Ф-19-07/06 бижан н р. «Құқық негіздері» пәнінен тәжірибелік сабақтарды ұйымдастыруға арналған



бет3/12
Дата22.08.2023
өлшемі48.71 Kb.
#476177
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Құқық негіздері тажирибелик сабак 2020

Семинар сабағының мақсаты: - лекцияда алған білімді терең ұғыну, мәселелерді шешу, проблемалық ситуациялар мен есептерді ойластыру, құрастыру, талдау, өз позицияларын айқыңдап, анықтау. Семинар сабағына дайындықтың бастауы - әдебиетпен жұмыс істеу, талқыланатын мәселелер мен сұрақтарға дайындалу. Семинар сабағы озінің әдістемесімен, яғни әдістемесінің әр түрлі, көпқырлығымен ерекшеленеді. Семинардың жоспары, қарастырылатын сұрактар алдын-ала белгілі болады, онымен білім алушылар алдына-ала танысады. Сол бойынша барлығы дайындалады. Келесі бір әдісі - белгілі бір тақырыптарға, белгілі бір білім алушылар арнайы дайындалады. Бұл жағдайда оқытушы білім алушы баяндамасының өз бетінше шығармашылықпен, жауапкершілікпен жұмыс істеу деңгейін бағалайды. Қалған білім алушылар тек тыңдаушының ғана рөлін орындамау үшін, топтың белсеңділігін (сабақ үстіңдегі) арттыру үшін, оқытушы тақырыпқа байланысты, мүмкіндігінше, көптеген қосымша сұрақтар дайындауы керек. Семинарға дайындалу үшін оқытушы негізгі және қосымша әдебиеттердің тізімін береді. Семинар сабағын өткізгенде оқытудың дидактикалық қағидалары орындалуы тиіс. Атап айтқанда: Оқытудың тәрбиелігі, яғни болашақ мамандыққа деген қызығушылығын дамыту, арттыру өзін-өзі тәрбиелеу, кәсіби тұрғыдан тәрбиелеу; Оқытудың гылымилығы - ғылымның соңғы жаңалықтары, жаңашыл мұғалімдер тәжірибесі оқытудың жаңа технологиялары, педагогикалық инновациялық, педагогикалық терминдер, білім алушылардың ғылыми көзқарасы мен педагогикалық тұрғыдан ойлай білу қабілеттерін қалыптастыру; Оқытудагы саналылық - қағидалар мен зандылықтарды саналы түрде ұғыну, оларды іс-жүзінде пайдалана білу; Теорияның практикамен байланысы - теориялық материалдарды бекіту, байқаумен байланысы, т.б. қорытындылап, тұжырымдауды, нақты іскерліктерді қалыптастыру, т.б. Семинар сабақтарының сапалылығын анықтайтын критерийлер: мақсатқа бағыттылығы - теориялық материалды болашақ кәсіби іс-әрекетте, материалды нақты іс жүзінде қолданумен байланыстыру; жоспарлау - басты мәселелерді бөліп алу; ұйымдастыру - пікірталас, пікір алысуды қолдау, білім алушылардың жауаптарына талдау жасау; семинарды жүргізу стилі - белсенді; оқытушының білім алушылармен қарым-қатынасы, талап қоя отырып, құрметтей білу немесе бейтараптық; білім алушылардың оқытушыға қарым-қатынасы - сыйластық, өзара сын; топты басқару – оқытушының топта өзін-өзі еркін ұстауы, сенімділік, әділдік немесе керісінше көп ескертулер жасауы, дауысын көтеру, топта тек бірнеше білім алушылармен ғана жұмыс істеуі, т.б. Оқытушының қорытындысы - кәсіби шеберлікпен, сенімділікпен немесе керісінше; білім алушылардың жазба жұмыстарын үнемі, жүйелі түрде жүргізу немесе керісінше. Көптеген жағдайларда семинар сабақтарында іскерлік ойындар, тренингтер ұйымдастырылады (мамандыққа байланысты).




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет