3 Тарау: Ақпарат, жұртшылықтың қатысуы жəне білім
69
жүргізу үшін «Қазгидромет» 2010 ж. Қазақстанның оңтүстігіндегі атмосфера қалпының
мониторингтік станциясын жаңалау мүмкіндігін қарастырып отыр.
Өлшеу нəтижелері бұрынғыдай қазіргі уақытта да қоршаған ауа,
яғни басым көпшілігі тіпті
бұрынғы кеңес одағы кезеңінде
белгіленген су қоймалары мен топырақтағы ластаушы
заттардың шекті-ықтимал концентрацияларымен (ШЫК) салыстырылады. Қазақстан егемендік
алған уақыттан бастап қайта қарастыруға ұшырамады жəне мұнда қоршаған орта сапасы
стандарттарының тізімі халықаралық норма талаптарымен сəйкестендірілмеді. Стандарттардың
саны
шамадан тыс көп; олар аса төмен ықтимал концентрациядағы мыңдаған ластағыш
заттармен астасып жатыр.
Регламенттелген ластаушы заттардың шамадан тыс мөлшері мемлекеттік органдарға
экологиялық талаптарды сақтаудағы мониторинг пен бақылауға қатысты орындалуы қиын
міндеттер жүктейді.
Біріншіден, Қазақстанның қоршаған орта сапасының кейбір нормалары
қолда бар өлшегіш құралдардың өлшеу шегінен тыс жатыр. Екіншіден, кейбір стандарттар
жекелеген заттардың белгілі бір географиялық облыстарды
немесе қоршаған орта
нысандарында (мысалы, су қоймаларында) табиғи жолмен пайда болу жолдарын мүлдем
ескермейді. Үшіншіден, жай мониторинг қазір жəне келешекте ластаушы көрсеткіштердің тек
шектеулі ғана жиынтығын қамти алады. Төртіншіден, қазақстандық нормалар өнеркəсіптік
кəсіпорындардың осы нормаларды сақтауының техникалық (кейде тіпті экономикалық)
мүмкіндіктерін ескермейді. Нəтижесінде мониторингтің қорытындысы түрлі деңгейдегі ПДК
артуын үздіксіз хабарлап отырады. Тұтастай алғанда, экологиялық нормалардың қолданыстағы
жүйесі тиімді экологиялық саясат құруға мүмкіндік бермейді жəне халықаралық озық тəжірибе
бойынша қайта қарастыруды жəне келісуді қажет етеді.
Қазақстан БҰҰ ЕЭК қоршаған ортаны қорғау жəне мониторингтеу жөніндегі Жұмыс тобына
белсенді түрде қатысады. Алайда ауаның ластануының адамның денсаулығына əсер етуі
туралы
бағдарламаны қоспағанда, Қазақстан ЕЭК БҰҰ ауаның ластануының əсерінің
мониторингі жəне бағалауы жөніндегі Халықаралық біріккен бағдарламаларына (ХББ) өзі
қатысушысы болып саналатын үлкен арақашықтықтағы ауаның трансшекаралық ластануы
туралы Конвенциясының (ҮАТАЛК) шеңберінде қатыса алмайды. Бүгінгі таңда Қазақстан өзі
əлі белсенді түрде қатысып көрмеген ауаны ластағыштардың ықпалын зерттеу жөніндегі
ұлттық үйлестіру орталығын анықтауға байланысты Конвенцияның Атқарушы органының
бірнеше ұсыныстарына назар аудармады. Бұл жағдай Республикадағы
ауаның ластануының
орман, су, өсімдік жəне материалдарға жағымсыз əсер етуі туралы қазақстандық білім қорын
едəуір деңгейде əлсіретеді.
Мониторингтің негізгі тораптарының қалпы төменде сипатталған, сондай-ақ 3.1 картада
берілді.
Достарыңызбен бөлісу: