай туындайды.
Міндеттер, адам
ресурстары мен бюджеттің анық бөлінбеуі, басқарудың тым орталықтандырылған нысаны
жəне тиімділікті көтеруге жол ашатын ақпараттық технологиялардың тиісті дəрежеде
пайдаланылмауы су ресурстарын бірлесіп басқаруды тежеп отыр.
Осы дағдарысты жағдайдан шығу жолдарын табу мақсатында су пайдаланушыларының
қажеттіліктерін есепке алатын шаралар бағдарламасы жасалған болатын. Бұл бағдарлама əрбір
бассейннің басқару жоспарының құрамына енгізілген.
Су басқаруға қатысты жоспарлар
Өзен бассейндерінің ұйымдары (ӨБҰ-лар) судың басқарылуына қатысты сандық есеп
дайындап, соны Су ресурстары комитетіне (CРК) тапсырады. Бұл есепті жоспар деп те атауға
болады. Мұнда əрбір облыс, əрбір бассейн бойынша ірі су пайдаланушылары (ауыл
шаруышылығы, өнеркəсіп, қала əкімшіліктері немесе су компаниялары)
пайдаланылатын су
мөлшері туралы мəлімет берілген. Бұл мəлімет пайдаланушыларға берілген рұқсат
қағаздарындағы шектеулерге жəне су салығының төленуіне негізделіп есептеледі. Басты су
қоймаларындағы су балансы бақыланып, суды пайдалану динамикасы зерттеледі. Алайда
судың сапасы мен қандай да бір түзеу шараларына қатысты мəлімет өте аз.
Бұрын гидротехникалық нысандардың салынуына жауап берген «Казгидроводколхоз» жобалау
институты Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін қатты қысқартылып, қазір мұнда бұрынғы 3 мың
адамның 100-і ғана қалды. Институт контракт бойынша жұмыс істейді.
Оның мамандары су
ресурстарын бірлесіп пайдалану тұжырымдамасы мен жиынтық көрсеткіштерге негізделіп,
əрбір бассейндегі ӨБҰ үшін жеке жоспар дайындады. Бұл жоспарлар суды сандық тұрғыдан
басқару мəселелеріне арналғанымен, мұнда негізгі сызық сценарийі жасалып,
басты шаралар
жəне олардың инвестициялық шығындары беріледі. Əйтсе де, осы жоспарлардың өзінде егжей-
тегжейлі мəлімет жоқ. Бұл мониторинг жасау жəне мəлімет жинау жүйелерінің жеткілікті
деңгейде басқарылмауы себепті болып отыр. Екіншіден, аталмыш жоспарларда қолға
алынатын шаралар бағдарламалары жəне тиісті қаржылық механизмдері берілмейді. Бүгінгі
күні осы құжаттарды не əкімшілік қарастырмайды, не өзге мүдделі
тараптар мен жергілікті
қауымдастық зерттемейді.
2005-ші жылдан бастап БҰҰДБ-ның қолдауымен сегіз өзен бассейннің негізінде арнайы кеңес
беру органдары құрылды. Солардың басты мақсаты – барлық мүдделі тараптарды басқару
процесіне тарту үшін форумдар ұйымдастыру. Алайда бұл кеңес органдарының басым
көпшілігі БҰҰДБ-ның қолдауымен алғашқы кездесу өткізілгеннен кейін өз беттерінше бір-де-
бір рет форум ұйымдастырған жоқ. Демек су мəселелеріне қатысы бар түрлі ұйымдар мен
халық өкілдері өзен суын пайдалану жəне басқару жоспарларын жасауға мүлде қатыспайды.
Жоғарыда атап өтілгеніндей, үкімет тарапынан суды бірігіп басқару
жолында бірқатар қадам
жасала бастағанымен, əлі де болса саяси қолдау мен тəжірибе жетіспейді.