Еуропалық экономикалық комиссия экологиялық саясат жөнінддегі комитет



Pdf көрінісі
бет63/195
Дата22.11.2022
өлшемі4.05 Mb.
#465412
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   195
kazakhstanII.KAZ

2.4 
Сəйкестікті ілгерілету 
Қазіргі уақытта елде сəйкестікті əрі қарай дамытудың кешенді бағдарламасы жоқ. Дегенмен 
бұл механизмнің əртүрлі тармақтары пайдаға асып жатқаны байқалады. Ең əуелі қоршаған 
ортаны қорғау орындары реттелетін қауымдастыққа əртүрлі мəлімет береді. Мəселен қоршаған 
ортаны қорғау жөніндегі заңдардың барлығы ҚОҚМ-нің интернет ұяшығында 
орналастырылған. Реттелетін қауымдастық кейбір техникалық нұсқаулықты ала алады, ал 
инспекторлар сайттарды қарап шығу кезінде ондағы деректемені заңға енгізілген өзгертулер 
туралы деректермен толықтырып отырады.
2005жылы, ЭБК ірі кəсіпорындардың талаптарды мүлтіксіз орындауы сарапталып отыратын 
жəне оның нəтижесі 5 категория бойынша бағаланатын жаңа əдісті күшіне енгізді. Бұл əдіс 
басқа да дамушы елдерде кəдеге жарап жатқан, мəселен Қытайдағы «жасыл сақшы» жəне 
Индонезиядағы «PROPER» сияқты рейтингтердің жүйесіне негізделген. Дегенмен осы 


56
 
 
 
 
I Бөлім: Саясат жасау, жоспарлау жəне жүзеге асыру 
əдіснаманың сыңаржақтылығы бұл схемадан инсекторлар ғана емес, кəсіпорындардың да сырт 
айналуына алып келді. Қазіргі уақытта бұл əдіснама қайта қаралуда. Жалпы алғанда 
лауазымды орындар «реттелетін қауымдастықтар арасындағы экологиялық жауапкершілікті 
сезіне жұмыс істеу» сияқты мақсатқа жету үшін қолға алған тетіктер əзірге өте шектелген 
күйінде жəне дамытуды қажет етеді.
Екібастұз ГРЭС-2
 
 
Осы уақытта МЕҰ, кəсіпорындардағы оқытып-үйретуге жəне мейілінше таза өндіріске қарай 
бет алу үрдісіне тартылуда. Мəселен, Алматыда тұрақты өндіріс жəне тұтыну Орталығы 
жұмыс істейді. Европалық Одақтың ТАСИС бағдарламасы шеңберінде анағұрлым таза 
өндірісті тұрмысқа ендіру үшін потенциалды дамыту ісінде техникалық көмек көрсетілді. 
Сондай-ақ таза өндірісті қалай басқару керектігі нұқсаулығы құрастырылған. Алматы мақта-
мата комбинатында, Тентек электр станциясында жəне «Жігер» сүт зауытында 3 аудит 
жүргізілді.
Экологияға негізделген басқару жүйесін қабылдауға келгенде кəсіпорындар қызығушылығы 
артып отыр. 2007-ші жылы қыркүйектегі жағдай бойынша, Қазақстанның 241 кəсіпорны 
ISO 14 000 сертификатына ие. Ондайлардың көбі Алматыда(175 кəсіпорын сертификатталған). 
Бұл назар аударатындай көрсеткіш, өйткені ISO 14 000 тек 2005-ші жылы ғана енгізілген. 
Соған қарамастан, елдің барлық 2 мың кəсіпорнын қамтып, осы тізімді жалғастыра түсу үшін 
əлі қыруар іс тындыруға тура келеді. ISO стандарттарына көшуді ынталандыруға жағдай 
туғызу мақсатында, мемлекет сертификат алған кəсіпорындар үшін қоршаған ортаны 
ластағанына қарай алынатын төлемдерді жеңілдетті. (5-ші тарауды қараңыз)
Орнықты даму жөніндегі Қазақстандық бизнес-кеңес (ОДҚБК) 2003-ші жылы құрылды. Ол 
басқалармен қатар, өндірісті «жасылдандыру» процесінде маңызды қозғаушы күштердің бірі 
саналады. Корпоративті жауапкершілікті дамытуды белсенді түрде алға тартып келе жатқандар 
арасында Қазақстан-Канада бизнес қауымдастығы, Қазақстандағы Европалық бизнес 
қауымдастығы жəне Қазақстандағы Америка сауда палатасы бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   195




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет